Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomika_Emtikhan_zhauaptary_2014.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
92.72 Кб
Скачать

39) Пайда мазмұны. Пайданын негізгі тусініктемелері.

Пайданын кайнар козін тусіндіру талпынысынын алгашкылары болып 15- 17 ғғ мерканталистер жасаган.олардын ойлауынша пайда сырткы саудада туындаган. Тауарды шет елде жогары багамен сату аркылы адамдар пайда табады. Пайда теориясына экономикалык теорияя классиктері А.Смит пен Д.Рикардо субелі улес косты. Пайданын кайнар козін олар ондірістен таба білді. А.смит озінін басты енбегі «табигатты зерттеу жане халыктар байлыгынын себептері» деген енбекткрінде былай деген: «жумысшылардын материалга коскан кунынын озі екі болшекке болінеді: біреуі олардын жалакысын толеуде, екіншісі кәсіпкердін пайдасын толеуде кетеді». А.Смит пайданы кәсіпкердін жалдамалы жумысшы енбегі оніммен шегеру ретінде карастырган. А.Смит ойын былай корытындылаган: пайда бул жумысшышын толенбеген енгбегі, алайда онын корытындылары карама кайшылыкта болды. Д.Рикордо озінін пайдага коз карасын «саяси экономия және салык салуды бастау» деген енбегінде баяндаган, онда ол жалакы молшері мен пайда бір біріне кері катынаста болатындыгын дәлелдеуге тырыскан, «пайданын жогарлауы немесе томендеуі, жалакынын томен немесе жогары болуымен байланыстыгын айткан. Демек Д.Рикардонын айтуынша пайда бул жумысшылар ондірген косымша кун.

40.Жер нарығы, жер рентасы және оның түрлері. Жер бағасы.

Жер және оның қойнауы үш факторының бірі бола отырып, рента деп аталатын табыс әкеледі. Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер - бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскілер құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады. Жерді пайдалану экономикалық қатынастардың әртүрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер тәжірибеде қайда пайдаланса да оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші роль атқарады.. Нарықтық экономиканың субъектісіне меншік иесінің екі типі жатады-толық меншік иесі және тұтыну меншік иесі. Жердің шектеулі және оны ұдайы өндірудің мүмкін еместігі, жер монополиясының екі түрлі болуын тудырады. Толық меншік иесі жерге өзінің жеке меншік монополиясын жүргізеді: кәсіпкерге оның капмталын өз жеріне әкеліп пайдалануға рұқсат ету етпеуге ерікті болады. Жал туралы келісім жасалған соң жерді нақты пайдаланушы белгіленеді. Оның жердің осы учаскісінде шаруашылық жүргізуге монополиялық құқы болады. Жеке меншік монополиясы абсолюттік жер рентасын тудырады, жерге шаруашылық монополиясы – дифференциялық жер рентасын тудырады. Рента – меншікке келетін табыстың бір түрі,капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі жалға беру келісімінде белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]