Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2023 BAZA EKTU / философия экзамен жауабтары.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
22.09.2023
Размер:
123.75 Кб
Скачать

Шәкәрім Құдайбердиевтің «Адамды тәрбиелеу жолында ар-ұждан туралы ғылымды енгізу, бұл теорияны міндетті пән ретінде дамыту қажет» деген ой толғауына философиялық баға беріңіз.

- Ар-ұждан ғылымы нені қамтуы керек?

- Шәкәрім қандай үш ақиқатты қарастырады?

Қазақ философиясында кәсіби философ ретінде танылған ойшыл дана Шәкәрім Құдайбердіұлының көзқарастары болды. Абырой – өз борышын жан-тәнімен орындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын түсіну және оны қоғамдық көзқараспен тану. Абырой категориясы мен намыс категориясы тығыз байланысты. Яғни, намыс – адамгершілік қасиеттердің ең бағалы көрінісінің бірі. Шәкәрім Құдайбердіұлы өз шығармаларында абырой, ар мәселелерін көп қарастырған. Сонда ар, ұждан деген не? Оның абырой, намыс сөздерімен қандай байланысы бар? Қазіргі кезде «Ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан анықтап қарайтын болсақ, «Ар – адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар» — дейді А.Тоқсамбаева (Шәкәрім энциклопедиясы). Ал енді, «ар» ұғымы Шәкәрім философиясында қалай көрсетілген, оны қалай талдаған? «Ынсап, ұят, ар, рахым, сабыр, сақтық — Талапқа алты түрлі ноқта тақтық…» (Талап пен ақыл)

«…Сабыр,сақтық, ой, талап болмаған жан Анық төмен болмай ма хайуаннан. Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан». (Талап пен ақыл)

Міне, Шәкәрім шығармаларын қарасақ, ар мәселесіне қаншама өлең жолдарын жазып, тура ойларын айтқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты фәлсафалық трактатында сонау Пифагор дәуірінен бастап адамзаттың адасқандығы туралы айтқан. Ол еңбегінде «Біздің атақты деп жүргендеріміздің дені адасушылар. Біразы адасып жүріп жол табушылар, ал бір парасы адамзатты одан әрі адастырушылар. Білемін деп білмей сөйлеушілер, түсінемін деп түсініксіз кітап жазушылар. Жаратушының алғашқы білімін қиратушылар. Ақылдымын дегендер менмендікке салынып, адамзаттың алдағы замандарда ашар есіктерін жаптырушылар» — деп айтады. Яғни, Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегінде не туралы айтылған? Жалпы анық деген не? Ол ең біріншіден Конттың «позитивизм» ілімін қарастырады. Яғни онда «біз көзімізбен көріп, физика ғылымымен тексеріліп анықталғанға сену, ал көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайық» — деген. Шәкәрім Конттың позитивизмін «анық» деп аударып қарастырады. Сонда қазіргі анық деп танып отырған дүниенің барлығы да анық па? Өз қолымызбен ұстап, көзімізбен көрген нәрсе анық па? Әлде анық сөзінің мағынасы мүлде бөлек пе? Шәкәрім осылай анық жолын күрделі қарастырады. Бірінші анық – Жаратушы білімі. Жаратушы – Алла. Ол шексіз. Адамзаттың осы уақытқа дейін табынып жүрген от, топырақ, пұт секілді нәрселерін жоққа шығарады. Яғни, атом – қозғалыста болатын нәрсе. Ал қозғалыстағы дүниелер шекті болып келеді. Ал Жаратушы – шексіз. Абай атамыздың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлең жолдарына қосылып, Жаратушының білімі, құдыреті, шеберлігі – абсолют. Абсолют ұғымын Шәкәрім өлшеуі жоқ нәрсе деп қарастырған. Жаратушы абсолют – онтология; Жаратушы білімі абсолют – гносеология. Жаратушы өзі де,білімі де – тұтас абсолют. Екінші анық – Жан. «Мен жанды былай түсінемін: біз дененің түп негізін тексергендей жанның да түп негізін тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болып табылады. Ғылым жолында әлденеше өзгерсе де, дененің еш нәрсесі жоғалмаған секілді, жанның да еш нәрсесі жоғалмайды» — дейді. Жан баста бар болса , тұрған денесі орын болуға жарамағаннан соң, денеден шыққан кезде біржола жоғалып кетпейді, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп, барлығының ішінде бар болып жүреді. Жан әр түрге түседі: инстинкт – сезімді жан; сознание –аңарлық жан; мысль – ойлайтын жан; ум – ақылды жан дегендей әр түрлі қасиеттері болады дейді. Жанның бұлай болуы дене секілді жан да өсіп-өніп жоғарылайды. Үшінші анық ретінде – ұждан мәселесін қарастырады. Ол – Шәкәрім философиясының негізгі категорияларының бірі. «Ұждан – екі өмірдің азығы»; «Ұжданды ақыл» идеясы Шәкәрімнің философияға қосқан үлкен үлесінің бірі. «…Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім. Яғни, «Абайдағы – ынсап, әділет, мейірім» үшеуін қосып айтқанда мұсылманша – ұждан, орысша – совесть». «Бұл не? Бұны ұстап тұрған кім?» деп қойған сұрағына өзі «ұждан адам жанының басты қасиеті, онсыз жан тірексіз қалады, адам адамгершіліктен айырылатынын» — айтады. «Үш анықтың» алғашқы екеуі анық, рухқа келгенде әлгі екеуіндегідей анықтық жоқ, бірақ ұжданға нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, жан тазарта алмайды. Керісінше, ұжданы сол адамның азығы болса, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды. «Меніңше, совесть –жанның тілегі. Неге десеңіз, жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын шынға жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауды керек қылады. Мәселен, таза дене, таза, толық мінез ой істерін керек қылады. Соның қатты керегі совесть – ұждан. Оны осы өмір үшінде, соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі, егерде бұл осы өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не мақтан үшін болады. Ол жоғарылаудың ең жоғарғы жәрдемі» — дейді Шәкәрім. Ол өз философиясында басқа да ғалымдардың еңбектерін аударған. Соның бірі – Лев Толстой. «Таңбаймын, шәкіртімін, Толстойдың, Алдампаз, арам сопы кәрі қойдың. Жанымен сүйді әділет,ардың жолын, Сондықтан ол иесі терең ойдың…» — деген сөздерінен Шәкәрімнің Толстойға тұлға ретінде құрметпен қарап, екеуінің эстетикалық көзқарастары сәйкес келетініні туралы айтқан. Ол Толстойды «әділетті, ардың жолын таңдаған» деп көрсетеді. «Орыс, қазақ – адамның бірі бірдей, Ешкімді алалама оны білмей, Кем-кетікке болысу – ар міндеті, Халқыңа пайда тигіз босқа жүрмей» — деген сөздері «Алты әңгіме» атты шығармасында «Ар ілімі» концепциясының талданатының көрсетеді. Шәкәрім танымал «Үш анық» еңбегінде: «Еңбекпенен,өрнекпенен Өнер ойға тоқылса, Жайнар көңіл,қайнар өмір Ар ілімі оқылса» — деп, «білім беру саласында «ар білімі»деген білім оқытылуы тиіс деп ойлаймын» — деген ойларын айтып өтеді. «Екінші мінез – намысқорлық екен…» (Абайдың 39 қарасөзі) «Ар демек – адамшылық намыс деген, Арың кетпес жағыңа қарыс деген. Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу, Сөз емескүншіл болып,алыс деген. Намыс сол – өзің қорлан кемдігіңе, Құрбынмен ұмтылып бақ теңдігіне. Алмай өз алдыңғының аяғынан, Соқтықпай өзің ізден еңбегіңе». (Талап пен Ақыл) Шәкәрім философиясында ар-ұждан, намыс мәселелері ғана емес, заман шындығы, халық жағдайы, ел қамын жан – жақты қарастырылған. Тіпті бір өлеңінің өзінен жан, тән, рух, абырой, ұят секілді бірнеше мәселелерді кірістіргенін байқауға болады… Міне, осыдан кейін Шәкәрімнің қазақтың тұңғыш «Кәсіби философы» деген атағына қалай сенбеске?

Испан философы Хосе Ортега Гассеттің: «Біз теңестіру дәуірінде өмір сүріп жатырмыз... тағдырлар теңестірілді, әртүрлі таптардың мәдениеті теңестірілді, гендерлік айырмашылықтар теңестіріледі, оның үстіне тіпті континенттер де теңестіріледі. .

Бұл процесс жаһанданудың салдары ма?

- Қазіргі өркениеттің жағымды және жағымсыз жақтарын атап өтіңіз.

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.[1] Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

  1. мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.ГердерЭ.Тайлор);

  2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. РуссоШ.ФурьеО.Шпенглер);

  3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (ВольтерД.Белл);

  4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);

  5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.ТойнбиН.Я. Данилевский, т.б.);

  6. Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (ҚытайВавилонТүркіМұсылманОрта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады. Мәдениеттанушылар Өркениетті “мәдениет” ұғымымен салыстыра қарастырады. С.Хантингтонның жіктемесі бойынша, қазіргі әлемде батыстық, латын америкалықправославиялықисламдықконфуцийшілдікүнді-буддалыққиыр шығыс және африкалық секілді 8 суперөркениет қатар өмір сүруде. Қазіргі отандық мәдениеттану ғылымында қазақ өркениеті ұғымы қалыптасты. Ол ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алып (сақүйсінқаңлығұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын ОрдаАқ Орда, т.б.), кейін қазақ хандығы тұсында қалыптасқан, түркі-соғды, түркі-араб синтездері нәтижесінде исламдық суперөркениеттің құрамына енетін этномәдени бірлестікті сипаттау үшін қолданылады (қ. Дала өркениеті). Қазақ Өркениеті 3 үлкен өркениеттердің (православиялық, исламдық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде орналасқан. Оның мынадай өзіндік белгілері бар: а) көшпелі өркениеттің мәдени негізіне рулық-тайпалық одақ жатады; ә) түркі тілінде сөйлеген тайпалар “түркі” этнонимі пайда болғаннан талай ғасырлар бұрын қалыптасқан; б) мұсылман дінін түркі тайпалары біртіндеп өз еркімен қабылдаған және бұл үрдіс Шыңғыс хан империясы тұсында баяулағанымен, түбінде табысты аяқталған; в) орта ғасырлардың соңынан бастап түркі тайпалары моңғолдық этн. элементтерді өзіне сіңіре бастады; г) 15 ғ-да түркілік Орталық Азияда қазақ деп бұрынғы мемлекетінен бөлінген адамдарды айтты. Қазақ халқының және оның ата-тектерінің әлемдік Өркениетке қосқан басты құндылықтарына мыналар жатады: 1) еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы бірінші жетістікке жетті; 2) көшпелілер шөл мен шөлейттерді үйлесімді игере алды; 3) еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары (А.Вебер) қызметін атқарды, олардағы миграциялық процестер жаңа өркениеттердің қалыптасуының себебі болды (ҮндіИранҒұн мемлекетіАраб Халифаты, т.б.); 4) Ұлы Жібек жолы және басқа да мәдени байланыс жүйелері арқылы түркілер батыс пен шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды; 5) қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефактілерін алғашқылардың бірі болып енгізді; 6) түркілердің әмбебап дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік адамдық ынтымақтастық пен келісімділіктің маңызды формасы болды; 7) “адам бол!” ұстанымы, әлемді жарық дүние деп түсіну, адамның көңіл-күйіне мән беру, ғарышпен және адамдармен үйлесімділікте болу, жасы үлкендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінің құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады. Қазіргі қазақ Өркениеті алдында ұлттық архетиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік Өркениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті тұр

Платонның идеалды мемлекет туралы ілімінің мәнін түсіндіріңіз.

.Идея платон философиясының басты ұғымы Оның «Мемлекет», «Заңдар» және тағы басқа еңбектері осы тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Ал игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеуметтік топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды

«Адам – барлық нәрсенің өлшемі...» — бұл тұжырым қандай философиялық тұжырымдамаға сілтеме жасайды?

Софистер мектебі антика философиясының антропологиялық бағытын көрсетеді. Софисттерден бастап, адам зерттейтін мәселеге айналады. Аталған мектептің негізін қалаушы Протагор «Адам барлық нәрселердің өлшемі» дейді. Софистер танымның релятивистік теориясының негізін салды.

Софистердің шәкірті – Сократ – философиялық антропологияның негізін салды. Сократтың әдісі – «майевтика» деп аталады, бұл грек тілінен аударғанда «тудыру өнері» деп аталады. Осы әдістің көмегімен, Сократ ақиқаттың тууына көмектеседі. Сократтың «Өз өзіңді таны», «Менің білетінім ештеңе білмейтінім» деген белгілі сөздері бар. Сократтың қарастырғаны - этикалық мәселе. Қайырымдылық пен адамгершіліктің мәнін тану Сократ үшін қайырымдылыққа қол жеткізудің және өнегелі өмірдің алғышарты болып табылады. Ол ерлікті, әділеттілікті қайырымдылықтың негізі деп санайды. Сократ классикалық кезеңдегі үш ұлы философтардың бірі.

Сократтың шәкірті болған, оның мұрасын сапалық жаңа деңгейге көтерген Платон болатын. Платон (б.з.д. 427-347 ж.ж.) – ежелгі грек философы, объективтік идеализмнің негізін қалаушы. Платонның ілімі Гераклиттің, Пифагордың және Сократтың ілімдерінің синтезі. Платонның философиялық мектебі – Академия деп аталды. Ол антикалық идеализмнің орталығы. Платон зор философиялық мұра қалдырған ойшыл. «Сократ апологиясы», «Заңдардан» басқа ол диалог түрінде жазылған 34 еңбектің авторы. Идея мен заттардың қатынасы – Платонның философиялық ілімінің маңызды бөлігі болып табылады. Сезімдік тұрғыдан қабылданатын заттар – бұл көлеңке – оларда идеялар бейнеленеді – деп есептейді. Таным теориясында Платон сезімдік танымды рационалды танымнан ажыратады. Платон гносеологиялық концепциясының түпнегізі – еске түсіру теориясы.

Соседние файлы в папке 2023 BAZA EKTU