Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДР.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
107.99 Кб
Скачать

8 Кесте – Жер асты суларының жайласу деңгейіне

қарай қарбызды суару тәртібі

 

Жср асты суларының жайласу деңгейі, м

Суару саны

Суару мѳлшері, м3/га

Суландыру мөлшері, м3 /га

2 м-ден төмен

6-7

700

4200-4900

1-2

4-5

600-700

2400-3500

1 м-ге дейін

2-3

600-700

1200-2100

 

Қарбыз егісі ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген жағдайда тамыр жүйесі жақсы дамиды және сол мықты тамырлары арқылы топырақтың терең қабаттарынан ылғалды сіңіріп алады; жапырақ бетінің көлемі артады, нәтижеде жоғары өнім алынады. Мүны Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ылғалдылығы орташа болған 2011 жылы жүргізген тәжірибесіндегі алып барылған фенологиялык бақылаулардың көрсеткіштерінен көруге болады.

 

               9 кесте – Ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайына қарай

карбыздың өсуі мен дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Суару

Ѳнімге кеткен жалпы судың шығыны, м3/га

Тамырлардыц терепдігі, см

Жанама тамырларының ең жогарғы ұзындығы

5- маусымдағы өсімдіктің жапырақ бетінің көлемі, м3

Өнім,

ц/га

 

 

Негізгі

массасының

Жеке тамырлардың

Өзек тамырының

 

 

 

2 суару (бақылау-Ницца)

1800

27

36

70

87

180

0,72

251.3

2 суару -Сапалы

1800

28

43

 

210

1.82

328,4

4 суару -Сапалы

2400

28

59

104

240

2,92

341,2

5 суару -Сапалы

3000

30

62

111

260

3,83

357,7

 

Суару коректену тәртібіне екі жақты әсер етеді. Олар топырақтағы қоректік заттардың корын жандандырады, сол арқылы топырақтың табиғи кұнарлылығының артуына жағдай жасайды. Сонымен бірге олар осы қоректік заттар қорының жоғары өнімнің қарқынды түрде сіңіруі нәтижесінде азаюына да жағдай жасайды.

Суарулар пайдаланылатын қоректік заттар мѳлшеріне әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ ондагы фосфордың тиімді мөлшерін реттеп отырады, ал бұлардың бәрі өз кезегінде өнімді едәуір арттырады. Сонымен бірге ағын су топырақтағы қоректік затардын химиялык түрленуіне де түрткі болады. Әсіресе нитраттардың ѳзгеруіне суару күшті әсер етеді: әрбір суарудан кейін олардың мөлшері едәуір шайылады да, нәтижеде нитрификация процесі әлсірейді. Суару нитраттардың жылжуын күшейтеді; мұнда топырақ қаншалықты терең ылғалданса, олар да соншалықты тереңге түседі. Суару салыстырмалы түрде көп жүргізілетін бақшашылықта суару мөлшерлерінің артып кетпеуін қатты қадағалап отыру керек, өйткені көп мөлшерде суару нәтижесінде топырақтың құрамындағы маңызды қоректік элемент – нитратты азоттың азайып кетуіне алып келеді.

Тыңайтқыштар енгізе отырып суару қарбыздың дәмдік қасиеттерін едәуір жақсартады, қанттылығын, құрғақ заттар мөлшерін, С дәруменінің мөлшерін арттырады, жалпы кышқылдылығын төмендетеді (23-кесте).

 

 

 

 

10 Кесте – Суарулар мен тыңайтқыштардың қарбыз жемісінің сапасына әсері

 

Аталуы

N60P80 + 2 суару

N60P80 + 4 суару

N100P80 + 5 суару

Құрғак зат, %

9,0

9.4

9,6

Жалпы қант мөлшері, % Соның ішінде: Қант С дәрумені, мг

6,6

1,1

4,89

7,1

1.5 6,93

7,4

1.8 7.54

Жалпы қышқылдығы шикі затка % есебінде

0,076

0,105

0,068

                         2.7    Қарбыз дақылының сорттары

 

 

Қарбыздың Мелитопольский 142сорты . Волгоградтагы Быков атындағы тәжірибе стансасының селекциялық сорты. Бұл сорттың өсімдігі шамамен 6 келі және одан да ауыр ірі жеміс береді. Жемісінің пішіні шамалы сопақша келген шар тәрізді. Жемісінің беті әлсіз сегменттелген. Реңі жасыл түсті, көк-жасыл жолақтары бар. Балдыры сулы, дәмді, қызғыш-қызыл. Тұқымы орташа үлкендікте, қызыл түсті. Жемісінің қабыгы қалың, тасымалдауға төзімді, сақтауға жарамды. Орташа-кеш пісер сорт.

Суармалы жағдайларда  жоғары өнім береді. Бақша дақылдары (қарбыз жэне қауын) тағамдық және мал азықтық құнды, сондай-ақ консерв өнеркәсібі үшін өте жақсы шикізат өнімдері болып табылады.

Қарбыз жемісінің құрамында 12%, ал қауында - 18 %-ға дейін қант болады. Қанттан басқа қарбыз жемісінде  адам ағзасына қажетті минералды заттар мен дәрумендер, соның ішінде С дәрумені, сондай-ақ бүйрек ауруын емдеуде маңызды болған элемент – ерімейтін ақуызды еритін түріне өзгертуші дәрумендеуші ферменттер бар.

Қарбыздардың мал азықтық  өнімі ретінде сүт жеткізуші  мал шаруашылығындағы маңызы зор. Мұнда малдардың сүт беру мөлшері күрт артады. Қарбыздың көп мөлшерін басқа дақылдармен бірге сүрлем дайындауға пайдалануға болады. Мұндай дайындалған сүрлем жоғары сапалы болып, барлық түрдегі малдар тәбетпен жейді.

Мал азықтық мақсатта мал азықтық қарбыздардан бөлек  тағамдық қарбыздардан да пайдалануға болады, себебі оларда мал азықтық сорттарына қарағанда 2-3 есе көп қоректік заттар бар, сондықтан тағамдык қарбыздың төмен өнімін алған жағдайда оны малға беру тиімді. Сорт Қазақстанның оңтүстігінде аудандастырылған.

 

Қарбыздың Астраханский сорты. Астраханский сорты -Астрахань көкөніс және бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ВНИИОБ) жетекші селекционері К.Е.Дютиннің шығарған сорты. Сорт өсіп даму кезеңінің аяғына дейін жылуды талап етеді. Өсімдігі ұзын пәлекті, орташа жуандықта. Жемісі шар тәрізді, сегменттелген, салмағы 3,4-5,1 келі. Түсі ашық-жасыл және жасыл, орташа енділіктегі қою түсті жолақтары бар.

Қабығы қалың - 2 см, тегіс, тығыз.

Балдыры кою қызыл, ірі  тұқымды, сулы, тәтті. Ірі жемістерінде кейде бостықтары пайда болады, бірак ол оның дәмдік қасиетіне әсер етпейді. Тұқымдары енді, қоңыр, 1 жемістен алынған тұқым салмағы 40 г-ға дейін жетеді. Құрамындағы құрғақ зат мөлшері - 8,2-11,4%, қант - 7-9 %, С дәрумені - 6,6-8,7 мг%; дәмі - 4-4,8 балл. Өскін алганнан бірінші жиын-терімге дейін 86-93 күн. Сорттың фузариозды солу және ақ ұнтақ ауруларына шалдығу дәрежесі орташа, антракноз ауруына - төмен дәрежеде шалдығады.

 

Қарбыз сорты – Междуреченский.Оригинаторы - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Сорт қарбыздың жергілікті сорттық үлгілерінің жеке іріктеу әдісі негізінде шығарылған.

Сорт орташа-ерте пісер, өскін алғаннан жиын-терімге дейін 75-85 күн. Өсімдіктерінің жуандығы орташа. Пәлектерінің бірінші буыны көп санды, ал екінші және кейінгі буындагы сабақтары қалыптаспайды.

Жапырағы орташа үлкендікте, жүрек тәрізді, күшті дәрежеде ажыраған, жасыл. Жемісінің пішіні домалақ, тегіс, салмағы 4,0-5,2 келі. Жемісінің реңі – ашық-жасыл, жолақты. Жолақтары енді, шеттері бұлдыр, қою-жасыл түсті. Қабығы орташа қалыңдықта, қабыршақты. Балдыры тығыз, орташа жұмсақ, кармин түсті, сулы және тәтті. Дегустациялық бағасы - 4,5-4,7 балл. Құрғақ заттар мөлшері -10-11%. Тұқымы ұзынша-домалақ пішінді, сырты тегіс, ірі, қою-қызыл. Сорт бірыңғай пісіп жетіледі, өнімділігі -30 т/га, құрғақшылыққа төзімді, ақ ұнтақ және антракноз ауруларына орташа төзімді. Тасымалдауға шыдамды, ұзақ уақыт сақтауға жарамсыз.

 

Қарбыздың Медок семипалатинский  сорты.

Оригинаторы - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Сорт Медок сорттық үлгілерінің айқындалған ұяларының шағылыстыруынан кейін жеке және ұялы іріктеу негізінде шығарылған.

Сорт орташа-кеш пісер, өскін алғаннан жиын-терімге дейін 96-105 күн. Сабаы орташа жуан, жапырақтауы орташа.

Жапырағы орташа үлкендікте, беті жүрек пішіндес, жапырақ бөліктері сүйір. Жемісі домалақ. Сырты тегіс. Түсі – ашык-жасыл, жасыл, енді, қою жолақтары бар. Қабығы орташа қалыңдыққа ие, тығыз. Жемісінің салмағы 2,5-6 келі. Балдыры ашық қызыл түсті, тығыз, сулы, жұмсақ, өте тәтті. Дегустациялық бағасы – 4,8-5,0 балл, құрғақ заттар мөлшері – 12-13%. Тұқымы майда, тегіс, домалақ-сопақша, қою-сары түсті. Өнімділігі - 30 т/га. Сорт құрғақшылыққа төзімді, тасымалдауға және сақтауга жарамды, антракноз, бактериоз және ақ ұнтақ ауруларына төзімді.

2005 жылы аудандастырылған.

Авторы - Гуцалюк Т.Г., Мамырбеков Ж.Ж., Тайшибаева Э.У.

 

Қарбыздың Жетіген сорты. Оригинаторы - картоп жэне көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Сорт Медок сортымен жергілікті сорт үлгілерінің еркін  қайта шағылыстыруы арқылы жеке және ұялы іріктеу негізінде шығарылган.

Сорт ортапісер, өскін  алғаннан жиын-терімге дейін 85-95 күн. Сабағының жуандығы және жапырақтауы орташа.

Жапырағының беті жүрек  пішіндес, жапырақ бөліктері сүйір. Жапырағы орташа үлкендікте, қою-жасыл  түсті. Жемісі домалақ-сопақша. Сырты  тегіс, жемісінің салмағы 5-8 келі. Түсі – ашық-жасыл, енді, қою-жасыл, жолақтары бар. Қабығы орташа қалыңдыққа ие. Кескенде ақ түсті.

Балдыры ашық-қызыл түсті, тығыз, сулы, жұмсақ, өте тәтті. Тұқымы ірі, тегіс, домалақ-сопақша, ақ-сары түсті. Сорт жоғары өнімділігімен ажыралып тұрады - 35 т/га, жақсы дәмдік қасиетіне ие, дегустациялық бағасы - 4,9 балл, қүрғақ заттар мөлшері -13,2%, қанттылығы - 9 %, С дәрумені 11 мг%. Сорт қүрғақшылыққа төзімді, ақ ұнтақ ауруларына төзімді.

2010 жылы аудандастырылған.

Авторы - Гуцалюк Т.Г., Мамырбеков Ж.Ж., Тайшибаева Э.У.

 

 

Красносемянник қарбыз сорты.Оригинаторы - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Сорт ең жақсы жергілікті сорт үлгілерінің жеке және ұялы іріктеу негізінде шығарылған.

Сорт орташа-кешпісер, өскін алғаннан жиын-терімге дейін 95-105   күн.   Сабағы жайылып   өседі,   жуандығы орташа. Негізгі сабагының ұзындығы орташа 1,8-2,2 м.

Жапырағы орташа үлкендікте, жүрек пішіндес, жасыл түсті. Жемісі домалақ. Сырты тегіс, жемісінің  салмағы 3,5-6,0 келі. Түсі – ашық-жасыл, енсіз, қою-жасыл, шеттері түзу үзік-үзік жолақтары бар, жеміссабағының айналасында қою түсті сызықтары көп. Қабығы орташа қалындыққа ие. Балдыры ашық-қызыл түсті, тығыз, сулы, жұмсақ, өте тәтті. Тұқымы ірі, тегіс, домалақ-сопақша, қызыл түсті. Орташа өнімділігі - 23 т/га. Дегустациялық бағасы -4,7 балл, қүрғақ заттар мөлшері -12%. Сорт ауруларға салыстырмалы түрде төзімді, сақтауға және тасымалдауга жарамды, құрғақшылыққа төзімді, бұл ылғал жетіспеушілік жағдайларында оны өсіруге мүмкіндік береді.

2004 жылы аудандастырылған.

Авторы - Гуцалюк Т.Г., Федоренко В.И., Мамырбеков Ж.Ж

Стоксик семипалатинский  қарбыз сорты.Оригинаторы - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы гылыми-зерттеу институты.

Сорт ең жақсы айқын-далған жергілікті сорт үлгілерін шағылыстырудан кейін жеке және ұялы іріктеу негізінде шығарылған.

Сорт орташа-ертепісер, өскін алганнан жиын-терімге дейін 78-85 күн.

Сабагы жіңішке, бұтақтауы  орташа. Негізгі сабағының ұзындығы орташа 1,5-1,8 м.

Жапырағының беткі пішіні жүрек пішіндес, майда, жасыл түсті. Жемісі домалақ. Түсі – қою-жасыл (дерлік қара). Жіп сияқты жіңішке жолақтары көрінер-көрінбес. Қабығы жұқа, өте тығыз, ақ-жасыл. Балдыры қан-қызыл түсті, тығыз, жүмсақ, өте тэтті. Жемісінің массасы - 2-5 келі. Өнімділігі - 22 т/га. Дегустациялық бағасы - 4,8 балл, қүргақ заттар мөлшері -12,6%. Тасымалдауга жарамдылығы жоғары, сақтауға шыдамдылығы орташа. Ауруларға төзімді.

2005 жылы аудандастырылған.

Авторы - Гуцалюк Т.Г., Мамырбеков Ж.Ж., Тайшибаева Э.У.

 

 

Қарбыз сорты - Ницца (лат.  Citrullus lanatus)

Сорт Краснодар көкөніс шаруашылығы        ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Ертепісер сорт. Өсімдіктері орташа жуандықта, сабағының ұзындығы орташа. Жемісі ұзынша шар тәрізді, салмағы 4,5 кг. Беті тегіс, түсі ашық-жасыл.

Қабығы орташа қалыңдықта. Балдыры қызыл, жұмсақ, тұқымды, сулы, тәтті. Тасымалдауға және сақтауға шыдамды. Өнімділігі 30-35 т/га.

Ницца - өсіп-даму кезеңі 3 айдан аспайтын кең тараған ертепісер  қарбыз сорты. Жемісі сопақша пішінді, массасы 5-6 кг. Балдыры қан қызыл  түсті, тұқымды, өте жұмсақ және сулы.

Тұқымы қою-қоңыр, қара дақтары бар. Уақтылы жиып алынған  пісіп жетілген қарбыздар 1 ай көлемінде  сақтауға жарамды. НИЦЦА, яғни-Н.И.Цыбулевский. Кримсон Свит жэне Монастырский сорттарының шағылыстырылуынан алынған, 1996 ж. Ертепісер (75-78 күнде пісіп жетіледі), дәмді, сопақша-жолақты. Оңтүстіктің түрлі аудандарында өнімділігі тұрақты. Тасымалдауға шыдамды, 2 ай жэне одан да ұзақ мерзімге сақтауға жарамды.

Аторы: Н.И.Цыбулевский.

Қарбыздың «Сапалы» сорты. Оригинаторы - Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Сорт ең жақсы жергілікті сорттық үлгілерді жеке және ұялы іріктеу әдісі негізінде шығарылған. Сорт ортапісер, бірыңғай өскін алынған уақыттан бірінші жиын-терімге дейін 75-85 күн. Өсімдіктері орташа үлкендікте, сабағы жайылып өседі, жапырақтауы орташа.

Жапырағының көлемі орташа, жапырақ беті жүрек пішінді, жапырақ ұштары сүйір. Жемісі домалақ. Сырты тегіс. Түсі – ашық-жасыл, жолақты. Қабыгы орташа қалындықта – 1,2-1,5 см, тығыз. Жемісінің салмағы 3,5-10 келі. Балдыры қызыл, жұмсақ, тұқымды, сулы, тәтті. Дегустациялық бағасы- 4,8-5,0 балл, қүрамындағы құрғақ заттар мөлшері 12,5%. Тұқымы майда, сырты тегіс, сопақша-домалақ пішінді, қоңыр түсті, майда дақтары бар. Өнімділігі - орташа сорланған топырақ жағдайында 30-35 т/га.

Сорт құрғақшылыққа төзімді, тасымалдауға шыдамды, сақтауға бейім, антракноз, бактериоз және ақ ұнтақ ауруларына қарсы тұра алады. Орташа сортаңдануга төзімді. Жер асты суларының 1,2-2,0 м жақын жайласқан жерлерде де жақсы өседі. 1000 дана тұқымының салмағы 45-50 г. Минералды тыңайтқыштарды еңгізу және өсіп даму кезеңінде пісіп жетілгенге дейін көп қайтара суару жақсы әсер етеді.

Авторлары : Үмбетаев И., Гусейнов И.Р., Махмаджанов С.

 

 2.8 Жүргізу әдістемесі

 

Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жер жағдайында бақша шаруашылығын дамыту үшін және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында «Жаңа отандық қарбыздың «Сапалы» сортын өндіріске енгізу» тәжірибесі жүргізілді.

Далалық тәжірибе (В.Ф. Белика мен Г.Л. Бондаренко, 1979 ж.) бақша шаруашылығындағы далалық және вегетациялық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі бойынша «Нина-Н» шаруа қожалығында жүргізілді.

Тәжірибелік алқаптағы  топырақ - ашық сұр, механикалық құрамы бойынша орташа сазданган. Зерттеу  нысаны - отандық, бәсекеге қабілетті  қарбыздың «Сапалы» сорты. Тәжірибеде минералдық тыңайтқышқа деген (азоттың әр түрлі мөлшері, өсімдіктің әр түрлі түп саны, суару тәртібі, вегетациялық суарудың мерзімі мен мөлшері және қатар аралық қопсытудың саны) зерттелді.

Жоғарыда аталған әр түрлі факторларды зерттеу үшін тәжірибелік алқап бірнеше мөлдектерге (делянки) бөлініп ыңғайластырылды (8-кесте).

Тәжірибелік алқаптағы  отандық қарбыздың «Сапалы» сортының өсіп дамуы барлық санақтар мен байқаулары жоғарыда аталған әдістеме бойынша  жүргізілді.

  • Қарбыздың көгіндерінің шығуы барлық нұсқаларда екі  қайтарылымда, екі санақ алаңқайларында 4 шаршы метр аумақта  есепке алынып жүргізілді.

  • Қарбыздың өсіп дамуының фенологиялық байқауы

  • Әрбір мөлдектегі қарбыздың өнімділігі

  • Қарбыздағы нитраттың мөлшерін анықтау

  • Қарбыздағы қанттың пайыздық мөлшерін анықтау

Қарбыз түқымының сапалық  көрсеткіштері (өнгіштігі, өну  энергиясы, 1000 тұқымның салмағы).

 

8-кесте – Тәжірибе нұсқалары

 

 

Нұсқалар

Азот тыңаГіткышынын енгізу мөлшері, келі, эсерлі зат есебінде

Суарудың мерзімі мен  саны

Суару мөлшері гектарына, мэ

Бапкау - сорт «Ницца»

60

0-2-0

1800

Сорт «Сапалы»

60

0-2-0

1800

Сорт «Сапалы»

80

0-3-1

2400

Сорт «Сапалы»

100

1-3-1

3000

 

Қарбызға арналган тәжірибелік  алқаптың көлемі 28350 м2.

Тәжірибе 4 нұсқада, 2 қайтарылымда жүргізілді.

Егістің тізбегі - 2,2x1,8x0,5 м.

Бір гектардағы түп сан - 12 мың.

Жоба бойынша ғылыми-зерттеу  жұмысында төмендегі лабораториялық агрофизикалық және агрохимиялық талдаулар  жүргізілді:

  • нитратты азотты анықтауда Гранвальд-Ляждың колори-  метрлік әдісі пайдаланылды. Әдіске тринитрофенолды пайда  ететін нитраттар мен сульфофенолды кышқылының арасындағы  реакция негіз етіп алынды. Топырақтың қоректік жүйесін зерттеу  мақсатында нитраттарды анықтау - көктемде және күзде 0-20,20-  40 және 40-60 см қабаттарында 60 см терендікке дейін, барлық  нұсқаларда екі айналымда жүргізілді.

  • нитратты азоттың қүрамы 1 келі топыраққа 1 миллиграм  қатысымен, мына формула арқылы есептелді:

 

 

мұнда, X - 1 келі топырақ құрамындағы нитратты азоттың мөлшері, мг;

а – 1 мл үлгі ерітіндісінің құрамындағы нитратты азоттың мөлшері, мг;

в – булауға алынған үлгі ерітіндісінің мөлшері, мл;

Т – стандартты ерітіндіге арналған колориметр көрсеткіштері;

 – сынақ ерітіндісіне арналған колориметр көрсеткіштері;

 – стандартты ерітіндінің  араластырудан алдыңғы келемі, мл;

Е – боялған сынақ  ерітіндісінің жалпы мөлшері, мл;

М – буланған сынақ  ерітіндісінің мөлшері, мл;

П – сығынды дайындауға алынған судың мөлшері, мл;

100 – 1 келі топырақты  есептеу үшін;

Н – топырақтың нақты  мөлшері, г;

К – абсолютті қүрғақ топыраққа айналдырудың коэффициенті.

- өсімдікке қажетті  су қорын есептеу және қүрғақ  топырақтағы пайыздық үлесін  анықтайтын талдау нәтижелерін  қайта есептеу мақсатында топырақтың  ылғалдылыгын анықтау қажет болады. Топырақ ылғалдылығы салмақтық әдісімен, топырақты термостатта Цельсий бойынша 105 градус температурада 6 сағат көлемінде қыздыру жолымен анықталады. Топырақтағы ылғалдың пайыздық үлесін есептеу мына формуламен анықталады:

 

мұнда, X – ылғалдың пайыздық үлесі;

а – ылғал топырақ  салынған кептіруші ыдыстың салмағы, г;

в – қүрғақ топырақ  салынған ыдыстың салмағы, г;

с – бос ыдыстың салмағы, г;

100 – пайызға ауыстыру.

- көлемдік салмақ – алқаптық жағдайда белгілі бір қабаттың топырақ үлгісінің анық бір көлемін табиғи құрылысын бұзбай алу жолымен анықталды. Бұл мақсатта белгілі бір биіктіктегі және сыйымдылықтағы металл цилиндр қолданылады. Көлемдік салмақ көктемде және күзде, бірінші айналымдағы барлық нұсқалардың 0-10, 10-20 және 20-30 см (қабаттардың құрылымдық қабырғасында) қабаттарынан топырақ үлгісін алу арқылы анықталды, көктемде сол жерде топырақтың агрегаттық құрамы анықталды (Саввиновтың құрғақ елеу әдісімен). Топырақтың агрегаттық құрамы - құрғақ топырақтың нақты бір мөлшерін әртүрлі диаметрдегі саңылаулары бар елеуіште елеу жолымен анықталады.

Тюрин әдісі бойынша  топырақтың қарашіріндісін анықтау.  Әдіс топырақтың органикалық  заттарының хром қышқылы әсерінен, көмір қышқылы түзілгенге дейін  тотығуына негізіделген. Вегетацияның  басында және аяғында қарашірінді  мөлшері барлық нұсқада 0-20, 20-40, 40-60 см қабаттарда 60 см терендікке дейін екі айналымда анықталды.

  • топырақтың жалпы сортаңдануының сипаттамасын алу  үшін топырақ қүрамындағы тұзды қалдық және хлор-ионның  пайыздық мөлшері бойынша талдаулар жүргізіледі. Тұзды  қалдықты анықтау әдісі - сығындының бір бөлігі буланып  кеткеннен кейінгі қалған қалдықты термостатта кептіру  (аналитикалық таразыда тарту) арқылы жүргізілді. Хлор және  тұзды қалдық бойынша мерзімдік сортаңданудың өзгерістері  іріктеп алынып анықталды (көктемде және күзде 0-20, 20-40,40-  60 см қабаттарында 60 см тереңдікке дейін).

  • Мор әдісімен хлор-ионды анықтау – азотқышқылды  күмісті ерітіндісімен, индикатор ретінде хром қышқылды калийдің он пайыздық ерітіндісінің қатыстырылуы мен хлоридтарының  титрленуі жолымен анықталады.

Хлор құрамы мына формуламен есептеледі:

 

 

мүнда, X - абсолютті қүргақ топыраққа шаққандағы хлордың пайыздық үлесі;

а – алынган сығынды  мөлшерінен титрлеуге кеткен 0,01 ТМ, АgNO3, мл;

ф – ерітіндінің тұрақтылығын реттеу АgNO 3, фактор;

0,00035 – осы CL грамдық мөлшеріне 1 мл 0,01 N Аg NOсэйкес келеді,

М – анықтау үшін алынган  сығынды мөлшері, мл;

Н – топырақтың нақты мөлшері, г;

Е – сығындының жалпы  мөлшері, мл;

100 – пайызға айналдыру;

К – абсолютті құрғақ топыраққа айналдырудың коэффициенті.

- жылжымалы фосфорды  Мачигиннің көміраммоний сығындысы әдісімен анықтау. Топырақтың қоректік жүйесін үйрену мақсатында фосфаттарды анықтау - көктемде және күзде 0-20, 20-40 және 40-60 см қабаттарында 60 см терендікке дейін, барлық нұсқаларда екі айналымда жүргізілді.

Осы алқаптық тәжірибеде ауылшаруашылық дақылдарының өсіп, дамуы бойынша жүргізілген барлық бақылаулар мен есептеулер әдістемеліктер негізінде алып барылды, тәжірибе орналасуы (9 кесте).

 

 

2.9  Экономикалық тиімділігі

Тәжірибелерден алынған мәліметтерді өндеудің маңызды басқышы мөлдектерден алынған өнімді есептеу арқылы 1 гектардан алынатын өнімділікті, нұсқа бойынша орташа өнімділікті, қосымша өнімді, тәжірибенің дәлдігін және қосымша өнімнің анықтығын есептеу болып табылады. Алынған мәліметтерді математикалық өңдеу, әдетте, дисперсиондық талдау әдісімен жүргізіледі (Б.А.Доспехов, 1979).

Көптеген агротехникалық тәжірибелерде ашық және жабық өсіру жағдайында да зерттеліп жатқан агроәдістер экономикалық жағынан бағаланады және жүргізілген тәжірибелер нәтижесінің экономикалық тиімділігі анықталады. Оларды төмендегі көрсеткіштер негізінде жүргізедә.

Өнімділік дәрежесі.

Жалпы өнімнің баға көрсеткіші. Оны өнімнің саны, сапасы және сатып алу немесе бөлшектеп сату бағасы бойынша келіп түскен мерзімін есептеп, сауда жеңілдігі ретінде 9 пайыз шегеру арқылы анықтайды.

Заттық мөлшердегі (жұмсалған еңбектің I ц адам-сағ.) және ақшалай көріністегі (1 жұмыс күнде немесе 1 адам-сағ.-та шығарылған өнім бойынша) еңбек өнімділігі.

Өнімнің толық өзіндік құны. Ол өнімді өндіруге және сатуға кеткен өндірістік шығындарды, соның ішінде амортизация шығындарын коса есептегенде, салмақ бірлігіндегі өнім көлеміне (әдетте, центнерде) бөлу арқылы анықтайды.

Жасап шығарылған әдіс немесе шараның рентабельдік дәрежесі. Ол қорытындылаушы экономикалық көрсеткіш болып, ол арқылы шараны қолданғанда жұмсалған өндірістік шығындардың каншалықты дәрежеде орны толтырылатынын білуге болады. Оны мына формуламен анықтайды;

 

                                                              Р = П ч С х 100%,

 

мұнда,  П - Пайда; С - толық өзіндік қүны.

Пайда – өнімді сатудан  түскен түсімнен сол ѳнімді ѳндіруге және сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.

Қарбызды ашық жерде  өсіруді салыстырмалы техника-экономикалық талдау үшін технологиялық карталар жасалды.

Өнім есептеулерінің нәтижелері «Сапалы», Ницца сорттарынан косымша өнім алынғанын, яғни карбыздың ортапісер сорттарын ѳсіру экономикалық жағынан тиімді екенін көрсетті (27-кесте).