Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

osnovy_prava

.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
42.89 Кб
Скачать

Мемлекеттегі ақша шығару (эмиссиялау) тек қайда жүзеге асады? ҚР- ң Ұлттық банкінде;

Мемлекеттік биліктің елдің ішіндегі үстемдігі мен сыртындағы тәуелсіздігін білдіретін қасиеті қалай аталады:егемендік.

Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын ұйымдастыру мен құру тәртібі қалай аталады:басқару нысаны;

Мемлекеттік қызметкер өкілетті органның депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі бола ала ма:жоқ;

Мемлекеттік экологиялық экспертиза мерзімі қанша уақыттан аспауы керек:үш айдан;

Мемлекеттің ақша қорларын қалыптастырудың негізгі тәсілі:салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ұстау;

Мемлекеттің қызметтері(функциялары) деген:мемлекет қызметінің (қозғалысы)динамикалық жағы, оның қызметінің негізгі бағыттары;

Мемлекеттің пайда болуы туралы қандай теория мемлекетті өзгеше бір отбасы жалғасы деп түсіндіреді:патриархалдық теория;

Мемлекеттің пайда болуының «келісім шарт» теориясының өкілі кім?Г. Гроций;

Меншік құқығы объектісі болып табылмайтын табиғи ресурс:атмосфералық ауа;

Монополияға қарсы заңнаманың құқық бұзушылығына тергеу жүргізуге негіз болатын жағдай: монополияға қарсы органның тексеру жүргізуінің нәтижесі;

Мөлшерін салық төлеуші емес, салық органдары есептейтін салықтар қалай аталады:еңбек ақыға салынатын салықтар;

Мұра қалдырушының қалдырған өсиетінің мазмұнына қарамастан, заң бойынша бөлінуге тиісті мұра қалдырушының кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларының міндетті үлесі:1/2

Мұра құрамына не кірмейді?мүлікпен байланыссыз жеке мүліктік емес құқықтар;

Мұрагердің мұрадан бас тартуы мына жолмен іске асады: мұрадан бас тартатыны жөнінде нотариусқа арыз береді;

Мұрагерлік құқығындағы өсиеттен бас тарту қалай аталады? легат.

Мұрагері табылмаған мұрагерлік қалай аталады? иесіз қалған;

Мұраны заң бойынша қорғау мен басқару шараларын кім қолданады: мұраны орындаушы;

Мұраның ашылу мерзімі саналатын күн: азаматтың өлімі;

Мүлкін тәркілеу қандай жағдайда қолданылады:пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыстар үшін;

Мүлік салығы салықтың қай түріне жатады:шынайы салық;

Мүшелері салған салымы шегінде, жетпеген жағдайда бір реттік салған салымына тең келетін қосымша өз мүлкінің мөлшерінде жауап беретін серіктестікті атаңыз:қосымша жаупкершілікті серіктестік(ҚЖС);

Мына элементтердің қайсысы қылмыс құрамына жатпайды:құқыққа қарсылық;

Мына элементтердің қайсысы қылмыстың объективтік жағына жатпайды:қылмыстық жаза;

Негізгі жұмыс орындары бойынша өтелетін қылмыстық жазаның түрі қалай аталады:түзеу жұмыстары;

Некеге тұратын тұлғаларды медициналық тексеруден өткізу:некеге тұратын тұлғалардың өзара келісімімен болуы мүмкін.

Нормативті-құқықтық актілерді жүйелеудің қандай түрінде олар мазмұнын өзгертпестен және өзіндік дербес заңи мағынасын сақтай отырып, жинаққа бірігеді:инкорпорация;

Нотариалдық куәландыруға мынадай құрылтай құжаттары жатады:жарғы және құрылтай келісім-шарты;

Нотариустың әрекетіне шағымды соттың қарауға құқығы бар ма:нотариус әрекетіне шағым сотта қаралуы мүмкін, егер бұл іс ерекше өндіріске жататын болса;

Объективті құқық деген:қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы;

Орнатылған талап бойынша өнімнің, қызмет атқарудың сәйкестігін сәйкестікті растайтын орган арқылы жазбаша куәландыратын процедура қалай аталады:

сертификациялау;

Отбасы қатынастарына азаматтық заңнама қолданыла ма:бұл отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмегендіктен, отбасы заңнамасымен реттелмеген отбасылық қатынастарға қолданылады.

Өкіл арқылы өсиеттің орындалуына жол беріле ме? жол берілмейді;

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған адам жазадан босатыла ма?босатылады, мерзімнен тыс жағдайға байланысты, егер ол 25 жыл бас бостандығынан айыруды нақты өтесе;

Өмір сүру құқығы төменде көрсетілген құқықтар тобының қай түрі жатады:табиғи құқықтар;

Өнімнің, қызмет көрсетудің нормативтік – құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат қалай аталады:сәйкестік сертификаты;

Өсиет нысаны қандай нысанда жасалуы керек: нотариалды жазбаша,

Парламент Мәжілісі қанша депутаттан тұрады?107;

Республикалық бюджетті кім бекітеді: Парламент;

Салық базасы анықталып, салықтың сомасы түпкілікті есептелетін уақыт мерзімі қалай аталады:салық кезеңі;

Салық деп: міндетті қайтарымсыз төлем;

Салық инспекциясына есепке қою үшін жеке кәсіпкер қандай құжаттар әкелу керек:салық төлеушінің куәлігін(РНН);

Салық қатынастары құандай қоғамдық қатынастардың түріне жатады?қаржылық қатынастар;

Салық субьектісі деген:салықты міндетті төлеуші тұлға.

Своп – деген:туынды бағалы қағаз;

Сезіктінің кінәсін мойнына қойғанға дейін және оған бұлтартпау шараларын қоспағанда, сезіктіні қанша мерзімге дейін ұстауға болады: 10 тәулік;

Сотта жазбаша дәлелдемелердің түпнұсқасын әкелу талап етіле ме:құжаттың көшірмесін әкелуге болады, сот қажет болған жағдайда түпнұсқасын талап ете алады;

Соттылықты тоқтатудың жайы:соттылық мерзімінің немесе сот қаулысының күшіне енуіне байланысты соттылықты кезектен тыс алып тастауға байланысты.

Су пайдаланудың қандай түрі тегін болып табылады:ортақ;

Субьективтік құқық беру жолымен және заңды міндеттер жүктейтін тәртіп ережесін бекітетін құқық нормасының элементі қалай аталады:диспозиция;

Сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылықты анықтап, бұлтартпайтын, алдын алып және кінәлі тұлғаларды өз міндеттері шегінде жауапқа тартатын қандай орган:прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, әскери полиция органдары.

Талап-арыз беру мерзімінің өтуі деген:құқығы бұзылған тұлға оны қорғауға сот органдарына жүгінуге мүмкіндігі болатын уақыт аралығы;

Тараптар қол қойған еңбек шарты қайда сақталады:біреуі қызметкерде, ал екіншісі жұмыс берушіде;

Тараптар өзара келісіммен соттылық істі өзгерте ала ма:ерекше соттылықтан басқа жағдайда, берілген іс үшін аумақтық соттылықты тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерте алады;

Тәртіптік шаралардың салынғаны туралы акт қызметкерге қанша уақыттың ішінде хабарланады: үш жұмыс күнінің ішінде;

Төлем көзіне салынатын жеке табыс салығы қалай төленеді:салық агентінің салық сомасын ұстап қалу жолымен;

Төменде аталған салықтардың қайсысы жеке салықтарға жатады:жеке табыс салығы.

Төменде аталғандардың қайсысы мемлекеттің міндетті белгілеріне жатпайды;азаматтық қоғам;

Төменде көрсетілген органдардың қайсысы бүгінгі күні уәкілетті мемлекеттік органдардың құрамындағы салық қызметі органдарына жатады:ҚР қаржы Министрлігінің салық комитеті.

Төменде көрсетілгендерден азаматтық құқықты қорғауға жатпайтын тәсілдердің бірін анықтаңыз:несие;

Төмендегілердің қайсысы арнаулы құзыретке ие мемлекеттік органдарға жатады:қызметтің бір түрінің қандай да бір функциясын орындауға мамандандырылған органдар.

Төмендегілердің қайсысы әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады:әкімшілік құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар және оның субьектілерінің жағдайы;

Төмендегілердің қайсысы жер құқықтық қатынастар объектісіне жатпайды:жеке тұлғалардың жер телімдерін жалға алуы жөнінде келісім-шарттар.

Төмендегілердің қайсысы құқық жүйесінің алғашқы элементі болып табылады:құқық нормасы;

Төмендегілердің қайсысы саяси құқықтар мен бостандықтарға жатады:мемлекет пен қоғам істерін басқаруға қатысу құқығы;

Түрлі нормативті-құқықтық актілерде құқық нормасы қандай тәсілдермен беріледі:бланкетті;

Тікелей ниет пен жанама ниет бір - бірінен қалай ажыратылады?еріктілік белгісі бойынша;

Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган:Ведомстволық;

Үкіметтің құрылымын құрайтындар:министрліктер мен басқа да атқарушы органдар;

Үкіметі мемлекеттің жоғарғы өкілетті органының(парламенттің) алдында жауапты болатын мемлекет қалай аталады:парламенттік монархия;

Шаруашылық серіктестік мүлкінің құқықтық режимін анықтаңыз:мүшелерінің заттық меншіктік құқығын сақтайтын серіктестіктің ұжымдық меншігі;

Шетел кәсіпорындарынан несиеге немесе акция алуға шығатын инвестордың бақылауында болмайтын және инвесторға қарамайтын инвестиция қалай аталады:портфельді;

Шіркеуге діни цензура енгізу, азаматтық хал актілерін тіркеу құзыретін беру қандай мемлекетке тән:клерикальды;

Іс жүргізу құқығына ие болушылық деген: бұл даулы не шешіммен белгіленген қүқықтық қатынастардан бір тараптың немесе үшінші тұлғаның шығып қалуы және құқыққа ие болушының үрдіске(процесске) кіруі;

Іс жүргізу құқықтық қатынастарында дәлелдемелердің қандай түрі болмайды:ұжымдық.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін қандай әкімшілік санкцияның түрі көрсетілмеген:

әкімшілік қамау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]