- •6.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы.
- •8. Қытай жазба деректері.
- •11. Түрік қағанаты (552-603ж)
- •12.Батыс Түрік қағанаты (603-704)
- •14. Түркеш мемлекеті.
- •15.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •25. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.
- •26) Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне қатысты деректері мен тарихнамасы.
- •27. Монғол жаулауы қарсаңындағы Жетісудың, Орта Азияның және Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы
- •28) Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулаудағы әскери тактикасы.
- •29) Шыңғыс-ханның Қазақстан мен Орта Азияға жаулауы.
- •32.)Қазақстан 13-15 ғ Алтын Орда құрамындағы Қазақстан
- •33) Ақ Орда
- •37.15 Ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •40.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы.
- •42) Хаkназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы. (1538-1580 ж ж.).
- •65) Ресей империясының құрамына кіру кезеңдері (XVIII ғ. Бірінші ширегі - XIX ғ. Ортасы).
- •88) Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы.
- •91.ХХғ. Басындағы қазақ баспа сөзі.
- •93) 1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •100) ”Соғыс коммунизм ”саясатының Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктері.
- •102) 1921-1922 Жж.Жер-су реформасы және оның нәтижелері.
- •149) Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •165) «Жаңа әлемдегі жаңа қр» жолдауы
- •172) Қазіргі Қазақстанның көші-қон саясаты
- •173) Қазақстан Республикасы Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауының мәні мен мазмұны
- •174) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуінің негізгі кезеңдері. Проблемалары, қайшылықтары, жетістіктері мен нәтижелері.
- •175) Қр Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы
- •176) Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы
- •177) Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі реформалар
- •178) Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
- •179) Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына (бұұ) және басқа да халықаралық ұйымдарға кіруі
32.)Қазақстан 13-15 ғ Алтын Орда құрамындағы Қазақстан
1227 ж Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді. Қаралған мәселелер:
Еуропаға жорық
Әскери қолбасшылығына Батыйды сайлау.
Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.
1236-1242 жылдар- Еуропаға жорық жасалды. Жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ ,орыс князьдықтары,Мордова ,Еділ бұлғарлары,Қырым,Солтүстік Кавказ,Польша,Венгрияны,Чехияны жаулады. XXIII ғ. Монғолдар Азия,Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алды.
1243 жыл Еділді төменгі Алтын Орда мемлекті құрылды.Алғашқы билеушісі-Батыйхан.
Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.
Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.
XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIY ғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар” деп атаған.Тілі қыпшақ тілі. XIY ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы сұлтандар. Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанат Батый хан билігі. Сол қанат Орда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді. Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауы. XIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды. Батый хан тұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды. Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.
Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.
1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.
XIY ғ бірінші жартысында Өзбек және Жәнібек хандар тұсында мемлекет күшейді:
Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.
1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.
50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.
1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.
1380 жыл Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.
Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395) Алтын Ордаға хан болды.Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің 1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.Алтын Орда билеушілерінің езгісіне қарсы халық көтерілістері де жиіледі:
1240-41 жылдар Кама Булгариясындағы көтеріліс;
1259 жыл Новгород, Ростов,Суздальдағы көтеріліс;
1262 жыл Ярославльдегі көтеріліс ;
1270 жыл Кама Булгариясындағы көтеріліс.
Алтын Орданың күйреуінің себептері:
Билік үшін өзара қырқыстар.
Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары.
Халық көтерілістері.
Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы.
XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда . XY ғ.20-40 жылдары Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты. Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады.