- •1. Мәтінді оқыңыз, толықтырыңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
- •Ұлттық Мінез
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •4. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңіз және айтқаныңызды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •5. Өз бойыңыздағы жаман қасиеттерді қалай мойындайсыз?
- •6. Мәтіндегі мына жолдарға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
- •8. Тапсырмалар
- •9.. Жаттығулар
- •Қоғам жӘне жастар
- •4. Мәтінмен танысып, өзіңіз оқитын білім ордасында қандай үйірмелер бар екені туралы сұхбат құрыңыз.
- •6. Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз.
- •Адам және қоғам
- •4. Мәтінге сәйкес берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •5. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
- •7. Болашақ мамандығыңыздың тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі туралы әңгіме құрастырыңыз.
- •Төмендегі іс-әрекеттердің қылмыстық жауапкершілігін ашып көрсетіңіз.
- •Бос уақыт және қызығушылық
- •2.Полилогті оқып, әңгіме не туралы екенін қысқаша баяндаңыз.
- •3.Сұрақтар мен тапсырмалар
- •– Сабақ
- •Ұлылардың хоббиі
- •2. Ұлы адамдардың жинаған заттарын сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Өзіңіз бос уақытыңызда немен айналысатыныңызды/шұғылданатыныңызды әңгімелеп беріңіз.
- •Тәуелсіз қазақстан
- •Қазақтың Өнері мен мӘдениеті
- •1. Ой шақыру сұрақтары
- •2. Берілген екі қатардан синоним сөзді табыңыз
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз
- •Мұқан Төлебаев
- •Қазақстан өнері
- •2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз. Жарасымды құрметті
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
- •5. Мына сұрақтардың мазмұны ашатын абзацтарды немесе сөйлемдерді мәтіннен табыңыз.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Мәтін бойынша сөйлемдерді қостамаңыз немесе растаңыз
- •6. Мәтінді пайдаланып, сөздердің өз орнын табыңыз
- •7. Еске түсірейік
- •8. Төмендегі етістіктермен шартты райда сөйлем құраңыз.
- •9.Әңгімені тыңдап,билердің сөз өнерін қолдана білу шеберлігі туралы айтыңыз. Кино өнері
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1. Ой шақыру сұрақтарына жауап беріңіз
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Мәтінен шылауларды табыңдар. Шылаулардың мағыналық ерекшеліктері мен қызметін ауызша айтыңыз.
- •3. Сөйлемді толықтырыңыз.
- •4. Алматы қаласында "Ағашты күту", "Бақ өсіруде" қандай іс-шаралар жасалынып жатыр
- •1.Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.
- •2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз.
- •4.Сөйлемді жалғастырыңыз.
- •Өз өлкеңді таны
- •1.Мәтінді оқыңыз. Әңгімелеңіз.
- •3. Досыңызбен сұхбат құрыңыз.
- •4.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
- •5.Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
- •Қазақстанның тарихи орындары
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
- •4. Жақшадағы сөздерді синонимдерімен ауыстырып айтыңыз:
- •Иә, Түркістанның төңірегінен (тас заманының) ескерткіштері табылғаны туралы естігенмін.
- •9. Берілген сөйлемдердің мағынасын талдаңыз.
- •10. Жаттығуларда берілген шағын мәтіннің идеясын айтыңыз.
- •12. Мемлекеттік, елдік, бірлік туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, афоризмдер жазыңыз.
- •13. Көшпенділер өркениеті туралы пікіріңізді, түсінігіңізді айтыңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Мына екі қатардан синоним сөздерді теріп жазыңыз.
- •4. Жақша ішіндегі сөздерді синонимдерімен ауыстырып айтыңыз.
- •8. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз.
- •9. Қарсыласыңыз немесе келісіңіз.
- •10. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Ақын м.Шахановтың “Жеңілген жеңімпаз … ” өлеңін оқып, түсінігіңізді баяндаңыз. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •2. Жақша ішіндегі сөздердің синонимдік баламасын табыңыз.
- •3. Сөйлемдегі сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздермен ауыстырыңыз.
- •Болон декларациясының негізгі қағидалары
- •5. Тапсырмалар:
- •6. Болон декларациясының артықшылығын мына сызба арқылы айтып беріңіз. Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Бүгінгі маман келбеті
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •3. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.
- •5. Тапсырмалар
- •7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •8. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз
- •Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.
- •1) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз.
- •Қазақстан жаһандану дӘуірінде
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Сөйлемдерді оқыңыз. Қарамен берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді белгілеңіз.
- •ҚазАқстан – Азия барысы
- •Жаңа сөздер.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Жоғарыдағы жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркестерін құрастырыңыз.
- •Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрыңыз.
- •Мәтін мазмұны бойынша төмендегі құрмалас сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •Сөйлемдердегі ойды таратып айтыңыз.
- •Мәтіннен туынды зат есім мен туынды сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
- •Мына сұрақтарды талқылаңыз.
- •10. «Мен өзім 2030 жылғы Қазақстанды қалай елестетемін?» деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындаңыз.
Өз өлкеңді таны
1.Мәтінді оқыңыз. Әңгімелеңіз.
Кербез Көкше
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Иісі қазақтың жер жәннаты. Осынау кербез өңірдің әр тасы киелі, әр пұшпағы қымбат. Аты аңызға айналған, талай ақын таңқалған, дүлдүл жырын арнаған Оқжетпеске қиялың жетсе де, жанарың жетпес. Қараған көз қанша аймаласа да құмары қанбас, сұлу сырдың сүлейі Мағжан, кестелі сөздің зергері Сәкен айтып тауыса алмаған көріктің, міне осы.
Сол биікке көк аспан іңкәр болса, тәкәппар Оқжетпес етегіндегі Айнакөлге қарап өз көркіне өзі құмартады. Күміс көл айнала сұлулыққа әсем жарасып, сылқ-сылқ күледі. Мөлдіреген жанары, періште көңілі кіршіксіз.
Сарыарқаның сайын даласында отау тіккен Бурабай жұмақты қиялынан іздеген қазаққа туған топырағынан табылған жерұйық. Жасыл желек, саф алтын, кербез тау қам көңілдің жұбанышы, үкілі үміттің жебеушісі, сұлулыққа іңкәр жүректің сезім тербер бесігі.
"Шеш көңілімнің жұмбағын" деп қылықты назданған Жұмбақ тас көл бетінде жеңіл жүзгендей. Ғасырларды сұқтандырған, дәуірлерді тамсандырған ерекше көрініс, өз алдына құпия әлем. Сол әлемге атам қазақтың ұлы тарихы тұнған. Көкшенің көркіне, хор қызындай жасанған келбетіне қарап аршылғың келеді, көлеңке атаулыдан арылғың келеді. Судан сапырылысқан заманның аласапыранында бір сәт дамылдағың келеді. Көкшені берген, көріктіңді берген жаратқанға мың да бір алғысыңды ағыңнан жарыла айтқың келеді. Ару Көкшедей ажарлы болғың келеді.
2. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
Кербез сұлу, жер жәннаты, әр пұшпағы қымбат, кестелі сөздің зергері, келбетіне қарау, періште көңілі кіршіксіз, ағынан жарылу, ажарлы болу.
3. Досыңызбен сұхбат құрыңыз.
- Шығыс Қазақстанда қанша көл бар?
- Шығыс Қазақстанда 75 көл бар?
- Солардың ең үлкені Зайсан көлі ғой.
Одан басқа қандай көлдер бар?
- Мен алдымен Марқакөлді атар едім.
Қазақстанда ең тұнық көл - Марқакөл. Ол теңіз деңгейінен 14,85 метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы - 38, ені 19 шақырым. Тереңдігі - 27 метр. Марқакөлді шағын "Байкал" деп атайды. Бұл көлге 27 өзен мен бұлақ келіп құяды, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Суы тұщы, мөлдір балыққа бай.
- Балықтың қандай түрлері бар?
- Марқакөлде табан, сазан, аққайран, қаяз және т.б. мекендейді.
Көл айналасындағы тау беткейінде қарағай, самырсын т.б. орман ағашы өседі. Марқакөл - Қазақстандағы табиғаты бай, суы шипалы жер.
4.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
Алакөл
Алакөл - Семей, Талдықорған облыстарының аралығындағы Балқаш-Алакөл қазан шұңқырында, теңіз деңгейінен 343 м биіктікте жатқан ағынсыз, тұзды көл. Көлемі - 2650 шаршы шақырым. Ұзындығы 104 шақырым, ені 52 шақырым. Орташа тереңдігі - 22 метр. Көлдің дәл ортасында үлкен және кіші Арал төбе бар. Алакөлге Үржар, Қатынсу, Емел өзендері құяды.
Алакөлде ақ пен көк кезек-кезек алмасып жатады. Ақ жері - жылы, көгілдір тұсы - салқындау. Алакөл аталуы да осыдан. Бірақ негізінен көл жанға жайлы, жып-жылы. Жылы болғандықтан да жұп-жұмсақ.
Алакөлден сазан, көкбас, алабұға балықтары ауланады. Суы тұзды, денсаулыққа пайдасы зор. Мың да бір дертке шипа.