- •1 Бульдік алгебра. Логикалық амалдар. Мысал келтіріңіз.
- •2.Логикалық байланыстар және ақиқаттылық кестелерге мысал келтіріңіз.
- •3.Логикалық тұжырымдау принциптері
- •5.Ақпаратты өлшеу бірліктері. Санау жүйелеріне мысал келтіріңіз.
- •7 Сандық жүйелер. Таңбалы бейнелеу жəне қосымша кодпен бейнелеу.
- •8 Санау жүйелеріне амалдар қолдану. Мысалы.
- •10 Екілік санақ жүйесі. Амалдар қолдану.
- •11. Сегiздiк санау жүйесi Амалдар қолдану.
- •13.Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.
- •14. Көбейту
- •15 Компьютер компоненттері. Атқаратын қызметі.
- •16. Ақпараттарды сақтау құрылғысы.
- •18 Компьютердің басқару құрылғылары.
- •19. Ақпаратты енгізу, шығару құрылғылары
- •20 Дербес компьютердің сыртқы және ішкі құрылғылары. Дербес аталу себебі
- •Дисплей(монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.
- •22 Операциялық жүйелер. Қолдану мақсаты. Түрлері.
- •24 Операциялық жүйенің стандартты қосымшалары. Қолдану аясы.
- •25 Деректер қорын басқару және жобалау құралдары.
- •26 Деректер қорын басқару жүйесін қолдану және оның негізгі түсініктері.
- •27 Деректер қорын басқару жүйесінде кесте, пішін, сұраныс және есеп құру..
- •31 Жергілікті желіде мәліметтермен алмасу. Желілік баспаға беру.
- •32 Желідегі барлық ресурстарға қатынасу. Жергілікті желіде құжаттармен жұмыс істеу.
- •35 Криптотүрлендіру: ауыстыру шифры. Бір алфавитті әдіс. Цезарь шифры.
- •36 Криптотүрлендіру: көпалфавитті шифр. Плейфейра шифры.
- •37 Мекемелік есептеу желісі және оның мәні, сипаты. Желінің құрылымы және негізгі компоненттері.
- •38 Компьютерлік желі түсінігі. Ажә (osi) стандартты моделі.
- •39 Internet глобальді ақпараттық желісі. Html бағдарламалық тілі.
- •41 Internet адрестері. Сайттар мен беттер. Гиперсілтемелер.
- •42.Мекемелік есептеу желісі және оның мәні, сипаты. Желінің құрылымы және негізгі компоненттері.
- •44 Антивирустық бағдарламалармен жұмыс.
- •46 Алгоритмнің түрі, қасиеттері, құрылымы.
- •47 Сызықты, тармақталған, қайталау алгоритмдерді бейнелеу.
- •48 Программалау тілдерінің қолданылуы. Алгоритм және оны талдау.
- •49 Архиваторлар. Қолдану мақсаты мен жұмыс істеу приципі.
- •50 Қолданбалы мультимедиялық бағдарламалар.
- •52 Компьютерлік желілер топологиясы.
- •55 Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығы (қр ұко).
- •56 Сандық қолтаңбаның жұмыс істеу прициптері. Қолдану аясы.
- •57 Есептеулерді блок-схема арқылы бейнелеп көрсету.
- •58 Ақпараттарды сақтау құрылғылары. Түрлері, жұмыс істеу приципі.
49 Архиваторлар. Қолдану мақсаты мен жұмыс істеу приципі.
Архиваторлар
Жинақтауыш уатты дейінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға диеніде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал егерде қажет емес файлдын бәрін жайғаннан кейін де дискідегі орын болса, мұндай жағдайда дискіденгі орынды файлдан көлемін азайту үшін мәліметтерді сығылған түрде компьютерде саутауға орналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдын н/е файлдер топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.
Архиваторлардың маңызы
Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметті – файлда қайталанып тұратын фрагменттердің орнына ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қолынға келтіретін мүмкіндікті пайдалану. Архиваторлар файл көлемін 10-70 %-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ART, RAR, PKZIP, PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға еңгіділген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдің бақылау коды болады. Win RAR – алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32 разрядты нұсқасы. Әр түрлі операциялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нусқасы бар. Мысалы: DOS, OS/2, UNIX, BEOS. Windows-да арналған RAR-дын екі нұсқасы бар: Win RAR.exe – графикалық интерфейсті қолдану нұсқасы; Rar.exe – мәтіндік режимдеу арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы. Win RAR-ды екі түрде қолданылуымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршаушы режимінде және командалар қатарында.
50 Қолданбалы мультимедиялық бағдарламалар.
Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратын қолданбалы бағдарлама. Мұндағы графикалық интерфейстің ұйымдастыру ережелері, мәзір жүйесінің, диалогтық терезелерінің пішімдері Windows қолданбалы бағдарламаларының барлығына бірдей (мәзірдің көрінісі және орналасуы, тінтуірді және пернелерді пайдалану ережелері және т.б.) болады. Мультимедиа (multimedia) –мәтін, дыбыс, бейнелік көріністі, графикалық бейнрені және анимацияны (мультипликацияны) компьютерлік жүйеде біріктіретін заманауй компьютерлік ақпарат технологиясы. Мультимедия –мәтінді, графиканы,анимацияны, цифрленген жылжымайтын суреттерді,бейне баяндарды, дыбысты, сөзді компьютерге еңгізіп өңдеуге мүмкіндік беретін технология.
Macromedia Flash - интepaктивтiлiгi қoлдayлы құpылғaн вeктopлық гpaфикa нeгiзiндe aнимaциялaнғaн жoбaлapды құpyдaғы жәнe қoлдaнy кeзiндегi қapaпaйым құpaл бoлып тaбылaды. Flash cypeтшiлep мeн дизaйнepлep құpғaн Web-тi aнимaция жәнe дыбыc жoбaлapымeн тoлықтыpyғa мүмкiндiк бepeтiн идeaл жұмыc инcтpyмeнтi бoлып тaбылaды. Flash-тің интерактивті элементтерін және анимацияларын дайындау барысындағы программалау процесі минимумге жеткізілген: қолданушыға жаңа жоба құру жеткілікті, ол үшін бағдарламалық буманың жұмыс принціптерін түсіну және тышқанды қолдана алу ғана қажет – жұмыс аяғында бағдарлама автоматты түрде жасалған объектілерді HTML құжатына енгізеді.
Flash клиптері көмегімен Веб-дизайнерлер бағыттамалық тақталар, динамикалық логотиптер, синхрондалған дыбыспен толық форматты клиптер мен мазмұны кең көлемді Интернеттің толық беттерін құрады. Flash клиптер векторлық графиканың кішігірім элеменнтері болып табылады, сондықтан тез жүктеледі және қолданушының мониторының өлшеміне байланысты көлемін өзгертеді. Flash-те жұмы ісітеу барысында сурет салу немесе графиканы импорттау арқылы клиптер құрылады.
51 Компьютерге вирус түсуінің белгілерін анықтау. Мысал келтіріңіз.
КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында ВОВ-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін: - кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді; - экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады; - компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; - көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.