- •Корпоративтік қаржы
- •Корпоративтік қаржы түсінігі және мазмұны
- •Корпорация қаржыларының қызметі
- •Корпоративтік қаржының негізгі сипаттамалары мен қалыптастырылуы
- •Корпоративтік қаржының ұйымдастырылу қағидалары
- •Корпорацияның қаржылық қызметтері мен олардың функциялары
- •Корпорацияның қаржы ресурстары мен олардың сипаттамасы
- •Корпорацияның айналымнан тыс активтерінің сипаттамасы
- •Амортизация және оның негізгі капиталды жаңартудағы ролі
- •Амортизациялық аударымдарды есептеу әдеістерінің сипаттамасы
- •Материалдық емес активтер, олардың көздері мен амортизациясы
- •Корпорацияның инвестициялық қызметін жүзеге асыру сипаттамасы
- •Тікелей инвестициялар, оларды жоспарлау және қаржыландыру
- •Корпорацияның қаржылық инвестициялары мен оларды қаржыландыру көздері
- •Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін қаржыландыру көздері мен қаржыландыру әдістері
- •Айналым өндірістік қорлар, олардың құрылымы мен құрамы, мақсаты
- •Корпорацияның меншікті айналым қаражаттарын тұтынуын анықтау
- •Айналым қаражаттарын тиімді пайдалану көрсеткіштері мен олардың сипаттамасы
- •Өнімдерді, жұмыс пен қызмет көрсетулерді өндіруге кететін шығындардың жіктелуі
- •Өнімдер, жұмыс пен қызмет көрсетулерді өткізуден түскен табыстардың мазмұны мен экономикалық мәні
- •Өткізуден түскен табыс көлеміне бағаның әсері және корпорацияның пайдасы
- •Табыс – корпорацияның меншікті қаржы ресурстарының негізгі көзі
- •Рентабелділің көрсеткіштері мен оларды есептеу әдістері
- •Корпорацияда қаржылық жоспарлаудың мазмұны мен қағидалары
- •Қаржылық жоспарларды құрастыру тәртібі мен олардың сипаттамасы
- •Резервтер, корпорация табыстарын көбейту факторлары
- •Инвестициялық үдерісті бюджеттік қаржыландыру және оның сипаттамасы
- •Корпорацияның қаржылық талдаудың мәні мен мазмұны
- •Корпорацияның пассивтері мен қаржылық тұрақтылығын талдау
- •Корпорацияның өндірістік қорларды қалыптастырудың және шығындарының көздері
- •Корпорацияның қаржылық нәтижелерді талдаудың мазмұны
- •Рентабельділік коэффициенттерінің экономикалық мәні
- •Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы
- •Акционерлік қоғамның қаржы ресурстары, ақша қорлары мен резервтері
- •Акционерлік қоғамның бағалы қағаздары бойынша табыстарды төлеу тәртібі
- •Ақшаның уақытша құндылығы. Капиталдың шынайы және болашақтағы құны.
- •Жай және күрделі пайыздар. Дисконттау және компаундинг.
- •Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы
- •Компанияны қаржыландырудың қарыз қаражаттар көздері
- •Компания бизнесін жүргізу жауапкершілігін ынталандыру стратегиясы
- •Корпорацияның өндіріс пен өнім өткізу шығындары, басқа да шығындар
- •Корпорация табысын қалыптастыру мен бөлу
Корпорацияның қаржылық талдаудың мәні мен мазмұны
Рыноктық қатынастар жағдайында корпорацияның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер ж/е басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік—кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен б/ты. Қаржы жағдайы - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы ж/е пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы. Рыноктық экономика жағдайында жұмыс істеуші корпорацияларды қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады: 1) қаржылық жағдайға баға беру ж/е оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі; 2) активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестігі, оларды таратудағы ж/е пайдаланудағы тиімділіктерін зерттеу; 3) айналым капиталының көлемін, оның өсуін ж/е ағымдағы міндеттемелеріне арақатынасын анықтау; 4) қаржы-есептік ж/е несие ережесін сақтау; 5) корпорация активтері ж/е оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу; 6) ағымдағы активтердің айналымдық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш ж/е қорлар есебі; 7) баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының ж/е төлеу қабілеттілігінің абсолюттік ж/е салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау; корпорация табыстылығын бағалау; 8) корпорация табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеу; 9) корпорацияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ ж/е қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау корпорацияның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылау кезеңі болып табылады. Ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс ж/е өткізу; Бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік ж/е қаржылық қызметті құрайды. Корпорацияның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті ж/е тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін іс-әрекеттері болып табылады. Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен мынадай негізгі әдістерді атауға болады: көлденең, тікелей, трендік, салыстырмалы, факторлық талдау ж/е қаржылық коэффициенттер әдісі. Экономист ғалымдар корпорацияның қаржы жағдайын бағалауға б/ты жұмысты 2 модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: 1) Экспресс талдау – бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын ж/е қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Бұл 3 кезеңде жүргізіледі: Дайындық – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім қабылдау ж/е оны оқуға дайындығынакөз жеткізу.; Қаржылық есепке алдын ала шолу жасау – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.; Экономикалық оқу ж/е есеп беруді талдау – корпорацияның қаржылық жағдайын ж/е оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау болып табылады.; 2) тереңдетіліп талдау – экспресс талдаудың тәртібін кеңейтеді, толықтырады ж/е дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық субъектісініің қаржы жағдайы туралы, оныың өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ корпорацияның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне толық баға беру болып табылады.