- •6.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы.
- •8. Қытай жазба деректері.
- •11. Түрік қағанаты (552-603ж)
- •12.Батыс Түрік қағанаты (603-704)
- •14. Түркеш мемлекеті.
- •15.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •25. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.
- •26) Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне қатысты деректері мен тарихнамасы.
- •27. Монғол жаулауы қарсаңындағы Жетісудың, Орта Азияның және Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы
- •28) Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулаудағы әскери тактикасы.
- •29) Шыңғыс-ханның Қазақстан мен Орта Азияға жаулауы.
- •32.)Қазақстан 13-15 ғ Алтын Орда құрамындағы Қазақстан
- •33) Ақ Орда
- •37.15 Ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •40.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы.
- •42) Хаkназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы. (1538-1580 ж ж.).
- •65) Ресей империясының құрамына кіру кезеңдері (XVIII ғ. Бірінші ширегі - XIX ғ. Ортасы).
- •88) Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы.
- •91.ХХғ. Басындағы қазақ баспа сөзі.
- •93) 1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •100) ”Соғыс коммунизм ”саясатының Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктері.
- •102) 1921-1922 Жж.Жер-су реформасы және оның нәтижелері.
- •149) Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •165) «Жаңа әлемдегі жаңа қр» жолдауы
- •172) Қазіргі Қазақстанның көші-қон саясаты
- •173) Қазақстан Республикасы Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауының мәні мен мазмұны
- •174) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуінің негізгі кезеңдері. Проблемалары, қайшылықтары, жетістіктері мен нәтижелері.
- •175) Қр Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы
- •176) Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы
- •177) Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі реформалар
- •178) Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
- •179) Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына (бұұ) және басқа да халықаралық ұйымдарға кіруі
172) Қазіргі Қазақстанның көші-қон саясаты
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) көші-қон процестерінің негізгі қағидаттарының, басымдықтарының, тетіктерінің, міндеттері мен әдістерінің негізгі жүйесін тәртіпке келтіру мен реттеуді білдіреді.Қазақстан Республикасындағы көші-қон ахуалы мынадай негізгі процестермен сипатталады:1. Эмиграцияда халықтың бұрын патша заманында Қазақстанға жіберілген, сталиндік режим жылдарында жер аударылған, тың және тыңайған жерлерді игеруге жіберілген орыс тілді бөлігі өкілдерінің және әскери-өнеркәсіп кешеніне қызмет көрсететін контингенттің кетуі басым;2. Көшіп келуде этникалық қазақтардың қарқыны басым, ол мынадай жағдайлардан:өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау ниетінен;әскери жанжалдар салдарынан;тарихи отанына оралу ниетінен туындап отыр.3. Ішкі көші-қонда:аграрлық сектордың құлдырауы нәтижесінде ауылдық елді мекендерден халықтың көшіп кетуі;қаланы ұстап тұған кәсіпорындар мен өндеу кешендерінің тоқтап қалуы салдарынан шағын және орташа қалалардан- кетуі;экологиялық себептер салдарынан Семей полигоны аймағы мен Арал өңірінен халықтың көшіп кетуі.4. Қазақстан Республикасының геосаяси орналасу жағдайынан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен шекаралардың ашықтығынан, достастық елдерінің біріңғай келісілген саясаты болмауынан және заңдық базаның жетілмеуінен туындаған заңсыз көші-қон.5. Ішкі еңбек рыногында өзіміздің еңбек ресурстары асып-артылып жатқан кезде шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты еңбек көші-қоны.6. Бірқатар мемлекеттердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздығы салдарынан босқындардың болуы.Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның босқындар мәртебесі туралы 1959 жылғы Конвенциясына және оған 1967 жылғы Хаттамаға қосылуы босқын мәртебесін алудан үміттенетін адамдарды қабылдау жөнінде белгілі дәрежеде міндеттеме жүктейді.Көші-қон проблемаларын шешу Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтану перспективаларымен айқындалады. Көші-қон саясатының мақсаты — көші-қон процестерін басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың кұқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мына қағидаттарға:көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, саяси сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге;көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге;жеке адам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға, өкімет билігінің барлық тармақтары мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге;Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғауға, тең құқықты ынтымақтастық негізінде халықтың көші-қоны алмасуындағы Қазақстан мен әріптес-мемлекеттердің басымдықтарын келісуге;жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.
173) Қазақстан Республикасы Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауының мәні мен мазмұны
Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемдік саясаттағы, ұлттық экономикадағы, азаматтық қоғамды нығайтудағы жетістіктерін атап өтті. Біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері көптеген қарқынды жетіліп келе жатқан елдердің осындай көрсеткіштерінен әлдеқайда жоғары екендігін ерекше айтты. Тұрақты даму және азаматтық келісім кепілі бола отырып, Президент сенімді түрде жаңа онжылдықтың міндеттерін айқындайды. Алдағы онжылдықтың негізгі басымдықтары жеделдетілген индустрияландыру, шынайы экономика мен агроөнеркәсіптік кешенді күшейту, әлеуметтік жаңару, ғылым, білім мен өндірісті шоғырландыру, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру болып табылады.Мемлекет қабылдаған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, білімді, денсаулық сақтау саласын, жалпы, қазақстандықтардың өмірі мен әл-ауқатын жаңа сапалы деңгейге жеткізуге бағытталған. Қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыру ішкі жалпы өнім, халық саны, өмір сүру ұзақтығы, жұмыссыздық деңгейін төмендету сияқты сапалық көрсеткіштердің артуына алып келеді. Президентіміздің бірізді саясатының арқасында еліміз әлемдік қаржы дағдарысынан мүдірмей өтіп, кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолайлы жағдай жасады, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының артуын қамтамасыз етті Білім және ғылым саласындағы инновациялық саясатты қолдай отырып, университет өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізу, жаңа формациядағы кадрларды дайындау, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу, рейтингтерге қатысу бойынша үлкен жұмыс атқарады.Мемлекет пен Білім және ғылым министрлігінің тұрақты қолдауының арқасында университетте жаңа білім беру технологияларын енгізуге, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, студент жастардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеттерін дамытуға мүмкіндік беретін заманауи ресурстық база қалыптастырылған. Студенттер мен оқытушыларға қамқорлық стипендия, еңбекақы мөлшерінің өсуінен, гранттардың бөлінуінен көрініс тапса, бұл – әлеуметтік оптимизмнің артуына және болашаққа сеніммен қарауға нақты себеп. Балалардың оқуына қаражат жинаудың Президент ұсынған тетіктері жоғары білімге қолжетімділікті айтарлықтай арттырады. Инновациялық Назарбаев Университеті мен интеллектуалдық Назарбаев мектептерінің қызмет етуі Қазақстанның интеллектуалдық элитасының қалыптасуына ықпал етеді.Президенттің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауы дамудың жаңа кезеңінде бейбітшілік пен жасампаздық саясатын жалғастыратын Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелейтін мерейтой жылын бастайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың осы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауында өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайту болып табылады. Республикамыздағы саяси тұрақтылыққа байланысты елімізде саяси жүйені тұрақтандыру процесі жүріп, әлеуметтік-экономикалық реформаларға шарттар қалыптасты. Қазақстандағы демократияландыру жолындағы реформалар жылында саяси жүйенің дағдылану технологиялары қалыптасып, барлық мәселелерді шешудегі консенсусқа жету тәсілдері игерілді. Осы себептерге байланысты еліміздің қоғам мүшелерін біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан қазіргі жағдайдағы жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ.