Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Древ лит.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

III ғасырдағы дағдарыс және Антикалық мәдениеттің соңы

Рим империясының қоғамдық, мемлекеттік және идеологиялық құрылымындағы ақырын үдеген дағдарыс б.з. III ғ. белең алған. Империяны құлдар мен кедейлер басып алып, солтүстігіне германдықтар, шығыстан парсылар басып кіріп, әрқайсысы өзінің императорын жария етуге асықты. Ұзақ анархия басталып, 70 жылдан аса уақыт ішінде Римде 37 билеуші ауысады. Дағдарыс 235 жылы Северлер әулеті билігінің құлауымен басталса, 323 жылы Константиннің біріккен держава құруымен аяқталды.

Идеологиялық дағдарыс саяси-қоғамдық дағдарыспен бірге дамыды. III ғасыр антикалық мәденет тарихында ең қолайсыз кезең болып табылады. Антониндер империясының ресми жарылқауымен негізі қаланған екінші софистика өмір сүруін тоқтатады. Дағдарыс қарсыңында «Софистер өмірі мен шығармашылығын» тәмамдайтын шешен Филостраттың қорытындысымен аяқталады. Сонымен риторика Филостраттан кейін, поэзия Оппианнан кейін, ғылым Дион Кассийден кейін тоқтайды. Жалғыз тірі идеялық күштің иесі болып дін мен философия қалады.

III ғ. философия неоплатонизммен сипатталады, ол антикалық мәдениеттің соңғы ұлы жемісі. Неоплатонизмнің негізін салушы - гректік Египет философы Плотин (204-270 жж.), ол 243 ж. Римде сабақ берген. Плотин өз жүйесін тек Платон оқуының «өзгертіндісі» деген. Шынында бұл біздің заманымыздың басынан дамыған философиядағы діни-идеологияның бағыттарының аяқталуы еді... Неоплатонизм антикалық мәдениеттің шарықтау шегі болды. Бұл өмірдегі христиандық көзқарастың антикалық параллелі болды.

Б.з. III ғ. антикалық әдебиеттің құлдырауымен сипатталады. Шынында Рим империясы Диоклетиан мен Константиннің күшімен қайта құрылған батыста 200 жыл, Византияда 1000 жылдай өмір сүрді, бірақ бұл мүлдем басқа (феодалды, абсолютті, христиан) мемлекет болды.

IY ғасырда рухани өмірдің басты фигурасы болып гректер әлемінде Либаний не Фемистий емес, Василий Кесарийский мен Иоанн Златоуст есептеледі, керісінше латындар әлемінде Авсоний не Аммиан емес, Амвросий және Иероним саналған. Өйткені Антикалық мәдениеттің орнына Ортағасырлық келеді.

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Цицеронның жетістігі неде деп ойлайсыз?

  2. Цезардің табысқа жеткен әдеби жанрына тоқталыңыз

  3. Лукреций Эпикурдың көзқарасын жалғастырған поэмасы

  4. Катулдың әдеби мұрасы неше бөлімнен тұрады?

  5. Вергилийдің «Энеида» жырын жанрлық тұрғыдан талдаңыз

  6. Горациге зор атақ алып келген шығармасын сипаттаңыз

  7. Овидийдің поэзияға енгізген жаңалығын айтыңыз

  8. Сенека «Медеясы» мен Еврипид «Медеясының» айырмашылығы неде?

Негізгі әдебиеттер

  1. История Всемирной литературы. -М., 1983

  2. Тронский И.М. История античной литературы. -М., 1983

  3. Хук С.Г. Мифология Ближнего Востока. -М., 1991

  4. Дүйсеғазин С. Шетел әдебиетінің тарихы. -Астана 2010

  5. Төкенов И.М. Мәдениеттану негіздері. -А., 2001

Қосымша әдебиеттер

  1. История античной литературы. Древняя Греция. -М., 2001

  2. Аристотель и античная литература. М., 1978.

  3. Литература Древнего Востока /Под ред. Н.И.Кограда, И.С.Брагинского, Л.Д. Позднеевой. М, 1971.

  4. Мифологический словарь. -М., 1998

  5. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. 3 том. -А., 2001

  6. Мифы народов мира: Энциклопедия. В 2-х тт. М., 1980-1982

  7. Головня В.В. История античного театра. М., 1972.