Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос ао 7-8 Тико.doc
Скачиваний:
179
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
343.55 Кб
Скачать

7.Абж – ның функционалдық бағасы. Статикалық қасиеттің бағасы. Жүйенің динамикалық қасиетін бағалау. Статикалық қасиеттерді бағалау

АБЖ үрдістер өтпелі үрдіс және орнықтылық үрдісі болып бөлінеді. Өтпелі үрдіс – бұл АБЖ уақыт өте келе бір күйден екінші күйге өтуімен, ал орнықтылық үрдісі АБЖ жұмыс шарты және сыртқы әсерлер уақытымен сипатталады.

АБЖ болып жатқан үрдістер тәуелділігімен АБЖ және оның элементтерінің жұмыс жасауының екі режимі анықталады: статикалық және динамикалық.

Өтпелі үрдіске АБЖ және оның жұмыс істеуінің динамикалық режимі сәйкес келеді. Бұл режимге АБЖ көп уақыт бөлінеді. Динамикалық режимде АБЖ және оның элементтерінің мөлшері уақыт бойынша өзгереді. Жоғарыда динамикалық режимде дифференциалдық n-ші теңдеуі түріндегі (2.1) немесе күй теңдеуі (2.17, 2.18) түріндегі АБЖ математикалық моделі келтірілген.

Керісінше, АБЖ орнықтылық үрдісіне уақыт бойынша өзгермейтін АБЖ күйін сипаттайтын көлем кезіндегі жұмыс істеудің статикалық режимі сәйкес келеді. АБЖ статикалық (орнықтылық) режимінде бағалау үшін басқарудың дәлдігі деп аталатын көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш АБЖ статикалық сипаттамасында анықталады.АБЖ статикалық сипаттамасы тұрақты қозу кезінде u0 – кіріс параметрінен y0 - шығыс параметрінің орнықтылық мәніне тәуелділігін немесе кіріс параметрі тұрақты болған кезде f – қозуынан орнықты режимде y0 – шығыс параметрі тәуелділігін ұсынады. АБЖ статикалық теңдеуі немесе мына түрде болады. Жалпы жағдайда теңдеу бейсызықты болуы мүмкін. Элементтердің статикалық сипаттамаларын немесе АБЖ екінші теңдік бойынша құрылған элементтерді түгелдей қарастырамыз (4.1 – сурет).

4.1 - Сурет. Статикалық және астатикалық жүйелердің статикалық сипаттамалары

Егер жүйедегі қателіктің орнықты мәндері f әсердің орнықты мәндеріне тәуелді болса, онда жүйені статикалық (4.1,а – сурет), ал егер тәуелді болмаса, онда астатикалық (4.1,б – сурет) деп атайды.

Жүйенің статикалық қасиеті статизм деп аталынатын салыстырмалы статикалық қателікпен және статикалық қателіктің абсолютті мәндерімен бағаланады. Статикалық қателіктің абсолютті мәні (4.1,а – сурет)

мұндағы әсерінің i мәні кезінде шығыс көрсеткіштің орнықты мәні. номиналды жүктемесі кезінде статикалық режимдегі шығыс көрсеткіштің номиналды мәні. Осыдан шығыс көрсеткіштердің номиналды мәндері шығыс көрсеткіштердің максималды y01 және минималды y02 нақты орташа арифметикалық мәндері ретінде анықталады.

Бұл жағдайда статикалық қателіктің максималды мәні

.

Жүйенің салыстырмалы статикалық қателігі немесе статизмі мынаған тең:

Сондай - ақ, статизмді статизм коэффицентімен сипаттауға болады, ол статикалық сипаттаманың көлбеу бұрышының тангенсіне тең (4.1,а – сурет).

Орнықты режимдегі АБЖ тиімділігін автоматтандырылмаған басқару объектісінің (реттегішсіз) абсолютті статикалық қателігінің автоматты жүйесінің абсолютті статикалық қателігіне қатынасына тең дәлдік дәрежесімен бағалайды.

Кейбір жағдайларда статикалық қателік қажет емес, ол кездерде жүйе астатикалық реттегішке өтеді немесе қоздырудың орнын толтыратын әсерлерді енгізеді.

Астатикалық реттегіш үшін кіріс және шығыс параметрлер арасында байланысты жою қажет, бұл үшін, мысалы, келесі тарауда көрсетілетін интегралдаушы буын сипатында таңдалуы мүмкін болатын астатикалық буын жүргізіледі (4.4 – тарау).

Астатикалық жүйе үшін статикалық қателіктің абсолютті мәні және статизм коэффициенті нөлге тең, ал дәлдік дәрежесі шексіздік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]