Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

талапкер 9кл

.docx
Скачиваний:
88
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
102.75 Кб
Скачать

1940-1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ. І.Ғылының дамуы. ІІ. Көркем әдебиет. ІІІ. Өнер І.Ғылының дамуы. 1.Минералды шикізатар мен кен орындарының табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Лениндік сыйлық берілген ғалымдардың бірі: Қ.И.Сәтбаев. 2. Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды: 1946 жылы маусым. 3. 1946 жылғы республиканың мәдени және ғылыми өміріндегі елеулі оқиғ: КСРО ҒА- ның Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР ҒА- ның құрылуы. 4. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті: Қ.И.Сәтбаев. 5. Қазақстан Ғылым академиясын құруға, ғылыми жұмыстарының ұйымдастырылуына көмек көрсеткен көрнекті орыс ғалымы: А.М.Панкратова ( С.И.Вавилов, И.П.Бардин) 6. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Алматыдан басқа ірі ғылыми орталықтар бой көтерген қалалар: Өскемен, Қарағанды, Шымкент 7. Қазақ КСР Ғылым Академиясының 1946-1949жылдар аралығында халық шаруашылығына енгізу үшін ұсынған зерттеулер мен ұсыныстар саны: 900 * 1950 ж.соңында Қазақ КСР ҒА- ның жүйесінде болғн ғылыми- зерттеу мекемелерінің саны: 50 8. Қазақстан ғылымында қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді: 1950 жылы. 9. 1950 жылдары шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастаған ағартушы- ғалымдар: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин. 10. Қазақстанда 1958 жылы құрылға институт: Қазақ КСР ҒА-ның Философия және Құқық институты. 11. Қазақстанда 1961 жылы ашылған институт: Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары. 12. «Қазақ КСР тарихының» екі томы жарияланды: 1957-1959 жж. 13. Соғыстан кейінгі жылары қол дәуірдегі тарихымен мәдениетін зерттеген белгілі ғалым: Ә.Марғұлан. 14. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда барлық жоғарғы оқу орындарында өтілетін негізгі пән: Парттия тарихы 15. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда партиялық әкімішілік қоғаманушы ғалымардан талап еткен зерттеулер: тек коммунистік идеологияны қуаттаған. 16. « КСРО- да социаизм толық дәне түпкілікті жеңіске жетті» деген ресми партиялық тұжырым жасалды: 1950 ж соңы.

ІІ. Көркем әдебиет. 17. Мұхтар Әуезов «Абай » романының екі кітабын жазып бітірді: 1947 жылы. 18. М.Әуезовтың КСРО мемлекеттік сыйлығын алған шығармасы: «Абай жолы» эпопеясы 19. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы дүниеге келді: 1955 жылы. 20. М.Әуезовке «Абай жолы» эпопеясы үшін әдебиет пен өнер саласындағы Лениндік сыйлық берілді: 1959 жылы. 21. 1950 жылдардағы ұлттық прозаның жетістігі болған Ғабит Мүсіреповтың романы: «Оянған өлке» 22. Сәбит Мұқановтың шығармалары: «Сыррдария» , «Өмір мектебі» 23. 1949 жылы Мәскеуде өткен Қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігінде қауымның назарын аударған Ғабиден Мұстафиннің орыс тіліне аудаылған повесі: «Миллионер», «Шығанақ». 24. «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін» прозалық шығармаларының авторы: Ғ.Мұстафин. 25. 1950 жылдары терең философиялық мәні бар «Портреттер», сатиралық «Шайтан» поэмаларын жазған көрнекті қазақ ақыны: Ә.Тәжібаев. 26. 1950 жылдары қазақ кеңес поэзиясының алтын қорына қосылған Ж.Молдағалиевтің шығармасы: «Жыр туралы жыр» * Х.Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы»; Т.Жарковтың «Жапанды орман жаңғыртты», К.Бекхожиннің «Мариям Жагорқызы» поэмалары. 27. Одаққа танымал болған «Тың игерушілер» атты очерктер кітабының авторы: И.Шухов. 28. «Гүлстан» повесінің авторы, ұйғыр жазушысы: Х.Абдуллин. 29. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған, КОКП ХХ съезінен кейін есімдері ақталғандар: С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров. ІІІ. Өнер 30. Жастар мен студенттерінің дүниежүзілік ҮІ фестивалының лауреаты атанған шығармашылық ұйым: Қазақ КСР Мемлекеттік ән жіне би ансамблі. 31. «Біржан – Сара» операсының қойылымы үшін сазгер М.Төлебаев, қоюшылар мен орындауышлардың бір тобы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегерлері аталды: 1949 жылы. 32. Республика мәдениет әлеміндегі елеулі оқиға болған, «Біржан- Сара» операсының қойылуы: 1946 жылы. 33. 19489 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылыған «Біржан- Сара» операсының авторы, белгілі сазгер: М.Төлебаев. 34. 1952 жылы Қазақ Драма театрында В.Голубович қойған М.Әуезовтің «Абай» драмасы ұсынылды: КСРО Мемлекеттік сыйлығына 35. К.Қожамияров жазған тұңғыш ұйыр операсы: «Назугум». 36. 1954 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ұйғыр сазгерінің симфониялық поэмасы: «Ризвангүл» 37. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда симфониялық кемел тұрғындарын дүниеге әкелген композиторлар: В.Великанов, Қ.Мусин, Е.Рахмадиев., С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова. 38. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары «Жамал», «Атамаекен» сияқты суреттерді дүниеге әкелген жас суретші: Қ.Телжанов. * С.Мәмбетов «Тауда», «Киіз үй қасында», М.Кенбаев «Шопан әні», «Сұхбат»

 

1950-1980 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ Халыққа білім беру 39. Соғыстан кейінгі жылдарда мектептерге көмек көрсету, қоржасау үшін ұйымдастырылған: жексенбіліктер. 40. Соғыстан кейінгі жылдарда халық сирек қоныстанған аудандада малшы балалары үшін салынды мектеп интернаттар. 41. КСРО Министрлер Кеңесі «Қазақ КСР- інд жоғарғы және орта блім беруді одан әрі дамыту шаралары» туралы қаулыны қабылданды: 1947 жылы 42. 1948 жылы республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқ дейінгі балалардың саны: 200 мың. * 1955 жылы олардың 16 мыңға түсті. 43.Ұлы Отан Соғыстан кейінгі жылдарда жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды: 1949 жылы. 44. .Ұлы Отан Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанның жоғары білім жүйесінде даярлауы басым мамандық; педагогика 45. Қазақстанның 1954 жылдан бастап ашыла бастаған оқу орындары: орта білімі бар жастар қабылданған техникалық училище. 46. 1959 жылы Қазақ КСР жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірімен байланысын нығайту туралы және Қазақ КСР- нде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылдады. 47. Жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшу көзделді: 1962-1963 жж.оқу жылынан бастап. 48. 1965-1966 оқу жылында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны: 39. 49. 1965 жылы республика халық шаруашылығында жұмыс істеген дипломды маманардың саны: 0,5 млн адам. 50. Жалпыға бірдей орта білім беру көшу науқаны өріс алды: 1970 жылдары. * Жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жаияланды: 1980 жылдардың басында 51. 1970 жылдар ішінде жүздеген мектептер жабыла бастады: ірі агрокешендер құрылып, «болашағы жоқ» елді мекендерде 52. 1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің көпшілігі: шағын комплектілі 53. 1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің бәрі дерлік: қазақ тілінде оқылатын. 54. 1984 жығы кезекті мектеп реформасы бойынша қарастырылған шара: мектептің базасын кеңейту, алты жастан бастап оқыту, жаңа пәндер енгізу. 55. 1980 жылдардың ортасындағы республикадағы жоғары оқу орындарының саны: 55 56. 198 жылдардың ортасындағы ортаарнаулы оқу орындарының саны: 246 /* Республиканың брлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында 550 мың студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алып шықты. 57. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым салалары: ауылшаруашылық, медицина, гуманитарлық. 58. тоқырау жылдарында қазақтардың үлесі тым аз болған ғылым саласы: жаратылыстану

Ғылым. 59. Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО- дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды: 1960-1970 жж. 60. 1960-1970 жылдары катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білген академик: Д.В.Сокольский. 61. Республкадағы гидрогеология, гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек еткен академик: У.М.Ахметсафин. 62. 1960-1970 жылдары генетика және микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен академик: М.А.Айтқожин. 63. Өсімдік клеткаларындағы информосамаларды тапқан, Лениндік сыйлықпен марапатталған генетика және микробиология саласының ғалымы: М.А.Айтқожин 64. 1960-1980 жылдары есімдері ғылыми ортада ғана емес, көршілік қауым арасында да танымал болған академик* ғалымдар: Ә.Х.Марғұлан, Е.А.Букетов 65. Топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасау бағытынд зерттеулер жүргізген Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығын ғылым академиясының Шығыс бөлімінің басшысы. А.И.Бараев. 66. 1970 жылы дүние жүзі тарихшыларының назарын аударған жаңалық: Есік қаласының жанындағы Алтын киімді сақ жауынгерін табуы (б.з.б. ІҮ- ІІІ ғасырларға жатады) 67. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары ғылыми еңбектердің бағалау және оның авторлрына дәреже беру шешілді:Мәскеуде 68.Тоқырау жылдарынд Қазақстанда жазылған еңбектердің басым көпшілігі жазылды: Орыс тілінде. 69. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі орыс тіліне жазылды: 95%. 70. Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым саласы: қоғамдық ғылымдар 71. Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы: Қазақстан тарихы. *— Р S Н* Республикада 40 377 ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді. Олардың 864 –ң ғылым докторы, 650-і Ғылым Академиясының академиктері, корреспондент- мүшелер және профессорлары болды.

Әдебиет және өнер. 72. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі: Ғ.Мүсірепов. 73. «Қан мен тер» трилогиясының авторы: Нүрпейісов. 74. КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған, майталман ақын: Ж.Молдағалиев. 75. Хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты ашып жазыпғ әдебиет тарихындағы батыл қадам жасаған: І.Есенберлин 76. Әнуар Әлімжановтың Әбу Насыр әл- Фараби туралы жазған романы: «Ұстаздың оралуы» 77. Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болғанжазушы: Ә.Әлімжанов 78. Тарихи романдары арқылы бұқараның санасына асқақ отаншылдық сезім ұялата білген жазушы: Ә.Әлімжанов 79. Ұлы Отан тақырыбына жазған шығаралары оқырман көңілінен шыққан жазушы: Б.Момышұлы. 80. Тұңғыш ғарышкерге арналған «Адамға табын,Жер енді» поэмасының авторы: О.Сүлейменов * Шығармаларының тілі орысша болса да, нағыз ұлттық реңк айқын сезіліп тұр. 81.Этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы музыканы уағыздаумен ұштастырған: Нұрғиса Тілендиев. 82. Тоқырау жылдарында (1970-80 жж) есімі әйгілі болғн әнші: Ә.Дінішев. 83. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған әнші: Р.Рымбаева 84. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған ансамбль: «Дос Мұқасан» 85. Тоқырау жылдарында Қазақстандахалық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильмдер: «Атаманның ақыры», «Қыз Жібек». * N N Q * «Соңғы аялдама»- режиссері С.Апырымов «Адамдар арасындағы бөлтірік»- режиссері Теменов «Бейбарыс сұлтан»- режиссері Мансұров. 86. «Атаманның ақыры» кинофильмінің режиссері: Ш.Айманов 87. «Қыз Жібек». кинофильмінің режиссері: С.Қожықов. 88. 1960-1970 жылдары Қазақстанда пайда болған баспалар: «Қазақ совет энциклопедиясы», «Қайнар», «Жалын», «Өнер» 89. 12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» шығару аяқталды: 1978 жылы. 90. 1978 жылғы республикадағы кітапханалар саны: 19 мың. * Республиканың бірыңғай кітап қорында 160- млн- нан астам кітап жинақталды. 91. 1970 жылы туғанына 1100 толған Шығыстың аса ұлы ойшыл-ғалымы: Әбі Насыр әл Фараби ТОҚЫРАУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН І.Қоғамдық –саяси дамудың қайшылықтары ІІ. Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Ауыл шаруашылығы ІІІ. Экологиялық дағдарыс және оның салдары.

І.Қоғамдық –саяси дамудың қайшылықтары 1. 1960 жылдардың ортасынан бастп 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: Тоқырау жылдары 2. Тоқырау жылдары КСРО- дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттің бірі: Египет (Эгославия, КХДР, ҚХР) 3. «Чехолвакия- Прага көктемі» оқиғасы болған жыл: 1968 жыл. * Бұл елдегі оқиғалар партияны жанартуға, қатып- семіп бара жатқан қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағыталған шаралар үлгісін көрсетті. 4. 1970 жылдардың соңына қарай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталған мемлекет: Қытай Халық Республикасы 5. «Кеңес халқының өткен тарихи даму жолының басты қорытындысы кемелденген социалистік қоғам орнату болып табылады» деп айтты: Л.И.Брежнев 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығында. 6.1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясының бірінші хатшысы болып сайланған: Дінмұхаммед Қонаев. * 1962 жылдан бастап екі жыл Қазқ КСР Министрлер кеңесінің Төрағасы қызметін атқарады. 7. 1964-1986 жылдары Қазақстанда басқарған: Д.Қонаев. 8. КСРО ның соңғы жаңа Конституциясы: 1977 жылы 7 қазан. 9. 1977 жылғы Конституция бойынша «Кеңес қоғамыныңбасты және бағыт беруші күші, оның саяси жүйесінің ұйытқысы»: КОКП 10. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл: 1978 жылы наурыз. * Қазақстан КП мақұлдауымен Конституция 1978 жылы 20 сәуіде Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс сессиясында қабылдану рәсімінен өтті. * Сталиннің тұсындағы басқару апараттары ұлтына қарамай көзін жою әдісі арқылы билік басында қаулы көздеген болса, хрущевтік- брежневтік әкішілік «тарихи жаңа қауымдастық- кеңес халқын» жасау ниетін көздеді 11. Алғашқыда 800 студентті біріктірген «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды: 1960 жылы. 12. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымын құрған осы қалада оқитын жастар: Мәскеу 13. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымынының идеялықдем берушісі және басты ұйымдастырушысы: Мұрат Әуезов. 14. 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары: Қадыржанов пен Тайжанов. 15. 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар» 16. 1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым: «Жас қазақ» 17. 1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер: «Гүлдер», «Дос Мұқасан», «Айгүл» * «Жас тұлпар» ұйымы қазақ жастарының ұлттық санасының өрлеуіне, республикада және одан тыс жерлерде де қоғамдық –саяси ойдың өркендеуіне белгілі дәржеде әсер етті. 18. О.Сүлейменовтың «Аз и Я» тарихи –лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді: 1975жыл 19. 1975жылы жарық көрген О.Сүлейменовтың «Аз и Я» тарихи –лингвистикалық кітабында талқыланған жыр: «Игорь жасағы туралы» * «Бұл шығармада славяндық және түркілік этностық әлем шекарасында дүниеге келген және онда екі көрші мәдениетінің шындықтары көрініс тапқан»,- деген О.Сүлейменовтың тұжырымы шовинистік өзімшілдік рухта тәрбиеленген (М.Суслов) кейбір орыс зиялыларына ұнамады 20. О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханаларынан алынып тасталған кітабы: «Аз и Я» 21. 1970 жылдары кітабы тауар айналымынан тастап алынған(М.Сусловтың басшылығымен) әйгілі қазақ ақыны: О.Сүлейменов 22. 1979 жылы 16 маусымда жастардың Неміс автономиясын құруға наразылық шеруі болған қала: Целиногрд (Ақмола, Астана) * Целиноград оқиғасы болған- 1979 жылы 16-19 маусым 23. 1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның басты себебі: Андропов ұсынған Неміс автномиясын құру 24. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық еткен: А.Коркин 25. 19179 жылғы Қазақстан аумағындағы құрылуға тиіс болған неміс автономиясына аудандары кіруге тиіс облыстар: Павлодар, Қарағанды, Көкшетау. 26. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы : Ерейментау 27. 1979 жылы ұлтаралық қатынастард келенсіз құбылыстардың орын алғандығынның бір көрінісі: Неміс автономиясы мәселесі

* N N Q * 1.1962-1969 жылдар «реформашылдық дүрбелең кезеңі» деп аталды. 2. Кәсіподақтардың негізгі міндеті: еңбеккерлердің әлеуметтік –тұрмыстық жағдайын жақсарту. 3. 1966 жылғы 1 қаңтард кәсіподақтардың 4 млн.мүшесі болды. 4. 1965 жылы республика комсомолының саны: 1 млн- ға жетті.

ІІ. Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Ауыл шаруашылығы 28. Жеке адамның ырқымен кету: Валюнтаристік 29. КОКП- ның 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіптіі басқарудың тиімсіз деп жариялаған ұстанымы: Өнеркәсіптік аумақтық. 30. 1965 жылғы КОКП- ң қыркүйек пленумында өнеркәсіпті бсқару жүйесі өзгертілді. Министрліктер құру. 31. 1967 жылға қарай республикадағы жаңаша жұмыс істей бастаған кәсіпорныдар. 193 кәсіпорын. (10%). 32. 1970 жылға жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшкен республика кәсіпорындарының үлесі. 80%. 33. Жамбыл электр станциясы салынды: 1960ж. 34. Қапшағай электр станциясы салынды: 1972ж. * 1984 жылы республикада электр қуаты 74,6 млрд кВт.сағат (1970 жылы 34,7 млрд кВт.сағ) 35. 1970 жылдар ішіндеАшық әдіспен, өзіндік құны арзан көмір өндірілді: Екібастұз. * 1984 жылы Қазақстанда өндірілген көмір. 125,5 млн тонна. (Одақ бойынша 17,6%) 36. 1960 жылдардың екінші жартысында мұнай өндіру артқан өңір: Маңғыстау. 37. Өзен кен орнынан алғашқы мұнай алынды: 1965 жылы. 38.1960 жылдың екінші жартысында Өзеннен Жетібай арқылы мұнай, газ құбырлаы тартылған қала: Ақтау 39. ХХ ғасырдың 70-жылдарына қарай республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығына айналды: Шығыс Қазақстан. * 1960 жылы Өскеменде салынған өнеркәсіп орны: Титан –Магний комбинаты * 1970-1980 жылдары Шығыс Қазақстан мыс- химия комбинаты салынды. 40. 1960 жылдардың екінші жартысында салынған мұнай-химия зауыты: Атырау мұнай-химия зауыты. 41. 1960 жылдардың екінші жартысында салынған химия-металлургия зауыты. Ертіс химия-металлургия зауыты. 42. 1970 жылдары республитка Одақта жетекші орынға шыққан өндіріс: сары фосфор өндіру. 43. 1984жылы темір кенін өндірудегі жылдық өнімі: 24 млн. т. 44. 1960 жылы Павлодардағы машина жасау зауытының негізінде салынды: Павлодар трактор зауыты. 45. 1960-1970 жылдардың ішінде Семейде салынған зауыт: Арматура зауыты, Кабель зауыты 46. 1960 жылдардың ішінде төмен вольтты аппараттар зауыты салынған қала: Алматы * Текеліде: аккумулятор зауыты * Кентау- трансформаторлар зауыты., * Өскемен- конденсатор зауыты 47. Өздері тұрған ортаның тазалығын сақтамй, жергілікті ресурстарды үнемді пайаланбаған: Әскери Өнеркәсіп Кешендері (ӘӨК) 48. 1960 жылдардың ішінде былғары аяқ- киім фабикасы салынған қала: Жамбыл * Мақта- мата комбинаты: Алматы * Костюмдік штапель маталар комбинаты: Қостанай * Аяқкиім және шұлық фабркиалары: Қарағанды. 49.1970 жылға қараған шақта жеңіл өнеркәсіп республиканың жалпы өнеркәсіп өнімінің 16% -ын берді. * 1960 жылдардың алғашқы жартысында ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру және шаруашылық есепке көшіру жаңа қарқынмен жүргізілді. 50. Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді: 1960 ж соңы 51. 1960 жылдары электрлендіру жұмысы жақсы жүрген облыстар: Шығыс Қазақстан, Семей, Солтүстік Қазақстан. *. 1965 жылғы республикадағы кеңшарлардың саны. 1521. 52. 1965 жылдың соңында толық шаруашылық есепке көшкен кеңшар саны: 586 53. ХХ ғасырдың 70- ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға үлес қосқан, қағазбастылыққа шектеу қойған: И.Худенко. 54. Әдістемесі «социализмге жат, зиянды» деп танылған Алматы облысындағы кеңшар директоры: Худенко (* абақтыда көз жұмады.) 55. 1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан алған орны: 2 * 1975 жылғы Қазақстандағы мал (қой)саны: 34,6 млн 56. 1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашлығына шақырып, бастама көтерген аудан: Шұбартау. * Компартия Қазақстан жастарының алдына қой санын жылдарда 50 млн- ға жуық мақсат етіп қойды. Жастар «50 млн меже емес» деп жауап берді. Қой өсіруші жастар бригадалары алдарына қойылған міндеттерін орындай алмады. Мал басы көбейе қоймады, керісінше, азайып кетті. 7. 1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыстар: Қызылорда мен Атырау. * 1979 жылғы санақ бойынша Алматыдағы қазақтардың үлесі: 11 %

Экологиялық дағдарыс және оның салдары 58. Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналған жыл: 1950 ж. 59. Батыс Қазақстан жеріндегі ядролық полигон. Капустин Яр. 60. Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ өткізілді: 1949 жылы. 61. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылыстар жасалды: 1949-1963 жж. 62. Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейін ауада өткізілген ашық ядролық жарылыстардың саны. 113. 63. 1964 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықта Семей полигонында жасалған жерасты жарылысы: 343 64. Кеңес еліндегі ядролық сынақтардың Семей жерінде өткізілгені: 70%. 65. Семей полигонының зардабын шеккен облыстар: Семей, Қарағанды, Павлодар, Өскемен. 66. Қазақ жерінде ядролық қалдық көметін орындарының саны: 300 67. ХХ ғасырдың ортасынан суы тартылып, Қазақстан, Орта Азияға үлкен экологиялық апат әкелді: Арал теңізі * *— Р S Н* Арал теңізінің суы- 3 есе тарылды *Арал теңізінң құрғап қалған табаны- 30 мың шаршы шақырым * Басты себеп: Сырдария мен Әмдуария өзендерінің суын пайдалануға ысырапқа жол берілуі. 68. Экологиялық дағдарыстың шиеленісуі көрініс берген қалалар: Қарағанды, Өскемен.Алматы * Зауыттарда, фабрикаларда, кен орындарында көп жылдар бойы технологиялық үрдістер жаңартылмады, табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану ескерілмеді. ҚАЗАҚСТАН ТҮБЕГЕЙЛІ БЕТБҰРЫСТАР КЕЗЕНІНДЕ І. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары ІІ. Демократияланыдру үрдісінің одан әрі жалғасуы. ІІІ. Экономикада қалыптасқан жағдай.

І. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары 1. КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты қабылданды: 1985 жылы сәуір. 2. КСРО-да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам жасалды. 1987 жылы. 3. Қырық жылдан астам Қазақстан өкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған: Д.Қонаев. 4. 1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады: Г.Колбинді * Г.В.Колбин Ульяновск облыстық партия комитетін басқарған болатын. Бұрынырақ Грузияда республикалық партия ұйымының екінші хатшысы болып істеді. Ресейдің әр жерінде түрлі қызметтер атқарған Г.В.Колбин Қазақстан картадан ғана білетін, республик үшін бөгде адам еді. 5. 1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумын жүргізген КОКП ОК- нің хатшысы: Г.Разумовский. 6. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезінде дені студент және жұмысшы жастар жиналған алаңның қазіргі атауы: Республика алаңы 7. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар: «Бұрқасын-86» 8. Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айдар: «Ұлтшылдық», «Қылмыстық.» * Алматыға арнайы жіберілген КОКПОК Саяси бюросының мүшесі М.С.Соломеневтің нұсқауымен, КСРО- ның барлық бұқаралық ақпарат құралдары желтоқсан оқиғаларын «маскүнемдер мен нашақорлықтың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірілді. 9. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны 8500-ге жуық 10. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жоғары оқу орындарынан шығарылды: 246 студент * 12 ЖЖ-ның ректорлары орнынан түсірілді. 11. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендердің саны: 2 *Сотталған адамдардың саны: 99 * *— Р S Н* * Жарақат алды -1720 *ІІМ Жүйесімен жұмыстан қуылғандарының саны: 1200 *Наразылық бейбіт және саяси сипатта болды. * Шеруді басу үшін қатысқан жазалаушылар саны- 16 мың *Колбиннің шын мәнінде атқарған қызметі – генерал- губернатор 12. «Жасақшы Савицкийді өлтірді» деп айып тағылған, жас демократ, жалынды ақын Қ.Рысқұлбеков 13. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жігерлі жас, жалынды ақын: Қ.Рысқұлбеков 14. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы: М.Шаханов

* N N Q * 1. Қ.Рысқұлбековқа «Қалық Қаһарманы» атағы берілді: 1996 жылы 9 желтоқсан 2. «1986 жылы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жаапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Президент жарлығы шықты: 1991 жыы 12 желтоқсан. 3. 17 желтоқсан- Демокртиялық жаңару күні ІІ. Демократияланыдру үрдісінің одан әрі жалғасуы. Қайта оралған есімдер және тіл саясаты. • 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Оталық Комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды (бес арыстың есімдері хаыққа қайтарылды.) 15. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ: Ш.Құдайбердиев (1858-1931) 16. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған жазушы әрі ғалым: Ж.Аймауытов (1889-1931) 17. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог : М.Жұмабаев(1833-1938) 18. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған-тіл, әдебиет, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған: А.Байтұрсынов * *— Р S Н*1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған- жазушы, педагог-М.Дұлатұлы (1885-1935) * Қазақ және орыс тілдері туралы Қаулылар шықты: 1987 19. «Қазақ КСР- індегі Тілдер Туралы қазақ КСР- нің Заңы» қабылданды: 1989 жылы 22 қыркүйек 20. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымыа дейін бір жылдың ішінде ашылған республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін балбақшаның саны: 482 21. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымыа дейін бір жылдың ішінде ашылған республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін мектептің саны: 155 * Қазақ тілінде тәлім беретін кәсіп- техникалық училищеер саны: 4

Қоғамдық- саяси бірлестіктер 22. 1989 жылдың 28 ақпанында құрылғанАнтиядролық, экологиялық қозғалыс: «Невада-Семей» 23. «Невада-Семей» антиядролық, экологиялық қозғалысының жетекшісі: О.Сүлейменов * Қозғалыс Семей полигонын жаптыру міндетін алдына қойды. Сонымен қатар әлемдегі аса ірі полигондардың бәрін жою, әскери мақсаттағы- ядролық соғыс қаупін ыдырату сияқты ғаламдық мәселелерді көтерді. *— Р S Н* «Невада-Семей» қозғалысының әлемдегі ірі полигондарды жою мақсатындағы формуласы- 5-5 24. 1990 жылдың жазында құрылған азаматтық қозғалыс: «Азат» 25. «Азат» азаматтық қозғалысын ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы: Қазақстанның егеменді ел болуы 26. Қазақстанда тұратын славян текті жұрттар өкілдерінің мүдделерін қорғау ниетін көздеп құрылған қоғам : «Славян» * Қазақстандық немістердің ұйымы: «Видергебург» («Қайта өрлеу») 27. 1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық бірлестіктердің саны: Жүзден астам 28. «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды: 1991 жылдың маусымында. 29.1989 жылдың маусымында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болған қала: Жаңаөзен. * Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруіне сбеп болған : әлеуметтік мәселелер * Жаңаөзен оқиғалары сырттай қарағанда ұлтаралық қақтығыс сипатта өтті. 30. 1989 жылдың шілдесінде жұмысшылардың бас көтеруі болған қала: Қарағанды. 31. 1989 жылдың шілдесінде Қарағандыдағы кеншілер ереуілін тыныштандыру үшін шұғыл келген Қазақстанның басшысы: Н.Назарбаев. * Екі жақ орталық ведомстволарының монополияық биліктеріне наразылықтарын білдіріп, экономикалық дербестікті жақтады. 32 Кеңес Одағы Ауғанстандағы басқыншы әскерін алып кетуді аяқтады: 1989 жылы маусым 33. Прагада Варшава шарты ұйымының жұмысы тоқттылды: 1991 жылы.

* N N Q * 1. Бактерологиялық полигондар(Арал теңізі): Барскелмес, Возрождение аралдырында 2. 1991 жылы 28 тамызда Презиент Н.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қо қойды. 3. 1993 жылы Презиент Н.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. ІІІ. Экономикада қалыптасқан жағдай. 34. 1988 жылы республикадан сыртқа шығарылған өнімнің бағасы : 6,7 млрд.сом 35. 1988 жылы Қазақстанға сырттан әкелінген өнімнің бағасы: 13,8 млрд. сом 36. 1990 жылдары Қазақстанның сыртқа шығарған өнімінің негізі: Шикізат және жартылай дайын өнім 37. 1980 жылдардың соңына қарай Қазақстанның сыртқа шығарған өніміндегі шикізаттар мен жартылай дайын өнімдердің үлесі: 97 % 38. 1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң: «Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақ туралы», «Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялар туралы» *— Р S Н* 1990 жылдың ішінде әр түрлі экономикалық ассоциациялардың, корпорациялардың құрылуы сауданың көлемін арттырды: 1,5 есе 39. 1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстанда құрылған банк: Сыртқы экономикалық банк * Сонымен қатар республикалық сыртықы экономикалық байланыс министрлігі құрылды. 40. 1990 жылы құрылған Қазақстан мен Сауд Арабиясының бірікен банкі. «Әл-Баракабанк Қазақстан». 41. Қазақстанның Сауд Арабиясымен біріккен «әл-Баракабанк-Қазақстан» банкі құрылды 1990 жылдың қарашасында 42. 1990 жылдары Қазақстанмен байланыс орнатқан Оңтүстік Корея корпорациясы. «Самсунг».(+ «Голд стар») 43. 1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған әуе қатынасы: Алматы-Үрімші 44. 1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған автобус қатынасы: Жаркент-Инин 45. 1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда ресми тіркелген, біріккен кәсіпорындар ашқан елдің саны. 24. 46. 1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда ресми тіркелген, шетелдермен біріккен кәсіпорындарының саны. 35. * N N Q * 1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда ресми тіркелген сыртқы экономикалық ассоциялар, халықаралық коммерциялық банктер: 16 47. 1990 жылдары Қазақстан шетелдер капиталын әкелу үшін сырттан тартылған инвесторды 5 жылға босатты: Пайда салығынан. *— Р S Н* 1. 1991 жылы ішінде республикаға келісім бойынша жткізілмеген бұйымдардың мөлшері ай сайын екі есеге жуық артып отырды. 2. 1991 жылы республика кәсіпорындарының 11 пайызын құрайтын зауыт пен фабрика зиянмен шықты: 533. * N N Q * 1. 1990 жылы тауар айналымы жетті: 21,7 млн сомға