Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика тесты с ответами.doc
Скачиваний:
1360
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.48 Mб
Скачать

$$$ 1

Қалың тұманда немесебұлт ішінде бірқалыпты ұшқан ұшақта отырған жолаушыға, ұшақ неге қозғалмай тұрған сияқты сезіледі?

В) ұшақ қозғалысын салыстыратын санақ денесі жоқ

$$$ 2

Дене қозғалысын материялық нүкте қозғалысы ретінде қарастыру үшін қандай шарт орындалуы тиіс?

А) 1 с уақытта 8 км жылдамдықпен қозғалған ғарыш кемесін жер бетінен қарағанда

$$$ 3

Ұсынылған теңсіздіктердің дұрысын көрсетіңіз.

Е) 72 км/сағ > 12 м/c

$$$ 4

Аталған физикалық шамалардың екеуі де векторлық шама бола алады:

С) жылдамдық және үдеу

$$$ 5

Жүрген жол мен уақыт арасындағы тәуелділік Х=А+Вt+Ct3 теңдеуімен өрнектеледі, мұндағы А=4м, В=2м/с, С=0,2 м/с3. Бақылау басталғаннан соң, 2с уақыт өткеннен кейінгі үдеудің сан мәнін табыңыз.

А) 2,4 м/с2

$$$ 6

Суретте келтірілген жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен үдеуді табыңыз.

А) 5 м/с2

$$$ 7

Атты жолаушы бірінші 0,5 сағатта 5 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, ол келесі 0,5 сағатта 7 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Қозғалыс кезіндегі атты адамның орташа жылдамдығын табыңыз.

В) 6 км/сағ

$$$ 8

Шеңбер бойымен қозғалған дененің толық үдеуінің модулін көрсетіңіз.

D) a=

$$$ 9

Суретте көрсетілген АК жолының АВ, ВС, СД, ДЕ, ЕК кесінділерінің әрқайсысын автомобиль 5 мин. уақытта жүріп өткен. Жолдың қай бөлігінде автомобильдің жылдамдығы ең үлкен?

D) ДЕ

$$$ 10

Мотоциклші радиусы 100 м шеңбер бойымен жазық бетте қозғалған. Дөңгелектің жермен үйкеліс коэффициенті k=0,4 болса, ол шеңбер бойымен қандай максималь жылдамдықпен қозғала алады? g=10 м/с2.

С) 20 м/с

$$$ 11

Дене радиусы R шеңбер бойымен қозғалған. Қозғалыс басталғаннан кейін периодтың ширек (1/4) мәніндегі орын ауыстыру векторының модулін табыңыз.

C)R

$$$ 12

Велосипедшінің жылдамдығы 36 км/сағ, ал оған қарсы соққан жел жылдамдығы 4 м/с. Велосипедшіге қатысты санақ жүйесіндегі жел жылдамдығын табыңыз.

А) 14 м/с

$$$ 13

Х=Х(t) теңдеуі графигінен козғалған денелердің кездесу орнын және кездесу уақытын табыңыз.

С) 10 м, 10 с

$$$ 14

Теплоход өзенде ағыс бағытымен 300 км арақашықтықты 20 км/сағ жылдамдықпен 10 сағат уақытта жүзіп өткен. Судың ағыс жылдамдығын табыңыз.

D) 10 км/сағ

$$$ 15

Кісі 10 м қашықтықты 10 с уақытта жүріп өткен. Оның бірінші 6 м жолды 2 с уақытта жүріп, одан соң 3 с дем алған. Кісінің орташа жылдамдығын табыңыз.

С) 1м/с

$$$ 16

Дененің бастапқы жылдамдығы 0 = 20 м/с, соңғы жылдамдығы = 30 м/с және үдеуі = 2м/с2 болса, дене қанша уақыт қозғалыста болған?

D) 5 с

$$$ 17

Дөңгелек 2 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Дөңгелек шығырындағы нүктенің сызықтық жылдамдығы =40 м/c болса, дөңгелектің радиусы қанша болады?

D) 20 м

$$$ 18

Ұсынылған тұжырымдардың қайсысы Ньютонның үшінші заңы болады?

С) Екі дененің өзара әсерлесу күші модулі жағынан тең, бағыттары қарама-қарсы және олардың центрлері арқылы өтетін түзу бойында жатады

$$$ 19

Әсер етуші күштердің векторлық қосындысы нольге тең болса, дене қалай қозғалады?

С) бірқалыпты түзу сызықты қозғалады немесе тыныштық күйде болады

$$$ 20

Серпімділік коэффициенті k=2 кН/м серіппені 2 см-ге сығу үшін қандай күш қажет?

С) 40 Н

$$$ 21

Айналмалы қозғалыстың динамикасының негізгі заңы бойынша күш моменті қандай өрнекпен өрнектеледі?

C) M=І

$$$ 22

Темір жол вагонының буферлік серіппесіне F1 =30 кН күш түсірілгенде l1=1 см-ге сығылады. Серіппені l2=4 cм-ге сығу үшін қандай күш қажет?

В) 120 кН

$$$ 23

Ұзындығы 30 см, массасы 100 г жіңішке стерженнің, оған ұзындығына ауырлық центрі арқылы өткен оське қатысты инерция моменті қанша болады?

С) 0,7510-3 кгм2

$$$ 24

Жоғары қозғалған лифт еденінде массасы 5 кг дене жатыр. Лифт үдеуі 2 м/с2. Лифт еденіне әсер етуші ауырлық күшін табыңыз. g=10 м/с2.

В) 60 Н

$$$ 25

Массасы 2 г, жылдамдығы 6 м/с бөлшек, қозғалмай тұрған массасы 1 г бөлшекке келіп соғылған. Серпімсіз соқтығыстан соң, олар 4 м/с жылдамдықпен бірге қозғалған. Соқтығысу кезіндегі деформациялануға кеткен энергияны табыңыз.

В) 12 мДж

$$$ 26

Екі дененің арақашықтығын 2 есе өсірсе, олардың гравитациялық әсерлесу күші неше есе өзгереді?

D) 4 есе кемиді

$$$ 27

Суретте көрсетілген көлбеу жазықтықпен сырғанаған денені тежеуші үйкеліс күшін көрсетіңіз.

D) F4

$$$ 28

Массаның негізгі анықтамасын көрсетіңіз.

А) дененің инерциясын және оның гравитациялық сипатын анықтайтын шама

$$$ 29

Массасы 8 кг дене 4 Н тұрақты күш әсерінен қандай қозғалыс жасайды?

В) бірқалыпты үдемелі, 0,5 м/с2 үдеумен

$$$ 30

Трамвай вагоны бұрылыста тұрақты 5 м/с жылдамдықпен бұрылған. Егер жолдың қисықтық радиусі 50 м болса, оның центрге тартқыш үдеуі қандай?

В) 0,5 м/с2

$$$ 31

Сүйір бұрышы -ға тең көлбеу жазықтықта қозғалмай тұрған массасы m денеге әсер етуші үйкеліс күші қандай? ( - үйкеліс коэффициенті).

C) mg sіn

$$$ 32

Серіппелі екі маятниктің серпімділік коэффициенттерінің қатынасы = а. Жүктердің массаларының қатынасы = b. Бұл маятниктердің Т12 периодтарының қатынасы қандай?

C)

$$$ 33

Горизонталь жазықтықта қозғалатын шананың тежелу уақыты қандай физикалық шамаларға тәуелді болады?

D) бастапқы жылдамдығы мен үйкеліс коэффициентіне

$$$ 34

Массасы m1 дене F күшінің әсерінен a1 үдеу алады. Осы күш әсерінен массасы m2 дене қанша үдеу (а2) алады?

C) m1а1/ m2

$$$ 35

Екі дене өзара F-ке тең гравитациялық күшпен әсерлеседі. Егер әр дененің массасын n есе өсірсе, олардың әсерлесу күші қалай өзгереді?

D) n2 есе өседі

$$$ 36

Келтірілген анықтамалардың қайсысы дұрыс емес:

В) Дене бір күйден екінші күйге өткенде істелген жұмысы жолға тәуелді болатын күшті консервативтік күш деп атаймыз

$$$ 37

Механикалық жұмыс дегеніміз не?

В) Күшпен, күш әсерінен қозғалып өтетін, жолға тәуелді физикалық шама

$$$ 38

Массасы 2 г дене, массасы 1 г қозғалмай тұрған денемен соқтығысады. Серпімді соқтығысудан кейін олар сол бағытта 2 м/с және 3 м/с жылдамдықтармен қозғалған. Соқтығысуға дейін бірінші дененің жылдамдығын табыңыз.

С) 3,5 м/с

$$$ 39

Массасы 1 кг дене h биіктіктен еркін түскен. Жер бетіндегі кинетикалық энергиясы 100Дж болса, ол қандай биіктіктен құлаған? g=10 м/с2.

А) 10 м

$$$ 40

Динамометр серіппесін 5 см-ге созған. Серіппенің серпімділік коэффициенті 40 Н/м. Созылған серіппенің потенциялық энергиясы неге тең?

А) 50 мДж

$$$ 41

Суретте горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене траекториясы көрсетілген. Траекторияның қай нүктесінде дененің кинетикалық энергиясы минималь мәнге ие болады? Ауа кедергісін ескермеңіз.

С) 3

$$$ 42

Серпімді деформацияланған дененің деформациясын 2 есе кеміткенде, оның потенциялық энергия қоры қалай өзгереді?

А) 4 есе кемиді

$$$ 43

Массалары m1=m2=1кг екі шардың арақашықтығы R болғанда, олардың гравитациялық әсерлесу күші F болсын. Массалары 2 кг және 3 кг екі шардың арақашықтығы R болса, олардың гравитациялық әсерлесу күші неге тең?

Е) 6F

$$$ 44

Массасы 75 кг штанганы спортшы 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты көтерген. Спортшының қуатын табыңыз. g=10 м/с2.

D) 1,5 кВт

$$$ 45

Келтірілген формулалардың қайсысы мынадай анықтамаға сәйкес келеді: импульс моменті – дененің инерция моменті мен бұрыштық жылдамдығының көбейтіндісіне тең.

B) L=І

$$$ 46

Абсолют серпімсіз соқтығысқан екі шар үшін импульстің сақталу заңының өрнегін табыңыз. Шарлардың массалары m1 және m2, ал жылдамдықтары 1 және 2, яғни m11+ m22=?

С) ( m1+m2 )u

$$$ 47

Массасы 20 т вагон 0,3 м/с жылдамдықпен қозғалып, массасы 30 т, жылдамдығы 0,2 м/с екінші вагонды қуып жетіп, одан соң бірге қозғалған. Олардың қозғалу жылдамдығын анықтаңыз.

В) 0,24 м/с

$$$ 48

Серіппелі маятник тербелісінің амплитудасы 2 есе өссе, оның толық энергиясы неше есе өзгереді? (серіппе салмақсыз және ығысуы Гук заңына бағынады)

В) 4 есе өседі

$$$ 49

Қозғалмай тұрған массасы m дене тұрақты күш әсерінен үдемелі қозғалысқа келіп, S жолын жүргенде, жылдамдығы болған. Бұл күштің қуатын табыңыз.

D) N=

$$$ 50

Кран жүкті бірқалыпты қозғалыспен көтерген. Кран двигателінің қуаты 7 кВт. Егер кранның п.ә.к.-і 60% болса, жүк көтеру кезіндегі пайдалы қуат неге тең?

С) 4,2 кВт

$$$ 51

Қозғалыстағы дене 15 Дж жұмыс орындаған соң, дененің кинетикалық энергиясы нольге айналса, оның бастапқы кинетикалық энергиясы неге тең болғаны?

Е) 15 Дж

$$$ 52

Массасы m дене горизонталь жазықтыққа жылдамдықпен еркін түскен. Соқтығысу абсолют серпімді деп, орташа соқтығысу күшін табыңыз. (Соқтығысу уақытының ұзақтығы  деп есептелсін).

B) 2

$$$ 53

Ламинар ағыс кезінде әсер етуші тұтқырлық үйкеліс күшінің өрнегінде қозғалыс жылдамдығының дәрежесі қандай болатындығын көрсет?

А)

$$$ 54

Көлемі 0,5 м3 судағы тасқа әсер етуші Архимед күшін табыңыз. Судың тығыздығы 1000кг/м3, g=10 м/с2.

D) 5 кН

$$$ 55

Ыдысқа өзара араласпайтын үш түрлі сұйық құйылған: су, керосин және сынап. Бұл сұйықтар ыдыста қандай ретпен орналасады? сын >су >кер

В) сынап-су-керосин

$$$ 56

Атмосфера қысымын қандай құралмен өлшейді?

С) барометр

$$$ 57

Келесі өрнектердің қайсысы мынадай анықтамаға сәйкес келеді: кез-келген құбырдың көлденең қимасы арқылы бірдей уақыт аралығында ағып өткен сұйық массалары тең - бұл теңдеуді ағыстың “үздіксіздік теңдеуі” деп атайды.

А) Sυ=const

$$$ 58

Көрсетілген Re=υR/ теңдеуінен Рейнольдс тұрақтысын таңдаңыз.

D) Re

$$$ 59

Паскаль заңының анықтамасын таңдап алыңыз.

В) Сұйыққа (газға) түсірілген қысым барлық бағытқа бірдей тарайды

$$$ 60

Көлемі V=10-4 м3 шардың ішіндегі газдың массасы 0,3 кг. Газдың тығыздығын табыңыз.

А) 3103 кг/м3

$$$ 61

Қысымның өлшем бірлігін көрсетіңіз.

С) Па

$$$ 62

Математикалық маятник минутына 60 тербеліс жасайды. Маятниктің ұзындығын табыңыз. 2= 9,86, g= 9,86 м/с2.

С) 0,25 м

$$$ 63

Суретте екі тербелістің қосылуы векторлық диаграммасы түрінде келтірілген. Қорытқы толқынның фазасын көрсетіңіз.

C) 4

$$$ 64

Гармониялық тербелістің теңдеуі х=asіnt және циклдік жиілігі =/6-ға тең. Маятник амплитуданың жартысына ауытқуы үшін қанша уақыт керек болады?

В) 1 с

$$$ 65

Еріксіз гармониялық тербеліс теңдеуінен ma + rυ + kx = Fсырт қорытқы күштің өрнегін көрсетіңіз.

А) ma

$$$ 66

Тербеліс тендеуі мынадай: х=acos(t+), мұндағы = , c-1 болса, тербеліс периоды қанша болады?

С) 2 с

$$$ 67

Серіппелі маятниктің гармониялық тербелісінің циклдік жиілігін көрсетіңіз.

С) =

$$$ 68

Математикалық маятникті Жерден Айға апарып тәжірибе жасаса, оның периоды шамамен қаншаға өзгереді? Еркін түсу үдеуі Айда 1,6 м/с2, ал Жерде 9,8 м/с2.

А) есе артады

$$$ 69

Судың ішіне орналасқан серіппелі маятниктің тербеліс периоды қалай өзгереді? Үйкелісті ескермеңіз.

В) өзгермейді

$$$ 70

Өшетін тербелістің логарифмдік декрементінің өрнегін көрсетіңіз.

В)

$$$ 71

Суретте дененің гармониялық тербеліс жасау кезіндегі Х (t) –тәуелділік графигі берілген. Осы тербелістің периоды неге тең?

D) 4 с

$$$ 72

Гармониялық тербеліс теңдеуі мына түрде берілген: х=0,2cos(5t+/2), м . Осы тербелістің амплитудасы неге тең?

В) 0,2м

$$$ 73

Амплитудалары А1=10 см, А2=6 см және тербеліс периодтарыда бірдей бағыттары да бірдей екі гармониялық тербелістерді қосу нәтижесінде, қорытқы амплитудасы А=14 см болатын тербеліс алынған. Берілген екі тербелісті қосу кезіндегі cos(1-2) мәнін анықтаңыз.

В) 1/2

$$$ 74

Гармониялық тербеліс жасаушы дененің тербелісінің теңдеуі мынадай: х=2sіn, м болса, оның максимал жылдамдығы қанша болады?

С) 4/5

$$$ 75

Косинустық гармониялық тербелістің амплитудасы 50 мм, периоды 4с және бастапқы фазасы /4. Жауаптардан бұл тербелістің теңдеуін табыңыз.

B) x=0,05cos( +  /4)

$$$ 76

х=0,06 cos(, м теңдеуімен анықталатын гармониялық тербеліс жасаған материалдық нүктенің 0,5 с уақыт өткеннен кейінгі ығысуын табыңыз.

Е) 0,03 м

$$$ 77

Толқын көзінен таралған толқынның тербеліс жиілігі 0,2 с-1, таралу жылдамдығы 10 м/с. Осы толқынның ұзындығы неге тең?

С) 50 м

$$$ 78

Ультрадыбыстық тербелістердің жиілік диапазонын көрсетіңіз.

D) > 20000 Гц

$$$ 79

Белгілі бір уақыт мезетіндегі толқын кескіні суретте берілген. Осы толқынның ұзындығы неге тең?

В) 0,4 м

$$$ 80

Жазық толқын үшін берілген Z=Zocos(t – kx) теңдеуінен толқындық санды көрсетіңіз.

D) k

$$$ 81

Тұрғын толқынның пайда болу себебі:

А) толқындар интерференциясынан

$$$ 82

Толқынның анықтамасын табыңыз.

В) серпімді ортадағы тербелістердің таралуы

$$$ 83

Теңіз тереңдігін анықтау үшін кемеден эхолот арқылы толқын жіберілген. Оның теңіз түбінен шағылып кері қайтуы үшін 6 с уақыт кеткен. Судағы толқынның жылдамдығы 1500 м/с болса, теңіздің тереңдігі қандай?

С) 4500 м

$$$ 84

“Восток” Жер серігі кемесінен тараған толқынның жиілігі 20 МГц болса, онда оның толқын ұзындығы неге тең? Жарық жылдамдығы с=3108 м/с деп алыңыз.

Е) 15 м

$$$ 85

Термодинамикалық параметрлерді атаңыз.

В) температура, қысым, көлем

$$$ 86

Бастапқы параметрлері P,V,T болатын бір моль идеал газдың Р=const кезінде көлемі 3V-ге дейін ұлғаяды. Осы ұлғаю кезінде газ қанша жұмыс атқарады?

В) 2PV

$$$ 87

Адиабаталық процестің теңдеуін көрсетіңіз.

В) PV=const

$$$ 88

Суретте қандай процестің диаграммасы көрсетілген?

В) изотермалық

$$$ 89

Көрсетілген суреттен массасы тұрақты идеал газдың көлемі 1-ші күйден 2-ші күйге көшкенде қалай өзгерді?

А) көлемі ұлғаяды және қысымы артады

$$$ 90

PV диаграммасында идеал газдың 1-ші күйден 2-ші күйге өту процесі көрсетілген. Бұл қандай процесс?

А) изобаралық қыздыру

$$$ 91

Көрсетілген теңдеулер арасынан изотермалық процестің теңдеуін көрсетіңіз.

C) PV=const

$$$ 92

Бір молекуланың массасын анықтау үшін қандай өрнек пайдаланылады?

В) m =

$$$ 93

Көлемі V, қысымы Р және температурасы Т газ молекулаларының N санын есептеуге қай өрнекті қолданасыз? (k – Больцман тұрақтысы, NA – Авогадро саны, R – универсал газ тұрақтысы)

B) N= PV / kT

$$$ 94

Идеал газды изобаралы қыздырғанда 1-ші күйден 2-ші күйге өткен. Газ массасы тұрақты болғанда, оның қысымы қалай өзгереді?

А) өзгермейді

$$$ 95

200С температураның Кельвин шкаласындағы мәнін көрсетіңіз.

Е) 293

$$$ 96

Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы идеал газ үшін молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі болып табылады?

С) p=n m0vкв2

$$$ 97

Концентрациясы өзгеріссіз қалатын идеал газдың орташа квадраттық жылдамдығын 3 есе өсірген кезде, оның қысымы қалай өзгереді?

А) 9 есе артады

$$$ 98

Өзара жылулық тепе-теңдіктегі кез-келген екі дененің қандай физикалық параметрлері бірдей болады?

А) тек температуралары

$$$ 99

Идеал газдың абсолют температурасын 3 есе арттырсақ, онда газ молекулаларының жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

А) 3 есе артады

$$$ 100

Ыдыстағы гелийдің мөлшері 2 моль. Осы ыдыста гелийдің жуық шамамен неше атомы бар? Авогадро тұрақтысы NA =61023моль-1.

D) 121023

$$$ 101

Газды изотермалық түрде сыққанда көлемі 2 есе кемиді. Газ қысымы қанша шамаға өзгереді?

А) 2 есе артады

$$$ 102

Екі түрлі идеал газ молекулаларының массалар қатынасы 4 есе өссе, ал температуралары бірдей болса, олардың орташа квадраттық жылдамдықтарының қатынасы қалай өзгереді?

А) 2 есе

$$$ 103

Оттегі молекуласының орташа квадрат жылдамдығы =400 м/с болса, онда ол қандай температураға сәйкес келеді? ( М=3210-3 кг/моль, R=8,3 Дж/мольК).

С) 205 К

$$$ 104

Газдың ішкі энергиясы, оның молекулаларының Ек – кинетикалық энергиясы мен Еп - потенциялық энергияларының қосындысынан тұрады. Бұл газ күйі Менделеев-Клапейрон теңдеуімен өрнектелуі үшін, оның Ек мен Еп энергиялары қанша болуы керек?

В) Ек=max, Еп=0

$$$ 105

Адиабаталық ұлғаю кезінде идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі қандай болады?

B) U <0

$$$ 106

Оттегі (О2) молекуласының еркіндік дәрежесінің саны қанша болады?

В) 5

$$$ 107

Тұрақты көлемдегі меншікті жылу сыйымдылық өрнегінен cV=іR/2М, газдың мольдік массасын көрсетіңіз.

С) М

$$$ 108

Төмендегі формулалардың қайсысы мына анықтамаға сәйкес келеді: бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы – газ қысымы мен көлемінің көбейтіндісіне тура пропорционал.

В) U=pV

$$$ 109

Сұйықтың қайнай бастаған кезінен толық буланып біткенге дейінгі температурасы қалай өзгереді?

С) өзгеріссіз қалады

$$$ 110

Бір атомды идеал газ қыздырғыштан 2 кДж жылу энергиясын алған. Процесс изохоралы болса, оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?

В) 2 кДж

$$$ 111

Идеал газды изотермалық түрде сыққанда, оның қысымы 20 %-ке артқан. Газ көлемі қалай өзгереді? V1/ V2 қатынасын табыңыз.

А) 1,2

$$$ 112

Тұрақты көлемдегі меншікті жылу сыйымдылық формуласы болса, молекуланың еркіндік дәрежесін көрсетіңіз.

С)

$$$ 113

“Газ қоспаларының қысымы, оның парциал қысымдарының қосындысына тең болады” деген Дальтон заңының формуласын көрсетіңіз.

А) р = р1 + р2+ ...

$$$ 114

Баллондағы газдың массасы m1=120 кг, қысым Р1=10 МПа. Температурасын және көлемін тұрақты деп есептеп, газдың қысымын Р=2,5 МПа-ға кеміту үшін газдың қандай мөлшердегі массасын баллоннан шығарып жіберу керек?

Е) 30 кг

$$$ 115

Жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясының өзгерісінен және жүйенің сыртқы денелерге қарсы атқаратын жұмысынан тұрады десек, оның формуласын көрсетіңіз.

А) Q= U+A

$$$ 116

Үтікті 200С-да 3000С-ға дейін қыздырған. Оны қыздыру үшін қандай жылу мөлшері қажет? Үтіктің жылу сыйымдылығы 500 Дж/град тең.

В) 140 кДж

$$$ 117

Карно циклінің қай бөлігі адиабаталық процеске сәйкес келеді?

D) 2 және 4

$$$ 118

Энтропия қандай әріппен белгіленеді?

C) S

$$$ 119

Жерді қоршаған атмосфера молекулалары бірте-бірте ғарыш кеңістігіне ұшып кетіп жатады. Осы кезде атмосфера энтропиясы қалай өзгереді?

А) азаяды

$$$ 120

Жылу машинасы бір цикл ішінде қыздырғыштан 100 Дж жылу алып, оның 60 Дж мөлшерін суытқышқа береді. Машинаның ПӘК-і қаншаға тең?

С) 40%

$$$ 121

Қыздырғыштың температурасы 227оС, ал суытқыштың температурасы 27оС болатын жылу машинасының ПӘК-інің максимал мәні қанша болады?

D) 40%

$$$ 122

Газға 100 Дж жылу мөлшері берілді. Сыртқы күштерге қарсы атқарылған жұмыс 300 Дж. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі қаншаға тең?

Е) 400 Дж

$$$ 123

Суретте көрсетілген процесс кезінде газ 1-ші күйден 2-ші күйге өткендегі орындалатын жұмыс қаншаға тең?

В) 400 Дж

$$$ 124

Конденсацияланған дененің температурасы 0 К шамасында болса, оның энтропиясы неге тең болады?

Е) S=0

$$$ 125

Идеал жылу машинасының қыздырғышы мен суытқышының абсолют температураларын 2 есе өсірсе, оның ПӘК-і қалай өзгереді?

С) өзгермейді

$$$ 126

Идеал жылу машинасы қыздырғыштан алған жылуының 60%-ін суытқышқа береді. Машинаның ПӘК-і қанша болады?

С) 40%

$$$ 127

С уретте көрсетілген Карно циклінің қандай бөліктерін изотермалық процесс деп атайды?

D) 1 және 3

$$$ 128

Жылу алмасу құбылысының қай түрінде: жылу өткізгіштік, конвекция немесе сәулелену кездерінде зат тасымалданбайды?

Е) жылу өткізгіштік және сәулелену

$$$ 129

Диффузия коэффициентінің формуласынан D=1/3vcv молекуланың еркін жүру жолының белгіленуін көрсетіңіз.

Е) 

$$$ 130

Диффузия құбылысы арқылы түсіндірілетін құбылысты атаңыз.

Е) иістің таралуы

$$$ 131

Көрсетілген өрнектердің қайсысы беттік керілу күшінің өрнегі болады?

В) F=l

$$$ 132

Күннен Жерге дейін энергия қандай процесс бойынша тасымалданады?

С) сәулеленумен

$$$ 133

Диффузия коэффициенті К=1/3vcV теңдеуінен меншікті жылу сыйымдылықтың белгіленуін көрсетіңіз.

В) cv

$$$ 134

Капилляр түтіктен сұйықтың көтерілу биіктігінің формуласынан h= беттік керілу коэффициентінің белгіленуін көрсетіңіз.

D) 

$$$ 135

Бір моль реал газ күйі теңдеуімен анықталады. Теңдеудің аты қалай аталады?

В) Ван-дер-Ваальс теңдеуі

$$$ 136

Орташа жылдамдық өрнегін көрсетіңіз.

C)

$$$ 137

Материалдық нүктелер қозғалыстарының теңдеулері: (м), (м) түрінде берілген. Осы нүктелердің кездесу уақытын анықтаңыз.

C) 10 с

$$$ 138

Бөлшектің уақыт бойынша кеңістіктегі орны мына заң бойынша берілген: . Осы бөлшектің уақытындағы жылдамдығының модулін табыңыз.

B) 5 м/с

$$$ 139

Бірқалыпты үдемелі айналмалы қозғалыстың теңдеуін көрсетіңіз.

C)

$$$ 140

Дене радиусы шеңбер бойымен қозғалады. Қозғалыс басталғаннан кейін периодтың ширегі өткендегі орын ауыстыру векторының модулі қаншаға тең болады?

D)

$$$ 141

Тыныштықта тұрған автомобиль түзу сызықты бірқалыпты үдемелі қозғала бастайды. Егер автомобиль 2 м/с2 үдеумен қозғалса, ол 1 минут аралығында қанша жол жүреді?

Е) 3600 м

$$$ 142

Қозғалыссыз тұрған вертолеттен жүк тасталған. Жүк 4 секунд ішінде Жерге қатысты қандай жылдамдықпен қозғалуы мүмкін?=10 м/с2.

В) 40 м/с

$$$ 143

Автомобиль радиусы 10 м шеңбер бойымен 5 м/с тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Центрге тартқыш үдеуі қандай?

В) 2,5 м/с2

$$$ 144

Тас, вертикал 30о бұрышпен лақтырылған. Тастың бастапқы қозғалыс кезіндегі толық (а1) үдеуі және траекторияның жоғары нүктесіндегі (а2) үдеуі қандай болады?

А) а1=а2=9,8 м/с2

$$$ 145

Әткеншектегі адамның центрге тартқыш үдеуі 10 м/с2 болу үшін, радиусы 4,9 м әткеншек қандай жылдамдықпен қозғалуы керек?

В) 7 м/с

$$$ 146

Қозғалыстағы әткеншекте тұрған баланың бұрыштық жылдамдығы 0,05 рад/с болса, оның сызықтық жылдамдығының модулі қаншаға тең? Баланың айналу осінен ара қашықтығы 10 м.

С) 0,5 м/с

$$$ 147

Автомобильдің бірқалыпты кемімелі қозғалысы кезінде 5 с ішінде оның жылдамдығы 15-тен 10 м/с-ке азайған. Автомобиль үдеуінің модулі қаншаға тең?

А) 1 м/с2

$$$ 148

Дене сағат тілінің бағытымен шеңбер бойымен қозғалады. М нүктесіндегі сызықтық жылдамдық векторының бағытын көрсетіңіз.

D) 4

$$$ 149

Нүктенің қозғалысы теңдеуімен берілген. Нүкте қозғалысының бастапқы жылдамдығын анықтаңыз.

В) 2 м/с

$$$ 150

Нүктенің 4 с ішіндегі жолын анықтаңыз.

D) 8 м

$$$ 151

Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы Ньютонның екінші заңын көрсетеді?

C)

$$$ 152

Лифт жоғары қарай 0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Массасы 70 кг адам еденді қандай күшпен қысады? =9,8 м/с2.

C) 700 Н

$$$ 153

және () массалары суретте көрсетілгендей байланыстырылған. массаның жазықтық бетімен үйкелісін ескермей, байланысқан массалардың үдеуін анықтаңыз.

A)

$$$ 154

Егер қозғалыс теңдеуі (м) болса, онда массасы 500 кг дене жолдың түзу сызық бөлігінде қандай күштің әсерінен қозғалатындығын анықтаңыз?

A) 400 Н

$$$ 155

Дене =5 Н центрге тартқыш күш әсерінен радиусы =2 м шеңбер бойымен қозғалады. Дене айналымының жартысында күші қанша жұмыс орындайды?

A) 0 Дж

$$$ 156

Тас 1000 м биіктіктен құлайды. Түсу кезеңінің алғашқы 2 секундында ол қандай жол жүреді? м/с2.

C) 20 м

$$$ 157

Көрсетілген теңдеулер арасынан айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін анықтаңыз.

C)

$$$ 158

Дененің еркін түсу үдеуінің ең кіші мәні:

A) экваторда

$$$ 159

Ұзындығы =30 см және массасы =100 г жіңішке стерженнің, оған перпендикуляр және оның ұшы арқылы өтетін оське қатысты инерция моментін анықтаңыз.

D) 3∙10-3 кг∙м2

$$$ 160

Келтірілген өрнектердің қайсысы Гук заңын көрсетеді?

D)

$$$ 161

Столдың горизонтал бетінде тұрған бөренеге 4 м/с жылдамдық берілді. Үйкеліс күші әсерінен бөрене модулі а=1 м/с2 үдеумен қозғалады. Бөрене 5 с аралығында қанша жол жүрді?

С) 8 м

$$$ 162

Қаттылығы 100 Н/м серіппе қандай күштің әсерінен 0,02 м-ге ұзарады?

В) 2 Н

$$$ 163

Дененің бір нүктесіне F1=3 H және F2=4 H екі күш түсірілген. F1 және F2 күштер арасындағы бұрыш 90о. Бұл күштердің қорытқы шамасының модулін анықтаңыз.

В) 5 Н

$$$ 164

Дене биіктіктен еркін құлаған. Егер дененің массасы 1 кг және үдеуі 9 м/с2 болса, денеге әсер етуші ауаның кедергі күші қаншаға тең болады? (g=9,8 м/с2).

С) 0,8 Н

$$$ 165

Күш моменті дегеніміз не?

В) күштің күш иінінің көбейтіндісіне тең шама

$$$ 166

Үйкеліс күшінің өрнегін көрсетіңіз.

D)

$$$ 167

Егер дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалса, онда денеге әсер етуші күштердің қорытқы күші неге тең болады?

D)

$$$ 168

1-суретте доптың жылдамдық және үдеу векторлары кескінделген.

2-суретте көрсетілген қай бағыт допқа түсірілген барлық күштердің қорытқы күшін көрсетеді?

В) 2

$$$ 169

Горизонтқа бұрышымен орналасқан жазықтық бетінде массасы кітап жатыр. Егер үйкеліс коэффициенті  болса, онда үйкеліс күші неге тең?

С)

$$$ 170

Нүкте суретте көрсетілгендей жазық траектория бойынша бірқалыпты қозғалады. Траекторияның қайсы нүктесінде үдеу максимал болады?

С) 3

$$$ 171

Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы импульстің сақталу заңына сәйкес келеді?

C)

$$$ 172

Материалдық нүктенің қозғалыс теңдеуі: . Массаны 2 кг деп алып, 2 с кейінгі импульсті табыңыз.

B) 16Н∙с

$$$ 173

Темір жол бойымен 500 м/с жылдамдықпен ұшып бара жатқан снаряд, массасы 10 т жүгі бар платформаға еніп, сонда қалады. Осы кезде тыныш тұрған платформа қандай жылдамдық алған болар еді? Снарядтың массасы 100 кг.

B) 4,95 м/с

$$$ 174

Массасы және , ал бастапқы жылдамдықтары және болатын шарлардың абсолют серпімсіз соққылары үшін импульстің сақталу заңын жазыңыз.

D)

$$$ 175

20 м биіктіктен жерге түскен, бастапқы жылдамдығы нольге тең және массасы 1 кг дененің импульсі неге тең? g=10 м/с2.

B) 20 кг∙м/с

$$$ 176

Төменгі келтірілген өрнектердің қайсысы энергияның сақталу заңына сәйкес келеді?

E)

$$$ 177

Күш, массасы 20 кг денеге әсер етіп, 0,05 Дж жұмыс орындаған. Дененің бастапқы кинетикалық энергиясы нольге тең болса, оның соңғы кинетикалық энергиясы қанша болады?

D) 0,05 Дж

$$$ 178

20 м биіктіктен еркін қозғалып жерге түскен дененің массасы 1 кг болса, ол дененің кинетикалық энергиясы қанша болар еді? = 10 м/с2.

D) 200 Дж

$$$ 179

Келтірілген өрнектердің қайсысы айналатын дененің кинетикалық энергиясын көрсетеді?

D)

$$$ 180

Ұзындығы 1 м жіпке ілінген массасы 0,1 кг дене тік жазықтықта айналады. Дене бір айналым жасағандағы ауырлық күшінің жұмысы қанша болады?

Е) 0 Дж

$$$ 181

Қандай физикалық шама Н∙с өлшемінде өлшенеді?

А) күш импульсі

$$$ 182

Автомобиль а үдеумен қозғалғанда, массасы адам орындық арқасына қандай күшпен әсер етеді?

А)

$$$ 183

Поезд қозғалыс жылдамдығын 2 есе кеміткенде, оның тежеу жолы қанша рет азаяды?

В) 4 есеге

$$$ 184

Жолаушы аз уақытта салмақсыздық күйде болу үшін, автомобиль радиусы 40 м дөңес көпірдің ортасынан қанша жылдамдықпен қозғалуы керек?= 10 м/с2.

В) 20 м/с

$$$ 185

Қаттылығы 10 Н/м серіппе 20 Н күшпен сығылған. Серіппенің потенциалды энергиясы неге тең?

А) Дж

$$$ 186

Тыныш тұрған дене салмағы қозғалған дене салмағынан қай кезде үлкен болады?

Е) дене төмен қарай бірқалыпты үдеумен қозғалған кезде

$$$ 187

Массасы 105 кг дене 15 м/с тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Қозғаушы дененің 1 секундта жасаған жұмысын анықтаңыз. Үйкеліс коэффициенті 0,01. (=10 м/с2).

D) 1,5∙105 Дж

$$$ 188

Дененің кинетикалық энергиясының өрнегін көрсетіңіз.

С)

$$$ 189

Жер бетіне қатысты массасы 3 кг дене 2 м биіктікте орналасқан. Ол дененің потенциялық энергиясын есептеңіз. (g=10 м/с2)

D) 60 Дж

$$$ 190

Қандай шарт кезінде қозғалушы денеге түсірілген күштің жұмысы нольге тең?

В) күш және орын ауыстыру өзара перпендикуляр болған кезде

$$$ 191

Су, қимасының ауданы айнымалы горизонталь түтікпен ағады. Түтіктің қай жерінде қысым ең аз болады?

A) түтіктің жіңішке бөлігінде

$$$ 192

Сұйықта жылдамдықпен қозғалған шарға әсер етуші кедергі күшін көрсетіңіз

(Стокс заңы).

А)

$$$ 193

Келтірілген өрнектердің қайсысы Бернулли теңдеуі деп аталады?

B)

$$$ 194

Келтірілген өрнектердің қайсысы серіппе энергиясының ұзындығына тәуелділігін көрсетеді? Деформацияланбаған серіппенің энергиясы нольге тең деп алыңыз.

B)

$$$ 195

Көлденең қимасы айнымалы горизонтал түтікпен су ағады. Түтіктің қима бетінің ең үлкен жеріндегі судың жылдамдығы 20 м/с болды. Түтіктің диаметрі 1,5 есе кіші болатын қима беттегі су ағынының жылдамдығын анықтаңыз.

C) 45 м/с

$$$ 196

Тербеліс теңдеуінің түрі: . Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы фаза болып табылады?

C)

$$$ 197

Нүкте қозғалысының теңдеуі: . Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы амплитуда деп аталады?

B)

$$$ 198

Нүкте тербелісінің теңдеуінің түрі: , мұндағы болса, тербеліс периоды қаншаға тең болады?

C) 2с

$$$ 199

Cуретте теңдеу түрі болатын материалды нүктенің тербеліс графигі көрсетілген. Бастапқы фазасы неге тең?

B)

$$$ 200

Ұзындығын 4 есе арттырған кезде математикалық маятниктің периоды қаншаға өзгереді?

A) 2 есе артады

$$$ 201

Массасын 4 есе арттырған кездегі физикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең?

C) өзгермейді

$$$ 202

Массасы 50 г материялық нүкте тербеліс жасайды, теңдеуі , мұндағы А=10см, = 5с-1. Нүктеге әсер ететін күштің максимал шамасын табыңыз.

C) 125мН

$$$ 203

Дененің түзу бойымен болатын гармониялық тербелісінің амплитудасы 0,5 м тең. Тербелістің бір периоды аралығындағы жүрген жолын анықтаңыз.

D) 2м

$$$ 204

Төменде келтірілеген өрнектер арасынан математикалық маятниктің тербелісінің жиілігінің өрнегін көрсетіңіз.

A)

$$$ 205

Еркін тербелетін маятниктің потенциалды энергиясының максимал мәні 10 Дж, ал оның кинетикалық энергиясының максимал мәні 10 Дж. Маятниктің толық механикалық энергиясы қандай шектерде өзгереді?

B) өзгермейді және 10Дж

$$$ 206

Серіппелі маятниктің меншікті жиілігі қай өрнекпен анықталады?

D)

$$$ 207

Толық бір тербеліс уақытында фаза қаншаға өзгереді?

D)

$$$ 208

Математикалық маятниктің ұзындығын және тербеліс периодын біле отырып, еркін түсу үдеуін табыңыз.

D)

$$$ 209

Көрсетілген теңдеулер арасынан гармониялық тербелістің дифференциалдық түрдегі теңдеуін көрсетіңіз.

С)

$$$ 210

Математикалық маятниктің тербеліс теңдеуі мына түрде берілген: . Математикалық маятниктің ұзындығы неге тең? g=9,8 м/с2

D) м

$$$ 211

Толқын серпімді ортада =100 м/с жылдамдықпен тарайды. Тербеліс фазасы қарама-қарсы болатын ортаның, нүктелер арасындағы қашықтығы 1м. Тербеліс жиілігін анықтаңыз.

C) 50 Гц

$$$ 212

Жазық толқын теңдеуін жазыңыз.

B)

$$$ 213

Толқын ұзындығы неге тең?

C) 20 м

$$$ 214

Сиренасы қосылған автомобиль қозғалмай тұрған бақылаушының қасынан өтіп кетті. Автомобиль жақындаған кезде бақылаушы дыбыстың жоғары тонын, ал алыстаған кезде дыбыстың жіңішке тонын естиді. Егер сирена қозғалмай тұрған кезде бақылаушы оның жанынан өтетін болса, онда қандай эффект (әсер) байқалар еді?

А) жақындаған кезде тон жоғарылайды, ал алыстаған кезде тон төмендейді

$$$ 215

Толқынның бір период уақыт ішінде таралу қашықтығы қалай аталады?

С) толқын ұзындығы

$$$ 216

Cуретте көрсетілген график бойынша идеал газ 1 күйден 2 күйге көшкен кездегі оның көлемі қалай өзгеретіндігін анықтаңыз.

D) артады

$$$ 217

Көлемін 2 есе арттырып, ал абсолют температурасын 2 есе кеміткен кезде, идеал газдың қысымы қалай өзгереді?

B) 4 есе кемиді

$$$ 218

Температурасы Т1-ден Т2-ге дейін өзгерген кездегі берілген газ массасын суыту процесі суретте кескінделген. Бұл процесс кезінде газ тығыздығы қалай өзгерді?

C) өзгермейді

$$$ 219

Р–Т диаграммасында берілген газ массасының А және В нүктелер арасындағы екі күйі көрсетілген. Бұл күйлердегі газдардың көлемдерін салыстырыңыз.

B) VB < VA

$$$ 220

Изобаралық процестің өрнегін көрсетіңіз.

D)

$$$ 221

Изотермалық процестің өрнегін көрсетіңіз.

C)

$$$ 222

Изохоралық процестің өрнегін көрсетіңіз.

B)

$$$ 223

Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы идеал газ күйінің теңдеуі болады?

D)

$$$ 224

Денелер жылулық тепе-теңдікте болмау үшін, екі дененің міндетті түрде қандай физикалық параметрлері әртүрлі болуы керек?

С) температурасы

$$$ 225

Су буы конденсацияланады. Бұл кезде энергия жұтыла ма, әлде бөліне ме?

В) бөлінеді

$$$ 226

Азот молекуласы ыдыс қабырғасына перпендикуляр бағытта жылдамдықпен қозғалады. Егер молекула қабырғамен серпімді түрде әсерлессе, молекула импульсінің өзгерісі қандай шамаға тең?

C)

$$$ 227

Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі деп аталады?

B)

$$$ 228

Қай өрнек бойынша газдың берілген массасындағы мольдер санын табуға болады?

C)

$$$ 229

Ацетиленнің С2Н2 1 молінде қанша молекула бар?

А) 6,02∙1023 моль-1

$$$ 230

Абсолют температурасын 4 есе арттыранған кезде, газдың орташа квадраттық жылдамдығы қалай өзгереді?

D) 2 есе артады

$$$ 231

Бөлмедегі қай газдың (оттегі, сутегі немесе азот) молекулаларының жылдамдығы көп болады?

B) сутегінің

$$$ 232

Егер 0,01м3 көлемде 8∙1010 молекула болса, онда газ концентрациясы қандай болады?

А) 8∙1012 м-3

$$$ 233

Тұжырымдаманың қайсысы молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидасына жатпайды?

С) зат бөлшектері бір-бірімен өзара әсерлеседі

$$$ 234

Герметикалық жабық ыдыс ішінде су мен су буы бар. Ыдысты қыздырған кезде су буының молекулалар тығыздығы қалай өзгереді?

А) артады

$$$ 235

Өрнектердің қайсысы бір атомды газ бөлшектерінің қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығын анықтайды?

В)

$$$ 236

Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы қай өрнекпен анықталады?

B)

$$$ 237

36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 1 т автомобиль светофор алдында кенет тоқтайды. Тоқтағанға дейін автомобильді тежеген кезде қандай жылу бөлініп шығады?

B) 50 кДж

$$$ 238

Тұрақты көлем кезіндегі неон газының меншікті жылу сыйымдылығын есептеңіз. Неонның мольдік массасы , .

B) 623

$$$ 239

Газдардың тұрақты қысымдағы және тұрақты көлемдегі жылу сыйымдылықтарының айырмасы неге тең болады? .

D) 8,31

$$$ 240

280К температурада азоттың көлемі изотермиялық ұлғаю кезінде екі есе артты. Осы газдың ішкі энергиясының өзгерісін табыңыз.

E) 0 Дж

$$$ 241

Егер бір атомды идеал газдың қысымы 3 есе артып, ал көлемі 2 есе кемісе, онда оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?

В) 1,5 есе артады

$$$ 242

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?

А) 1 кг заттың температурасын 1К-ге өзгерту үшін қажетті жылу мөлшері

$$$ 243

Идеал газдың абсолют температурасын 3 есе арттырған кезде, оның жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

А) 3 есе артады

$$$ 244

Термодинамиканың бірінші заңын сипаттайтын өрнекті көрсетіңіз.

C)

$$$ 245

300 Дж жылу мөлшерін алған газдың ішкі энергиясы 100 Дж-ге артты. Газдың істеген жұмысы қандай?

C) 200 Дж

$$$ 246

Егер газ, мөлшері 100 Дж жылу алғанда, оның ішкі энергиясы 300 Дж-ге кемісе, онда газ қанша жұмыс істеді?

E) 400 Дж

$$$ 247

Егер газдың ішкі энергиясын 100 Дж-ге кеміткен кезде, оның істеген жұмысы 300 Дж болса, онда газ қанша жылу мөлшерін алған?

C) 200Дж

$$$ 248

Қысымы 105 Па газ көлемі изобаралы түрде 3 м3-тен 5 м3-қа дейін өзгерді. Ұлғаю кезіндегі газдың орындайтын жұмысын анықтаңыз.

C) 2 ∙ 105Дж

$$$ 249

Изотермдік ұлғаю кезінде идеал газ А=20 Дж жұмыс істеді. Газға қандай жылу мөлшері берілген?

D) 20 Дж

$$$ 250

Изотермдік ұлғаю кезінде идеал газ А=200 Дж жұмыс істеді. Газдың ішкі энергиясы қаншаға өзгерді?

E) 0 Дж

$$$ 251

Жылу машинасы бір цикл ішінде қыздырғыштан 100 Дж жылу мөлшерін алады және суытқышқа 40 Дж береді. Жылу машинасының ПӘК-і неге тең?

B) 60%

$$$ 252

Бір циклде А=3 кДж жұмыс істеліп, суытқышқа 17 кДж энергия берілсе, жылу машинасының ПӘК-і қандай?

A) 15%

$$$ 253

Тұйық процесс жасау кезінде, газ қыздырғыштан 4 кДж мөлшерде жылу алды. Оның ПӘК-і 0,1 тең болса, онда цикл кезінде газдың істеген жұмысы қандай?

E) 400Дж

$$$ 254

Егер қыздырғыштың температурасы 2270С және суытқыштың температурасы 270С болса, жылу машинасының ПӘК-нің максимал мәні қанша болады?

D) 40%

$$$ 255

Газ Карно циклін жасайды. Қыздырғыштың абсолют температурасы суытқыштың абсолют температурасынан 4 есе жоғары. Суытқышқа берілген жылудың толық жылуға қатынасы қанша болады?

B) 0,25

$$$ 256

Газ Карно циклін жасайды. Суытқыш температурасы 300К, қыздырғыштікі 500К. Егер қыздырғыш температурасын Т = 200К-ге арттырсақ, онда циклдың ПӘК-і неше есе артады?

B) 1,43

$$$ 257

Идеал газ Карно циклін жасайды. Қыздырғыш температурасы суытқыш температурасынан 3 есе жоғары. Қыздырғыш газға 42 кДж-ға тең жылу мөлшерін берді. Газ қанша жұмыс жасайды?

B) 28кДж

$$$ 258

диаграммасында термодинамикалық цикл кескінделген. Цикл ішінде газдың жасайтын пайдалы жұмысының мөлшері қанша?

D) 400Дж

$$$ 259

Газ 1 күйден 2 күйге көшкен кезде орындалатын жұмыс неге тең?

D) 600 Дж

$$$ 260

Газға 100 Дж жылу мөлшері берілді және сыртқы күштер газ үстінен 300 Дж жұмыс істеді. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі неге тең?

E) 400 Дж

$$$ 261

Жылу двигателінің қыздырғышы мен суытқышының температурасын бірдей градусқа арттырды. Бұл кезде двигательдің ПӘК-і қалай өзгереді?

D) кемиді

$$$ 262

Жылу машинасы қыздырғыштан жылу мөлшерін алады, ал суытқышқа береді, осы кезде А жұмысы істеледі. Двигательдің ПӘК-ін анықтаңыз.

C)

$$$ 263

Изохоралық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңын көрсетіңіз.

В)

$$$ 264

Газ 1-күйден 2-күйге өтті. Оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?

D) артты

$$$ 265

Қай өрнек бойынша 1 секундтағы молекулалардың орташа соқтығысу саны анықталады?

А)

$$$ 266

Ван-дер-Ваальс теңдеуінің өрнегін көрсетіңіз.

B)

$$$ 267

Пуазейль өрнегін жазыңыз.

C)

$$$ 268

Стокс өрнегін көрсетіңіз:

E)

$$$ 269

Материалдық нүкте деп - … айтады.

Е) берілген есептер шарттарында мөлшерін ескермеуге болатын денені

$$$ 270

Нүкте жылдамдығының теңдеуі (м/с) түрінде берілген. с уақыт мезеті өткеннен кейінгі нүктенің үдеуі неге тең? D) 12 м/с2

$$$ 271

Материалдық нүкте жолдың бірінші жартысын 8 м/с-пен, ал екінші жартысын 2 м/с-пен қозғалады. Дененің орташа жылдамдығы қаншаға тең?

D) 3,2 м/с

$$$ 272

Екі автомобиль бір нүктеден бір мезгілде шығып және бір-бірімен 60о бұрыш жасай, шамасы бірдей 72 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Олардың салыстырмалы жылдамдығы неге тең?

А) 72 км/сағ

$$$ 273

Материалдық нүкте шеңбер бойымен t уақыт мезетінде тангенстік үдеуі 0,8 м/с2 болатындай, ал толық үдеуі жылдамдық векторымен 60о бұрыш жасай қозғалған. Нүктенің толық үдеуінің шамасы қанша?

D) 1,6 м/с2

$$$ 274

бұрыштық жылдамдықпен айналатын дискінің шығырынан дененің қашықтығы /2-ге тең. Егер дене дискінің шетіне орын ауыстырса, онда дененің бұрыштық жылдамдығы қалай өзгереді? B) 4 есе кемиді

$$$ 275

Материалдық нүкте радиусы 32 см шеңбер бойымен қозғалады. Айналу периодының жартысына тең уақыт мезетінде нүктенің орын ауыстыруы неге тең?

А) 64 см

$$$ 276

Шеңбер бойымен қозғалған материялық нүктенің сызықтық жылдамдығының векторы қалай бағытталған?

В) айналу бағытына бағыттас жанама бойымен

$$$ 277

Тік жоғары 5 м/с жылдамдықпен лақтырылған шарик жерге түскенге дейін 12 с қозғалды. Ең жоғары нүктеге дейін шарик қанша уақытта көтеріледі? Ауаның кедергісі ескерілмесін.

D) 6 с

$$$ 278

Келтірілген қозғалыс теңдеулерінің қайсысы бірқалыпты үдемелі қозғалысты көрсетеді?

С) (м)

$$$ 279

Шеңбер бойымен қозғалған нүктенің бұрыштық үдеуінің векторы қалай бағытталған?

А) айналу осі бойымен

$$$ 280

Дене қозғалмайтын оське қатысты 200 с ішінде 10 айналым жасайды. Дененің айналу периоды неге тең?

А) 20 с

$$$ 281

Дененің радиус-векторы уақыт бойынша (м) заңымен өзгереді. Егер дене массасы 2 кг-ға тең болса, онда бұл қозғалыс қандай күштің әсерінен болады?

В) 4Н

$$$ 282

Материалдық нүктенің қозғалысы x=5+8t+4t2 (м) теңдеуімен сипатталады. Егер дене массасы 1 кг болса, онда қозғалыс басталғаннан 1 с өткеннен кейінгі нүктенің импульсі неге тең? E) 16 Н∙с

$$$ 283

Массасы дене көлбеу жазықтықта тыныш тұр. Жазықтық горизонтпен  бұрышын жасайды. Үйкеліс коэффициенті . Жазықтық жағынан денеге әсер ететін үйкеліс күшінің шамасы неге тең?

Е)

$$$ 284

Бір-біріне қарама-қарсы бағытында әрқайсысы 5 м/с жылдамдықпен екі дене қозғалып, абсолют серпімсіз соққыдан кейін біртұтас дене болып 2,5 м/с жылдамдықпен қозғала бастады. Бұл денелердің массаларының қатынасы неге тең?

С) 3

$$$ 285

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]