- •1. Мәтінді оқыңыз, толықтырыңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
- •Ұлттық Мінез
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •4. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңіз және айтқаныңызды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •5. Өз бойыңыздағы жаман қасиеттерді қалай мойындайсыз?
- •6. Мәтіндегі мына жолдарға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
- •8. Тапсырмалар
- •9.. Жаттығулар
- •Қоғам жӘне жастар
- •4. Мәтінмен танысып, өзіңіз оқитын білім ордасында қандай үйірмелер бар екені туралы сұхбат құрыңыз.
- •6. Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз.
- •Адам және қоғам
- •4. Мәтінге сәйкес берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •5. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
- •7. Болашақ мамандығыңыздың тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі туралы әңгіме құрастырыңыз.
- •Төмендегі іс-әрекеттердің қылмыстық жауапкершілігін ашып көрсетіңіз.
- •Бос уақыт және қызығушылық
- •2.Полилогті оқып, әңгіме не туралы екенін қысқаша баяндаңыз.
- •3.Сұрақтар мен тапсырмалар
- •– Сабақ
- •Ұлылардың хоббиі
- •2. Ұлы адамдардың жинаған заттарын сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Өзіңіз бос уақытыңызда немен айналысатыныңызды/шұғылданатыныңызды әңгімелеп беріңіз.
- •Тәуелсіз қазақстан
- •Қазақтың Өнері мен мӘдениеті
- •1. Ой шақыру сұрақтары
- •2. Берілген екі қатардан синоним сөзді табыңыз
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз
- •Мұқан Төлебаев
- •Қазақстан өнері
- •2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз. Жарасымды құрметті
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
- •5. Мына сұрақтардың мазмұны ашатын абзацтарды немесе сөйлемдерді мәтіннен табыңыз.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Мәтін бойынша сөйлемдерді қостамаңыз немесе растаңыз
- •6. Мәтінді пайдаланып, сөздердің өз орнын табыңыз
- •7. Еске түсірейік
- •8. Төмендегі етістіктермен шартты райда сөйлем құраңыз.
- •9.Әңгімені тыңдап,билердің сөз өнерін қолдана білу шеберлігі туралы айтыңыз. Кино өнері
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1. Ой шақыру сұрақтарына жауап беріңіз
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Мәтінен шылауларды табыңдар. Шылаулардың мағыналық ерекшеліктері мен қызметін ауызша айтыңыз.
- •3. Сөйлемді толықтырыңыз.
- •4. Алматы қаласында "Ағашты күту", "Бақ өсіруде" қандай іс-шаралар жасалынып жатыр
- •1.Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.
- •2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз.
- •4.Сөйлемді жалғастырыңыз.
- •Өз өлкеңді таны
- •1.Мәтінді оқыңыз. Әңгімелеңіз.
- •3. Досыңызбен сұхбат құрыңыз.
- •4.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
- •5.Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
- •Қазақстанның тарихи орындары
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
- •4. Жақшадағы сөздерді синонимдерімен ауыстырып айтыңыз:
- •Иә, Түркістанның төңірегінен (тас заманының) ескерткіштері табылғаны туралы естігенмін.
- •9. Берілген сөйлемдердің мағынасын талдаңыз.
- •10. Жаттығуларда берілген шағын мәтіннің идеясын айтыңыз.
- •12. Мемлекеттік, елдік, бірлік туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, афоризмдер жазыңыз.
- •13. Көшпенділер өркениеті туралы пікіріңізді, түсінігіңізді айтыңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Мына екі қатардан синоним сөздерді теріп жазыңыз.
- •4. Жақша ішіндегі сөздерді синонимдерімен ауыстырып айтыңыз.
- •8. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз.
- •9. Қарсыласыңыз немесе келісіңіз.
- •10. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Ақын м.Шахановтың “Жеңілген жеңімпаз … ” өлеңін оқып, түсінігіңізді баяндаңыз. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •2. Жақша ішіндегі сөздердің синонимдік баламасын табыңыз.
- •3. Сөйлемдегі сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздермен ауыстырыңыз.
- •Болон декларациясының негізгі қағидалары
- •5. Тапсырмалар:
- •6. Болон декларациясының артықшылығын мына сызба арқылы айтып беріңіз. Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Бүгінгі маман келбеті
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •3. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.
- •5. Тапсырмалар
- •7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •8. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз
- •Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.
- •1) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз.
- •Қазақстан жаһандану дӘуірінде
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Сөйлемдерді оқыңыз. Қарамен берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді белгілеңіз.
- •ҚазАқстан – Азия барысы
- •Жаңа сөздер.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Жоғарыдағы жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркестерін құрастырыңыз.
- •Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрыңыз.
- •Мәтін мазмұны бойынша төмендегі құрмалас сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •Сөйлемдердегі ойды таратып айтыңыз.
- •Мәтіннен туынды зат есім мен туынды сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
- •Мына сұрақтарды талқылаңыз.
- •10. «Мен өзім 2030 жылғы Қазақстанды қалай елестетемін?» деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындаңыз.
5.Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Су анасы - бұлақ.
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
Сулы жер - нулы жер,
Бұлақты жер тұрақты жер.
Толықсып аққан дәрия -
Мейірбанды кәрия.
Көлдің көркі - құрақ,
Таудың көркі - бұлақ.
Оқыңыз, қызық!
Ертедегі аңыздар бойынша, шайқасқа шығар алдында жауынгерлер бұлшық еттерінде күш, жүректерінде ерлік пен ширақтық жинау үшін арасан-бұлақтарға барады екен.
Егер жердің терең қабатынан атқылап жатқан кристалдай мөлдір суды бір көргенде-ақ шаршағандығың білінбей, ойың ап-айқын болып, жаның жай тапса мұны қалайша ертегі, аңыз дерсің!..
Қазақстанның тарихи орындары
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Түркі өркениеті дегеніміз не?
2) Жалпы түркі өркениетіне қызмет жасаған қандай ойшыл ғалымдар мен жазушыларды білесіз?
3) Тәңірлік наным-сенімді қалай түсінесіз?
4) Тәңіршілдік пен ислам дінін қалай байланыстыруға болады?
2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз.
1) Аймақ, тас дәуірі, әуелгі, билеуші, жаулаушылық, атақ-даңқ, өркендеу, ұлан-байтақ, жіктеу.
2) Алғашқы, дәреже, даму, тас заманы, өлке, ұланғайыр, басқарушы, бөлу, шапқыншылық.
3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
Үлгі: ұлан-байтақ жер, жоңғар шапқыншылығы, …
4. Жақшадағы сөздерді синонимдерімен ауыстырып айтыңыз:
– Түркістан төңірегінің бұрын қалай аталғанын білесің бе?
– Жоқ.
– Шауғар (өлкесі) атанған
– Түркістанның (дамуына) не әсер етті деп ойлайсың?
– Бәлкім, Иассауи кесенесінің болғандығынан шығар.
– Иә, дұрыс айтасың. Сондай-ақ қала (ұлаңғайыр) жерді алып жатты, әрі Жібек жолының бойында орналасқан еді.
– Түркістан қаласының ежелгі тарихын білесің бе?
Иә, Түркістанның төңірегінен (тас заманының) ескерткіштері табылғаны туралы естігенмін.
Мәтінді оқыңыз.
Түркістан
Түркістан, Иасы-Қазақстан Республикасындағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы б.з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы тас дәуірі ескерткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ІХ ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-19 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, Х ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. ХІІ ғасырдың бірінші ширегінде қидандар шабуылының Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Иассауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иассауи қайтыс болған кезде оның қабірі басында мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. ХV-ХVІІ ғасырларда зираттың төңірегінде ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға сұлтан Бегім (ХV ғ.), Есім хан (ХVІІ ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден бастап Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады. ХVІІІ ғасырда жоңғар шапқыншылықтары қаланы құлдыратып жіберді. 1819-1864 жылдары Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскерлері жаулап алды. 1903 жылы Түркістанда темір жол вокзалы салынды. 1918 жылы 6-9 қаңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының құрылтайы өтті. Құрылтайда Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Түркістанда орта білім беретін мектептерден басқа арнаулы білім беретін оқу орындары бар. 1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды. Юнеско шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді.
(Ұлттық энциклопедия)
7. Мәтінге тапсырма.
1) Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.
2) Сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыз.
3)Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз
4) Мәтіндегі сан есімдерді құрамы мен мағынасына қарай ауызша талдаңдар
8. Мына сөз тіркестерін пайдалана отырып, логикалық жағынан біртұтас сөйлемдер құрастырыңыз:
Қастерлі мекен, түркі жұрты, түркі тайпалары, түркі өркениеті, құдіретті күш, тұтас ұлыс, ортақ діл мен дін, шежірелі аймақ, әлемнің төрт қиыры, түркілік тәңіршілдік, ислам діні, бірыңғай дүниетаным, шығыстық мәдениет, батыс мәдениеті, түркі ойшылдары, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан.