Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika_shpor.docx
Скачиваний:
179
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
148.95 Кб
Скачать

37 Мекемелік есептеу желісі және оның мәні, сипаты. Желінің құрылымы және негізгі компоненттері.

Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық қосқанда компьютерлік желі құрылады. Адамдардың ақпарат пен жабдықтарды бірігіп қолдануын қамтамасыз ететін қандай да бір әдіспен біріктірілген компьютерлердің тобы компьютерлік желі деп аталады. Бір бөлмедегі, бір ғимараттағы, қаланың немесе әлемнің әр түрлі бөліктеріндегі компьютерлер біріктірілуі мүмкін. Жалпы жағдайда компьютерлік желілердің құрылуына арнайы аппараттық қамтыма (желілік жабдықтау) және арнайы программалық қамтыма (желілік программалық құралы) қажет. Ақпарат алмасу үшін екі компьютердің қарапайым қосылуы тікелей қосылу деп аталады. Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлерді тікелей қосу үшін арнайы аппараттық та, арнайы программалық қамтыма да талап етілмейді. Бұл жағдайда енгізу/шығару стандартты порттары (тізбекті немесе параллельді) аппараттық құралдар болып табылады, ал программалық қамтыма ретінде операциялық жүйе құрамында болатын стандартты құралдар қолданылады. Жергілікті және ауқымды желілер Қолданатын протоколдарына сәйкес компьютерлік желілерді жергілікті (LAN -Iocal Area Network) және ауқымды (WAN-Wide Area Network) деп бөлу қабылданған. Жергілікті желі компьютерлері барлық қатысушылар үшін протоколдардың бірыңғай жинағын қолданады. Олар бір қабаттағы, ғимараттағы немесе тұтас орналасқан ғимараттар тобындағы компьютерлерді біріктіре алады. Ауқымды желінің географиялық мөлшері үлкен болады. Желілердің типтері. Компьютерлерді біріктірудің көптеген түрлі әдістеріне қармастан, компьютерлік желілердің екі түрін ажыратады: бір рангілі желі (Peer-to-Peer Network) және клиент-сервер желісі (Client/Server Network). Бір рангілі желі (Peer-to-Peer Network) – бұл тең мүмкіндікті компьютерлердің бірігуі. Әдетте бір рангілі желі 10-нан көп емес компьютерлерді біріктіреді және ол үйде немесе кішігірім офистерде ұйымдастырылады. Компьютерлер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Желілер үшін құрамына кабельдер кіретін, мәселен, желілік адаптерлер сияқты ажыратқыштардың бірнеше типтері бар (network interface cards). Желілік адаптер, немесе NIC, - бұл сізге компьютеріңізді желіге қосуға мүмкіндік беретін қондырылған құрылғы. Сіз кабельді желілік адаптерге қоясыз немесе ол сізде өткізгішсіз желі бар болған жағдайда белгіні тасымалдайды. Әр компьютерге оған басқа компьютерлермен байланысуға мүмкіндік беретін программалық жабдықтама қондырылған. Компьютерлер бір-бірімен қатынаста бола алады, өйткені оларға бірін бірі түсінуге көмектесетін ережелер жиынтығы мен хаттамалары бар. Хаттамалар байланыс үрдісі қатесіз өту үшін қажет. Хаттамалар ақпараттың қалай жіберілетінін және қабылданатынын анықтауға жәрдемдеседі. Интернет желісі Компьютерлік желілер. Бір – бірімен мәлімет алмаса алатын бірнеше компьютерлердің байланыс құралдары көмегімен қарым – қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

38 Компьютерлік желі түсінігі. Ажә (osi) стандартты моделі.

Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін əртүрлі

құрылғылар жиыны.Серверлер. Клиент/сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желеге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Networc Operating System) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтер) да басқара алады. Коммутаторлар - телефон арқылы байланысу мүмкіндігін тудырады, мұнда компьютерлер бір-бірімен TCP/IP (Transfert Control Protocol/Internet Protocol) хаттамасы арқылы мəлімет алмаса алады, мұндағы TCP – транспорттық деңгейдегі хаттама, ал IP (Internet Protocol) – адрестік хаттама, бұл адрес төрт байт сандар арқылы өрнектеледі, мысалы: 156.47.77.11.

Маршрутизаторлар – объектілердегі бірдей деректерді алмастыру хаттамаларымен біріктіру қызметін атқарады. Жүйені басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалады. Яғни əрбір желі торабындағы компьютер мəліметтерді қабылдау –жөнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарларды ары қарай жөнелту кезінде оларды басқаша адрестеу (маршруттау) ісін де жүргізе алады. Желілік интерфейс тақшалары желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары. (NІС, Networc Operating System) столға қойылатын жəне протативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады.

Шлюздің атқаратын қызметі – объектілердегі əртүрлі деректерді алмастыру хаттамаларымен біріктіру.Модем ((Modem) модулятор/демодулятор) - телефон желісі арқылы компьютердің мəліметтерді жөнелтуді жəне қабылдауды іске асыруына мүмкіндік беретін электрондық құрылғы. Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, əрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамассыз етеді. Сондай ақ желіні қадағалау, басқару жəне ондағы мəліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бермейді. Программалық жабдықтары мен ақпараттық ресурстары Интернеттегі əр түрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ақпараттық ресурстар (мəліметтер жиыны). Мəліметтерді желіде орналастырудың бір ерекшелігі – олар таралған түрде сақталады, мысалы, мəтін бір компьютерде, дыбыс пен əуен екіншісінде, ал графика – басқа желідегі, үшінші компьютерден алына береді. Деректерді өткізу моделі – OSI деп аталады, желі бойынша OSI моделін өткізудің 7 түрлі деңгейі бар. Транспорттық-желілік деңгейдің интерфейсі OSI деректерді өткізу моделі TCP/IP базалық протоколды суреттейді, арналық деңгейінде ақпарат кадр түрінде беріледі, қолданбалы деңгейде ақпарат хабарлама түрінде беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]