- •1)Экономика ұғымы
- •2)Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері.Микро жәнә макроэкономика пәндерінің ерекшеліктері.
- •3)Экономикалық теорияның пайда болуы дамуының басты кезеңдері
- •4)Эк.Лық қатынастар
- •5)Экономикалық теория әдісі
- •6) Экономикалық теория
- •7) Экономикалық ресурстар және олардың түрлері. Ресурс шектеулігінің мәселелері.
- •8)Эконмиканың өндірістік мүмкіндіктері.
- •9) Эк.Лық жүйе типтері:еркін сауда эк.Сы ,аралас эк.Ка,орталықтандырылған жоспарлы эк.Ка
- •10) Мемлекеттік меншік.
- •11) Жекешелендірудің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.
- •12) Тауар шаруашылығның мәні, пайда болу шарттары және типтері.
- •13) Тауар қасиеті.
- •14) Ақшаның мәні және қызметтері.
- •15) Меншік экономикалық категория. Көп меншікті экономикалық жүйе.
- •16) Нарықтың пайда болуының экономиканың алғышарттары. Нарық функциялары және құрылылымы.
- •17) Нарық инфрақұрылымы және оның нарықтың қызмет етуіндегі рөлі.
- •18)Сұраныс пен ұсыныс заңы және олардың өзара әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік.
- •19)Бәсеке, оның мәні, түрлері және оның әдістері.
- •20)Бәсеке әдістері. Адал емес бәсеке.
- •21-24)Нарық үлгілері: таза бәсеке, таза монополия, монополиялық бәсеке.
- •25)Экономиканың монополизациялануы және оның әлеуметтік – экономикалық зардаптары. Антимонополиялық реттеу.
- •26)Өндіріс факторлары. Өндіріс функциясы. Өндіріс факторларының өнімділік кему шегінің заңдылығы.
- •27) Өндіріс шығындары. Айқын және айқын емес шығындар.
- •28) Нарықтық экономикадағы фирманың мақсаттары мен қыметтері.
- •29) Бугалтерлік,қалыпты және экон.Қ пайда. Экон.Қ пайданың қалыптасу шарттары.
- •30)Пайданы жалпы және шекті көрсеткіштерді пайдалану арқылы максималдау шарттары.
- •31) Кәсіпкерлік ұғымы. Кәсіпкердің экон.Ғы қызметтері.
- •32)Қр–да кәсіпкерліктің дамуы.
- •33)Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындары:тұрақты,айнымалы,орташа.
- •34)Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары.
- •35) Жалақы еңбек бағасы ретінде.
- •36) Жалакы жуйелері жане формалары.Накты жане туракты жалакы.
- •37)Пайыз капитал меншік иесінің факторлық табысы ретінде.
- •38)Бағалы қагаздар турлері. Бағалы қағаздар рыногы.
- •39) Пайда мазмұны. Пайданын негізгі тусініктемелері.
- •40.Жер нарығы, жер рентасы және оның түрлері. Жер бағасы.
- •41)Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •42) Жинақталған сұраныс және жиынтық ұсыныс.Аd-as жалпы тепе теңдік үлгісі.
- •43. Экономикалық цикл. Циклдың алуан түрлілігі.
- •44. Мемлекеттің циклға қарсы шаралары.
- •45. Жұмыссыздық, оның себептері мен түрлері.
- •46) Мемлекеттің жұмыспен қамту шаралары және оның Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.
- •47) Инфляция: себептері, типтері.
- •48) Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары. Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы ерекшеліктері.
- •50) Нарыктык экономикадагы мемлекеттін экономикадагы кызметтері.
- •51)Мемлекеттің экономиканы реттеу формалары мен әдістері.
- •52) Мемлекеттік реттеудің кейнстік және монетарлық үлгілері.
- •53) Жұмыссыздықтың әлеуметтік - экономикалық зардабы, Оукен заңы.
- •54)Бюджет тапшылығы және оның себептері. Бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері.
- •55) Бюджет тапшылығы және оның себептері. Бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері.
- •56)Нарықтық эк.Әлеуметтік саясаты.
- •57. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі
- •58.Салық салу принциптері. Түрлері.
- •59. Қр.Салық жүйесі ерекшеліктері.
- •60. Ынталандыру және тежеуші салық саясаты.Лаффер қисығы
- •61) Экономика ақша ұсынысы және ақшаға сұраныс. Ақша массасы.Монетарлық ереже.
- •62) Несие және банк жүйесі.Банк түрлері, олардың экономикаға атқаратын қызметтері.
- •63) Ақша несие саясаты. Ақша несие саясатын іске асыру құралдары.
- •64) Экономикалық өсу ұғымы және оны өлшеу. Экон-лық өсу үлгілері және типтері, факторлары.
- •66. Мемлекеттің сыртқы саудадағы протекционисттік және еркін сауда саясаты. Сыртқы сауда саясатын жүргізу құралдары
- •67)Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы:
- •68.Капитал миграциясы. Тікелей және қоржын түріндегі шетел инвестициясы.
- •70.Бдсұ-на енуі.
58.Салық салу принциптері. Түрлері.
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады: Жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды дамыту; Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы; Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек; Міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлігі төлеммен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестілігі; Әлеуметтік-әділеттілік, яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау; Салық түрлері. Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелесі және жанама болып бөлінеді. Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар: Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық; Мүлік салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар;. Жанама салықтар - бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстем жасалып алынады ( мысалы акциздар). Бұлар жарым - жартылай немесе толық тауар қызметтер бағасына адарылады. Жанама салқтардың негізгі түрлері: Үстеме құнға салынған салы акциздер ( тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар). Мұрагерлік салық. Жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.
59. Қр.Салық жүйесі ерекшеліктері.
1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған. Біріншіден , барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау. Екіншіден , кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден , салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.