Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

20. Аудиторлық қызмет туралы

Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсiби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. Заң жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.05.05 N 139 сәйкес өзгертулер мен енгізулер бойынша толықтырылды.Заң отыз баптан тұрады. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептiлiкке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатымен тексеру;

  • аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясы (бұдан әрi - Бiлiктiлiк комиссиясы) аттестаттаған, "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгiн алған жеке тұлға;

  • аудиторлық есеп - жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi болып табылатын жазбаша ресми құжат;

  • аудиторлық қызмет - қаржылық есептiлiктiң және қаржылық есептiлiкке байланысты басқа да ақпараттың аудитiн жүргiзу және қызмет бейiнi бойынша қызметтер ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет

  • аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған коммерциялық ұйым;

  • аудиттелетiн субъект - өзiне қатысты аудит жүргiзiлетiн заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан өкiлдiк ететiн оның филиалдары және (немесе) өкiлдiктерi, дара кәсiпкер;

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн, Қазақстан Республикасында оларды ресми жариялауға Бухгалтерлердiң халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөнiндегi комитеттiң жазбаша рұқсаты бар ұйымдар мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялаған халықаралық аудит стандарттарына (бұдан әрi - аудит стандарттары) сәйкес жүзеге асырылады.

Аудиторлар:

1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға;

2) коммерциялық құпияны жария етпеуге;

3) аудиттелетiн субъектiге бухгалтерлiк есеп жүргiзуде, қаржылық есептiлiкте және қаржылық есептiлiкке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге мiндеттi.

Аудиторлық ұйымдар:

1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға;

2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргiзiлуiне, уәкiлеттi орган жүргiзетiн тексерулерге кедергi жасамауға;

3) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсiби ұйымнан ерiктi түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бiр ай iшiнде кәсiби ұйымға кiруге;

4) өздерi мүшелерi болып табылатын кәсiби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай iшiнде басқа кәсiби ұйымға кiруге;

5) коммерциялық құпияны жария етпеуге;

6) аудиттелетiн субъектiге бухгалтерлiк есеп жүргiзуде, қаржылық есептiлiкте және қаржылық есептiлiкке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге мiндеттi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]