- •1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
- •4. Экономикалық теория қызметтері.
- •6. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •9.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •11. Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары. Трансформация қисығы.
- •12. Өндіріс ж/е ұдайы өндіріс. Жай ж/е ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •13. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •14. Меншіктің объектілері мен субъектілері, экономикалық мазмұны.
- •19. Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •23. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •24. Ақша функциялары.
- •25. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •31. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •34.Капиталдың қорлануы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •35. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •39. Рыноктық қатынастар шекаралары. Трансакциондық шығындар
- •46.Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері
- •47.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •48.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •49.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация(к).
- •50.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •51. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •52. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •53. Өндірістік шығындар теориясы.
- •54. Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
- •55. Пайда теориясы және оның түрлері
- •56. Жалақының мәні және оның формалары.
- •57. Пайыз теориясы. Номиналды және нақты пайыздық қойылым.
- •60. Ұдайы өндіріс теориясы.Ұдайы өндіріс типтері.
- •61. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •62. Ұлттық есептеу жүйесі
- •63. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері
- •64. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •65. Жұмыссыздық және оның түрлері
- •69. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •71. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •72. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •74.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •75. Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы
46.Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері
Нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу механизмінің негізін бәсеке құрайды. Бәсеке - іс-әрекеттердің қандай болмасын саласында ұнамды нәтижелерге жету үшін жүретін экономикалық сайыс, тауар өндірушілердің ұтымды шаруашылық жүргізудің шарттары үшін, нарықтың және пайданың үлесі үшін, нақты тапсырма алу үшін сайыс.
Рыноктық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары өндірісті ұйымдастыру нормалары мен ережелерін, мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.
Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бақылап отыруына мүмкіндік береді. Тұтынушы үшін олардың арасында күрестің болғаны тиімді. Өйткені, бәсекеде жеңіп шығу үшін шығындарды азайту, тауарлардың сапасын арттыру жолдары қарастырылады, нәтижесінде баға төмендейді. Сонымен қатар, бәсеке нәтижесінде экономикалық мүдделер қайшылығы тереңдей түседі, адамдардың экономикалық жағдайларының алшақтауы күшейеді, қоршаған ортаға келтірілетін теріс әсер өседі, еңбек ету, табыс табу, демалу құқықтарының қамтамасыз етілуіне кепілдік төмендейді, монополиялық билік артады.
Рыноктық жағдайға байланысты бәсеке әртүрлі нысанда көрініс табады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни рыноктық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді. Қазіргі кезде рынок субъектілері аралас нысандағы рыноктық типте әрекет етеді. Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де, монополия да таза күйінде қолданылмайды.
Жетілген бәсеке - өзара ұқсас , көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Оның белгілері: рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз, рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ, өндіріс факторларының қозғалысы жоғары, рыноктағы бағаға әсер ету тетіктері жоқ, ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.
Егер жетілген бәсекенің , кем дегенде, бір шарты орындалмаған жағдайда жетілмеген бәсеке орын алады.
Бәсекелік күрестің әдістері. Қазіргі рыноктық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу рыногынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші рыногын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да рынокта үстемдік ету жолдары бар.
Жосықсыз бәсеке:
1. Бәсекелесі туралы жалған, теріс ақпарат тарату.
2.Таурлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау.
3. Бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану.
4.Қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау.
5. Бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәйексіз салыстыруларды пайдалану.
6. Құпия ғылыми-техникалық, өндірістік т.б.ақпараттарды жария ету.
Барлық елдерде бәсекелестік күрестің бағалық әдістері қолданылады. Яғни, өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады.
Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері – тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып сату және лизинг. Лизинг - өндіріс құрал жабдықтарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру.