- •2.Іі дүниежүзілік соғыстан кейінгі герман мәселесі және еуропалық дипломатия
- •3.Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы жаңа әлемдік тәртіп
- •4.Отарлық жүйенің күйреуі
- •6.Хх ғ 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар
- •10.Ақш ның Тәуелсіздік үшін соғыс кезеңінде ақш сыртқы саясатының қалыптасуы және Еуропалық дипломатия
- •11.Қр мен нато (Солтүстік Атлантикалық Одақ) ынтымақтастығы
- •13.1815 Жылғы Вена Конгресі
- •14.Дипломатиялық иммунитетттер мен артықшылықтар
- •16.ХіХғ. 20-50жж. «Шығыс мәслесі»
- •17.Қазіргі кездегі аймақтық дауларды реттеу ерекшеліктері және шешу жолдары (бір қақтығысты мәселені талқылау)
- •18.Дипломатиялық құжаттар.Дипломатиялық мұрағат
- •20.Келіссөздер жүргізудің негізгі тактикасы мен жолдары
- •21.Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы қатынастар
- •22.Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасуы
- •23.ХіХғ. Бірінші жартысындағы Қиыр Шығыстағы еуропалық дипломатия
- •24.Қр мен ео арасындағы қарым/қатынастар
- •25.Еуропалық интеграцияның қалыптасуы мен дамуы (1945-2007жж.)
- •26.Дипломатиялық өкілдіктер.
- •27.Х/а қатынастардағы Ялта-Потсдам жүйесінің құрылуы
- •28.Қазіргі х/а қатынастардағы Орталық Азия’’
- •29.Дипломатиялық келіссөздер
- •30.19Ғ. Аяғ Германия мен Италияның бірігу үрдістері:салыстармалы сараптау
- •31.Іі джс кейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастар (1945-1950)
- •32.Халықаралық лаңкестік халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесінің феномені ретінде
- •34.Сыртқы қатынастардың мемлекеттің органдары. Сыртқы істер Ведомствосы.
- •36.Қазақстан – бұұ ара/ғы ынтымақтастық.
- •38.20Ғ. 60жж. Х/а қатынастар
- •39.Х/а конференциялар және олардың түрлері
- •41.20Ғ. Бас х/а қатынастар
- •44.Көпжақты дипломатия
- •45.Версаль-Вашингтон жүйесінің құрылуы
- •46.Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі нато-ның рөлі
- •47.Солтүстік-Оңтүстік мәселесі
- •48.Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы
- •49.Консулдық жұмыстың негізгі түрлері мен бағыттары
- •52.Қазіргі халықаралық қатынастардағы трансатлантикалық серіктестіктің рөлі/ақш-ео/
- •53.«Халықтық дипломатия»
- •56.Дипломатиялық протокол.
- •57.Дип.Сұхбат:дайындау,сипаттамасы,жазу және кескіндеу
- •60.Қазіргі халықаралық қатынастардағы қхр рөлі
- •61.Дипломатиялық жұмыстың түрлері мен тәсілдері
- •62.Қазақстан Республикасының консулдық қызметі
- •63.Халықаралық қатнастардың жаңа жүйесіндегі ақш мен Латын Америка елдерінің қарымқатнастары.
- •64.«Дипломатия» және «дипломатиялық қызмет» түсінігі
- •65.XVII-xviiIғғ.Қазақ дипломаттары
- •66.Хүііі ғасырдың бірінші жартысындағы еуропалық дипломатия
- •67.Еқыұ және оның халықаралық қатынастардағы рөлі
- •68.Қазақстан Республикасы мен Америка Құрамы Штаттары
- •71.Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
60.Қазіргі халықаралық қатынастардағы қхр рөлі
Соңғы онжылдықтарда байқалып отырған қазіргі әлемде Қытайдың рөлі мен маңыздылығының артуы жаһандық құбылыстың бірі болып табылады. Қытайдың ұлттық егемендігінің нығаюы, аумағында Батыстың отарлық анклавтарының жойылуы, әлемдегі ірі экономикалық державалардың біріне айналуы, әскери потенциалының өсуі, әлемдік саясаттағы рөлінің белсенді артуы Қытайдың жаһандық деңгейде сияқты аймақтық деңгейде де, әсіресе, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы негізгі халықаралық саяси және экономикалық үрдістердің барысына жанжақты әрі тікелей араласуын қамтамасыз етеді.
1982 жылы өзгертулер енгізілген ҚХР-ның жаңа Конституциясында «Қытай тәуелсіз және бейтарапты сыртқы саясатты қолдайтындығы, оның ішінде: «Аймақтық тұтастығын және тәуелсіздігін өзара сыйлау, шабуыл жасамау, бір бірінің ішкі істеріне араласпау, теңдік және екі жаққа да пайдалы, дипломатиялық қатынастардың дамуындағы бейбіт өмір сүру, басқа елдермен экономикалық және мәдени алмасу қағидаларын қолдайды»; Қытай империализмге, гегемонизмге және отаршылдыққа қарсы күрес жүргізе отырып, езілген халықтар мен дамушы мемлекеттерге көмек көрсетеді» деп мәлімдеді Үстіміздегі ғасырдың алғашқы жылдары Қытай Халық Республикасы әлемде орын алып отырған жаңа саяси жағдайға икемді сыртқы саясатты жүзеге асыруда. Халықаралық қатынастар шеңберінде шешілетін маңызды мәселелер бойынша Қытай дербес саясатты ұстанып, бір де бір мемлекеттің жағына шығудан, одақтың немесе коалицияның құрамына кіруден немесе белгілі бір мемлекетке бағытталған одақтастық орнатудан сақтанып келеді. Бірақ оған қарамастан Қытай аймақтық және халықаралық қатынастарда шешудің рөлдердің бірін атқарып, өзінің пікірімен санасуды қалады. АҚШ-ның бұрынғы мемлекеттік хатшысы, Америка президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша арнайы кеңесшісі, әрі осы саланың белгілі мамандарының бірі Г.Киссинджер Қытайдың қуаттылығы туралы сөз қорғай отырып, «барлық ұлы және қуатты зор мемлекеттердің арасында Қытай алға жылжудың ең жоғары деңгейінде. АҚШ қуаттылыққа әлдеқашан жеткен, Еуропаға берік тұтастыққа жету үшін әлі де еңбектену керек, Ресей – сүрініп келе жатқан алып, ал Жапония бай, бірақ әлі де жасық. ¬Қытай болса, экономикасының 10%-ға жуық жылдық даму деңгейін сақтап, өте күшті ұлттық тұтастық сезіміне және одан да мықты әскери күшке ие бола отырып, ұлы державалар арасында әлдеқайда жоғары өсімді көрсетуде», деп баға береді.
Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатындағы ұстанымдар негізінен Қытайды тез арада дүниежүзінің дамыған елдерінің қатарына қосып, ірі саяси орталыққа айналдыруға бағытталғандығын байқауға болады. Қытайдың саясаты дүниежүзілік дамудыңҚытайдың саясаты дүниежүзілік дамудың негізгі мәселелері бойынша жүргізілген көптеген социалистік бағыттағы елдердің саясатынан ерекшеленіп, өзгеше сипат алды. Қытай Халық Республикасы үкіметі ел ішінде жүрзізілген қатаң идеологиялық бағыттың елдің даму деңгейіне тигізген зардаптарын мойындап, озық нарықтық экономикаға бағытталған тура жолды таңдай білді. Ұзақ жылдарға созылған қажырлы еңбектің негізінде, сонымен қатар елдің ішкі және сыртқы даму бағыттарына түбегелі өзгерістерді енгізудің нәтижесінде Қытай Халық Республикасы дүниежүзілік саяси ойынның негізгі қатысушы ретінде әйгіленіп, экономикалық ірі держава ретінде қалыптасуына жол аша білді. Тарихта орын алған Қытайдың ішкі өзара қайта құрулары мемлекеттің әлемдік сауда нарығына тартылуына әсер тигізді.
Соңғы бірнеше онжылдықтар бойы Қытай экономикалық өсімнің барлық рекордтарына қол жеткізуде. Ең бастысы, Қытайда реформа басталған 1978 жылдан бастап 2004 жылға дейін елдегі ЖІӨ 147 млрд. доллардан 1,65 трлн. долларға өскен, орташа өсу қарқыны−9,4% (жылына). Яғни, әрбір онжылдық сайын ЖІӨ екі еселеніп отырған. Сонымен қатар, ЖІӨ екі сандық көрсеткішті көрсеткен жылдары да болған. Ал 2020 ж. қытай басшылығы ЖІӨ көлемін 4 трлн. долларға жеткізіп үш еселеуді ойластырып отыр. Қытай бірнеше тауарлар түрлері бойынша әлемдік өндірісте жетекші орындарды иемденеді. Ол көмір мен темір кені өндірісі бойынша әлемде бірінші орындарды алады, сонымен бірге болат, тыңайтқыштар, цемент, мақта-мата және жүн маталар өндірісі, балық аулау мен теңіз өнімдерін өндіруден де бірінші орындарға ие. Ал қағаз бен қатырма қағаз өндірісінен АҚШ-тан кейін екінші орынды алып отыр. Сонымен бірге сыртқы сауда айналымының өсімі бойынша да Қытай жетекші орынды иемденетін ел болып табылады.
Бүгінгі таңда Қытай- мәдениетпен де, революцялық дәстүрлермен де ешқандай ортақтастығы болмаған «мәдениет революциясының» ең ауыр салдарларын жеңе білген мемлекет; ескі мен жаңаны, ежелдік пен осы заманды, жас пен белден асқандарды өзінде біріктіре білген мемлекет. Осының барлығы қазіргі кездегі қозғалыс пен елдің бүгінгі күнін сипаттайтын өзгерістер кеңістігін құрып отыр.