Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Копия Тест-СжСК (1)

.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
404.48 Кб
Скачать

Бекiтемiн

Т.К. Басенов атындағы

Сәулет және құрылыс

Институт директоры

_____________ И.Н. Дюсембаев

«___» _______________2013 ж.

5B072900 –«Құрылыс» мамандығы студенттеріне

Сәулет және құрылыс конструкциялары пәнi бойынша

(пән атауы)

адам саны ___75______

емтихандық тестiлеуге арналған

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

Институт

_Сәулет және құрылыс____________________

Кафедра

_Құрылыс_______________________________

Курс

__2_____________________________________

Семестр

__3_____________________________________

Кредиттер саны

__4_____________________________________

Тест сұрақтарының саны

_200____________

ОЖ жөніндегі институт директорының орынбасары

_____________А.Т. Турсынбаева

Кафедра меңгерушiсi

_____________Ж.Б. Байнатов

Құрастырушы

_____________Г.Б. Мурзалина

ТТЖП қабылдауға жауапты адам

_____________Ж.А. Абитханова

Алматы 2013

$$$1

Сәулет пәні нені қарастырады?

A) көркем әшекейленген ғимарат

B) көркем әшекейленген қасбет

C) ғимараттың жүккөтергіш негізгі құрғылауы

D) көлемді элементтердің композициялық шешімі

E) құрылыстық өнер-сәулеттілік

$$$2

Құрылыс конструкциясына анықтама беріңіз?

A) құрылыс машиналары мен механизмдерінің бөлшектері

B) құрылыс материалдары - құйма , прокаттар

С) түсті металдардан жасалған бұйымдар

D) ғимараттың өзінше бөлек бір міндетін атқаратын элементін айтады

E) адамдардың жұмыс жасауына және тұруына арналған ғимарат

$$$3

Азаматтық ғимарат дегеніміз не?

А) сұйық, қатты және жылжымалы материалдарды сақтайтын сыйымдылық сауыты

B) заводтың талабына байыланысты дайындалған құрылыс конструкциялары

C) құрылыс бұйымдарынан салынған жер асты кеңістігі

D) құрылыс материалдарынан жасалған ангарлар, көпірлер, магистралдық құбырлар, радио және телемұнаралар, қорғаныс дамбалары

E) адамдар жұмыс жасауына және тұруына арналған құрылыс

$$$4

Өнеркәсіптік ғимарат дегеніміз не?

А) адамдардың тұрғылықты тұруына арналған ғимараттар

B) адамдардың уақытша жұмыс жасауына арналған ғимараттар

C) қоғамдық және білім беру мақсатында салынған ғимараттар

D) конструкциялар мен ірі ғимараттар салуға арналған әртүрлі құрылыс материалдары

E) өндіріс процестерінің орындалуына арналған әртүрлі құрылыс

$$$5

Іргетас және негізге түсініктеме беріңіз?

А) жерасты су қысымынан қорғайтын құрылыс конструкциясы

B) адамдарды атмосфераның әсерінен қорғайтын құрылыс конструкциясы

C) адамдар тұруға арналған ғимараттардың жерасты бөлігі

D) ғимараттардың негізіне күш түсіретін ғимараттардың жерасты бөлігі

E) жерасты сулары деңгейінен төмен орналасқан ғимараттардың жерасты бөлігі

$$$6

Іргетас деңгейі дегеніміз не?

А) ғимараттардың қабырғасын орнатуға арналған іргетастардың жоғарғы (беткі) алаңшасы

B) іргетастардың текпешектері

C) тақта жабын орнатуға арналған алаңша

D) іргетастардың жерасты тік орнатылған бөлігі

E) іргетастардың текпешектері

$$$7

Ленталы іргетас дегеніміз не?

А) ғимараттардың барлық алаңына арналған тұтас тақта тәріздес іргетас

B) жеке дара ұстын асты іргетасы

C) барлық қабырғалардың асты бойымен орналасқан біртұтас ұзын іргетас

D) іргетас астындағы қабырғалы тақта

E) қалпақты қадама тірек

$$$8

Қандай тірек қадама тірек деп аталады?

А) ғимарат астындағы қадама ұстын

B) бастары ростверк арқылы біріктірілген, топыраққа енгізілген жеке дара тірек

C) ғимарат астындағы ірі қабырғалар

D) жеке дара және құрама блоктардан тұратын іргетастар

E) ұстын астындағы қиылысқан іргетас

$$$9

Жартылай жерге енгізілген қабат дегеніміз не?

А) жер үстінде орналасқан қабат

B) төбе жабын орнатуға арналған қабат

C) жер деңгейінен төмен орналасқан қабат

D) жерге жартылай енгізілген қабат

E) жертөле бөлмелеріне арналған қабат

$$$10

Техникалық қабат дегеніміз не?

А) адам тұруға арналған шатыр астындағы бөлме

B) төбе жабын орнатуға арналған қабат

C) сауда және әкімшілік орталықтарды орналастыруға арналған қабат

D) жылу жүйелерін, су ағызатын құбырларды және жабдықтау техникаларын орналастыратын қабат

E) ғимаратта қызмет ететін қызметкерлерді орналастыратын жылы қабат

$$$11

Жүк көтергіш қабырға дегеніміз не?

А) темірбетонды панельдер мен блоктардан даярланған қоршайтын қабырға

B) өзін-өзі көтеретін қабырға

C) жоғарыдан түсетін ауырлықты қабылдап, іргетасқа беретін қабырға

D) қоршаған ортаны атмосфералық жауын - шашыннан қорғайтын қабырға

E) қабат аралық қабырға

$$$12

Өзін-өзі көтеретін қабырға:

А) бөлмені атмосфераның әсерінен қорғайтын қабырға

B) қаңқаның элементтеріне ілінген қабырға

C) атмосфералық жауын – шашыннан қорғап, өз салмағын іргетасқа беретін қабырға

D) барлық биіктік бойынша мықты материалдан жасалған қабырға

E) жеңіл материалдардан жасалған қабырға

$$$13

Ілінбелі қабырға деген не?

А) атмосфералық әсерлерді қабылдап, оларды жүк көтергіш конструкцияларға беретін қабырға

B) өзінің салмағын көтеріп, оны іргетасқа беретін қабырға

C) жеңілдетілген материалдан құралған қабырға

D) іргетас үстіне орналасқан қабырға

E) іргетас арқалығына орнатылған қабырға

$$$14

Бірлік модульдік жүйе не үшін керек?

А) ғимараттардың жобалау параметрлерін типазациялау үшін

B) көлемдік жобалаудың өлшемін тағайындаудың жинақталған ережесі

C) ғимарат элементтерін құжаттау үшін модульдік жүйені құрады

D) құрылыстың индустриялдық деңгейін көтеру үшін

E) унификцияланған элементтерді жүйеге келтіру үшін

$$$15

Модульдік жүйенің негізі ретінде қандай өлшем қабылданған?

А) M=20мм

B) M=300мм

C) M=100мм

D) M=50мм

E) M=200мм

$$$16

Қабаттың биіктігін тағайындау үшін қандай ірілетілген модульді қолданады?

А) 6М (600мм)

B) 2М (200мм)

C) 10М (1000мм)

D) 8М (800мм)

E) 12М (1200мм)

$$$17

Сәулеттік - құрылыстық жоба дегеніміз не?

А) жобаның бір жүйеге келтірілген бағасы

B) берілген құрылыстық - монтаждық процестерінің техникасы

C) есептеу үшін құрылған конструктивтік жүйе

D) құрылыстың жалпы құны бойынша жұмыстық жобалау құжаттарының кешені

E) есептеу схемасымен өңдеу және салмағы анықталған автоматтық жоба

$$$18

Қандай параметрмен техникалық-экономикалық көрсеткіштерді құрады?

А) есепті климатты көрсеткішпен

B) есептік теориялық көрсеткішпен

C) есептік экономикалық

D) физика механикалық құрылыс бойынша құрылыстық материалдар

E) құрылыс көлемі бойынша

$$$19

Қандай деформациялық жікте бөлме аралығындағы іргетас кесілмейді?

А) температуралық жікте

B) шөгу жіктерінде

C) сейсмикалық жіктерде

D) кебу жігінде

E) әртүрлі топтарда, биіктігінің және құрылыстың біту мерзімінде

$$$20

Ғимараттың қабат биіктігі дегеніміз не?

А) еденнен шаңыраққа дейінгі арақашықтық

B) қабат аралық жабын остерінің аралығы

C) іргелес жатқан қабаттар едендерінің арасы

D) жердің бетінен бірінші қабат жабынның арасы

E) еденнен қабырғаға дейінгі аралық

$$$21

Толық емес қаңқалы ғимарат дегеніміз не?

А) жүк көтергіш қабырғалары бар ғимарат

B) өзін-өзі көтергіші бар ғимарат

C) ілінбелі қабырғалы ғимарат

D) жүк көтергіш қабырғалары мен ұстындары бар ғимарат

E) жеңілдетілген қабырғалары мен ұстындары бар ғимарат

$$$22

Толық қаңқалы ғимарат дегеніміз не?

А) жүк көтергіш көлденең қабырғалар мен ұстындары бар ғимарат

B) бойлық орналасқан жүк көтергіш қабырғалары бар ғимарат

C) жүк көтергіш ұстындары мен ригельдері бар ғимарат

D) жүк көтергіш ұстындар мен іргетасқа қондырылған ғимарат

E) темір ұстындар мен жабындары бар ғимарат

$$$23

Іргетастың негізі деп нені айтамыз?

А) ғимараттың іргетасы

B) ғимараттың жертөле бөлігі

C) іргетас астындағы топырақ

D) іргетастың текпешегі деңгейінде жатқан топырақ

E) іргетастың астына төселген құйматас

$$$24

Қадама тірек қалпақшасы дегеніміз не?

А) тартпа іргетастың жер үсті бөлігі

B) қадама тіректерін топтап біріктіретін іргетас элементі

C) стаканды іргетастың ұстын орнататын ұясы

D) қадама тірекке отырғызылған іргетас

E) іргетастқа орналасқан ғимаратты қабырғалар

$$$25

Іргетас жиегі дегеніміз?

А) іргетастың жер үсті бөлігі

B) іргетастың жер асты бөлігі

C) іргетас қабырғасының бойымен суды ағызу үшін орнатылған қондырғы

D) іргетасты гидроизоляциялайтын қондырғы

E) ғимарат айналасындағы қиғаш төсем

$$$26

Карниз дегеніміз не?

А) қабырға мен төбе жабынның қиылысқан әшекейлі беті

B) қабат аралық жабынмен қабырғаның байланысқан жері

C) қабырға мен төбе жабынның үстіндегі қабырға

D) әр терезе аралық кірпішпен қаланған қабырға

E) итарқаға жалғанған тақтай

$$$27

Парапетке анықтама беріңіз?

А) қабат аралық жабындар арасындағы қабырғаның бөлігі

B) біріктірілген төбе жабынның үстіндегі қабырға жалғасы

C) терезе арқалығынан жоғары жатқан қабырға

D) жерасты қабатпен бірінші қабат аралығындағы жабын

E) қабырға бұрышының қаптал бетінің қалыңдығы

$$$28

Аралық қабырға дегеніміз не?

А) жүк көтергіш тұтас қабырға

B) бөлмелерді бір- бірінен бөлетін қабырға

C) маңдайша арқалықпен жоғары жатқан қабырға

D) терезе аралық әшекейлік қабырға

E) терезе астындағы қабырға

$$$29

Пилястр дегеніміз

А) қабырға бетінен шығып тұрған, әшекей беретін қабырға

B) қабырғамен терезе арасындағы қуыс

C) биіктік бойынша қабырғалар қалыңдығының теппешекті өзгеруі

D) жер үстіндегі қабат өрнектері

E) карниз асты қабырғаның шығып тұрған түрі

$$$30

Маңдайша арқалығы деген не?

А) қабырға астындағы арқалықты элемент

B) есік пен терезе үстіндегі арқалық

C) терезе астындағы қуыстарды жалғастыратын арқалық

D) арқалықпен стропиланың бекітілген жері

E) қабырғаны күшейтуге арналған арқалықты элемент

$$$31

Балконның лоджиядан айырмашылығы қандай?

А) балкон - бөлменің жалғасы

B) балкон - сыртқы қабырғадан шығып тұрған ашық қоршалған алаңша

C) бөлменің көлемін ұлғайтатын бөлме

D) балкон- бұл ғимараттың қасбетіне салынған алаңша

E) балкон- қабат аралық жабынның деңгейінде ілінген ашық алаңша

$$$32

Эркер- дегеніміз не?

А) жүк көтергіш қабырғадан шығып тұратын бөлменің көлемі

B) жүк көтергішті қабырғалары бар бөлменің жалғасы

C) қабат аралық жабынның деңгейінде ашық алаңша

D) жалпы бөлмелерден бөлек орналасқан жабық консольды алаңша

E) терезе қуысының деңгейінен төмен орналасқан, кішкентай ілінбелі алаңша

$$$33

Лоджий дегеніміз не?

А) қабат аралық жабын деңгейінде орналасқан ашық ілінген алаңша

B) жеке іргетасы бар және жүк көтергіш қабырғадан сәл шығып тұрған бөлменің жалғасы

C) ғимараттың аралық жабын деңгейінің қасбетіне орналасқан үш жағынан жабылған алаңша

D) ғимараттың қасбет бөлімінің ашық алаңшаның үстінде орналасқан қалқасыз бөлме

E) екі жағынан қабырғамен жабылған алаңша

$$$34

Біріккен төбе жабыны дегеніміз

А) шатыр мен төбе жабынның біріктірілген конструкциясы

B) мансарды және шатырлы жабынның біріктірілген конструкциясы

C) шатырдағы ашық алаң

D) шатыр мен техникалық қабат бірігуі

E) желдеткішсіз орналасқан төбе жабын

$$$35

Эффективті кірпішке не жатады?

А) қарапайым балшық кірпіш

B) керамикалық көп қуысты кірпіш

C) силикатты кірпіш

D) шлакты кірпіш

E) жеңіл салмақты кеуікті кірпіш

$$$36

Ағаш еден қандай материалдан жасалады?

А) керамикалық плитадан

B) линолеуммен, пластмассадан

C) цементтен, бетоннан және асфальттан

D) темірцементтен және резина бұйымдардан

E) қайыңнан, қарағай және паркетті тақтадан

$$$37

Төбенің қиғаш итарқасы дегеніміз не?

А) итарқалық ферма

B) ілінбелі итарқа

C) жүк көтергіш қабырғаға отырғызылған 3-4 итарқа

D) бір не екі еңісті төбенің белді ағашы

E) төрт еңісті, яғни вальмалық төбе ағашы

$$$38

Терезенің түптеулерін қалай түсінеміз?

А) терезе қорабы

B) терезе асты тақта

C) бүтін фрамуг

D) терезеге әйнек отырғызылатын рама

E) форточка (желдеткіш тесік)

$$$39

Саты торына анықтама беріңіз?

А) төтенше жағдайдағы баспалдақ бөлмесі

B) қадамды баспалдақтар және алаңшалар

C) көп қабаттағы үйдегі баспалдаққа арналған кеңістік

D) айналмалы баспалдақтар

E) шатырға шығатын тік баспалдақ

$$$40

Пандус дегеніміз не?

А) еңісті көтерілуге арналған тақтайша

B) көп қабатты ғимараттардағы эскалаторлар

C) 2 маршты жазылатын баспалдақтар

D) 2 маршты және 3 маршты баспалдақтар

E) айналмалы баспалдақ

$$$41

Ғимараттың жүк көтергіш негізі.

А) ғимараттың іргетас бөлігі

B) ғимараттың жүк көтергіш қабырғасы

C) ғимараттың жүк көтергіш конструкциялық элементтерінің бірігуі

D) қаңқасыз жүк көтергіш қабырғалардың конструктивтік жүйелері

E) қаңқалы конструктивтік жүйелері

$$$42

Арқалық жабынға анықтама беріңіз

А) ұстын, ригель және капительдердің біріктірілгені

B) қатаңдық диафрагмасы мен қабат жабынның бірігуі

C) бойлық арқалықтан құрылған рама

D) көлденең арқалықтан және қабырғадан құралған жабын

E) қабатаралық арқалықтар мен жабындардың бірігуі

$$$43

Арқалықсыз жабындарды қалай түсінеміз?

А) капитель, тақталар және ұстындардан тұратын жабындар

B) ұстындар және арқалық торлардан құрылған қабатаралық жабындар

C) жүк көтергіш қабырғаларға орнатылған қабатаралық жабындар

D) шатырлы қабатаралық жабындар

E) аралық тіреусіз қабатаралық жабындар

$$$44

Қандай тұрғындық баспаналарға коридорларлы үйлер жатады?

А) пәтерлік тұрғын үйлер

B) секциялы немесе бөлімшелі тұрғын үйлер

C) галереялы тұрғын үйлер

D) сатылы торлармен байланысқан ортақ коридорлы үйлер

E) қонақ үйлер, жатаханалар, интернат- үйлер

$$$45

Мауэрлат дегеніміз ...

А) асбестоцементтің ирек тақтасы астындағы рейкалары

B) итарқаның жалғанған ұштары (кобылка)

C) төбедегі жотаны жабатын тақтайлар

D) карниз элементтерінің құрамы

E) итарқаны бекітетін қабырғадағы төрт қырлы ағаш

$$$46

Жұмсақ төбе жабындарына не жатады?

А) ирек асбестоцементті беттер

B) рулонды материалдан тұратын жабындар

C) темірден жасалынған төбе жабындар

D) черепицадан жасалынған төбе жабындар

E) қамыстан, палаткадан жасалынған төбе жабындар

$$$47

Сәулеттік - композициялық шешімдері

А) көлемді кеңістік жүйені жердің рельефіне байланысты жасау

B) жүк көтергіш негізді қоршаған ортамен байланыстырып қарастыру

C) сәулет - көркемді ансамбльді жасау

D) көлемдік - жобалау шешімін жасау

E) ғимараттарды бір-бірімен байланыстырып, ансамбль жасау

$$$48

Қапталған есік дегеніміз ...

А) төрт қырлы ағаштардан жасалған рамаға екі қабатты фанерлерді жапсыру

B) айқара ашылатын рейкалардан құралған есік

C) роликтер арқылы жылжыйтын есіктер

D) пластикалы материалдан жасалған бұрылмалы есіктер

E) әйнекпен қапталған рамалы есік

$$$49

Тізбектелген кірпіш қалануын қалай түсінеміз?

А) әр қапталдарымен қаланған кірпіш, бүйірімен қаланған кірпішпен кезектесіп отырады

B) бірнеше қатар бүйірімен қаланған кірпіштер бір қатар қапталмен қаланған кірпіштермен кезектесіп отырады

C) бірнеше қаптал қатарлар бір бүйірлі қатар орналастырылған кірпішпен байланысып отырады

D) кірпіш қалануы бірнеше түйіскен не бірнеше бүйірлі қатарлармен жасалынған

E) эффективті кірпішпен қаланған

$$$50

Унификациялар есептеріне не кіреді?

А) құрылыс бұйымдарының түрлерін және өлшемдерін көбейту

B) жиналмалы құрылыс конструкцияларының түрлерін, сандарын азайту

C) басты модульге (М 100) қатынасты бұйым өлшемдерін туралау

D) бұйымдардың зауыттан даярлау деңгейін көтеру

E) ғимараттың өлшемдерін (ені, ұзындығы, биіктігі) тиімділеу

$$$51

Құрылысты индустриализациялауды қалай түсінеміз?

А) ғимараттар мен үйлерді тұрғызу барысында комплексті механизацияны қолдану

B) ғимараттар мен үйлерді тұрғызу барысында алдыңғы жаңа технологияны қолдану

C) құрылыстық - технологиялық процестерді автоматтандыру

D) құрылыс бұйымдарын даярлауда және құрғылауда робот техникасының жәрдемін қолдану

E) ғимараттар мен үйлерді тұрғызу барысында процестерді автоматтандыру

$$$52

Типизацияға анықтама беріңіз.

А) экономикалық шешімдерді жасау

B) бөлме және олардың аудандарының номенклатурасын жасау

C) типтік конструкция үлгілерін бірнеше рет қолдануға ұсыныс

D) шығарылған бұйымдарға сериялық номер беру

E) технологиялық процестер үшін типтік конструкциялар жасау

$$$53

Тас қоршау қабырғалары қандай материалдардан жасалады?

А) ұсақ өлшемді плиталардан

B) кірпіштен, шлакбетоннан

C) ірі панелді элементтерден

D) көлемді блоктардан

E) ұсақ өлшемді жұмыр тастардан

$$$54

Өндірістік ғимараттарға қандай құрылыстар жатады?

А) көпірлік, жерасты төннелдер және арнайы ғимараттар

B) транспорттық ірі ғимараттар

C) әлеуметтік тұрмыстық нысаналар

D) ауыл шаруашылық ғимараттар

E) даяр бұйымдар мен тауарларды шығаратын, өңдейтін құрылыс корпустары

$$$55

Қаңқалы ғимаратар қандай конструкциялардан тұрады?

А) арқалықтар мен керегелерден

B) қатаңдық диафрагмаларынан

C) ұстындардан және ригеьдерден

D) қабат аралық жабыннан және қабырғалардан

E) қоршау қабырғалардан және жүк көтергіш қабырғалардан

$$$56

Көтергіш көліктік жабдықтарға не жатады?

А) ілініп тұрған және тіректік көпірлік крандар

B) мұнаралық крандар

C) жүк көтергіш шығырлар

D) лифттер және эскалаторлар

E) итарқа және жылжымалы крандар

$$$57

Денсаулыққа зиян өндірістік әсерлерді атаңыз?

А) жұмыс істеу кезіндегі жарылыстар мен өрттер

B) су құбырлары мен канализациялардағы апаттар әсері

C) тіректік көпірлік крандар мен ірі конструкциялардың қирауы

D) күкірт газдарының шығуы және химиялық қышқылды ерітінділермен жұмыс істеу, тұздар және т.б.

E) бояу, әктеу және темір дәнекерлеу жұмыстар

$$$58

Итарқа аяқтары немен байланысады?

А) жүк көтергіш ғимараттардың қабырғаларына

B) ғимараттардың қабат аралық жабындарына

C) шатырлы арқалықтар ағашына

D) қабырға үстіндегі мауэрлатқа кіргізіледі

E) итарқа шеті жабынға кіреді

$$$59

Сейсмикалық аудандарда қандай ғимараттардың жобадағы пішіндері сейсмикаға тұрақты деп есептелінеді?

А) қарапайым пішіндер (шаршы, шеңбер, тіктөртбұрыш және т.б.)

B) күрделі пішіндер (зигзаг, Г- тәрізді, Т- тәрізді)

C) конус тәрізді және үшбұрышты пішіндер

D) ұзын, үзіліссіз жіктері бар ғимараттар

E) жүк көтергіш элементтердің жобада қысқа симметриялы емес орналасуы

$$$60

Жер сілкінісі кезінде қандай қирау болуы мүмкін?

А) 7 баллды және одан жоғары

B) 5 баллды және одан жоғары

C) 9 баллды және одан жоғары

D) 5-6 баллды

E) 12 баллды зілзалада

$$$61

Қандай бірқабатты ғимараттар сейсмикалық тұрақты болып саналады?

А) балшықтан жасалған үйлер

B) темірбетонды каркасты үйлер

C) темірден жасалған үйлер

D) ірі панелді және ағаш үйлер

E) кірпішпен жасалынған үйлер

$$$62

Мәңгі қатып жататын аумақта іргетасты қалай орналастырады?

А) жерасты бөлігін жылытады

B) іргетасты жертөлесіз жасайды

C) бірінші қабат пен іргетас арасында желдеткіш саңылау қалдырылады

D) біртұтас іргетасты қолданады және оның шеттерін топырақпен толтырады

E) жертөле қабатына үйді жылытатын қондырғыларды орнатады

$$$63

Судың әсерінен отыратын топырақты аудандарда үй құрылысына қандай шаралар қолданылады?

А) топырақтың үстіңгі қабатты кесіледі

B) топырақты тығыздайды

C) қадама іргетасты ғана пайдаланады

D) ғимараттың астына су өткізбейтін қабат экрандарды орнатады

E) үйге иілгіш каркастық жүйе қолданады

$$$64

Климаты ыстық аудандарда үй құрылысына қандай шаралар қолданылады?

А) әйнектер мен пластиктерді үйдің қасбетін әшекейлеу үшін кеңінен қолданылады

B) үйдің қасбетін қаралау түспен бояйды

C) құрылыста терезе аумағы үлкен емес ірі қабырғаларды қолданады және күннен қондырғылармен қорғайды

D) биік емес ғимарат тұрғызады

E) іргетасы терең салынған, жертөле бөлмелері бар шешімдерді пайдаланады

$$$65

Жер асты қазба жұмыс үстіндегі аудандардағы құрылысқа қандай шаралар қолданылады?

А) иілгіш конструкцияның жүйесі қолданылады

B) қадама іргетасты қолданады

C) жоспары шағын, ұзындық пен қарапайым пішінді берік конструктивтік жүйелерді қолданады

D) құрылыс кезіндегі деформациялық жіктер қарастырмайды

E) жүк көтергіш қабырғаларға эффективті кірпіштен жасалған қабырғаларды кеңінен қолданады

$$$66

Қандай конструкциялық шешім ғимараттың үлкен аралығын жабады?

А) қарапайым кесінді арқалықтармен

B) кесінді алдын-ала кернеулі арқалықтармен

C) ферма, арка, вантамен

D) көп аралықты қималы арқалықтармен

E) рамаларды және ригельдерді

$$$67

Жылу техникалық есеп не үшін орындалады?

А) қабырғалардың беріктігін қамтамассыз ету үшін

B) қабырғалардың қаттылығын көтеру үшін

C) қабырғалардың жылу өткізгіштігін қамтамассыз ету үшін

D) қабырғалардың жылу төзімділігін қамтамассыз ету үшін

E) қабырғалардың ыстыққа төзімділігін арттыру үшін

$$$68

Материалдың жылу өткізгіштігі дегеніміз не?

А) материалдың аумағындағы жылу көлемін анықтау

B) бөлменің жылу көлемі

C) сынақтан өтетін материалдың жылу өткізгіштік қасиеті

D) материалдың аязға төзімділігі