Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ЕЕркін Жоыштар12

.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
705.93 Кб
Скачать

Алдыңғы бағыттаушы бөлігі тартажоңғыштың орталығын және бағытын кескіш тістің кіре берісінде өңделген дайындамамен байланысын қамтама-сыз етеді. Оның ұзындығы lп.н тартажоңғыш үшін орташа өлшемі диаметрінен 2,5 есе үлкен және l0+0,5tр-дан кем болмауы керек, l0-созылған тесік ұзындығы, мм; tр-кескіш тіс адымы, мм.

Алдыңғы бағыттаушы пішін көлденең қимада тесік пішініне созылғанға дейін сәйкес келеді. Оның өлшемдері негізгі талап етілген қондырма H7/ f7, H7/e7 кепілді саңылау бағыттаушы бөлігінде созылған тесікпен орнатылады.

Тартажоңғыштың жұмыс істеу бөлігі кескішті, ал кейде тегістеу тістерін қосады (4.1-сурет). Кесу бөлігі қаралай, ауыспалы, тазалағыш және мөлшерлегіш деген тістерден тұрады. Созу үшін әдіптің алынатын негізгі бөлігі қаралай тістермен кесіледі. Тазалай тістермен жіңішке жоңқалар кесіледі, өйткені өңделген бетте кедір бұдырлықты азайтады.

Жұмыстың бірқалыптылығын қамтамасыз ету үшін бастапқы өңдеуден тістердің соңғы өңдеуіндегі тартажоңғыштың 0,3...0,1-ден 0,05...0,03мм-ге дейін диаметрі арқылы үнемі кішірейіп отыратын екі-үш жұп өтпелі тістері болады.

Тартажоңғыштың артқы бағыттаушы бөлігі 5 (4.1-сурет) созу аяқталған уақытта бұйымды бағыттауға және орталықтандыруға арналған.Көбіне артқы бағыттаушы бөлігі созылған тесік пішініне сәйкес келеді. Ол артқы бағыт-таушы тартажоңғышпен және созылған тесік арасындағы кепілді саңылауды қамтамасыз ететін өлшеммен орындалады. Тартажоңғышты білдекке қон-дыру үшін және оның автоматтандырылған өндіріске жұмыс жүрісінен кейін бастапқы жағдайға қайта оралуы үшін шетмойын 6 немесе артқы ілмек, конструкциясы алдыңғы тәрізді шарттар қолданылады. Алдыңғы және артқы сағалар аспаптың материалын үнемдеу үшін конструкциялық болаттар қол-данылады және басқа әдіспен тартажоңғыштың жұмыстеу бөлігін бекітеді немесе пісіреді.

4.1-сурет. Дөңгелек тартажоңғыштың топтық кесу сызбасы:

Lх-саға ұзындығы; lш-мойынша ұзындығы; lп.к -ауыспалы конустың ұзындығы; lп.н, lз.н-алдыңғы және артқы бағыттауышы бойынша ұзындығы; lр, lк, lв-кескіш, мөлшерлеуіш және тегістеу бөліктері бойынша ұзындығы; lц-шетмойынның ұзындығы