Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық Банк туралы.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
23.11.2019
Размер:
335.36 Кб
Скачать

9 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары

      52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiндегi банк шоттарының               иелерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.       Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.

      52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен                 операциялары және мәмiлелерi

      Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

      1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;

      2) өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын вексельдердiң бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң коммерциялық вексельдерiн қайта есепке алады;

      3) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

      4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

      5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

      6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;

      7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

      8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;

      9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.       Ескерту. 52-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      53-бап. (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен )

      54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары бойынша                шектеулер

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң:

      - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;

      - қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;

      - Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етiлмеген кредиттер беруге;

      - берiлген кредиттердi ұзарту немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беру.       Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.       Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен ,  1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен .