Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Су гигиенасы-теория.doc
Скачиваний:
399
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.88 Mб
Скачать

6 Сурет. Өзендік су құбырының санитарлық қорғау аймағының 1 белдеуінің жобасы

А- ені 100 м кем болатын өзен; Б- ені 100 м асатын өзен;1-суды қабылдау қондырғылары; 2-суды қабылдау құдығы және 1-ші көтергіш насос станциясы; 3-суды тазалау қондырғылары; 4-магистральдік су құбыры; 5- елді мекеннің су тарату желісі; 6-қатаң режимді аймағы (1-1 белдеу).

2. Су қоймалары (көлтоғандар, көлдер) үшін бірінші белдеудің шекарасы – суды алу орнынан акваторияның барлық бағыттары бойынша және суды алу орнына жақын орналасқан жағалауы бойынша судың арнасынан - ең кемінде 100м.

3. Ағынды сулар (өзендер, каналдар) және су қоймалары (көлтоғандар, көлдер) үшін СҚА екінші белдеуі табиғи, климаттық және гидрогеологиялық жағдайларына байланысты анықталуы қажет. Ағынды сулар үшін, микробтардан өзіндік тазалану мақсатымен, СҚА екінші белдеуінің шекарасы климаттық ауданына байланысты келесідей белгіленуі қажет:

1. Судың ағысы бойынша жоғары қарай: судың ағу жылдамдығына байланысты, белдеудің шекарасынан бастап суды алу орнына дейін, қоңыржай климаттық аудан үшін – 5 тәулік, ыстық климаттық аудан үшін – 3 тәулік.

2. Судың ағысы бойынша төмен қарай: суды алу орнынан ең кемінде 250м.

3. Су қоймаларында СҚА екінші белдеуінің шекаралары суды алу орнынан, акваторияның барлық бағыттары бойынша 3-5км қашықтықта орналасуы қажет.

4. Жер беткі су көздерінің СҚА үшінші белдеуінің шекаралары, судың ағысынан жоғары және төмен қарай екінші белдеудің шекарасындай – 3-5км қашықтықта алынады.

Жер беткі су көздерінің сқа қорғау шаралары

СҚА бірінші белдеуінің аймағы қоршалуы тиісті, оған бөтен адамдарды жіберуге рұқсат етілмейді, су құбыры қажетімен байланысты емес қандай-да болсын нысандарды салуға қатаң тиым салынады. Балық аулауға, шомылуға, кір жууға тиым салынады, қайық тебуге рұқсат етілмейді.

СҚА екінші және үшінші белдеулері бойынша шаралар құрылыстарды салудың және шаруашылық істердің барлық түрлерін реттеуге бағытталған, оның негізіне ластану ошақтарын болдырмау, тұрмыстық қажеті (кір жуу, мал суару т.б.) үшін су қоймасын пайдалануын шектеу шаралары қабылданған.

Жер асты су көздерінің СҚА қорғау шаралары

Бұл шаралар топырақ жамылғысын бұзылудан және ластанудан қорғауға бағытталан. Осы мақсатпен СҚА территориясында, су горизонтын ластаушы көзі ретінде қауіп тудыратын барлық істен шыққан скважиналар анықталуы тиісті. Олар тығындалуы немесе жөнделуі керек. Пайдалы қазбаларды қазуына, қатты қоқыстарды жер астында көмуіне, сондай-ақ қолданылған суларды терең орналасқан жер асты су горизонттарына қысыммен айдауына, улы химикат, минералды тыңайтқыш қоймаларын, жанармай материалдарын, сондай-ақ зираттарды, мал өлекселерін көму орындарын, мал шаруашылық кәсіпорындарын және басқа шаруашылық нысандарын орналастыруға қатаң тиым салынады.

Жер асты су көзінің СҚА территориясындағы құрылыстардың барлығы канализациялануы немесе су өткізбеуші шұңқырлармен жабдықталуы қажет.

ШАРУАШЫЛЫҚ – АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ҮШІН СУДЫ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Су көздеріндегі судың сапасы шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандыруға арналған судың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келе бермейді. Ол су көзінің түріне (жер асты немесе жер беткі), табиғи-климаттық жағдайларына және басқа факторларға байланысты келеді. Осылар судың физикалық-химиялық және бактериологиялық қасиеттерін белгілейді, ал олар болса өз кезегімен суды дайындаудың (тазалаудың) тиесілі әдістерін талап етеді.

Жер асты су көздері, әсіресе, пластаралық және артезиандық сулар, ластардан сенімді қорғалып, көбінесе ауыз суға қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

Жер беткі су көздеріндегі су негізінен ауыз суға қойылатын нормативтерге сай келмей, суды тазалау жүйесін ұйымдастыруды қажет етеді. Осы процесстің жобасы су көзіндегі судың сапасы мен қасиеттеріне, сондай-ақ жобаланушы су құбырының қуаттылығына байланысты болады. Суды тазалау жүйесі су қоймаларында (көлтоғандарда, тоғандарда) фито және зоопланктонның өсіп-дамуына (судың «гүлденуіне») байланысты келеді

Су қоймалары суындағы қалқымалы заттардың мөлшері ондағаннан бастап бірнеше мыңдаған мг/л дейін жетуі мүмкін.

Жер беткі су көздеріндегі суда микроорганизмдер мен вирустар орасаң көп болады, олардың көбісінің патогендік қасиеттері бар. Осыған байланысты суды қалқымалы заттардан мөлдірлендірудің әдетті әдістері микроорганизмдерден маңызды тазалағанымен, суды зиянсыздандырудың қосымша (залалсыздандыру) әдістерін қолдану қажет болады. Сонымен, судың сапасын жақсартудың негізгі әдістері мен амалдарына және оның санитарлық ережелер құжатының талаптарына сай келтіру үшін суды мөлдірлендіру және түссіздендіру әдістері, химиялық заттарды шығарып алу немесе химиялық заттарды қосуына арналған суды өңдеудің арнайы әдістері, эпидемиологияқ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен суды залалсыздандыру тәсілдері қолданылады.

Суды мөлдірлендіру және түссіздендіру

Суды мөлдірлендіру деп одан қалқымалы заттарды шығарып алуды түсіну керек. Қалқымалы заттар бөлшектерінің өлшемдері 100 мкм асатын ірі дисперсті қоспаларға және бөлшектері 100 ден 0,1 мкм дейінгі ұсақ дисперсті суспензияларға бөлінеді. Өлшемдері 0,1-0,001мкм бөлшектер суда коллоидты ерітінділерді құрайды, ал өлшемдері 0,001 мкм төмен бөлшектер еріген күйде болады.

Суды түссіздендіру – ол еріген заттарды жою. Қолданылып жүрген суды мөлдірлендіру әдістерімен өлшемдері 0,1 мкм жоғары қалқымалы бөлшектерді ұстауға болады. Оларды шығару үшін суды коагуляциялау қажет.

Коагуляция деп қалқымалы күйде болатын судағы ірі дисперсті және ұсақ дисперсті химиялық реагенттерді (коагулянттарды) ірілендіру процессін айтады, олар осы заттардың бір-біріне жабысу процессін жеңілдетіп, осының нәтижесінде ірі агрегаттар – үлпектер құралады. Коагулянттар ретінде алюминий немесе темір тұздары қолданылады. Біздің республикада негізінен алюминий сульфаты - Al2(SO4)3 қолданылады. Сондай-ақ алюминийдің оксихлориды [Al2(OH)3]Cl * 6H2O және натрий аллюминаты NaAlO2 қолданылады, мұнда судың рН өзгермейді, ал ол болса суды тазалау технологиясында өте маңызды. Суға коагулянтты қосуда ол гидролизданып, аллюминий тотығы гидратының коллоидты ерітіндісі түзіледі.

Al2 (SO4)3 + 6H2O 2 Al(OH)3 + 3 H2 SO4

Коагулянттардың оң зарядталған гидраттарының теріс зарядталған коллоидтармен өзара әрекеттесуінде зарядтардың бейтараптануы жүріп, олар бір-біріне жабысып, шөгіндіге шөгеді. Сонымен қатар, коллоидтардың борпылдақ үлпектері өзімен бірге қалқымалы бөлшектерді судың түбіне ала кетеді. Сонымен коагуляция суды әрі қарай тазалау үшін дайындайды қолданылады.

Тұндыру Судың мөлдірлендірудің бірінші сатысы болып, қалқымалы заттарды тұндырғыштарда шөктіру процессі саналады. Тұндырғыштың жұмысы оларда судың ағу жылдамдығын баяулатуға негізделген. Судың ағу бағытына байланысты горизонтальды, вертикальды және радиальды тұндырғыштарды ажыратады (7 сурет).