Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДР.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
107.99 Кб
Скачать

2 Сурет Қарбыздың гүлі (сол жақта - аталык, он жақта - аналық)

                                                     

Жемісі.Көптұқымды жидек тәріздес асқабақ, сырт бітімі түрі, түсі әртүрлі және қабыгының қалыңдығы мен құрылымы және түқымы да түрліше.

Көптеген қарбыздың  жемісі домалақ, орташа диаметрі 20-25 см, ал орташа салмағы 3-6 кг. Қабығының сырты  тегіс, қалыңдығы әртүрлі, олар сорттың  ерекшеліктеріне, топыраққа және өсіру  әдістеріне байланысты. Қабығы өте  жұқа және өте қалың сорттары да кездеседі. Әдетте көптеген сорттардың қабығының қалындыгы 1-1,5 см болады. Жұқа қабықты қарбыздардың қабығы 0,5 см, ал қалың қабықты сорттары 2,5-4,0 см болады. Қалың қабықты қарбыздар тасымалдауға төзімді болып келеді. Қарбыздың сыртқы реңі мен жолақтары әртүрлі болады. Жемісінде жеңіл қорытылатын қант, жүйелі шағын элементтер, ұлпа, дәрумендер және фолий қышқылдары бар (3 сурет).

    

                                                                 3 сурет Қарбыз жемістері

                                                      

Тұқымы жалпақ, жиекті әртүрлі түсті қара, қоңыр, қызыл, сары және ақ болып келеді. Жасылдау түсті шопақтары сирек кездеседі. Көлемі жағынан олар ірі, орташа және майда болады. Тұқымның абсолюттік салмағы 30-дан 50-граммға дейін болып олардың өңгіштігі 4-5 жылға сақталады.

  Қарбыздың өсіп дамуы.Қарбыз еккеннен бастап піскенге дейін төмендегі негізгі кезеңдерден өтеді, олар:

  1. Өніп шығу;

  2. Шатрик кезеңі;

  3. Пәлек жаю;

  4. Аналық гүлдердің шанақтауы;

  5. Аталық гүлдердің ашылуы;

  6. Аналық гүлдердің ашылуы;

  7. Түйнектердің пайда болуы;

  8. Жемістердің өсуі;

  9. Жемістердің пісуі;

Қарбыз асқабақ тұқымдас басқа да өсімдіктер секілді түқы-мының тез өнуі мен өсу процесстердің қарқындылығымен мәлім. Еккеннен соң тиімді температурада (25-35°С) және топырақ ылғалдылығы жеткілікті болған жағдайда тұқымы 3-4 күнде өніп, көгіндері 9-10 күнде жер бетіне шыға бастайды. Көгін шыққаннан соң 5-6 күннен кейін бірінші нағыз жапырақтары, сонан соң қысқартылған түйін ара қашықтығында әрбір 3-4 күн сайын екінші, үшінші, төртінші және бесінші жапырақтары пайда болады. Соннан соң өсімдіктің өсуі бәсеңдеп сырт қарағанда тіп-тіке тұратын, әлі пәлек жаймаған бұта секілді көрініс береді (шатрик кезеңі).

Көгін шыққаннан соң 20-40 күннен кейін сорттардың өсу жағдайына байланысты басты сабақ құралады, соннан соң жанама пәлектер шыға бастайды. Өсу барысында гүлдің құралуы пайда бола бастайды, кейін гүлдейді, сонан соң тозаңданады.

Негізінен Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерде өсірілетін қарбыз сорттарының гүлдеуі көгін шыққаннан соң 40-50 күннен кейін гүлдей бастайды. Бірінші аталық сонан соң аналық гүлдері ашылады. Қарбыздың гүлдері таңертең ерте ашылып түске таман жабылады да, кешке қарай сола бастайды. Жәндіктер арқылы тозанданады да, жемістің құралуы мен өсіп дамуы басталады. Тозанданғаннан бастап жемістің піскеніне дейін 35-50 күн өтеді, ал көгін шыққаннан қарбыздың піскеніне дейін 60-120 к

1.3 Сыртқы фокторларға қойылатын талаптар

       Жылуға қажеттілігі. Қарбыз жылу сүйгіш өсімдік, өсіп даму барысында өте көп жылу мен күн сәулесін талап етеді. Ауа райының құрғақ және ыстық жағдайында қарбыз жемісінде қант көп мөлшерде жинақталады. Сондықтан оның өсіп дамуы сыртқы орта жағдайына тығыз байланысты.

Қарбыздың өсіп дамуына ең қолайлы жағдай (10°С жоғары), тиімді температураның қосындысы 3200-3400°С-ты құрайды. Қарбыздың тұқымы температура 16-18°С болған жағдайда өне бастайды, ал едәуір темендегенде өте баяу өсіп, өнгіштігін жоғалтады, көгеріп кетеді де, өледі. Өсімдіктің шығарған алғашқы жапырақтары әлсіз болады, олардың әрі қарай дамуы баяулайды, өсімдіктің өнімділігі және өнім сапасы да төмендейді.

Тұқымдардың өніп шығуы үшін оңтайлы температура 20-25°С шамасында болады, олардың әрі қарай дамуы баяулайды, өсімдіктің өнімділігі және өнім сапасы да төмендейді.

Тұқымдардың өніп шығуы үшін оңтайлы температура 20-25°С шамасында болады, ал одан да жогары (35°С-тан жоғары) болған жағдайда бұл процесс баяулайды. Өсімдіктің қалыпты өсіп дамуы үшін оңтайлы температура 25-30°С құрайды. Одан жоғары болса, өсімдіктің өсіп дамуы баяулайды, ал 44°С-та жасушалардағы ақуыздың коагуляциясы басталады. Өсімдіктің ыстыққа төзімділігінде жапырақтарының сыртқы ұлпасы мен түктілігінің, балауыз қабатының және ыстық уақытта олардың суынуына жағдай жасайтын суды белсенді транспирациялау қабілетінің маңызы зор. Судың бүкіл өсімдік ағзасынан жедел өтуі нәтижесінде өсімдік температурасы 6-7°С-қа төмендейді.

Ауа температурасының минус 1 "С-қа дейін темендеуі өсімдік  үшін қауіпті, ал 5-10°С-та олардың өсуі тежеледі. Әсіресе, өсімдіктердің гүлдеу кезеңінде 15°С-тан томен температура кері әсерін тигізеді. Бұл жағдай өсімдіктің шанақтары мен гүлдерінің түсуіне алып келеді, аталық және аналықтары пісіп жетілмейді, бұл өз кезегінде тозаңдану процесін едәуір төмендетеді. Қарбыздың тамыр жүйесі вегетативтік жүйесіне қараганда температураның төмендеуіне сезімтал келеді. Температураның ұзақ уақыт 15°С-тан төмен болып тұруы тамыршаларының микроорганизмдермен зақымдалуына алып келеді, жапырақтарға және сабағына қарағанда тез қурайды. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде ауаның жоғары температурасы (40°С-тан жоғары) және оның темен салыстырмалы ылғалдылығы гүлдерінің тозандануына кері әсерін тигізеді. Гүлдердің тозаңдануы үшін ең оңтайлы ауа температурасы таңертең 18-20°С, ал күндіз 20-25°С құрайды.

Жарыққа талабы.Қарбыз бейтарап (немесе қысқа күндік) дақылға жатады, оның жарыққа деген талабы жоғары. Оның қалыпты өсіп, дамуы үшін қарқындылығы және ұзақтылығы жеткілікті күннің белгілі-бір спектрдің жарығы қажет. Жарық кезеңі 12 сағаттық жарық күнде жақсы жүреді және 4-5 нағыз жапырақ пайда болған кезде аяқталады. Оның өскін алынғаннан кейін екі апта ішінде 10-12 сағатқа қысқаруы аналық гүлдерінің түзілуін, жеміс салуын және олардың пісіп жетілуін тездетеді. Өсіріп баптау кезінде жарық күнді 8 сағатқа қысқарту, сондай-ақ күн инсоляциясының және ауа температурасының төмендеуі қарбыз өсімдіктерінің өсуі мен дамуын нашарлатады. Қарбыз өсімдіктері, сондай-ақ көлеңкеге және егістің арамшөптермен ластануына төзімсіз болып келеді. Мүнда өнімділікпен бір уақытта өнім көлемі және оның сапасы да төмендейді. Бұлтты ауа-райында, өсімдіктердің тығыз жайласқан және шектен тыс артық ылғалдылық жағдайында өнімдерінде құрғақ заттар мен қанттың жинақталуы төмендейді.

    Топырақтың және ауаның ылғалдылығына талабы.Қарбыздың жапырақ бетінің ылғалды көп мөлшерде буландыратындай үлкен көлемді болуына қарамастан, судың өсімдік ағзасында тез және жақсы жылжуына байланысты оларға аңызақжелдер көп зиян келтірмейді. Сонымен бір уақытта қарбыз өсімдіктері біршама ылғал сүйгіш болып келеді. Жапыраққа ылғалдың келіп түсуіне едәуір дәрежеде топырақ температурасы әсер етеді. Топырақ температурасы төмендегенде оның тамыр жүйесі суды топырақтан сіңіруі әлсіз болады, нәтижеде өсімдік ылғал жетіспеушілігінен зардап шегеді. Ауаның жоғары температурасында және аңызақжел жағдайында жапырақтарының көлемі үлкен болғандықтан өсімдіктер ылғал жетіспеушілігін сезінеді және солып қалады.

Қарбыз үшін топырақтың оңтайлы ылғалдылығы 0-70 см қабатында  оның ылғал сыйымдылығының 75-80% шамасында ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 40-60%. Топырақтың ылғалдылығы оның ылғал сыйымдылығынан 45% төмендеп кетуі қауіпті болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендеген жағдайда гүлдердің тозаңдануы нашарлайды, өсуі баяулайды, вегетациялық кезеңі ұзарады және өсімдіктердің өнімділігі төмендейді. Демек, бұл оңтүстік аудандарда жауын-шашын мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда қарбыз өсімдіктерін өсіп дамуының кей кезендерінде суару қажет екенін көрсетеді. Алайда ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығы да қарбыз өсімдіктеріне кері әсерін тигізеді-олар саңырауқұлақ ауруларына шалдығады.

   Қоректену элементтеріне талабы.Органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу карбыз өсімдіктеріне жақсы әсер етеді. Алайда органикалық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін, әсіресе, жаңа көң енгізген жағдайда өсімдіктердің өсуі мен дамуы тежеледі, ауруларға төзімділігі төмендейді, өнім сапасы нашарлайды. Қарашірінді енгізу карбыз өсімдіктеріне оң әсер етеді.

Минералды тыңайтқыштардың  ішінде фосфор тыңайтқышы ең жақсы әсер етеді, ал одан едәуір төмен дәрежеде  азот және калий, әсіресе өсіп дамуының бірінші жартысында. Топырақ фосфордың жеңіл қол жеткізілетін түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жағдайда өсімдіктер азот пен калийді жақсы сіңіреді. Қарбыздың 10 тонна өнімі топырақтан 23,0 келі азот, 8,0 келі - фосфор және 25,0 келі калий элементтерін сіңіреді.

          Калий тыңайтқыштарының хлорлы  түрлерін қарбыз өсімдігі төмен  сіңіреді, сондай-ақ сорланған топырақ  өсімдікке кері әсерін тигізеді. Қарбызды өсіруге механикалық  құрамы жеңіл сұр, сонымен бірге рН 6,5-7,5 құмдауыт топырақтар оңтайлы болып келеді. Бұл жағдайда өсімдіктің тамыр жүйесі қоректік заттарды нашар топырақтан да сіңіруге қабілетті болады. Сондықтан қарбызды құмды жерлерде де өсіруге болады. Қарбызды өсіріп баптауға ылғалды сазды және жер асты сулары жақын жайласқан шектен тыс ылғал топырақты жерлер жарамайды. Топырақтың механикалық құрамы оның құнарлылығына қараганда маңызды фактор болады.