Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика тесты с ответами.doc
Скачиваний:
1360
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.48 Mб
Скачать

5 Н орталық күштің әсерінен, нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен орын ауыстырады. Нүкте айналудың жартысы кезінде қандай жұмыс жасайды?

Е) 0 Дж

$$$ 286

Дененің 100 Дж кинетикалық энергиясы және 40 кгҺм/с импульсі бар. Дененің массасы неге тең?

D) 8 кг

$$$ 287

Массасы 50 кг және радиусы 0,2 м шардың масса центрінен өтетін осьпен салыстырмалы инерция моменті неге тең? В) 0,8 кг∙м2

$$$ 288

Стерженьге перпендикуляр және оның ұшы арқылы өтетін оське қатысты ұзындығы 30 см және массасы 0,2 кг жіңішке біртекті стерженнің инерция моменті неге тең?

С) 6∙10-3 кг∙м2

$$$ 289

Массасы 2 кг және радиусы 0,1 м біртекті диск, өзінің жазықтығына перпендикуляр масса центрі арқылы өтетін оське қатысты айналады. Егер дисктің бұрыштық жылдамдығы 10 рад/с болса, онда оның импульс моменті неге тең болады?

А) 0,1 кг∙м2

$$$ 290

Егер дөңгелектің инерция моменті 3 кгҺм2 болса, онда ол 12 НҺм күш моменті әсерінен қандай бұрыштық үдеумен айнала алады?

С) 4 рад/с2

$$$ 291

Көрсетілген формулалардың қайсысы Гук заңының математикалық өрнегін көрсетеді?

D)

$$$ 292

Лифт ауырлық күшінің әсерінен еркін түсетін болса, онда жүктің лифт еденіне әсер етуші қысым күші неге тең болады?

В) 0

$$$ 293

Келтірілген формулалардың қайсысы Штейнер теоремасын өрнектейді?

В)

$$$ 294

Массалық центрі арқылы өтетін оське қатысты шардың, инерция моментін анықтайтын формуланы көрсетіңіз.

В)

$$$ 295

Егер материалдық нүктеден айналу осіне дейінгі қашықтықты 2 есе ұзартсақ, материалдық нүктенің инерция моменті қалай өзгереді?

С) 4 есе артады

$$$ 296

Массасы 2 кг жүкті тұрақты 1,2 м/с2 үдеумен тыныштық күйден 3 м биіктікке көтереді. Бұл кезде қанша жұмыс істеледі? =9,8 м/с2.

С) 66 Дж

$$$ 297

Радиусы 7000 км, 7 км/с жылдамдықпен дөңгелек орбита бойымен қозғалатын массасы 100 кг жасанды Жер серігіне ауырлық күшінің жасайтын жұмысы неге тең?

Е) 0 Дж

$$$ 298

2 м биіктіктен 5 м/с жылдамдықпен төмен лақтырылған шар горизонталь жазықтықпен серпімді соғылып, қайтадан жоғары қарай қозғалады. Егер шариктің массасы 0,2 кг болса, онда шарикті алғашқы күйіне көтеруге жұмсалатын энергия қаншаға тең болады?

В) 2,5 Дж

$$$ 299

Рельс бойымен 5 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан вагонетканың табалдырығына, вагонетканың жүрісіне перпендикуляр бағытта массасы 60 кг адам секіріп шығады. Вагонетка массасы 240 кг. Вагонетка жылдамдығы неге тең болады?

D) 4 м/с

$$$ 300

Массасы 2 кг және радиусы 0,2 м шар, шар центрі арқылы өтетін осьтен 5 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Шардың кинетикалық энергиясы неге тең?

А) 0,4 Дж

$$$ 301

Дискінің бұрыштық жылдамдығы 5 рад/с-қа тең. Егер оның инерция моменті 0,4 кгҺм2 болса, онда дискінің импульс моменті неге тең?

D) 2 кг ∙ м2

$$$ 302

Біртекті дискінің айналу осі дискімен параллель құрайтын масса центрі арқылы өтеді, шардың айналу осі – оның центрі арқылы өтеді. Егер шар мен дискінің радиустері және массалары бірдей болса, және олар бірдей жылдамдықтармен айналса, онда шардың және дискінің айналуының кинетикалық энергияларының қатынастары неге тең?

В) 0,8

$$$ 303

Массасы 1 кг, 2 м/с жылдамдықпен қозғалған шар, массасы 1 кг қозғалмаған шарға серпімсіз соғылады. Бұл кезде қандай жылу мөлшері бөлініп шығады? D) 1 Дж

$$$ 304

Массасы 0,3 кг дене тік вертикаль бағытта 6 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Дененің лақтырылған мезеттен Жерге түскенге дейінгі уақытта ауырлық күшінің істейтін жұмысы неге тең?

Е) 0 Дж

$$$ 305

Егер сыртқы күштің әсерінсіз дененің инерция моменті 2 есе азайса, онда айналушы дененің импульс моменті қалай өзгереді? С) өзгермейді

$$$ 306

Дене 7 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Дене 2 м биіктікке көтерілгенде, оның толық энергиясы қалай өзгереді?

Е) өзгермейді

$$$ 307

Вакуумдағы жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғалған бөлшек жарық толқынын шығарады. Қозғалмай тұрған бақылаушыға қатысты бұл толқынның жылдамдығы неге тең? Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы С-ға тең. В) С

$$$ 308

Егер, бөлшектің тыныштық массасымен салыстырғандағы массасы 1,25 есе артуы үшін онда бөлшек қандай жылдамдықпен қозғалуы керек? Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы С-ға тең.

D) 0,6С

$$$ 309

Бөлшектің тыныштық массасы 0,9Һ10-16 кг. Бөлшек 2Һ108 м/с жылдамдықпен қозғалады. Бөлшектің тыныштық энергиясы неге тең? Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы 3Һ108 м/с.

Е) 8,1 Дж

$$$ 310

Егер электронның жылдамдығы жарық жылдамдығының 0,6-на тең болса, онда тыныштық массасымен салыстырғанда электрон массасы қалай өзгереді?

D) 1,25 есе артады

$$$ 311

Тұйық денелер жүйесі дегеніміз не?

В) сыртқы күштердің әсері болмайтын (демек, тек бір-бірімен әсерлесетін) денелер жиынтығы

$$$ 312

Абсолют серпімсіз соқтығысу кезінде импульс пен механикалық энергияның сақталу заңдары орындала ма?

А) импульсі сақталады, энергиясы сақталмайды

$$$ 313

Ілгерілемелі қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясын анықтайтын формуланы көрсетіңіз.

В)

$$$ 314

Айналмалы қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясын анықтайтын формуланы көрсетіңіз.

С)

$$$ 315

Бөлшек жарық жылдамдығына жақын жылдамдықпен қозғалады. Бөлшектің импульсін анықтайтын формуланы көрсетіңіз.

С)

$$$ 316

Қай өрнек жарық жылдамдығына жақын жылдамдықпен қозғалатын бөлшектің энергиясын анықтайды?

D)

$$$ 317

Салыстырмалық теорияда масса мен энергияның өзара байланыс заңы мына түрде көрсетіледі:

Е)

$$$ 318

Егер күшті өзгертпей, серіппенің ұзындығын 2 есе кемітсек, онда салыстырмалы ұзындығы қалай өзгереді? С) өзгермейді

$$$ 319

Егер сұйық ағатын түтіктің (трубаның) диаметрін 2,4 есе кішірейтсе, онда сұйықтың ағыс жылдамдығы қалай өзгереді?

D) 5,76 есе артады

$$$ 320

Су горизонтал орналасқан көлденең қимасы өзгеретін түтікпен ағады. Түтіктің кең бөлігіндегі судың жылдамдығы 2,0 м/с. Түтіктің кең бөлігінің диаметрі жіңішке бөлігінің диаметрінен 1,5 есе артық болса, оның жіңішке бөлігіндегі су жылдамдығын анықтаңыз. D) 4,5 м/с

$$$ 321

Егер 75 кН күшпен әсер еткенде серіппенің ұзындығы 16 мм-ге ұзарса, онда серпімді деформацияланған серіппенің потенциялық энергиясы неге тең болады? D) 600 Дж

$$$ 322

Келтірілген теңдіктердің қайсысы ағыстың үздіксіздік теңдеуін сипаттайды?

В)

$$$ 323

Бернулли теңдеуі қозғалыстағы сұйықтар мен газдар үшін … сипаттайды.

D) энергияның сақталу заңын

$$$ 324

Гармониялық тербелістің теңдеуі Х= (м) түрінде берілген болса, тербелістің периоды неге тең болады?

С) 1 с

$$$ 325

Нүкте түзу бойымен тербеліс жасайды. Егер 1,5 период ішінде нүкте 15 см жол жүрсе, онда тербеліс амплитудасы неге тең?

Е) 2,5 см

$$$ 326

Нүкте түзу бойымен Х= (м) теңдеуі бойынша тербеліс жасайды десек, қозғалыс басталғаннан 1 с өткеннен соң нүктенің тепе-теңдік күйінен ығысу шамасы неге тең болады? В) 3 м

$$$ 327

Тербеліс жиілігін 3 есе арттыру үшін, математикалық маятниктің ұзындығын қалай өзгерту керек?

Е) 9 есе қысқарту керек

$$$ 328

Массасы 0,1 кг дененің гармониялық қозғалысының теңдеуі (м). Дененің максимал кинетикалық энергиясын анықтаңыз. А) 0,2 Дж

$$$ 329

Физикалық маятниктің тербеліс периоды с. Физикалық маятниктің келтірілген ұзындығы неге тең? = 10 м/с2 деп алыңыз.

D) 2,5 м

$$$ 330

Физикалық маятникті аударып, оны центрінен ілсек, маятниктің тербеліс периоды қалай өзгереді? С) өзгермейді

$$$ 331

Нүкте периоды с-қа тең тербеліс жасайды. Сыртқы мәжбүр етуші күштің резонанс кезіндегі циклдік жиілігі неге тең болады?

D) 2 с-1

$$$ 332

Массасы 50 г материялық нүкте (м) теңдеуі бойынша тербеліс жасайды. Ең үлкен ығысу күйінде нүктеге әсер етуші күштің шамасы неге тең?

В) 125 мН

$$$ 333

Бір түзу бойымен қозғалатын (м) және (м) екі гармоникалық тербелістер қосылады. Қорытқы тербелістің амплитудасы неге тең?

С) 5 м

$$$ 334

Тербелістегі нүктенің тепе-теңдік күйден максимал ығысуын … деп атайды.

Е) амплитуда

$$$ 335

Тербелген нүктенің бір толық тербеліс жасауына кеткен уақыты тербелістің … деп атайды.

а) периоды

$$$ 336

Берілген уақыт мезетінде тербелістегі нүктенің қозғалыс бағыты мен ығысу шамасын сипаттайтын физикалық шама тербелістің … деп аталады.

Е) ығысуы

$$$ 337

Сыртқы мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі жүйенің меншікті тербеліс жиілігіне тең болғанда жүйенің тербеліс амплитудасының кенет арту құбылысын … деп атайды.

С) резонанс

$$$ 338

Нүктелік жарық көзінен шыққан сфералық толқын ортада жұтылмай таралады және жарық көзінен 1 м қашықтықтағы амплитудасы 10-8 м. Жарық көзінен 10-3 м қашықтықтағы толқынның амплитудасы неге тең болған?

Е) 10-5 м

$$$ 339

Егер толқын ұзындығы 7 м, ал тербеліс жиілігі 220 Гц болса, онда дыбыс толқыны суда 7,7 км қашықтықты қанша уақытта жүре алады?

Е) 5 с

$$$ 340

Жарық толқынының тербеліс периоды 2 есе кеміген кезде толқын ұзындығы қалай өзгереді?

Е) 2 есе кемиді

$$$ 341

Толқын теңдеуі (м) түрінде берілген. Толқын қанша уақытта толқын ұзындығына тең қашықтыққа тарала алады?

Е) 0,1 с

$$$ 342

Толқын теңдеуінің түрі: (м). Толқынның фазалық жылдамдығы неге тең?

В) 4 м/с

$$$ 343

Қума толқынның төрт төбесінің арасындағы қашықтық 12 м. Толқын ұзындығы неге тең?

С) 4 м

$$$ 344

Бірдей фазада тербелетін көрші екі толқын нүктелердің арақашықтығын … деп атайды.

В) толқын ұзындығы

$$$ 345

Бірдей фазада тербелетін нүктелердің геометриялық орны қалай аталады?

С) толқын беті

$$$ 346

Баллонда идеал газ бар. Газдың біраз бөлігі шыққан кезде, газдың температурасы 3 есе кеміген, ал қысым 4 есе кеміген. Процентпен есептелінсе, газдың қанша бөлігі шығарылған?

В) 25%

$$$ 347

Идеал газдың көлемін 2 есе өсіріп, ал абсолют температурасын 2 есе кемітсек, идеал газдың қысымы қалай өзгереді?

Е) 4 есе кемиді

$$$ 348

Идеал газ жабық ыдыста. Егер температурасын 3 есе арттырса, онда газ тығыздығы қалай өзгереді? С) өзгермейді

$$$ 349

Изохоралық процесс кезінде газдың температурасын 8 есе арттырғанда, идеал газдың қысымы қалай өзгереді? В) 8 есе артады

$$$ 350

Қысымы 500 кПа газ жабық ыдысқа толтырылған. Егер тұрақты температурада газ массасының 4/5 бөлігін шығарсақ, онда бұл ыдыста қандай қысым болады?

А) 100 кПа

$$$ 351

Идеал газ изотермалық ұлғайғанда көлемі 1,5 есе артса, оның қысымы қалай өзгереді? В) 1,5 есе кемиді

$$$ 352

Қандай термодинамикалық процесс үшін өрнегі дұрыс болып саналады? D) изотермалық процесс үшін

$$$ 353

СИ бірліктер жүйесінде бір моль қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі болып табылады?

А) зат мөлшері

$$$ 354

термодинамикалық диаграммасында бір изохора бойында жататын күйлер үшін қандай термодинамикалық параметрлер тұрақты болып қалады?

В) көлем

$$$ 355

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]