Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Древ лит.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Глоссарий

Аннал – жылнама

Арфист әні – Жүз жылдан астам уақытта табылған б.з.д. XXII ғ. мазарында арфада ойнаған Неферхотеп деген кісінің дастанынан үзінді табылған, сол себепті оны "Арфист әні" атайды.

параллелизм - ол бір өлең жолында сомдалған ойдың келесі өлең жолында қайталанып келуі немесе басқа бір көрші өлең жолындағы ойға қарсы қойылуы немесе келесі өлең жолдарында толығырақ сомдалуы көрсетілген мәтін құрылымы. Кейде өлең жолдары тармаққа бірігеді. Олардың көбісі мысырлық прозада қолданылады

Идиллия – қарапайым еңбек адамының табиғат аясында қамсыз, алаңсыз өмірін суреттейтін өлеңдер. Алғашқы үлгілерін көне дәуірде ежелгі грек ақындары туғызған.

Рапсодтар - Гомерлік кезеңдегі аэдтердің ізбасарлары, олар мәнерлеп оқу жағын қабылдаса, кифаредтер - музыкальды-лирикалық жағына көңіл бөлген

Сонет - әр шумағы 14 тармақтан құралатын өлең түрі.

Эпиграмма – сықақ өлең, жеке адамға айтылады. Ертеректегі грек, рим әдебиетінде туған нұсқаларында тақырып ауқымы өте кең. Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, әр түрлі қоғамдық жағдайлар сыналған.

Элегия – мұңда лирикалық өлең. Көбіне тұңғиық ойға шому, қамығу, жабығу сарындары басым болып келеді. Алғашқы нұсқалары екі тармақты өлең күйінде ежелгі грек, рим поэзиясында қалыптасқан.

Ямб – Еуропа және орыс поэзиясында силлабо-тоникалық өлең жүйесінде қолданылатын өлшемнің бірі, екі буындық ырғақтық өрнек. Бұл өрнек Ежелгі Римде Катулл поэзиясында қолданылған.

Қосымша

  1. Тестік сұрақтар мен жауаптары

1. Хурриттік-хеттік эпикалық шығармаларының көпшілігі қай эпосты құрайды? 1. Мардук 2.Гильгамеш 3. Кумарби 4. Иштар 5. Амон-Ра

2.Хеттік хандар лауазымы 1. табарна 2. намра 3. панкус 4. луцци 5. таваннанна

3. Ерте Иран гаталарында аспан үштігі ... қызмет етеді

1.Чинвадтарды шығарып салуда

2. Заратуштраларды шығарып салуда 3. шығарып салусыз 4 периді шығарып салуда 5. Ахураларды шығарып салуда

4. «Веда» санскрит сөзінің мағынасы

1. ойшыл 2. білім 3.жаратушы 4.құдайға сенушілік 5.табыну

5.Халдей кезеңіндегі ең үлкен мәдени орталық 1.Вавилон 2.Ниневия 3.Хаптусас 4.Ашшур 5.Афина

6.Ра құдайымен ұрысып шөлге кетіп қалған Ылғалдылық құдайы

1. Геб 2. Нут 3.Маат 4.Апоп 5. Тефнут

7.  Ерте Иран гаталарында құдайлардың қасиетті Ахура Мазда, Воху Манна, Арта Вахишта ой үштігінің дамытушылары болып табылады. Нақты қайсыларының? 1. құдайға, адамға, табиғатқа деген махаббат 2. жан, тән , ақыл – ой гармониясы 3.атақ, ой, қылықтар бірлігі 4. еңбекқорлық, жұмыс, достастық бірлігі

5. ой, сөз, жұмыс бірлігі

8.  Зороастризм ненің культі 1.тастың 2. оттың 3. судың 4. жердің 5. ауаның

9. Заратуштра өзінің күшімен жасаса да, қаруға ден бермес Исфандияр болды

1. алтынденелі 2.қоладенелі 3. күмісденелі 4.темірденелі 5. болатденелі

10.  Финикийліктерр әдебиеті угарит әдебиетімен туыстас, олар біріге қай әдебиетті құрайды?

1.Ханаан әдебиетін 2.Египет әдебиетін 3.Хетт-хурриттік әдебиетін 4.Вавилон әдебиетін 5. Эллиндік әдебиетті

12. "Самаведа" - бұл 1.өлеңдер ведасы 2. құлдық пен келісімдер ведасы 3. құрбандық формулалар ведасы 4. әнұрандар ведасы 5.қатарлар ведасы

13. Ертеирандықтардың көзқарасы бойынша бүкіл әлем екіге бөлінеді, олар: 1. жасанды және табиғи 2.күнді және айлы 3. нағыз және жанама 4.тілдік және монотеистік 5. жердік және оттық

14. Воху Мана - ...  жаны 1. оттың 2. жердің 3. шөптің 4. малдың 5.тайпалардың

15. Төмендегі құдай Кумарби Тешуба және басқа да дұшпандарынан кек алу үшін жартастан тас сияқты бала туады. Оның аты 1. Мурсилис 2. Утнапиштим 3. Энкиду 4. Улликумми 5.Марсилиус

16. "Арфист әні", "Өмірден түнілген адамның өзінің жанымен әңгімесі" ерте египеттік шығармаларын қандай жанрға жатқызуға болады ?

1. халық ертегілеріне 2. философиялық шығармаларға 3. лирикалық өлеңдерге 4. діни әнұрандарға 5. саяхаттар туралы жазбаларға

17. Хеттік әдебиеттің ірі тарихи шығармасы .... 1. Хебат 2. Аштаби 3. Аннал Мурсилис 4.Уилликумму 5. Кумарби

18. Қандай бейнелеу хуриттерде жиі кездесіп, олардың мемлекеттігін көрсетеді ?

1. қанатты күн 2. қанатты жолбарыс 3.қанатты айдаһар 4. күнбасты адам 5. шошқабас

19. Иштар құдайының қызметі? 1. жеміс пен жемісті махаббат құдайы 2. Урук қаласының билеушісі 3. адамдардың жаратушысы 4. Вавилон жаратушысы 5.  құдайлардың анасы

20. "Өлілер кітабы" ... ірі бөлімдерден тұрады 1. 4. 2. 6 3. 3 4. 2 5. 7

21.Жіберілу бойынша "Махабхаратаны" жырлаған 1. Хануман 2. Сугрива 3. Вьяса 4. Вайшампаяна 5. Уграшравас

22.Шумер аңыздарындағы ауаның иесі, құдайлар мен адамдардың ханы

1. Энкиду 2.Урук 3. Осирис 4. Ан 5. Энлиль

23.Ерте Хуррит жазбалары ... табылды 1. Каирде 2. Анкарада 3. Афинада 4. Богазкейде 5. Александрияда

24.Ерте ирандықтардың түсінігі бойынша жер бетіндегі Алтын ғасыр мыңжылдығының ханы ... болды

1. Ахура Мазда 2. Вивах-вант 3. Йима 4. Заратуштра 5.Ахриман

25.Ардвисура Анахита қорғайды 1.айнала гармониясын, барлық тірілерді 2. адам жандарындағы қорқыныш пен үрейді 3.жарықты 4. түнді 5. табиғи құбылыстарды

26. "Типитака" жазылған тіл 1. санскрит 2. дари 3. суахили 4.бенгали 5. пали

27. "Махабхарата" және "Рамаяна" тілі нелерге қанық?

1. Эпитеттер және теңеулермен 2.метафораларға 3. лирикаға 4. діни әнұрандарға 5. сарказмдерге

28.Лейденде сақталған папирустағы мемлекеттің ыдырауындағы кедейшілік, ашаршылық пен жоқтықты, зұлымдық пен дұшпандықты бейнелейтін кімнің ашты зары?

1.Снефр

2. Неферти

3. Ипувер

4. Аменемхет 1

5. Ментухетеп

29. Фивандық қорғандардағы «Өлілер кітабының» ең жақсы нұсқаларының көпшілігі негізінде табылған

1. шаруалардан

2. хандардан

3. хандар мен шенеуніктерден

4. жеке адамдардан

5. абыздар мен шенеуніктерден

30. Эхнатонның билігіне жатпайтын дәлел:

1. Бір ғана Атон құдайына табыну, діни реформа

2. Ахетатон деген арнайы салынған қалаға астананы Фивтен көшіру

3. Египеттің сыртқы саяси жағдайының күшеюі

4. Египет өнеріндегі реалистік бағыттың гүлденуі

5. Нефертити- сұлулығымен әйгілі фараон әйелі

31. Хеттік хандық астанасы

1.Ганиш

2.Залпува

3. Хаттуса

4. Аккад

5. Амкува

32. Финикийлік әдебиеттің мифтік сюжеттерін жеткізген

1. Овидий

2. Платон

3. Аристотель

4. Деметри

5.Гиппократ

33. Атақты Ахура Мазда бабасы Заратуштраға өзінің құдайдық ойын болашағын болжай отырып қанша жасында білдірді ?

1. 12 жас

2. 33 жыл

3. 40 жас

4. 30 жас

5. 22 жыл

34.Зороастризмнің екінші бір атауы

1.Ахеменизм

2.маздаизм

3.ангризм

4.зенд

5.брахманизм

35. Ардвисура Анахита ... құдайы

1.от пен күннің

2.жер мен өсімдіктің

3.су мен тіршіліктің

4. ауа мен желдің

5. табиғат пен ғарыштың

36.Керсаспа ирандық аңызына сәйкес

1.Изед

2. дәуді жеңетін батыр

3.заң шығарушы сот

4. қанатты хан

5.періште

37. Мысыр әдебиетінің классикалық кезеңін қамтитын уақыты

1. б.з.д. 16-8

2. б.з.д. 22-16

3. б.з.д. 8-3

4. б.з.д. 20-18

5. б.з.д. 21-15

38. Ежелгі ескі заман әдебиеті қамтыған кезең

1.б.з.д. 3 мыңж. – ХІІ ғ. дейінгі

2. б.з.д. 5 мыңж. – ХІІ ғ.-де

3. б.з.д. 1 мыңж. – ХІІ ғ.

4. б.з. 1 мыңж. – ХІІ ғ.

5. б.з.д. 2 мыңж. – Х ғ.

39. Ежелгі ескі заманның Евро-афро-азиаттық аймақта пайда болған үшінші ұлы Эгей өркениетін басқаша қалай атауға болады

  1. крито-микендік

  2. ахейлік

  3. элладалық

  4. минойлық

  5. хурриттік

40. Б.з.д. 3-2 мыңж. Үнді жерінде өркениеттің дамығанын дәлелдейтін мәдениет -

1.Мохенджо Даро және Хараппо

2. Пенджаб

3. Ганга

4. Пенджаб және Ганга

5.шумерлік

41.Крит аралындағы қазба жұмыстары неге тап болды.

  1. Кностық сарайдағы архивке

  2. үлкен кітапханаға

  3. тасбақа сауыты мен сүйектерге жазылған жазуларға

  4. сарайлық қазынаға

  5. қорғандар жиынтығына

42. Ежелгі Еврей әдебиетінің 1 кезеңіне жататын шығарма

  1. Ииcуc Навин кітабы

  2. Самуил кітабы

  3. Руфи кітабы

  4. Даниил шығармасы

  5. Торолық шығарма

43. Ежелгі грек әдебиетінің үшінші кезеңіне жатады

  1. Жаңа аттикалық комедия

  2. Гомер эпосы

  3. Эсхил, Софокл, Геродот шығармасы

  4. Ежелгі лирикалық поэзия

  5. Эллиндік проза

44. Ирандық Гаталар басқа ел әдебиетінің қай шығармасына сәйкес келеді

Үнділік Ригведа әнұрандарына

Махабхаратаға

Қытайлық «Луньюй» мен «Лаоцзы» шығармасына

Рамаянаға

Авестаға

45.Әрбір бамбук тақтайшасына шамамен неше иероглиф сыйған?

  1. 40

  2. 30

  3. 27

  4. 50

  5. 15

46.Бань Гу «Хань династиясының тарихын» жазған кезде соның ішінде өнер мен сөздік мағына туралы жазады. Оның ішіне неше шығарма кірді?

596

100

677

455

25

47.Қай ғасырда финикиялық мифология эллиндік жүйеге қосылды?

  1. б.з.д. 3

  2. б.з.д. І-ІІ ғ.

  3. б.з. І

  4. б.з. 2

  5. б.з.д.4 ғ.

48. Патшаның билік ету жылдары бойынша жорықтары мен жеңістерінің толық суреттелінетін жазулар қалай аталады?