Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons 1-60.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
336.38 Кб
Скачать

10.Палаталардың бөлек отырысында қаралатын мәселелер.

11.Конституцияның функциялары, мазмұны мен құрылымы. Конституция - мемлекет өмірінің негізгі бастауларын - мемлекеттің кұрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның коғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы болып табылады.Конституцияда адам мен азаматтың табиғи жэне ажырамас кұкықтары байқалады жэне бекітіледі. Олардың негізінде мемлекеттің кұрылымы мен нысаны, билік тәртібі орнығады. Конституцияның негізгі мәні мынада:

  • Конституция ағымдағы заңнаманың заңи базасын кұрайды, яғни Конституцияның зани жоғарылығы танылады. Бұл дегеніміз, жаңа Конституция қабылданған жагдайда өзге барлық заңнама оған сәй-кестендіріледі. Барлық кұкықтық актілер оған сәйкес болуы тиіс, ал мұндай талапқа жауап бермейтін барлык актілер заңсыз деп танылады және колдануға жатпайды; сондай-ак, Конституция - бұл коғамның барлык топтарының мүдделерің қамтамасыз ететін заң, себебі. Конституция таптан (таптардың мүддесінен) жоғары тұратын, қоғамның барлык мүшелері үшін тендей міндеттеме белгілейтін кұжат болып табылады, Конституция - бұл заңдар үшін заң болып табыла-ды.Конституция - конституциялык кұкыктың негізгі кайнар көзі болып табылады. Мына белгілері арқылы өзге құқықтық актілерден ерекшелінеді:

  • ерекше жолмен кабылданылуы. Конституция – халыктың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум аркылы Қазакстан халкымен кабылданған бірден-бір акт болып табылады.

  • ерекше тәртіппен қорғалуы. конституция ерекше корғалатын акт болып табылады. Конституцияға сәйкес оны корғау Конституцияның мызғымастығының кепілі ретінде Президентке, конституциялық кадағалау орғаны - Конституциялық Кеңеске жүктелген. Сонымен қатар, Республика Конституциясын сактау әркімнің конституциялык міндеті болып табылады.

- қоғамнын барлық субъектілеріне бағытталуы. Конституция бірмезетте қоғамның барлык субъектілерінін жүріс-тұрысты реттейді, ал өзге кұкыктық актілер коғамның накты бір субъектілеріне арналып шығарылады. Мысалы, сайлау туралы заң тек сайлау қатынасына катысушылардың, азаматтык туралы зан азаматтық қатынасына түсушілердің ғана жүріс-тұрысын реттейді, т.б.

- конституциялык реттеу пәнінің ерекшелігі. Конституция қоғамнын ен негізгі, фундаменттік қатынастарын реттейді. Ол катынастарға жалпы камтушылық сипат тән.

- күрделендірілген тэртіпте өзгерістер мен толыктырулар енгізілуі. КР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзеге асырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалык референдум арқылы, Парламент Конституция.өзгертулер мен толықтыруларды. Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен енгізеді. Конституцияға өзгертулер мен толыктыруларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабында реттелген.

- Конституцияға кұрылтайшылық сипат тән. Конституцияда баска актілердің көптеген түрлері анықталады. Онда кұкыктық актілердің аты, олардың заңдылык күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;

Конституцияның функциялары.

I.Кұрылтайшылық функция. Бұл функция Негізгі заңымыздың мемлекеттің конституциялык кұрылысының, саясатының негізгі қағидаларын жэне бастауларын бекітетінін көрсетеді. Конституция азаматтардың негізгі құкықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бекітеді, сондай-ак біздің қоғамымызға тән меншік нысандарын бекітеді. Қоғамдағы барлык құқыктық қатынастар реті Конституциямен анықталады және одан туындалады. Қазақстан Республикасының негізгі занының құрылтайшылық функциясын осыдан байқауға болады.

  1. Ұйымдастырушылық функция. Конституция барлык мемлекеттік органдардың жүйесін, басты функцияларын жэне кызметінін нысандарын бекітеді, яғни Конституция бүкіл мемлекеттік механизмнің жергілікті өзін-өзі басқарумен үйлесімдікте тиімді, ұйымдык түрде қызмет етуінін негіздерін қалайды.

  2. Құқықтық функция. Конституция бүкіл құкыктық жүйенің ядросы ретінде болады, түрлі құқық салалары үшін негіз болып табылатын маңызды кағидаларды белгілейді, түрлі құқык салаларын біртұтас кұқықтық жүйеге біріктіреді.

IX. Сыртқы саяси функция. Ол Конституцияның мемлекеттің сырткы саяси қызметінін де фундаменті ретінде болатындығын білдіреді, Конституция Қазакстанның сыртқы катынаста ұстанатын негізгі қағидаларын белгілейді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]