Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 3.docx
Скачиваний:
196
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
970.85 Кб
Скачать

6.6 Жазық қума толқынның теңдеуі

Толқын теңдеуі тербелістегі бөлшектердің ығысуының координаталар мен уақытқа тәуелділігін сипаттайды:

. (6.22)

6.8 – сурет. Қума толқын

Толқын көзі орналасқан координатасы жазықтықтағы нүктелер тербелісі болсын. Онда толқын көзінен х қашықтықтағы В нүктесіндегі (6.8 – сурет) орта бөлшектері де осы заң бойынша, бірақ (мұндағы – толқының таралу жылдамдығы) уақытқа кешігіп тербеледі:

(6.23)

В нүктесін кез-келген жерден таңдауға болады. Сондықтан (6.23) теңдеуін жазық қума толқын теңдеуі деп атайды. Жалпы жағдайда бұл теңдеуді мына түрде жазуға болады:

. (6.24)

Мұндағы: толқын амплитудасы; толқынның фазасы; циклдік жиілік; тербелістің бастапқы фазасы. Бұл теңдеуге жылдамдық () және циклдік жиілік () өрнектерін қойсақ келесі формуланы табамыз:

(6.25)

Егер толқындық сан ұғымын енгізсек (), онда жазыққума толқын теңдеуін келесі түрде жазуға болады:

. (6.26)

6.7 Тұрғын толқындар

Қарама-қарсы бағытта таралған, жиіліктері мен амплитудалары бірдей екі жазық толқын:

және , (6.27)

беттессе, онда олардың қосылуы (интерференциясы) нәтижесінде тұрғын толқын пайда болады:

. (6.28)

Тұрғын толқын амплитудасы

(6.29)

уақытқа тәуелсіз, х кординатасының периодты функциясы болады.

Қума және тұрғын жазық толқындардың сипаттамалары 6.1 – кестеде берілген.

6.1–кесте

Қума толқын

Тұрғын толқын

Тербеліс амплитудасы

Орта нүктелерінің тербеліс амплитудалары бірдей

Орта нүктелерінің тербеліс амплитудалары әртүрлі

Тербеліс фазасы

Тербеліс фазасы қарастырылып отырған нүктенің координатасына тәуелді

Екі түйіннің арасындағы барлық нүктелер бірдей фазада тербеледі. Түйін арқылы өткенде тербеліс фазасы -ге өзгереді.

Энергия тасымалдануы

Тербелмелі қозғалыс энергиясы толқынның таралу бағытында тасымалданады.

Энергия тасымалданбайды, шегінде энергияның өзара түрлену процесі жүреді

Ортаның болатын нүктелерінде толқын амплитудасы максимум болады (). Мұндай нүктелертұрғын толқынның шоғырлары деп аталады. Ортаның болатын нүктелерінде толқын амплитудасы нөлге айналады (). Мұндай нүктелертұрғынның толқын түйіндері деп аталады.

Шоғырлар мен түйіндердің координаталары

және . (6.30)

Көршілес екі түйіннің немесе шоғырдың ара қашықтығы қума толқын ұзындығының жартысына тең. Бұл шама, , тұрғын толқын ұзындығы деп аталады.

Әдебиеттер:

Негізгі: 1[176-235], [298-333], 3 [86-114]

Қосымша: 12[219-254]

Бақылау сұрақтары:

1. Гармониялық тербеліске, оның амплитудасына, фазасына, периодына, циклдік жиілігіне анықтама беріңіз.

2. Гармониялық тербелістегі нүктенің жылдамдығы мен үдеуінің формуласын қорытып шығарыңыз.

3. Маятниктердің қандай түрлері сізге белгілі? Олардың ерекшеліктері қандай?

4. Гармониялық тербелістегі нүктенің кинетикалық, потенциалдық және толық энергияларының формуласын қорытып шығарыңыз және оны түсіндіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]