Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

17. Эквиваленттік өндіріс: нормативтік және нормативтен тыс жоғалтулар

Нормативтік жоғалтулар шарасыз және технологияның ерекшеліктеріне байланысты болады. Олардың көлеміне осы технологиялардың ауысуы ғана әсер ете алады. Қайтарымды нормативтік жоғалтулар қалдық құнымен арзан бағаға сатуға болатын өндірістік қалдықтар болып табылады. Мысалы, механикалық металл өңдеу жұмысы кезінде металл кесіндісі мен металл жоңқасы пайда болады, ал оны металл сынығы ретінде сатуға болады. Қайтарымды нормативтік жоғалтулар өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, бірақ бұл нормативтік жоғалтулардың көлемін көбейту керек деген сөз емес. Керісінше нормативтік қалдықтардың көлемі төмен болған сайын, материалдық ресурстарды сақтайтын технология үдемелі бола түседі.

Қайтарымсыз нормативтік жоғалтулар не ешқандай құндылық көрсетпейтін, не мүлдем пайдалануға болмайтын өндірістік қалдықтар.

Мысалы, металл құйғандағы қақ, цистерналарда қорғау кезіндегі бензиннің табиғи шығыны және тағы басқалары.

Күтілмеген нормативтік жоғалтулар бұл ақаулы өнім. Ақаулар маманданбаған немесе қатігез жұмысшының кесірінен пайда болады.Күтілмеген нормативтік жоғалтулардың ерекшелігі олар коммерциялық өнімнің өзіндік құны ретінде есептеледі, және ақауларды дұрыстау мүмкін емес болса осы ақауға себепші болған айыпталушы жоғалтуларды төлеуі қажет. Егер ақау аяқталмаған болса, онда ол сабақтан тыс уақыттағы жөндеуге жатады. Барлық жағдайда да негізгі ереже әрекет етеді: өнімнің нормативтік өзіндік құны нормативтік жоғалтуларға сүйене отырып есеп айырысады, ал қалған ауытқулар бақылау деп аталатын арнайы бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

Берілген өнімнің тікелей шығындарына нормативтік және күтілген нормативтік жоғалтуларды қосқанда шикізаттар мен материалдар, сонымен қатар негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы жатады. Ал жанама шығындарға жабдықтың пайдаланылуы мен мазмұны бойынша және қысқартылған өзіндік құнды есептеу кезіндегі жалпыөндірістік шығындар, сонымен қатар толық өндірістік және өнімнің коммерциялық өзіндік құнын анықтаудағы жалпышаруашылық және коммерциялық шығындар жатады.

18. Релеванттық, жорамалдағы және шартты шығындар

Шешім қабылдағанда мәліметтерін ескеретін шығындар категориясы болады. Кейде шешімдер қабылдау үшін шартты түрде шығынды есепке немесе қосып жазу қажет. Олар келешекте нақтылы ақшалай шығындар болмайды. Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар мен табыстарға жетелетінін білу керек. Сондықтан басқару есебінде шығындарды жіктеудің негізгі мақсаттарының бірі – ол басшыға тек өзгеруіне ықпал етуге болатын және нақты мәселеге тәуелді шығындарды ғана бөліп көрсетуден тұрады. Бұл шығындарды – релевантты деп атайды.

Релеванттық шығындар д/з – шешім қабылдаудағы маңызды шығындар. Оны қолдануда тек шешім қабылдауға байланысты шамасы бар шығындарды ж/е табыстарды ескереді. Шешім қабылдауға шамасы байланыссыз шығындар ж/е табыстар релеванттық емес болып саналады ж/е шешім қабылдауда ескерілмейді. Сондықтан, қарастырылған альтернативаға байланысты шамасы бар барлық ақшаның келешек өсуі шешім қабылдау процесінде талданылатын релеванттық қаржылық шығындар болып табылады. Соған байланысты, барлық ақшаның өсуі ғана есепке алыну қажет, ал әр бір альтернативада өзгермейтіндер релеванттық емес болып саналады.

Нақты шешім қабылдауда шығындардың релеванттығын анықтай отырып, кейбір шығындар бір ғана жағдайда релеванттық болып табылатынын көрсетуге болады. Әр бір ситуация бойынша мынандай принципке сүйену қажет: релеванттық шығындар – ол таңдалған варианттарға байланысты өзгеріп тұратын келешектегі шығындар.

Инвистициялық қызмет дегеніміз – ол әр коммерциялық ұйымның жұмыс істеуінің ең маңызды аспектісінің бірі. Инвистицияларды жоғары сенімді бағалы қағаздарға аудару нәтижесінде кәсіпорынның табысы капитал салымдары бойынша жорамалданған шығындар болып есептелінеді. Бұл табысты бағалы қағаздарды табу шығындарымен салыстырып, бағалы қағаздарға пайда мөлшерін алады. Жорамалданған шығындар инвестициялық жобадан потенциялдық табыспен салыстырылатын минималдық қажетті табыс болып табылады.Капитал салымдарын кәсіпорынға жорамалданылған шығындар сомасынан көп пайда әкелетін бағдарламаларға салу қажет. Немесе инвестициялық жобаның пайда мөлшері жоғары өтімді бағалы қағаздардың пайда мөлшерінен төмен болмау керек.