Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons 1-60.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
336.38 Кб
Скачать

51.Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі.

52. Жергілікті өкілді органдар: мәртебесі, құрылу деңгейі және құрамы. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық, бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы тиісінше облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы бес жыл мерзiмге сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Маслихат депутаттарының саны заңмен жеке маслихаттар үшін әртүрлі белгіленген. Мысалы, облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта отызғадейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн. Депутаттар санын аталған шектерде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Ал, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.

53. ҚРның әкімшілік аумақтық құрылысы: ұғымы, жүйесі, категориялары. Елді мекендер және аймақ. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл (село), поселке, ауылдық (селолық) округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.       ҚР аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.       Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.       Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық (селолық) округ аймақтар болып табылады.       Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.       ҚР аумағындағы елдi мекендер қалалық және селолық елдi мекендерге бөлiнедi.       Қалалық елдi мекендерге республикалық , облыстық және аудандық маңыздағы қалалар , сондай-ақ олардың әкiмшiлiк бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селоларға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.       Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады. 54.Мәслихаттың өкілеттілігі және қызметінің ұйымдық нысандары. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден бас-талады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясы-ның жұмысы басталғанда аяқталады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайлан-ған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлау-шыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Ал, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады. Жоғарыда аталғандай маслихаттар жергілікті маңызы бар істерді шешеді және олардың жай-күйі үшін жауапты болып табылады. Оның құзыреті біршама кең болып келеді. Нақты конституциялық өкілеттіктерін қарастырсақ, оларға мыналар жатады:1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеу-меттiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту; 2) өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу; 3) заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есеп-терiн қарау; 4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселе-лердi шешу; 5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлет-тiктердi жүзеге асыру. Маслихаттардың өкілеттіктерінің шегі осы аталғандармен бітпейді. Олардың толық көлемі “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” заңда реттелген. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәсли-хаттың депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Сессия Мәслихаттың қызметiнiң негiзгi ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.

55.ҚР экономикалық жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі Экономикалық жүйе – меншіктін алуан түрлілігі, кәсіпкерліктін және бағанын еркіндігі тиянақты бәсекелестік қағидаларымен, содай-ақ басқа да шаруашылық қызмет түрлерімен сипатталатын, Конс-да және басқада заң актілерінде бекітілген экономикалық қатынастардың құрылысы. Экономиканың жүйенің негізі болып меншік табылады. ҚР Конс-ясы Қаз-ның экономикалық жүйесіне түрлі нысандағы меншік тән екендігін бекітеді. ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік (ҚР азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардын, шетел азазаматтарының меншігі; мемлекетік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінін меншігі) бірдей қорғалады. Конс-яға сәйкес әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Кәсіпкерлік – бұл меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардын тауарларға (жұмысқа қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке негізделген ынталы қызметі. Меншік пен кәсіпкерліктін конс-лық негіздері мына заңнамаларда толығырақ реттелген: 1. ҚР азам-тық кодексі. 2.Жеке кәсіпкерлік тур. ҚР заңы. 3.бәсеке мен монополистік қызметті шектеу туралы ҚР заңы.

56. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі.мәслихат өз өкілеттігін өзінің органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихаттың органдарын үш түрге бөлеміз:

1.тұрақты комиссиялар;

2.тексеру комиссиясы,

3.уақытша комиссиялар.

Тұрақты комиссиялар Мәслихаттың өкiлеттiгi мерзiмiне оның өзімен құрылады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi, өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

Мәслихаттың тексеру комиссиясы жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн мәслихаттың өкiлеттiгi мерзiмiне құрылады. Мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негiзiнде тартылуы мүмкін.

Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешiмдерiмен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемiнде үштен бiрiнiң талап етуi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Тексеру нәтижесi бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкiмиятқа хабарлайды. Тексеру жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi.

Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.

Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.

57. Қоғамдық бірлестіктің түсінігі, мәртебесі, құрылу және қызмет ету принциптері. Қоғамдық бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Мәртебесі.Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер республикалық қоғамдық бiрлестiктерге жатады. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер аймақтық қоғамдық бiрлестiктерге жатады. Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерге Қазақстан Республикасының бiр облысы шегiнде жұмыс iстейтiн бiрлестiктер жатады. Республикалық және аймақтық қоғамдық бiрлестiктер өз мәртебесiн растау үшiн тiркелген күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн осы бiрлестiктi тiркеген органға құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.

Құру. Қоғамдық бiрлестiк Қазақстан Республикасы азаматтарының жарғы қабылданып, басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезiн (конференциясын, жиналысын) шақыратын, кемiнде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады. Қоғамдық бiрлестiктердiң заңды тұлға ретіндегі құқық қабiлеттiлiгi ол Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiп бойынша тiркелген кезiнен бастап пайда болады.Принциптері.Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актілері шеңберiнде жүзеге асырады. Қоғамдық бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi. Азаматтың қоғамдық бiрлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды. Ресми құжаттарда қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу) туралы көрсетудi талап етуге жол берiлмейдi.

58. ҚРғы жергілікті өзін өзі басқарудың конституциялық мәртебесі, функциялары жергілікті өзін-өзі басқару – бұл тікелей демократияның өзіндік нысаны, онда тікелей халықбилігінің өкілді жүйемен байланысы көрініс береді және мұнда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысына бақылау жасау тез және әбден мүмкін.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігін анықтауда оның мазмұнына кіретін элементтерді анықтау негізгі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мазмұнына кіретін элементтер:

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізін мыналар құрайды: адам, өндіріс және оны жасау жөніндегі еркін қызмет;

мүдделері бойынша адамдардың бірлескен қызмет үшін бірігуі;

муниципалдық, қауымдық меншік немесе енбек ұжымдарының меншігі;

негізінен өз кірістерінен, өз қаржы көздерінен және ішінара мемлекеттік дотациядан құралатын жеткілікті қаржылық база;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру оның қызметін ұйымдастыруда азаматтар мен мемлекеттік органдардың бірлескен қызметі;

жергілікті және қоғамдық маңызы бар мәселеерді шешуге азаматтардың қатысуы;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекет пен қоғамды басқарудың біртұтас жүйесіне кіруі;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекетпен өзарабайланысы;

жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларымен өкіленттіктері;

өзін-өзі басқарудың заң актілері мен заңға тәуелді актілер негізінде әрекет етуі;

жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғам мен мемлекетке тәуелділігі.

Жергілікті өзін-өзі басқару экономикалық, аумақтық және демографиялық факторларды үйлестіру негізінде қалыптасуы тиіс.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың егемен Қазақстанның заңнамасында реттелуі мәселесіне келсек, 1993 жылғы ҚР Конституциясында жергілікті өзін-өзі басқару туралы ештеңе де айтылған жоқ. 90 бабының 2 тармағында “жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жергілікті өкілді және атқарушы органдармен жүзеге асырылады” деп бекітілді. 1993 жылғы 10 желтоқсандағы “ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы” заңда “жергілікті өзін-өзі басқару” термині тіпті еске алынған да жоқ. Тек тиісті аумақтың тұрғын халқының мүдделеріне қатысты аса маңызды мәселелерді қарау үшін поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің 18 жасқа толған азаматтарынан тұратын азаматтардың өкілдерінің жиналысын өткізу мүмкіндігі ғана бекітілді және жиналыстың құзыреті реттелді.

1995 жылғы Конституция 1993 жылғы Конституцияға қарағанда 89 бабын жергілікті өзін-өзі басқаруға арнаған. Бірінші рет Конституцияда жергілікті өзін-өзі басқару туралы норма көрініс тапты. Олардың өз өкілеттіктері шегінде дербестігіне кепілдік берілді. Осылайша жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру мен дамыту үшін алғышарттар түзілді. ҚР Конституциясы Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылатынын бекітті (89 бап., 1 т.). Осы түсінікті нақтылау үшін ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі жергілікті өзін-өзі басқаруды былай анықтайды: “жергілікті өзін-өзі басқару – 1995 жылғы Конституциямен танылған тұрғын халықтың жергілікті мәні бар мәселелерін дербес шешетін демократиялық институт”.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.

Конституцияда бекітілгендей Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі. Алайды, әзірге мұндай заң қабылданған жоқ.

59.Қазақстанда бейбіт жиналыстар, демонстрациялар,митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі. Жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсiну керек. өткізу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына өтiнiш берiледi. Өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi. Өтiнiш оны өткізудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органында тiркелген күнiнен бастап есептеледi. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткізудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады. Шешiмге қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жоғары тұрған атқарушы органға шағым жасауға болады. Қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келісілген жерде өткiзiледi. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткізу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

60. Республикалық референдум тікелей демократияның нысаны ретінде. Республикалық референдумның пәні және өткізілуі. Тікелей демократия – бұл халықтың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға тікелей қатысуы, тікелей ерік білдіруінің нысаны. Тікелей демократия әртүрлі нысандарда байқалады. Халық билігінің байқалуының ең жоғарғы тікелей нысаны болып референдум және еркін сайлаулар табылады деп айтуға болады. Референдум – бұл республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша бүкіл халықтық дауыс беру. Ал, сайлау – бұл азаматтардың мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында өздерінің еріктері мен мүдделеріне сәйкес билікті жүзеге асыру үшін тиісті өкілдерге дауыс беру арқылы халық билігін жүзеге асыруға қатысуы болып табылады.

Сайлау мәселелері арнайы лекцияда қаралатындықтан мұндай сайлауға көп тоқталмаймыз.

Референдум халық билігінің аса бір маңызды нысаны болып табылады. Референдумдар аумағы бойынша бүкіл халықтық (республикалық) және жергілікті болады. Қазақстанда жергілікті референдум мәселесі реттелмеген.

Референдум – бұл қоғамдық өмірдің түрлі маңызды мәселелері жөнінде дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың тікелей ерік білдірулері.

Республикалық референдум – бұл мемлекеттік маңызы бар шара. Референдум арқылы халық мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретінде Конституцияны, заңдарды қабылдайды, оларға өзгертулер енгізу ісімен республикамыздың заң шығармашылық қызметіне қатысады.

Референдум белгілі бір шешім қабылдау арқылы тек Қазақстан Республикасының базасының қатарын толықтырып қана қоймай, ол азаматтардың құқықтық санасының өсуіне көмектеседі, мемлекеттің өкілді органының қызметінің жоғарылауына себепші болады. Өйткені, референдумда халықбилігінің мынадай әлеуметтік қызметі жүзеге асады: өкілді органдардың қызметіне қоғамдық бақылау. Себебі, референдумда заң актілердің жобаларына өктем баға беріледі. Ал, ол өз кезегінде мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өз нормашығарушылық қызметін жетілдіруіне әсер етеді. Сондай-ақ референдум арқылы азаматтардың мемлекет ісіне араласуы өсіп, өмірдің барлық салаларына ықпалы мен әсері күшейеді.

Сонымен, референдумның бірнеше маңызды тұстарын көрсетуге болады:

халық тікелей заң шығарушы ретінде барлық азаматтар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін аса маңызды қоғамдық құқықтық нормаларды бекітеді;

референдум азаматтардың құқықтық санасының өсуіне өз ықпалын тигізеді;

референдум – бұл қоғамдық пікірді білдірудің бір нысаны;

референдум мемлекеттік органдардың нормашығарушылық қызметінің жетілуіне өз септігін тигізеді;

референдум арқылы қоғамның мемлекеттік және қоғамдық істерге деген қызығушылықтары дамиды, өмірдің барлық салаларына ықпал етуі күшейеді.

Референдум қандай да бір мемлекеттік мәселелердің нақты шешілуінің өзіндік нысаны болып табылады. Ол – халықтың қандай да бір мәселені тікелей ақырғы шешуі.

Референдум өткізіп онда шешім қабылдау ұзақ та күрделі процесті қамтиды. Оны бірнеше сатыға бөліп қарастырамыз:

Бірінші саты - республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық. Референдум тағайындау бастамашылығы:

1) Қазақстан Республикасының Президентiнде;

2) Қазақстан Республикасының Парламентiнде;

3) Қазақстан Республикасының Үкiметiнде;

4) сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады.

Екінші саты – республикалық референдум өткізу (тағайындау) туралы шешім қабылдау. Мұндай құқық Республика Президентіне тән.

Республика Президентi Парламент пен Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының бастамашылығы бойынша референдум тағайындау туралы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) референдум тағайындау туралы;

2) референдум өткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе өзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы;

3) референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы

Референдум тағайындау туралы шешiмдi Республика Президентi тиiстi Жарлық шығару жолымен қабылдайды.

Үшінші саты – референдумды өткізуге дайындық. Референдумға дайындық пен оны өткiзудi мыналар жүзеге асырады: Орталық референдум комиссиясының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық референдум комиссияларының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының аумақтық сайлау комиссиялары, учаскелiк референдум комиссияларының функциясын орындаушы учаскелiк сайлау комиссиялары.

Төртінші саты – дауыс беру және дауыс санау. Референдумда дауыс беру мерзiмi, орны, ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес айқындалады. Дауыс санауды учаскелік референдум комиссиясы жүзеге асырады.

Бесінші саты – референдум қорытындысын шығарып, оны жариялау. Дауыс берудiң қорытындылары Орталық референдум комиссиясының мәжiлiсiнде шығарылып, хаттамамен ресiмделедi, оған Орталық референдум комиссиясының Төрағасы, Төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелерi қолдарын қояды және қаулымен бекiтедi.

Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады.

Егер дауыс берудiң нәтижесiнде референдумға қойылған мәселе бойынша оның оң шешiмiн жақтап дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбi дауыс берсе, ол жөнiнде шешiм қабылданды деп саналады.

Референдумның қорытындылары туралы Орталық референдум комиссиясының ресми хабары дауыс беру өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Алтыншы саты - республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Республиканың Конституциялық Кеңесiнiң қарауы.

Референдум – бұл заңдар шығару немесе өзге маңызды мәселе бойынша халықтың бір бөлігінің емес, бүкіл халықтың дауыс беруі болып табылады. Шынайы демократиялық және халықтың шешімін мойындайтын, бағалы құндылық ретінде танитын мемлекетте халықтың еркі әрқашан басым және жоғары болады. Сол себепті де референдумда қабылданған шешімнің бүкіл республика аумағында міндетті күші бар және мұндай жолмен қабылданған акт басқа актілерге қарағанда Президенттің немесе мемлекеттік өкімет органдарының қандай да бір қуаттауын қажет етпейді. Сондай-ақ, референдум қабылдаған шешiм мен Республика Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң арасындағы сәйкессiздiктер Конституцияны, конституциялық заңдарды заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi референдум қабылдаған шешiмге сәйкес келтiру арқылы жойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]