- •5. Шешімдер қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.
- •7. Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері. Үстеме шығындарды бөліп тарату қойылымдары
- •10 Бақылау мен реттеу үшін шығындардың жіктелуі
- •11. Өндірістік шығындарының элементтері және калькуляциялық баптары бойынша жіктелуі
- •12. Негізгі және көмекші өндіріс шығындарының есебі
- •13. Бюджет және оның түрлері
- •14.Тікелей шығындар.Материалдық және еңбек шығындарының есебі
- •15.Жауапкершілік орталықтары бой-ша есеп.
- •16.Өндірістік үстеме шығындардың есебі
- •17. Эквиваленттік өндіріс: нормативтік және нормативтен тыс жоғалтулар
- •18. Релеванттық, жорамалдағы және шартты шығындар
- •20. Шығындар динамикасы. Айнымалы, тұрақты және сатылап өзгеретін шығындар
- •21. Өндірістік шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •22. Директ- костинг пен абзорпшн – костинг жүйесі бойынша өзіндік құнды калькуляциялау.
- •24. Калькуляциялаудың функционалды жүйесі (abc)
- •25. Өндірістік шығындар есебінің дәстүрлі және авс жүйелерін салыстыру.
- •27. Ауытқуларды талдау
- •28. Зиянсыздық нүктесін талдау.
- •29.Зиянсыздық нүктесін талдауды моделдері.
- •30.Кешенді өндіріс шығындарының есебі.
- •31. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды тарату әдістері
- •35. Өз өндірісінде өндіру немесе сатып алу туралы
- •36. Бағаға байланысты шешімдер қабылдау.
- •37.Инвестициялық шешімдер қабылдау.
- •40. Әр түрлі деңгейде аяқталған өнімнің өзіндік құн элементтері
10 Бақылау мен реттеу үшін шығындардың жіктелуі
Бақылау және реттеу процесін жүзеге асыруда шығындарды келесідей түрлерге жіктейміз:
Реттелетін және реттелмейтін шығындар
Өндіріс көлеміне қарай шығындар динамикасы
Қосымша өнім топтарын өндіру немесе сатуға байланысты шығындар – инкреметті
Маржиналдық шығындар – өнім бірлігіне қосымша шығындар
Жорамалдағы шығындар
реттелетін және реттелмейтін шығындар
Реттелетін шығындар – жауапкершілік орталықтары бойынша тіркелген шығындар, олардың деңгейі мейілінше менеджер тарапынан реттеу қабілеттілігіне тәуелді болып келеді.
шығындар динамикасы, яғни өндіріс көлеміне қарай шығындардың өзгеруі (есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар)-осы шығындар обьектісінің бағыттына қарай жіктеледі.
Маржиналдық шығындар – өнім бірлігіне қосымша шығындар
Жорамалдағы шығындар – іс-ірекет бойынша баламалық бағыт қабылдау нәтижемінде пайда болатын шығындар
Өндірген өнім өзіндік құнын және алынған пайданы анықтау үшін өндірістік шығынды мына түрге жіктейді:
1.кіріс шығыны
2.мерзімі откен шығын
Кіріс шығыны дегеніміз-келешекте табыс әкелетіндей алынған және қолда бар ресурстар мен қаражатар .Мыс:шикі зат,материалдар қоймадағы дайын өнім.Бұлар баланыста активтер ретінде тіркеледі.Мерзімі өткен шығындар -егер ресурстар табыс табуға жұмсалып ,табыс әкелу мүмкіндігін жойса, олар мезімі өткен шығындар қатарына жатады (мен зиян шоттында көрсеттеді)
Мыс:сатылған дайын өнім,бұйым,қызмет.
11. Өндірістік шығындарының элементтері және калькуляциялық баптары бойынша жіктелуі
Өндірістік шығындар элементтеріне келесілер жатады: 1) Материалдық шығындар; 2) Еңбекақы төлеу шығындары; 3) Әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар; 4) Негізгі қорлардың амортизациясы; 5) Басқа да шығындар. Материалдық шығындарға а) өндірілген өнімнің құрамына кіретін жан-жақтан жиналған шикізат пен материалдар; б) жақсы технологиялық үрдіспен қамтамасыз ететін өнім өндірісінде және өнімді қаптауда қолданылатын құрылғылардың жөндеуіне кететін бөлшектер сатып алынған материалдар және құрылғылардың жөндеуіне кететін бөлшектер; в) технологиялық мақсаттар үшін қажетті басқа жылу және энергияның барлық түрлері және т.б. жатады. Еңбекақы төлеу шығындарына негізгі өндіріс жұмысшылардың еңбекақысы, өндірістік нәтижелері бойынша қызметкерлер мен жұмысшылыларға сыйақылар, сонымен қатар бағаның жоғарылауына байланысты компенсация т.б. жатады. Әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар элементіне бекітілген заңдық нормативтер бойынша міндетті аударымдар жатады. Негізгі қорлардың амортизациясы элементінде негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтіру үшін амортизациялық аударымдар қамтылады.Басқа да шығындарға жал төлемдері, міндетті сақтандыру төлемдері,банк несиелерінің проценттері, салықтар, жарнама агенттеріне, аудиторлық ұйымдарға төлемдер, және т.б. жатады.
Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындар есебі келесідей бөлімдерді қамтиды: 1)Шикізаттар мен материалдар; 2)Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау; 3) Өндіріс қалдықтарының есебі; 3) Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы және еңбекақыдан аударылатын аударымдар бойынша шығындар есебі; 4) Үстеме шығындар есебі; 5) Өндірістегі ақаулар есебі. Шикізаттар мен материалдар- өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын
н/е осы әзірлеу кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар.
Бақылауды жүзеге асыру үшін прогрессивтік, техникалық жинақталған шикізаттар мен материалдар шығындарының өңделген нормалары қажет.Бақылау тәсілдері: нормадан ауытқуды құжат жүзінде көрсету тәсілі, түгелдеу тәсілі, топтамалық пішу тәсілі.
Қалдықтар дегеніміз- өнімдерді өндіру процесінде пайда болатын, өзінің талап етілетін қасиетін толық немесе бөлшектеп жоғалтатын, соған байланысты шығынды көбейте отырып, пайдаланылатын немесе тікелей бағыт бойынша пайдаланылмайтын шикізаттардың, материалдардың, шалафабрикаттардың, жылу өткізгіштердің және басқа материалдардың ресурстар түрлерінің қалдықтары.
«Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы» бабы б/ша өндіріс жұмысшыларына негізгі ж/е қосымша еңбекақылар есептеледі.
Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету ж/е негізгі ж/е көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады.
Өндірістегі ақаулар – өзінің сапасы б/ша белгіленген стандарттарға н/е техникалық талаптарға сай келмейтін ж/е өзінің тікелей бағыты б/ша пайдаланылмайтын не болмаса, ондағы бар ақауларды қалпына келтіру үшін қосымша шығындар жұмсағаннан кейін ғана қолдануға болатын өнімдер жатады.