Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

60. Гигрометрлік әдіс.

Салқын маусымда ауа температурасы -10 С0 – дан төмен кезеңде шашты гигрометр ауа ылғалдығын өлшейтін негізгі аспап болып саналады. Шашты гигрометрдің жұмыс істеу принципі адам шашының капилляр ойшықтарында су буының конденсациялануы қасиетіне негізделген. Ауа ылғалдылығы өскенде капилляр ойшықтардағы су минискісі беткейінің ойыстығы азаяды да шаш ұзара бастайды, яғни ойшықтарға су толады. Бұл ұзару салыстырмалы ылғалдылықтың логарифіне тіке пропорционал болады. Салыстырмалы ылғалдылық 0-ден 100%-ға өскенде шаш 2,5%-ға ұзарады ж/е оның ұзаруы біркелкі емес, яғни төменгі ылғалдылықта шаш жылдамырақ ұзарады, ылғалдылық өскен сайын ұзару мәні азая береді. Әртүрлі шаштың ұлғаю мүмкіндігі әрқалай болғандықтан, шаш іріктеліп алынады да арнайы химиялық ж/е механикалық өңдеуден өткізіледі. Метеорологиялық гигрометр М-19 шаштан, шкалалық пластинасы бар рамадан тұрады. Шаштың жоғарғы ұшы бұралмалы винтқа, төменгі ұшы салмақшасы бар стрелкаға бекітілген. Салмақша шашты керіп тұрады. Стрелка шаш пен салмақшаның әсерімен шкала бойымен қозғалады. Шкала 0-ден 100%-ға дейін жүз бөлікке бөлінген. Өлшеу дәлдігі 1%. Шкала бөліктері біркелкі емес,ылғалдылықтың төменгі мәндерінде үлкендеу де, жоғарғы міндері кішілеу. Гигрометр -50 С0 мен +50 С0 аралығында қолданылады. Шашты гигрометр психрометрлік будкада, құрғақ ж/е ылғал термометрлердің ортасындағы штатифке бекітіледі. Гигрограф. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын үздіксіз тіркеп отыру үшін шашты гигрограф қолданылады. М – 21 гигрографының сезімтал элементі ретінде кронштейнге керілген шаш бумасы пайдалыналыды. Шаш бумасының ортасына ілгешек кигізіліп арнайы механизмді рычагтар жүйесі арқылы стрелкамен байланыстыралады. Стрелканың басына сия тамшысын ұстап тұратын ұш кигізілген. Ауа ылғалдылығы өзгергенде шаш ұзындығы да өзгереді, нәтижесінде стрелка сағаттық механизмі бар барабанға кигізілген қағаз лента бойымен қозғалады. Лента бетінде уақыт ж/е ылғалдылық диаграммасы бар. Ылғалдылықтың бөлім бағасы 1% уақыттікі 15 – минут. Сиялы ұшы бар стрелка ауа ылғалдылығы мәнін лента бетіне тіркеп сызып отырады. Лента бекітілген барабан өз осімен бір айналымды 24 сағатта жасайды. Лента тәулігіне бір рет ауыстырылып отырылады. Әрбір бақылау мерзімінде бақылаушы арнайы білтені басып лента бетіне белгі салады.т гигрограф минус 450С пен 550С аралығында қолданылады