Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 тарау.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
78.65 Кб
Скачать

41.Өзеннің гидрографиялық параметрлеріне сипаттама бер.

Әрбір өзен мен оның алабы мөлшерлік көрсеткіштер-морфометриялық сипаттамалармен сипатталады.Бұл сипаттамалар гидрографиялық жазба жазу кезінде анықталады.Олар өзендерді зерттеу кезінде,сонымен қатар гидрологиялық есептаулер,болжау,су обьектілерін су шаруашылығы мақсатында пайдалану мүмкіндігін бағалау кезінде қажет.

Гидрографиялық сипаттамалар ірі масштабты топографиялық карталар,аэрофото түсіру және далалық зерттеу нәтижелерінің деректері бойынша анықталады.Іс жүзінде көбінесе карталар пайданылады.Карта масштабы өзен алабының өлшеміне қарай таңдалады.Өзен алабы неғұрлым кішкентай болса,картаның масштабы соғұрлым үлкен болуы тиіс.Оның үстіне карталар төмендегі талаптарға сай болуы шарт:жаңа немесе жақсы сақталған,жер бедері жөнінде мәліметтер бар,гидрографиялық желі толық кескінделген,алаптың аумағы тұтастай бір масштабты картаның шегінде жатуы қажет.

Басты өзен өзінің салаларымен қосылып өзен жүйесін құрайды.Аңғары неғұрлым төмен орналасқан өзен басты өзен болып саналады.Көбінесе басты өзен ретінде картадағы анғұрлым ұзын өзен қабылданады.Жүйенің басқа ағынсулары салаларға жатқызылады.Өзендер жүйесінің төмендегі классификациясы іс жүзінде кеңінен қолданылады:басты өзенге келіп құятын ағын су бірінші дәрежелі сала деп аталады.Бірінші дәрежелі салаларға екінші дәрежелі салалар,оларға өз кезегінде үшінші дәрежелі салалар келіп құяды.Осылай жалғаса береді.

42.Өзен желісінің иректігі, ұзындығы және жиілігі.

Ҿзендер планда ҽрқашан иректі кҿріністі болып келеді. Ҿзендердің иректігі олар ағып ҿтетін жердің жағдайына – ҿзен арнасы мен аңғарын құрайтын тау жыныстарына, топыраққа жҽне ағыстың динамикасына байланысты болады.

Бұрынғы КСРО шекарасында ұзындығы 0,5 км-ден кіші ҿзендерді, бұлақтарды, уақытша ағын су жылғаларын қосқанда 2963400-дей ҿзен бар. Сонымен бірге ұзындығы 3 мьң км-ден ұзын 6 ҿзен бар (2-кесте). Ұзындығы бойынша бірінші орында Обь пен Ертіс ҿзендері тұр - 5570 км, одан кейін Лена (4400 км) жҽне Енисей (4090 км).Өзеннің иректігі иректік коэфициентімен сипатталады,ол кратадан анықталған өзеннің ұзындығының,L.оның бастауынан са5асына дейін жүргізілген түзудің ұзындығының l

K=L/l

Өзеннің ұзына бойына оның иректігі өзгеріп отырады.Сондықтан алғашында иректік коэфициенттер өзеннің жеке үлескісі үшін анықталып,сонан соң жалпы иректік коэфициенті табылады.Өзеннін ұзындығы деп оның карта бойынша өлшенген бастауы мен сағасының ара қашықтығын айтамыз. Өзеннің ұзындығын ірі масштабты карта бойынша немесе аэрофото түсірілімдер арқылы өлшеу керек және өлшемді орын болғандықтан сағасынан бастауына қарай жүргізу керек.Өзеннің ұзындығы төмендегі формула бойынша анықталады.L=Lө*Ки,мұндағы Lө-өзеннің өлшенген ұзындығы.Өзен ұзындығы ағын су өзінің ранасы мен жағалауын жуып-шаюының арқасында үнемі өзгеріп отырады.

Қазақстанда 85мың өзен бар,95 % ұзындығы 10 км,228 өзен ұз. 100 км.7 өзен1000км асады.

Кез келген жердің өзендерге қанығу дәрежесі өзен желісінің жиілік коэфициентімен сипатталады.D=Σl/F,км/км²,мұндағы Σl-барлық өзен ұз. Қосындысы,км,Fаймақ ауданы.

Өзен желісінің жиілік коэфициентімен судың беткейлік ағындысы деген көрсеткіш тығыз байланысты.Беткейдің орташа ұз. өзен желісінің жиілік коэфициентімен мынадай қатынасқа ие:lбет =1/2D=F/2Σl.

43.Өзеннің ұзындығын анықтаудың негізгі жолдарын сипатта. Өзендердің ұзындықтары курвиметрмен немесе циркулмен анықталады.Ағыслардың ұзындықтарын циркульмен анықтау үшін өзенді алдынала бөліктерге бөлеміз.Бөліктерге бөлу өзеннің иректілік сипатына қарай жүргізіледі.Белгі иректілігі әртүрлі бөліктердің шегіне ғана емес.барлық бірінші дәрежелі салалардың келіп құятын тұстарынада қойылады.Белгіні өзеннң горизанталдармен қиылысқан жерлеріне,сондай-ақ кескіннің күрт сынған сипатты нүктелеріне қойған ыңғайлы.Бұл нүктелерге дейінгі қашықтық кейін өзеннің ұзына бойы кескінін тұрғызған кезде қажет болады.

Өлшеу жұмыстары адымы 1 немесе 2 мм циркульмен жүргізіледі.Өлшеу барысында циркульдің адымы бірнеше рет тексеріледі.Циркульдің адымын бекіту өте жауапты сәт,өйткеніон дұрыс қою жүргізілетін өлшеулердің дұрыс анықталуынін кепілі.Адымды дәл бекіту үшін қатты қағазға ұзындығы 30-50 мм сызық жүргізіледі.Адым алдымен сызғышпен белгіленеді де,сызық циркульмен өлшенеді.Егер адым саны сызықтың ұзындығына сәйкес келмесе,онда адым тиісінше сәл ғана өзгертіліп,сызық қайтадан өлшенеді.Тексеру қашан адым саны қашан сызықтың ұзындығына сәйкес келгенше жүргізіледі.

Ағынсудың ұзындығы екі рет өлшенеді.Сағадан бастауға дейін ірбір белгіге дейінгі адым саны өсу ретіне қарай және кері бағытта тек қана белгі аралықтарындағы адым саны жазылады.

Адым саны 0,1 дәлдәгәмен жазылады.Жүргізілген екі өлшеудің нәтижесінде алынған белгі аралықтарындағы адым санының айырмашылықтары 2%-дан аспауы тиіс.

Өзеннің ұзындығы:L=MKa . L-есептелген ұзындық,км,M-екі өлшеудің орташаланған адым саны;K-белгілер арасындағы үлескілер үшін иректілікке енгізілетін түзету коэфициенті;а-жұмыс картасының масштабында алынған циркульдің адымы.

44.Өзен иректілігін есептеугетраналған формуланың негізгі құраушыларына сипаттама бер. Ҿзендер планда ҽрқашан иректі кҿріністі болып келеді. Ҿзендердің иректігі олар ағып ҿтетін жердің жағдайына – ҿзен арнасы мен аңғарын құрайтын тау жыныстарына, топыраққа жҽне ағыстың динамикасына байланысты болады.

Өзеннің иректігі иректік коэфициентімен сипатталады,ол картадан анықталған өзеннің ұзындығының,L.оның бастауынан сағасына дейін жүргізілген түзудің ұзындығының l

K=L/l

L-өзеннің есептелген ұзындығы;l-өзеннің бастауы мен сағасының нүктелерін қосатын түзудің ұзындығы.

Өзеннің ұзына бойына оның иректігі өзгеріп отырады.Сондықтан алғашында иректік коэфициенттер өзеннің жеке үлескісі үшін анықталып,сонан соң жалпы иректік коэфициенті табылады

45.Өзен алабының еңістігін анықтайтын параметрлерді жазыңыз.Үлескілердің биіктік белгілері Н1=301,55м,Н2=295.68м, ара қашықтық L=250км,еңістігін анықта

36.Өзеннің гидрогарафиялық нобайын тұрғызу принциптері.Өзендер тізімдемесі кестеде келтірілген форма бойынша жасалады.Гидрографиялық нобайды тұрғызу барысында масштаб өзен желісі тұтасымен алынған ыңғайлы болатандай етіп таңдалынады.Басты өзенді оның ұзындығын есепке ала отырып және таңдалған километражға бөлінеді.оның үстіне санақ басы «0» басты өзеннің сағасына сәйкес келеді.Содан кейін сызыққа бірінші дәрежелі салалардың құятын тұстары белгіленеді.Осы нүктелерден 30-45°бұрышпен көлбеу бағытта бірінші дәрежелі сағалардың ұзындығы масштаб бойынша түсіріледі.Бұл сызықтар міндетті түрде бастауға көлбеу бағытта саланың номері және олардың ұзындығы жазылады.

Осыған сәйкес тұрғызулар екінші дәрежелі салалар үшін де орындалады.Негізгі өзен бойынша елді мекендер,гидробекеттер,көпірлер және т.б. белгіленеді.

37.Өзеннің алабының негізгі гидрографиялық сипаттамалары.Өзен орналасқан және осы өзенге жер беті және жер асты арқылы су жиналатын аймақты осы өзеннің алабы немесе су жинау алабы дейміз.Су жинау алабы жер асты су жинау кеңістіктері өзара сәйкес келмеуі мүмкін.Бірақ, оларды айқындау қиын болғандықтан өзеннің алабын су жинау кеңістігін шектеуші су айрық сызығы бойынша анықтайды.

Кейбір алаптардың шегінде жиналған сулар осы алаптың өзен желісімен,беткі ағынсулармен байланыспайтын ойпаңдар су булануға,алаптан тысқары жатқан жер асты суларының қорын толтыруға шығындалады.Мұндай аймақтар тұйық алабтарға жатады,олар өзеннің су жинау алабына қосылмайды.Өзеннің алабын іргелес өзен алабынан бөліп тұратын шегін су айрығы деп атайды.Су айрық сызығы көршіліес өзендердің арасында орналасқан жер бедерінің ең биік нүктелері арқылы өтеді.Жер бетінң қарама-қарсы тарапқа бағытталған бөлігін бөліп,осы өзеннің қорек алатын ауданын көршілес өзенге қарай ағынды ағатын ауданнан ажыратып тұрады.Алаптың шегінде биіктік белгісі су айрық сызығының биіктік белгілерінен үлкен жекеленген нүктелер болуы мүмкін.Өзен алабының ауданы алаптың негізгі сипаттамасы болып табылады.Ол өзеннің сулылығын айқындайды.Алаптың сұлбасы тұйықтаушы тұстамада су тасудың және нөсерлік тасқындардың қалыптасуына әсерін тигізеді.Беткейлік су ағысының жылдамдығын жергілікті жердің құламалығына тәуелді.

Өзен алабының алабының биіктік сипаттамалары климаттық жағдайдың және жалпы жер бедері ерекшеліктерінің жанама көрсеткіштері болып табылады.Таулы аумақтар үшін өзен алабының орташа биіктігі өте маңызды сипаттама болып табылады.Алаптың гипсографиялық қисығы,алап ауданының биіктік зоналары бойынша үлестірімі жөнінде мағлұматтар береді.Көбінесе гипсографиялық қисық алаптың биіктік белгілерінің қамтамасыздық қисығы түрінде түсіріледі.

Өзен алабының ауданы көбінесе карталар бойынша анықталады.Картада басты өзеннің алабы,негізгі өзен салаларының алабы және сала аралық кеңістіктерге бөлінеді.

Ағындысы тікелей басты өзенге келіп түсетін беткейлердің үлескілерін сала аралық кеңістік деп атайды.Олар басты өзенге бір жағалаудан келіп құятын өзен салаларының арасында орналасады.Сала аралық кеңістіктіктер бастаудан сағаға қарай алдымен оң.кейін сол жағалау бойынша нөмірленеді.

38. км/км2

39. км/км2

40.алаптың ауданы планиметрдің немесе палетканың көмегімен өлшенеді.алаптың сұлбасына квадраттан тор көзін түсіреміз. Толық квадраттар мен мен жарты квадраттарды санап қосамыз.

41.a=

42.m= *0.28

43. m= *0.28

44. км/км2

45.δ=

49. Өзеннің орташа жылдық су өтімі 58м³/с құрайды.Жылдық ағынды сипаттамасының бірі ағынды көлемін есептеңіз.Орташа жылдық су өтімі-бір күнтізбелік жыл немесе гидрологиялық жыл үшін орташа айлық су өтімдерінің арифметикалаық орташа мәні ретінде анықталады.

W=QT T=31,5*106

20. Өзеннің орташа жылдық су өтімі 466м³/с құрайды.Жылдық ағынды сипаттамасының бірі ағынды көлемін есептеңіз.Орташа жылдық су өтімі-бір күнтізбелік жыл немесе гидрологиялық жыл үшін орташа айлық су өтімдерінің арифметикалаық орташа мәні ретінде анықталады.

W=QT T=31,5*106

21. W=QT T=31,5*106

22.W=hF103 h- ағынды қабаты

23. W=hF103 h- ағынды қабаты

29, Типтік гидрографты тұрғызуға арналған мәліметтер:

1,грфиктің басындағы су өтімі

2,қыс айларының ең төменгі сабалық су өтімі

3,көктемгі су тасуы кезіндегі су деңгейінің бастапқы көтерілу нүктесіне, шыңына және аяқталу нүктесіне сәйкес келетін су өтімі

4,алғашқы жазғы су тасқыны кезіндегі су деңгейінің бастапқы көтерілу нүктесіне, шыңына және аяқталу нүктесіне сәйкес келетін су өтімі

5, келесі жазғы су тасқыны кезіндегі су деңгейінің бастапқы көтерілу нүктесіне, шыңына және аяқталу нүктесіне сәйкес келетін су өтімі

6,жаз айларының ең төменгі сабалық су өтімі

7,күзгі су тасқыны кезіндегі су деңгейінің бастапқы көтерілу нүктесіне, шыңына және аяқталу нүктесіне сәйкес келетін су өтімі

8,графиктің ең соңғы нуктесінің өтімі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]