Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РІС Ерторе.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
281.24 Кб
Скачать

Кіріспе

Микроконтроллерлер электронды құрылғыларды басқару үшін қолданылады. Микроконтроллерлер түрлi объекттер және процесстердiң тиiмдi автоматтандыру құралдары болып табылады. Микропроцессорлардан айырмашылығы, дербес компьютерлерде қолданылатын микроконтроллерде қосымша құрылғылар орнатылған. Бұл құрылғылар өз міндеттерін микропроцессорлы микроконтроллерлер ядросы арқылы басқарып отырады.

РІС – америкалық Microchip Technology Inc компаниясының шығарған Гарвардтық архитектуралы микроконтроллері. РІС атауы «перифериялы интерфейсті контроллер» деген мағына беретін Peripheral Interface Controller сөзінен қысқартылып алынған. Microchip Technology Inc номенклатурасында 8, 16 және 32 битті микроконтроллердің кеңейтілген спектрі және РІС маркалы сигналды контроллер белгіленген.

Ріс микроконтроллері

РІС – америкалық Microchip Technology Inc компаниясының шығарған Гарвардтық архитектуралы микроконтроллері. РІС атауы «перифериялы интерфейсті контроллер» деген мағына беретін Peripheral Interface Controller сөзінен қысқартылып алынған. Microchip Technology Inc номенклатурасында 8, 16 және 32 битті микроконтроллердің кеңейтілген спектрі және РІС маркалы сигналды контроллер белгіленген.

РІС микроконтроллер топтары әр кезеңдегі микроконтроллерлер технологиясын біріктірген: қолданушыдан электрлі бағдарламаланатын БТЕСҚ, минималды энергия тұтыну, жоғарғы өнімділік, RISC- архитектурасының дамығандағы, функциялық тұрақтылығы және минималды өлшем. Осы белгілері бойынша ол тутынушылардың назарын бірден жаулап алды.

Қазіргі РІС контроллерлері өткен ғасырдың 90 жылдары сатылымға шыға бастады. РІС 165х ескі архитектуралы модулі қайта жобаланып, оның кристалына тұрақты жады жартылай өткізгіш класының сақтау жүйесі (EPROM англ. Er asable Programmable Read Only Memory) орнатылды, жасалу технологиясы КМОЖ болды. Сол уақыттарда шыққан жаңа толқын PIC16C54A-20 контроллері 18 шығысты корпусты болды, бағасы бір долларға жуық және төменгі 2 В кернеуде бар болғаны 1 мА ток тұтынып жұмыс істей алды. Бұл параметрлер РІС платформасын танымал қылғаны соншалықты, ол сол кезде атақты Motorola сиқты фирманың МС68НС05 өнімдеріне басты бәсекелесі болды.

Басты сипаттамалар

PIC16F8X тобының микроконтроллерлері 8-разрядты КМОЖ микроконтроллері PIC16СХХX топтарының типті өкілі болып табылады және де төменгі құн, толық статикалық КМОЖ технологиялы, жоғарғы өнімділік мінездемелері сәйкес келеді. Бұл топтың құрамына PIC16F83, PIC16CR83, PIC16F84 және PIC16CR84 микроконтроллерлері кіреді. PIC16F8X топтарының маңызды сипаттамалары 1-кестеде көрсетілген. Барлық PIC16F8X тобының микроконтроллерлері RISC процессорлы гарвардтық архитектураны пайдаланады және келесі ерекшеліктерге ие:

  • теқ қана 35 қарапайым командалар қолданылады;

  • барлық командалар бір циклде орындалады (10 МГц жиілікпен);

  • жұмыстық жиілігі 0 Гц ... 10 МГц;

  • әр түрлі шиналар мәліметтер (8 бит) және командалық (14 бит);

  • ТЕСҚ немесе электрлі қайта бағдарламаланатын Flash-жадыда орындалатын 512х14 немесе 1024х14 бағдарлама жадысы;

  • арнайы функцияның 15 сегізразрядты регистрлері;

  • сегіздәрежелі аппаратты стек;

  • тура, жанама және қатысты мәліметтер және командалық бағыттау;

  • 36 немесе 68 сегізразрядты ортақ тағайындаудағы регистрлер немесе ЖЕСҚ;

  • Төрт үзілу көздері:

  • сыртқы кіріс RB0/INT;

  • асыра толтыру таймері TMR0;

  • порт сызығындағы сигналдың өзгеруі В;

  • жадыға мәліметтерді жазуды аяқтау EEPROM.

  • 1000000 өшіру/жазу циклін орындау мүмкіндігі бар, 64х8 электрлі қайта бағдарламаланатын EEPROM жадысы;

  • EEPROM-да мәліметтерді аз дегенде 40 жыл сақтай алу.

1-кесте.

КМОЖ технологиясы PIC16F8X тобының микроконтроллерлерінің мына қасиеттерін толықтырғын:

  • статикалық жұмыс режимі;

  • қорек кернеуінің кеңейтілген диапазоны: 2,0 ... 6,0 В;

  • 5 В және 4 МГц кезінде 2 мА аз ток жұмсау;

  • 2 В және 32 КГц кезінде 15 мкА сақтау;

  • SLEEP режим үшін 2 В кезінде 1 мкА аз қолдану.

PIC16F8X тобының микроконтроллерлері бір-бірінен тек мәліметтердің ЖЕСҚ көлемі бойынша және де бағдарлама жадысының типімен ерекшеленеді.