Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

2. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі.

Бухгалтерлік есеп пәні. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Шаруашылық есеп мәліметтері өндірістің экономикалық жағдайын белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап, талдап, қандай да бір шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болып табылады.

Бухгалтерлік есептің әдістері.Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға тиіс.

Құжаттау.Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталынуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты-жөні, тағы да басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептелінеді. Құжатта міндетті түрде көрсетілуі тиісті мәліметтерді деректеме деп те атайды.

Түгендеу.Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді. Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалды сақтау кезінде олар табиғи кему мөлшеріне сәйкес азайып отырады. Сонымен қатар өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа кәсіпорындардан алынған заттарды, басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді тексеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін. Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүліктерінің есептігімен салыстырып отырады.

Шоттар.Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз – шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау болып табылады. Жалпы айтқанда ұйымның активтері мен міндеттемелердегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдістерді шоттар деп атайды.

Екі жақты жазу әдісі.Шаруашылық үрдістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі қажет.

Калькуляциялау әдісі.Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатындығы белгілі. Осы қызметтерді орындау барысында кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек құралдарын және материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді. Бұл шығындардың жиыны өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің өзіндік құнын құрайды. Сондай-ақ ол ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттық мәлімет болып табылады. Осы өзіндік құнды анықтау әдісін калькуляциялау әдісі деп атайды.

Бағалау әдісі.Бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.

Бухгалтерлік баланс.Кәсіпорынның активтерімен олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімде бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атайды. Оның сол жағында кәсіпорынның активтерін, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелері мен меншік капиталы бейнеленеді.

Қорытынды есеп.Ұйымның қандай да бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кездегі операциялардың, шаруашылық үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды есептің құрама кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, меншікті капиталдың өзгерісі туралы есебі, қаржы нәтижесі туралы есебі, ақшаларының қозғалысы туралы есебі, түсініктемелік хаты және басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілге нақпараттық мәліметтері кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]