Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШПОР НОВЫЙ.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
97.46 Кб
Скачать

25. Жарғылық капитал есебі. Резервтік капиталдың қалыптасуы мен есебі. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есебі.

Бухгалтерлік баланстың «Капитал» бөліміндегі негізгі бөлімшелер: «Жарғылық капитал», «Төленбеген капитал», «Сатып алған меншікті үлес құралдары», «Эмиссиялық капитал», «Резервтер», «Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)». Кез-келген кәсіпорынның меншіктікті капиталында негізгі орынды жарғылық капитал алады. Жарғылық капитал- құрылтайшылардың сатуға жарияланған барлық акциялардың жиынтық құндары есебінен немесе жаңадан құрылған кәсіпорынның жарғылық қызметін қалыптастыру үшін құрылтайшылардың ақшалай қаражаттары немесе мүліктері негізінде қалыптасатын меншікті капиталдың бастапқы сомасы. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржылық жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қ.Р-ның заңында белгіленген айлық көресеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту үшін қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру қажет. ЖШС нысанында құрылған мекеменің жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарын біріктіру жолымен құрылады. ЖШС-ң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар болуы мүмкін. Бұл салымдар қатысушылардың келісімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Жарғылық капиталдың нақты барын және қозғалысын есептеу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының 5000 «Жарғылық капитал» кіші бөлімінің мынадай пассив шоттары бар: -5010 «Артықшылықты акциялар» 5020 «Қарапайым акциялар» 5030 «Салымдар». Бұл шоттар бойынша жазулар мекеме құжаттарында өзгерістер енгізіп, сол құжатты жергілікті атқарушы органдарда тіркегеннен кейін белгілі бір тәртіпте жарғылық капиталдың азаюы, көбеюі негізінде жүргізіледі. АҚ-да жарғылық капиталына салынатын салымдардың нақтылы құны бойынша құрылтайшылардың берешек сомасына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі: 5110 «Төленбеген капитал» шотының дебеті. Осы шоттың кредиттары: 5010 «Артықшылықты акциялар» 5020 «Қарапайым акциялар». АҚ-ның жарғылық капиталына құрылтайшылардан жарияланған және тіркелген акциялардың құнын төлеу ақшалай қаражаттармен түсуіне қарай есеп айырысу нысандарына байланысты келесі бухгалтерлік тізбек беріледі: Тиісті шоттардың дебеті- 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1030 «ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты», 5110 «Төленбеген капитал» шотының кредиті. Жарғылық капитал есебі №13 журнал ордерде акциялардың түрлері бойынша, салымдар мен жарналарды нақтылы құны бойынша акционерлер – заңды және жеке тұлғалар бойынша жүргізіледі.

Резервтік капитал – акционерлік қоғам немесе ЖШС нысанындағы мекеменің бөлінбеген табысынан жасалған аударымдар есебінен қалыптасқан меншікті қаражаттардың бір бөлігі. Ол мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінен алынған зияндарының орнын толтыруға және құрылтайшыларға девидент төлеуге арналады. Акциялардың құнының түсу қауіпі туған жағдайда мекеменің жарғылық капталын толықтыру мақсатымен резервтік капитал құрылады. ҚР-ның заңына сәйкес құрылған мекеменің резервтік капиталының нақты бары және қозғалысы туралы есеп жүргізу үшін 5410 «Құрылтайшы құжаттарымен белгіленген резервтік капитал» шотымен белгіленген. Резервтік капиталды құрған кезде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар болады: 5510 «есеспті жылдың бөлінбеген пайдасы» шотының дебеті. 5410 «резервтік каптал» шотының кредиті. 5410 «резервтік каптал» шоты бойынша талдамалы есеп №13 журнал ордерде көрсетілген шоттың кредиті бойншы және тізімдемеде жүргізіледі.

26. Міндеттемелер жайлы түсінік. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі. Мекеме қаржылық-шаруашылық қызметін үзіліссіз жүргізу үшін өзінің қаражаты жетпеген жағдайда, оның банктік несиелерге қажеттігі туындайды. Міндеттемелерге мыналарды жатызуға болады: - Несиелер; - Алдағы кезеңдердің табыстары; - Бюджетпен есеп айырысу; - Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу; - Алынған аванстар; - Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу. Мекемелерді несиелеу ҚР-ның экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Банк мекеменің несиені пайдаланғаны үшін төленетін ақыны қоса есептеп уақытылы қайтаруды қамтамасыз ету ретінде дайын өнімдер мен тауарлар, бағалы қағаздар кепілдігі туралы міндеттер берген жағдайда ғана несие береді. Несиенің мақсатына байланысты мекеменің қысқа мерзімді несиелеу нысаны мыналар:

  • Ағымдағы сатылатын тауарлар мен басқа тауарлық материалдық қорлардың жиынтығы;

  • Дайын өнімдер мен туарлардың маусымдық қоры;

  • Несиеге сатылған тауарлар;

  • Жөнелтілген дайын өнімдер мен тауралар төлеу мерзімі келмеген.

Ел және шетел аумағындағы банктер мен банктен тыс мекемелерден ұлттық және шетелдік валюталарда алынған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер жайлы ақпараттарды талдау 3000 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің келесі шоттарында: 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» және 4000 «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар» шоттарында жүзеге асырылады. Брешектер мен банктік несиелердің мерзімдеріне қарай бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жазылады:

-бір жылға дейінгі мерзімді берешектер мен банктік несиелер сомасы: 1)3310 «жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шотының дебеті 2)3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» шотының кредиті.

Бір жылдан асатын банктік несиелер мен берешектер сомасы:

4110 «жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шотының дебеті

4010 «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар» шотының кредиті.

27.Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері.Негізгі және негізгі емес қызметтің табыстары мен шығындарының есебі.Табыстар–ұйымның қызметінің нәтижесінде міндеттеменің төмендеуі немесе активтердің өсуімен экономикалық ресурстардың артуы. Шығыстар–сату н/е тауар өндіру, қызмет көрсету нәтижесінде активтердің келуі немесе басқадай жұмсалымдар.Өндіріске жұмсалған шығыстар:

Дт Кт

8110 1310, 1350, 3350, 3150, 8410

1320 8110 

Дт Кт

7010 1320

1210 6010

Пайда–кәсіпорынға қатысты негізгі н/е негізгі емес қызметтің ж/е оқиғаның нәтижесінде акционерлік капиталға жарнадан басқа ұйымға әсер ететін мәмілелердің,оқиғалардың нәтижесінде капиталдың өсуі.Зиян–ұйымға қатысты бүкіл мәмілелердің ж/е оқиғаның нәтижесінде сондай-ақ акционерлік капиталдың шығындары н/е таратылуы болып табылмайтын басқа да барлық мәмілелердің,оқиғаның нәтижесінде капиталдың кемуі.Тану –ұйымның қаржылық қорларды есеп баптарына ендіру үрдісі.Тану белгілері1)Анықтау;2)Бағалау,өлшеу;3)Уақыттығы,деркезділігі;4)Сенімділігі

Қызмет көрсетуден алынған табыс сонымен қатар мынадай шарттарды орындаған жағдайда танылады:1)Есеп беру мерзіміне қарай мәміленің аяқталу мерзімі барынша дұрыс анықталғанда;2)Мәміле жасау кезінде жұмсалған шығындар мен мәмілені аяқтау үшін қажетті шығындар дұрыс бағаланғанда.Ұйым мәмілеге қатысушы басқа тараптармен мынандай мәселелер жөнінде келісімге қол жеткізгеннен кейін табысты барынша бағалай алады:1)Талап ету ж/е тараптардың қызмет көрсету ж/е оны қабылдауына байланысты әрбір тараптың құқықтары сақталғанда;2)Алынуға тиісті өтемақы толық сақталғанда;3)Ақы төлеу тәсілдері мен шарттары толық сақталғанда.Табыстар аралық төлемдерден ж/е сатып алушылардан алынған аванстық соманың негізінде танылмайды.Қызмет көрсету бойынша табысты танудың 4 әдісі.Қызмет көрсету бойынша табыстың танылуы да саудадан табысты тану сияқты күрделі үрдіс.1)Нақты орындау әдісі–бір әрекетті орындаған кезде көрсетілген қызмет үшін қолданылады.2)Пропорционалды орындау әдісі–әдіске сәйкес кезеңдік орындалған қызметке пропорционалды негізде табысты тану.3)Аяқталған орындау әдісі – табысты тану тек қана соңғы қызметтің кезеңі орындалғанда ғана мүмкін болады.4)Инкассалау әдісі – табысты нақты ақшасын алған кезде таниды.Шығыстар және оларды тану. Шығыстар түрлері:1)Тікелей шығындар–кіріске сәйкес келетін сатылған тауарлардың өзіндік құны,мұндай шығындар сол операцияның ж/е оқиғаның нәтижесінде тікелей ж/е бірге туындаған табысты тану бойынша тануы.2)Кезеңдік шығындар–өнім,қызмет сатумен,әкімшілік шығыстармен ж/е есептелген сыйақылармен байланысты жалпы табыстан шегерілетін шығыстар.3)Таратылатын шығындар– амммортизация ж/е сақтандыру сияқты шығындар.Мұндай шығыстар кезеңдеріне бірдей таратылады.

Құрылысқа жасалған келісімшартпен байланысты кірістердің,шығыстардың есебі мердігерлік келісімшарт бойынша кірістерді ж/е шығыстарды тану тәртібі:*Келісімшартқа келісілген бастапқы кіріс сомасы;*Табыстың туындауына алып келетін ж/е сенімді өлшеуге болатын келісімшарттың талабынан ауытқу,шағым талап ж/е ынталандыру төлемдері.

28.Каржылық есеп берудің элементтері. Каржылық есеп беруді құрастыруға қойылатын негізгі талаптар.Мемлекеттік ұйымдардың есептілігінен басқа қаржылық есептілікке енетін есеп беру нысандары:1.бухгалтерлік баланс;

2. пайда және зиян туралы есеп;3. ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;4. капиталдағы өзгерістер туралы есеп;5. түсініктеме хат.

Қаржылық есептіліктің нысандары өзара тығыз байланысты.Өйткені олар сол болған оқиғаның және операциялардың әр түрлі аспектілерін көрсетеді. Әрбір есептілік нысаны басқасынан өзгешеленген ақпараттар қсынғанымен олардың ешқайсысында бір оқиғамен шектелмейді ж/е тұтынушыларға нақты қажетті бүкіл ақпаратты бере алмайды.Мыс,кірістер мен шығыстар туралы есеп бухгалтерлік баланссыз ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есебінсіз және меншіктік капиталдың өзгерісі туралы есебінсіз ұйымның толық көрінісін бере алмайды.ҚР «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес ұйымның қаржылық есептілігін мынандай ұйымдарға тапсырады:1)Құрылтайшы құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;2)Қазақстан Республикасының статистикалық органына;3)ҚР-ң мемлекеттік бақылау және қадағалау органына.

Ұйымның есеп беру кезеңі болып күтізбелік жыл (1 қаңтар – 31желтоқсан) болып табылады. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті кезең – оның мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап,сол күннің 31 желтоқсанына дейін.Ұйымның тіркеуге немесе оның заңды тұға мәртебесін алғанға дейінгі орын алған операциялары бірінші есеп беру кезеңінің қаржылық есептілігіне енгізіледі.Ұйым жылдық қаржылық есеп беруді есеп беруден кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылады. Меншік иелері аралық қаржылық есеп беруді анықтауға және қаржылық есептілікті ұсынудың басқадай жиілігін,бірақ жылына бір реттен жиі емес, есеп беру жылынан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей белгілеуге құқығы бар.Жұртшылыққа жариялауға мүдделі ұйымдар (қаржылық ұйымдардан басқа) жылдың қаржылық есептілігін ҚР-ң қаржы министрлігі бекіткен нысандардың тізіміне сәйкес басылымдарға жариялауға міндетті.ҚР Үкіметінің шешімі бойынша депозитарлар құрылуы және өкілеттік берілген орган белгіленген тәртіпте оған қаржылық есептілігін тапсыруға міндетті ұйымдардың тізімдері анықталуы мүмкін. Жариялауға мүдделі ұйымдар өздерінің қаржылық есептіліктерін депозитарға тапсыруға міндетті болады. Депозитар құрылған кезде ұйым өзінің қаржылық есептілігін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей өткізуге міндетті. *Қаржылық есептілік нысандарында ешқандай да тазарту, өшіру болмауы керек. Қаржылық есептілікті құрастырған кезде қаржылық есептілікке қолдарын қойған тұлғалардың жіберілген қателері анықталған кезде түзетуші жазу жүргізіп түзету жүргізген күні көрсетіліп расталады. *Қаржылық есептілік нысандарын тапсырған кезде көрсетіледі:1)Құрылтайшы құжаттарда тіркеліп анықталған тәртіпке сәйкес қаржылық есептілігін ұсынушы ұйымның атауы;2)Орналасқан жері (мекен-жайын);3)Мемлекеттік мүлікті басқару органы (кімге тапсырды);4)Ұйымның меншіктік құқықтық нысаны.

29.Аудиттің мәні, пәні ж/е мазмұны. Ауд/ң түр/і мен міндеттері. Аудит/қ дәлелдемелер. Аудит заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің ҚР заңнамасымен бекітілген талаптарға сәйкес шынайы және объективті құрастырылғаны жөніндегі тәуелсіз пікір білдіру мақсатындағы, бекітілген тәртіп бойынша аудиторларды тарту арқылы жүзеге асырылатын тексеру болып табылады. Аудитор – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған, «аудитор» біліктілігі берілгені жөніндегі біліктілік куәлігі бар жеке тұлға Аудиттің басты мақсаты компанияның қаржылық есептілігінің дұрыстығы мен шынайылығын анықтау, сонымен қатар, белгілі-бір заңдардың, шаруашылық құқық нормаларының және салықтық заңнаманың сақталуын бақылау болып табылады. Аудит сөзі латын тілінен алынған, сәйкесінше тыңдаушы дегенді білдіреді. Аудит пәні д/з, шарт б/ша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізінде және бухгалтерлік отчетты талдау және тексеру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу. Аудиттің негізгі міндеті- отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективті түрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субектіде қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру. Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау ж/е басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет. Аудиттің түрлері мен типтері:1.Ішкі аудит ұйым әкімшілігнің тапсырмасымен оның шаруашылық қызметінің нәтижелерін тексеру мен бағалауды тәуелсіз ұйымдастыру қызметі болып табылады. Ішкі аудитті аудиторлар немесе тікелей осы ұйымда қызмет жасайтын аудитор н/е бухгалтер жүргізе алады.Ұйымда ішкі аудит қызметінің болуы сыртқы аудиторлардың оның есептілігіне деген сенімен арттырады. 2.Сыртқы аудит ұйымның қаржылық шынайылығын объективті бағалау мақсатында келісім-шарт негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жүргізетін аудит б.т.

Ішкі аудит қызметтері: 1)Ішкі бақылау мен бухгалтерлік есептілікті тексеріп, оларға мониторинг жасап талдау; 2)Бух/к ж/е оперативті ақпараттарды тексеру; 3)Заңның сақталуы мен орындалуын тексеру,сонымен қоса есептілік саясатты,ережелерді, басшылардың шешімдері мен нұсқауларының орындалуын талап ету; 4)Ішкі бақылаудың жүргізілуіне баға беру, филиалдарда тексерістердің жүргізілуін бақылау; 4)Эк/қ субъектінің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету; 5)Арнайы жобалармен жұмыс істеп, ішкі бақылаудың элементтеріне бақылау жүргізу; 6)Күмән туғызатын мәселелерге арнайы бақылау жүргізу; 7)Бақылау кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға болатын шараларды ұсыну.

ҚР аудиторлық қызметті ретте .Қаз/да аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесі ҚР Конституциясына негізделеді және ҚР « Аудиторлық қызмет жөніндегі» заңы мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Заң ҚР мемлекеттік ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар арасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қатынастарды реттейді. Аудиторлық дәлел д/з – аудиторлық нәтижеге негізделген қорытындыларды тұжырымдау барысында аудитор алатын ақпарат. Аудиторлық дәлел ішкі, сыртқы және аралас болып бөлінеді.

  • Ішкі дәлел – ақпараттарды аудиторлық ұйымнан ауызша немесе жазбаша түрде алуға негізделген.

  • Сыртқы дәлел - ақпараттарды үшінші жақтағы тұлғадан

( аудиторлық ұйымның сұранысымен жазбаша алады)

  • Аралас дәлел - ақпараттарды аудиторлық ұйымнан жазбаша алады немесе ауызша алады және үшінші жақтағы тұлғадан бекітіледі.