Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмыстык кукык.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
25.11.2019
Размер:
131.58 Кб
Скачать

63 Қылмыс құрамының элементі болып табылмайды?

қылмыс заты

64 Қай кезден бастап қылмыстық жауаптылық тоқтатылады?

жаза өтеліп біткен немесе соттылықты алып тастаған кезден бастап

65 ҚР ҚК 125-бабында адамды ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген. Бұл қандай диспозицияға жатады?

жай диспозиция

66 Не қылмыс құрамының белгісі болып табылады?

қоғамға қауіпті іс-әрекет

67 Төменде көрсетілген қылмыстың белгілерінің қайсысы қылмыстың формальды белгісі болып табылады?

қылмыстық құқыққа қайшылық

68 Қандай заңның кері күші болмайды?

қосымша жазаға негізгі жазаның сипатын беретін заңның

69 Нақты қылмыстық істі қарау барысында қылмыстық заңның нормасын қолданған сотпен берілген түсіндіру, түсіндірудің қай түріне жатады?

соттық

70 Қылмыстың объективтік жағының қай белгісі материалдық қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылмайды?

қылмыстың істелген уақыты

71 Көрсетілген белгілердің қайсысы қылмыстың субъектісінің қылмыстық құқықтық ұғымын анықтауда маңызды емес?

лауазымдық жағдайы

72 Олардың нақты неден көретінін тура білместен қылмыскер өзінің іс-әрекеттерінен кез келген салдар қатарын жібереді?

анықталмаған ой

73 Билік өкілін қорлаудың қылмысының құрамы бойынша  жәбірленуші болып табылады:

мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтерді орындайтын лауазымды тұлға

74 Пайдакүнемдік немесе өзге де жеке қызығушылық әрекеттерінің міндетті белгісі қайсысы?

қызметтік жалғандық жасау

75 Адам өміріне қарсы қылмыстарға не жатады

өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу

76 Қасақаналық қандай түрі бойынша ерекшеленеді?

балама қасақаналық

77 Парламент депутатының депутаттық қызметі туралы сын айтуды құрайтын жария сөз сөйлеу:

жала жапқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады

78 Кінәнің қай түрі еріктілік элементіне қоғамға қауіпті зардаптың болуын тілеуді қосады?

тікелей қасақаналық

79 Ұрлау  қылмыс құрамының құрылысы бойынша болып табылады?

материалды құрам

80 Әскери қылмыстардың субъектісі болып табылмайды:

қылыстық-атқару мекемелерінің персоналы

81 Қай қылмыстар конституциялық және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар тобына жатпайды?

жеке құқықтар мен  бостандыққа қарсы қылмыстар

82 Қандай қылмыс бөтеннің мүлкін ұрлау нысаны болып табылмайды?

алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру

83 Заңмен көзделген қоғамға қауіпі зардапқа әкеп соққан жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысындажалпы экологиялық талаптардың бұзылуы мынаның белгісі болып табылады:

жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу

84 Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірудің субъектісі болып табылады

лауазымды тұлға

85 Процесске қатысушы өзге тұлғаларды қорлау қандай қылмыстың белгісі болып табылады:

сотты құрметтемеу

86 Көрсетілген әрекеттің қайсысы үшін қылмыстық жауаптылық көзделмеген?

есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз тұтыну

87 Тұлғалардың қайсысы азаматтық іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау қылмысының субъектісі бола алады?

іске қатысушы тұлғаның заңды өкілі

88 Бухгалтерлік есеп жүргізуге өкілеттігі бар тұлғаның ұйымның  шаруашылық немесе қаржылық қызметі туралы тіркеудегі немесе есептеудегі құжаттар көрнеу жалған ақпараттар енгізуі, келесі қылмыстың объективті жағын құрайды

бухгалтерлік есептің ережесін бұзу

89 Қандай жағдайда кісі өлтіру үшін жауаптылық 16 жастан басталады?

жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіру

90 Қандай жағдайда қылмыстық жауаптылық сақтала береді?

жазаны өтеуден мезгілінен бұрын – шартты түрде босату кезінде

91 Заң мәтінінде тікелей көрсетілмеген, бірақ болжанылған жағдайларға түсіндіру нәтижесінде заңды қолдануға мүмкіндік беретін түсіндіру қалай аталады?

кең мағынадағы

92 Қылмыс құрамының қай түрі қылмыстық іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша ажыратылады

негізгі қылмыс құрамы

93 Берілген белгілердің қайсысы қылмыстың заңи анықтамасына жатпайды

адамгершілікке жат

94 Қасақана жасалғаны үшін өлім жазасы көзделген әрекеттер қылмыстың қай санатына жатады?

аса ауыр қылмыстар

95 Қылмыстық заңнаманың міндеттерінің жүйесіне не енбейді?

сазайын тарттыру

96 Қылмыстық заңмен қорғалғалатын объектілерге зиян келтіру қаупі бар қылмысының белгісі?

қоғамға қауіптілік

97 ҚР ҚК 148-бабында еңбек туралы заңдарды бұзу жөнінде қылмыстық жауаптылық көрсетілген. Бұл диспозицияның түрі қандай?

бланкеттік диспозиция

98 Қылмыстық іс-әрекеттерге заңмен тыйым салушылық қылмыстың қай белгісінің мазмұны болып табылады?

қылмыстық құқыққа қайшылық

99 Қылмыстық құқықта қылмыскердің жеке тұлғасы үш негізгі компоненттерге негізделеді. Төмендегілердің қайсысы оларға жатпайды?

қылмыс субъектісінің жалпы белгілері

100 Қандай қылмыс сот актісін жүзеге асыруға байланысты қатынасқа қол сұғады?

хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер

101 Көрсетілген қылмыстардың қайсысы сөт төрелігінің конституциялық қағидаларының іске асуына қол сұғады?

көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару

102 Кінәнің нысанын көрсетіңіз?

Абайсыздық

103 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады

кәсіпкерлік және басқа да өндіріске қатысты қызметті жүзеге асырудың, материалдық игіліктер мен қызметтерді орналастыру, алмастыру және қолданудың бекітілген тәртібі

104 Қалыптасу кезеңі бойынша ойдың қандай түрі ерекшеленеді?

алдын ала ойластырылған ой

105 Кінәнің қай түрі еріктілік элементіне қоғамға қауіпті зардаптың болуын тілеуді қосады ?

тікелей қасақаналық

106 Жәбірленушіден мүлікті сақтауға алып, оның бір бөлігін жеке қажеттіліктері үшін жұмсап тастаған, тұлғаның әрекеті қалай сараланады?

сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету

107 Қандай  қылмыс санатына дайындалғаны жауапкершілік артылады?

ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға

108 Жолдағы басқару қызметін атқару, құрылыс және басқа да ұйымдар, жолдағы қозғалыс ұйымдарына жауапты тұлғалар төмендегідегі қай қылмыстың субъектісі болады?

темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу

109 Ауаның табиғи қасиеттерiнiң ластануына немесе өзге де өзгеруiне әкеп соқса, ол қоғамға қауіпті зардап қалай аталады:

атмосфераны ластау

110 Адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соқтыратын нәтиже мына қылмыс  құрамын қажет етеді:

санитарлық-эпидемиологиялық ережелердi бұзу

111 Ірі мөлшерде залал келтіру мына қылмыстың міндетті белгісі болып табылады

бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру

112 Көлік құралдарының техникалық жағдайына жауапты тұлға төмендегі қылмыстардың  қайсысының субъектісі болып табылады?

темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу

113 Төтенше экологиялық жағдай аумағында істелген әрекет мына қылмыстың жіктелген түрі:

экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы

114 Қоршаған ортаның радиоктивті улануы түріндегі зардап міндетті белгісі болып табылатын қылмыс?

атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу

115 Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстардың объектісі болып табылады?

азаматтың өмірі мен денсаулығы

116 ҚР-ның шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған ҚР азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР ҚК-нің 7-бабында бекітілген қылмыстық заңның кеңістіктегі күші қағидаларының қайсысымен қылмыстық жауаптылыққа тартылады?

азаматтық қағида