Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
реферат.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
111.62 Кб
Скачать

2.4. Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу

Экономикалық өсудің маңызды модельдерінің бірі – салааралық баланс моделі. Салааралық баланстың теориялық негіздері бірінші бесжылдыққа әкелген жылдары СССР-да жасалған болатын. Бірақ рәсімделген түрінде алғашқы болып американдық экономист В. Леонтьев «шығын шығару» деген атпен шығарды. АҚШ-тағы салааралық байланыс шахматтық тип түріндегі кестелерді және сызықтық алгебра құралын қолдану арқылы 30-жылдары В. Леонтьевпен американдық экономиканы зерттеу үшін қолданылған болатын.

Бұл әдісте В.Леонтьев ең бірінші экономикадағы мөлшерлік байланыстарға назар аударады (1-кесте). Сала араларындағы бұл байланыстар технологиялық коэффициенттер (а11, а12, а13, және т.с.с І квадрант ішінде) арқылы беріледі.

1-кестеде берілген схемада салааралық баланс төрт квадрант арқылы берілген. Бірінші квадрантта - өнім өндірісіне материалдық үнемдеу көрсеткіштері. Екінші квадрантта көрсеткіштер дербес қолдануға, жинауға, экспорттауға, сатып алуға арналған соңғы өнімді көрсетеді. Үшіншіде – қосылған құн және импорт көрсеткіштері. Төртіншіде – таза ұлттық өнімнің бөлуінің көрсеткіштері.

Салааралық байланыс кестесі бағандар бойынша шығындарды, яғни әрбір саланың бағасын жасайтын өнім элементтерін және жолдар бойынша ұлттық экономиканың әрбір саласының өнімін бөлуді көрсетеді.

Леонтъев кестесінде соңғы сұраныстың немесе бір саладағы өндіріс шарттарының өзгеруін барлық байланысты салалардың мөлшерлік реацияларын бақылау арқылы зерттейді. Бұл қажеттіліктер немесе өнім өндіру технологияларының кез келген өзгерісі тепе-теңдік жағдайындағы бағалар құрылымын өзгертіп, сол арқылы технолгиялық коэффициенттердің өзгеруіне әкеледі.

Осылайша, «шығын-шығару» әдісін қолдану арқылы тек қана экономиканың салалары арасындағы байланысты ғана емес, сонымен елдің экономикасының дамуын болжауға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Экономикалық өсу ұлттық экономика масштабында өндірістегі товар және қызмет көлемінің өсу түрінде көрсетілуі мүмкін. Экономикалық өсуге анализ жасауда тек қана нақты ЖІӨ-нің өзгеруі назарға алынатындығы маңызды болып келеді. Номиналды өзгерістердің көрсеткіштері экономикалық өсу болып қарастырыла алмайды. Экономикалық өсу ішкі және халықаралық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алатын өндіріс өсуін қамтамасыз етеді.

Экономикалық өсудің типтерін қарастырғанда, экстенсивті типте жұмыссыздық деңгейі қысқарады, өндіріс қарқынын жоғарлататтын еңбекпен қамтылу өседі. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Сондықтан бұл тип тоқырау мінезді, бұнда техникалық прогресс жоқтың қасы, өндіріс фондтары өнегелік және физикалық жағынан да тозады. Біз жасайтын қорытынды: экстенсивті тип өзін тауысты, жаңа, әлі дамып келе жатқан экономикалық қатынастар шарттарында бұл тип тек қана тұйықтамаға әкеліп, экономикалық қайта жаңғыруға ешқандай мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, объективті түрде бұл типті ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына көшіру қажет. Айта кететін жайт, экстенсивті тип жаңа тип – интенсивті типтің пайда болуына негіз салды. Экономикалық қатынастардың дамуына негіз салып, экстенсивті тип бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылық дамуына үлес қосты. Осы таңда өнеркәсібі дамыған елдерде таза, жалғыз түрде бірінші немесе екінші типтің белгілерін анықтауға болмайды, олар бір-бірімен белгілі қатынаста үйлеседі. Бірақ, ХХғ. ортасынан құлаш жайған ҒТР шарттарында батыстың өнеркәсіпті елдерінде, оның ішінде біздің елімізде де экономикалық өсудің интенсивті түрі басым.

Экономикалық өсу келесі факторлармен анықталады: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, капитал және технология.

Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның ұдайы өсуіне қолданылатын шаралар әрбір мемлекетке әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін қажет. Қоғамдық қажеттерді (денсаулық сақтау, білім беру, т.б.) мемлекеттік тұтқалар және ұйымдарсыз мүмкін емес. Мемлекеттік реттеу экономикалық өсуде дұрыс иілімді бюджеттік-салықтық, қаржы-кредиттік, бағалық және инвестициялық саясатты жүргізілсе, маңызды роль атқара алады.

Кейнсиандық теория макроэкономикалық тепе-теңдік теориясын қайта өңдеу және даму нәтижесінде пайда болды. Кейнсиандық адамдардың ойынша, экономикалық өсуді анықтайтын ең басты фактор – инвестициялар.

«Нөлдік өсу» концепциясын жақтаушылар техникалық прогресс және экономикалық өсу қазіргі өмірдің бірқатар теріс факторлары: қоршаған ортаның ластануына, өндірістік шуға және қалалардың келбетінің бұзылуына әкеліп соқтыратынын айтады. Және экономикалық өсу әрқашан халық үшін қолайлы жағдайлар туғызы алмайтындығын айтады.

Салааралық баланстың «шығын-шығару» әдісі әр түрлі салалар арасындағы байланысты анықтауға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық дамуын болжай алады.

Үшінші бөлімде жасалған сараптама – еліміздің экономикасы тез қарқынмен дамып келе жатқандығының айғағы. Әлемнің алып елдері Қазақстанды дамып келе жатқан нарықты экономикалы ел деп таныды. Табиғи ресурстардың байлығы, инфрақұрылыстың динамикалық дамуы, әлеуметтік және саяси жағдайдың тұрақтылығы, әлемдік сақынадағы бағдардың тұрақтануы экономикалық өсудің жоғары қарқынмен дамуына және жақын болашақта республикадағы экономикалық дамудың жоғары көрсеткіштерін көрсетуге ықпал жасайды.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Шет тілдер факультеті

Тақырыбы:Экономикалық өсудің типтері

Орындаған:Бердімұрат Ж.

Тексерген:Ғазизова М.Р.

Қарағанды 2014

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, 2002.

2. Ломакин В.К. / Мировая экономика. Учебник. М.: ЮНИТИ. 2000. 727с.

3. Макконнел Кэмпбелл Р., Стенли Л. Брю./ Экономикс.М.: 2000

4. В фазе устойчивого экономического роста // Казахстанская правда, 2002. 8 октября.

5. Курс экономической теории: Учебник./ Под ред. М.Н. Чепурина, Е.А. Киселевой. – Киров: АСА, 2003.

6. Экономическая теория: Учебник / Под общ. ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. – М.: Изд-во ЭРА, 2000.

7. Экономика: Учебник / Под ред. А.С. Булатова. – М.: БЕК,2003.

8. Терминологиялық сөздік. Алматы: Рауан, 2000.

9. Қазақша-орысша сөздік. Алматы: Аруна, 2002.

10. Мамыров Н.Қ., Тілеужанов М.Ә: “Макроэкономика”