Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
«Әлеуметтік педагогика және
өзін-өзі тану»
кафедрасының меңгерушісі
Шалғынбаева Қ.Қ.
_______________________
________________20____ж.
5В010900 – «Математика»
мамандығының(тарының) білім алушылары үшін
Etn2202 «Этнопедагогика»___пән бойынша
Міндетті базалық модуль
(модульдін атауы және шифры)
СИЛЛАБУС
Астана 2013
Силлабус
1 Омарбекова Айкүміс Ілиясқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әлуметтік педагогика және өзін өзі тану кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Байланыс телефоны: 37-05-82 (жұмыс тел.) Omarbekova_ai@enu.kz
Ғылыми қызығушылығы: Педагогика, психология (жас ерекшелік психология), шешендік өнер (мәдениет), девиантты мінез-құлық, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану. Ғылыми мектеп: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі 13.00.08 «Кәсіби білім беру теорияс мен әдістемесі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғалды.
2 Пәннің коды, атауы және кредит саны «Этнопедагогика». Код Etn2202. Кредит саны – 2
3 Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны 1 семестр, сабақ кестесі бойынша.
4 Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
«Педагогика», «Психология» сондай-ақ бірнеше арнайы курстар мен тәжірибелердің әр қилы түрлері біртұтас ортаға біріктірілген, оқу жылдары бойынша өтілетін бірқатар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мен педагогикалық цикл тақырыптарын оқытып үйретеді.
Постреквизиттер: философия, психология, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, Қазақстан тарихы, адам физиологиясы, этика және т.б. пәндермен тікелей байланысты.
5 Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1 Оқу пәнінің аты
Пәннің оқу үдерісіндегі орны. Этнопедагогика пәні педагогика және психология мамандығының болашақ кәсіби мамандарының этнопедагогиканың ғылыми-теориялық әдіснамалық негіздері мен мақсат міндеттерін және ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарын жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтар негізінде меңгеріп, халықтық педагогика туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.
5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты
студенттерді халықтық педагогиканың негізгі идеяларымен, озық тәжірибелерімен таныстыру және оларды қазіргі оқу-тәрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдана білу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
5.3 Пәнді оқыту міндеттері
студенттерді этнопедагогикалық теориялар және концепциялармен таныстыру;
- халықтық педагогика жайлы біртұтас ұғым қалыптастыру;
- халық педагогикасының максаты, құралдары мен әдістері жайлы білімдермен қаруландыру,
- сыныптан тыс этнопедагогикалық жұмысты жоспарлай алу білігін қалыптастыру;
- этнопедагогиканың қазіргі қоғамдағы әлеуметтік орнын;
- этнопедагогиканың тарихи дамуының негізгі кезеңдерін және қазіргі жағдайын;
- этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторларды, халықтық тәрбиенің мазмұны мен мақсатын, әдістері мен құралдарын;
- халықтық педагогиканы мектептің оқу-тәрбие процесіне еңгізудің қазіргі кездегі жағдайы және оны қолданудың негізгі жолдарын.