Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм.rtf
Скачиваний:
286
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
829.51 Кб
Скачать

5.51. Авс системасы бойынша жүрек – өкпе реанимациясын жүргізу.

Мақсаты: тыныс алу мен жүрек жұмысының орнына келуі.

Көрсетлім: клиникалық өлім.

Қоры: марлі салфеткалар.

Әрекет алгоритімі:

  1. Тыныс жоқтығын анықтаныз.

  2. Есінің жоқтығын анықтаныз.

  3. Ұйқы артериясына қолды қойып, жүрек соғысының жоқтығына көз жеткізініз.

Ескерту: соңғы 2 манипуляцияны бірге жүргізеді.

А – тыныс жолдарының өтімділігін орнына келтіру.

Сафара үштік әдісін қолданамыз.

  1. Науқасты қатты жерге шалқасынан жатқызамыз.

  2. Басын артқа қарай шалқайтамыз.

  3. Бір қолмен мойнын артынан көтеріп, екінші қолмен маңдайды жоғары төмең басамыз.

  4. Омыртқада мойын бөлігі жарақаттанғанда 3 – әдіс қауіпті болғандықтан жасалынбайды.

  5. Аузын ашып қараныз: салфетка көмегімен қан, құсық қалдықтарын басын бір жағына бұра отырып тазартыныз.

В – тыныстың орнына келуі.

  1. Терең тынысалып, зардап шегушінің қысып, еріндерінізбен зардап шегушінің аузын толық қатып ішке ауа жіберініз. Көмек берішінің қолы мойын асты мен маңдайда орналасады.

С - жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымды қалыптастыру.

  1. Зардап шегуші тегіс жерде жатады, массаж жүрзізушінің тізесінің дәрежесінде. Басу нүктесі семсер секілді өсіндіден 2 саусақ жоғары.

  2. Бір қолдың алақаның төс сүйектің 3/1 бөлігіне, екінші қолды оның үстіне қоямыз. Дененің барлық салмағымен төс сүйегін омыртқаға қарай 4-5 см басамыз.

  3. Қолынызды төстен алмай еркін қстаныз.

Ескерту: Егер 1 адам көмек көрсетсе 15 рет басып 2 рет дем береді. Егер көмекті 2 адам көрсетсе 5 рет басып, 1 рет дем береді. Жүрекке массаж минутына 60 рет.

    1. Тыныс жолдарына бөгде зат түскенде алғашқы көмек.

Мақсаты: бөгде затты жою.

Көрсетілім: тыныс жолдарындағы бөгде зат.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқас жағдайын бағаланыз.

  2. Науқасты артынан қолмен қысып, көкірек аймаған басу әдісін қолданыныз.

  • Зардап шегушінің артынан тұрып,белінен қысып алдыға қарай сәл енкейтініз.

  • 1 қолдың жұдырығын кіндіктен сәл жоғары қойыныз.

  • Жұдырықты екінші қолдың алақанымен қысып, науқастың ішін қатты басыныз, диафрагманың астына жіберіп денені көтеруге тырысыныз.

  • 5 рет қайталау керек.

  • Егер тыныс жолдары тазармаса «бесте бес» циклін қайталау керек.

  1. Жартылай отырынқы қалыпта ауруханаға жеткізініз.

  2. Тыныс алуды қадағаланыз.

Науқас есін жоғалтқан жағдайда.

  1. Шалқасынан еденге жатқызыныз.

  2. Тыныс жолдарын тазартыныз. Егер бөгде зат көрініп тұрса, саусақпен алып көрініз. Алайда абай болыныз, бөгде затты ары қарай итерип жиберменіз.

  3. Бөгде зат шығарылмаса, ал науқас ессіз жатса, өкпе-жүрек реанимациясын жүргізініз.

Көкірек қуысын басу кезінде бөгде зат сыртқа шығуы мүмкін, сондықтан ауызын тексеріп тұрыныз.

    1. Көкіректен өтіп кеткен жарақаттар кезіндегі шұғыл көмек.

Мақсаты: алғашқы медициналық көмек.

Көрсетілім: көкіректен өтіп кеткен жарақаттар.

Қоры: стерильді қолғап, антисептикалық ерітінді, 50% анальгин, 2% димедрол, антисептик ерітіндісі, лейкопластырь, мұзды мұйыө, тонометр, фонендоскоп, КБУ.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқастын жағдайын бағаланыз.

  2. Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыныз.

  3. Өзінізге қаратып жартылай отырыңқы жағдай жасаныз.

  4. Қолынызды спиртпен өңдеп, резеңке қолғап киініз.

  5. Жараны қараныз.

  6. Көк тамырға 50% 2мл анальгин мен 2% 1мл промедол ерітінділерін сезімсіздендіру үшін енгізініз.

  7. Антисептика ерітіндісімен жараны өңденіз.

  8. Жараға окклюзиялық таңғыш қойыныз.

  • Жараны стерильді салфеткамен томпондағаннан кейін.

  • ИПП таңғыш пакетінен резеңке матаны стерильді бетімен қойыныз.

  • Лейкопластырьмен жабыстырыныз.

  1. Жарақат орнына мұзды мұйық қойыныз.

  2. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

  3. Зембілмен жартылай отырыңқы қалыпта хирургия бөлімшесіне тасымалданыз.

  4. Қан қысымын, тамыр соғысын қадағыланыз.

    1. Бас сүйек жарақаты кезіндегі алғашқы көмек.

Мақсаты: бас жарақаты бар науқасқа көмек көрсету.

Көрсетілім: Жабық бас сүйек жарақаты, бас сүйек жіктері сынығы, бас сүйек негізінің сынығы.

Қоры: 50% 2мл анальгин, 1% 1мл димедрол, 40% глюкоза ерітіндісі, 20мл 25% магний сульфат ерітіндісі бұлшық етке 10мл, мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, жұмсақ үйінді.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқас жағдайын бағаланыз.

  2. Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыныз.

  3. Зардап шегушіні зембілге бас жағы биік қалқаншамен жатқызыныз, тасымалданыз.

  4. Қолынызды спиртпен өңдеп, резеңке қолғап киініз.

  5. Жараны қараныз.

  6. Антисептика ерітіндісімен жараны өңденіз.

  7. Көк тамырға 50% 2мл анальгин мен 1% 1мл димедрол ерітінділерін сезімсіздендіру үшін енгізініз.

  8. Көк тамырға 20мл 40% глюкоза ерітіндісін немесе бұлшық етке 10мл 25% магний сульфат ерітіндісін енгізініз.

  9. Басына мұзды мұйық қойыныз.

  10. Есін жоғалтқанда тілді жұтып қою алдын алыныз.

  11. Құсық қалдықтары болса, басын бір жағына бұрып, ауызын тазалап, тілін салфеткамен өзінізге қарай тартыныз.

  12. Қан қысымын, тамыр соғысын қадағаланыз.

  13. Хирургиялық бөлімшеге жеткізініз.

    1. «Өткір іш» синдромындағы шұғыл көмек.

Мақсаты: Қабынулар мен жарақаттар кезіндегі асқынулардың алдын алу.

Көрсетілім: Өткір іш синдромына мына аурулар кіреді: өткір апендицит, өткір холецистит, өткір панкреатит, асқазан-ішек ойық жаралары, іш жарақаты.

Қоры: мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп,стерильді қолғап.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқас жағдайын бағаланыз.

  2. Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыныз.

  3. Тізелерінің астына үйінді қойып, зардап шегушіні зембілге көлденең жатқызыныз.

  4. Ішіне мқзды мұйық қойыныз.

  5. Хирургиялық бөлімшеге жеткізініз.

Ескерту: жылытқыш, клизма, іш тазалау дәрілері, сезімсіздендірушілер – қолдануға болмайды.

    1. Ұзақ жаңшылу синдромындағы шұғыл көмек.

Мақсаты: зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету.

Көрсетілім: резеңке еспе, транспорттық шина, реополиглюкин, 2% промедол, 0,5% реланиум.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқас жағдайын бағаланыз.

  2. Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыныз.

  3. Қолынызды спиртпен өңдеп, резеңке қолғап киініз.

  4. Жараны қараныз.

  5. Антисептика ерітіндісімен жараны өңденіз.

  6. Көк тамырға 2 мл 5% анальгинді 1мл 1% димедролмен енгізініз.

  7. Жаңшылған түпкіліктерді босату алдында, жаңшылған жерге жақын резеңке еспе қойыныз.

  8. Жаңшылудан босатқаннан кейін, сирақтан табанға дейін эластикалық дәкемен қатты орап, резеңке еспені алып тастаныз.

  9. Зақымдалған түпкілікке мұзды мүйық қойыныз.

  10. Зақымдалған түпкілікке шина қойыныз.

  11. Көк тамырға 400мл реополиглюкин енгізініз.

  12. Хирургиялық бөлімшеге жеткізініз.

    1. Омыртқа жотасы жарақаттанған кездегі шұғыл көмек.

Мақсаты: Ауырлық алдын алу және транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: Омыртқа жотасы жарақаты.

Қоры: тығыз зембіл немесе тасымалдаушы вакуум, үйінді, 2% промедол, полиглюкин, кордиамин ерітіндісі, Еланский шинасы, Шанц мақта маталы жағасы, тонометр, фонендоскоп, ені 20-25см дәке.

Әрекет алгоритімі:

Омыртқа сынығында пневматикалық шинамен тасымалдау:

  1. Науқасты қараныз.

  2. Омыртқа сынығы барын анықтаныз.

  3. Науқасты тынышталдырыныз.

  4. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

  5. Науқасты абайлап зембілге ауыстырыныз. Ауыстыруды 4 адам бір уақытта іске асырады.

  6. Зембіл қабын байланыз.

  7. Зембілден ауаны арнайы аяқ ауа шығарғышымен толығымен шығарыныз.

  8. Науқасты арнайы 2 адам тасымалдайтын зембілмен шығарыныз.

Ескерту:

Отыртқаның көкірек қуысы аймағындағы сынықтарда вакуумды зембілдер қолданылады.

Омыртқаның мойын бөлігі сынығы:

  1. Науқасты қатты зембілге мойын астына үйінді қойып көлденең жатқызыныз.

  2. Мойынға Еланский шинасын немесе мақта маталы Шанц жағасын қойыныз.

  3. Бұлшық етке 2мл 2% промедол ерітіндісімен сезімсіздендіргіш енгізініз.

  4. Көк тамырға 500мл полиглюкин, 2мл кордиамин енгізініз.

  5. Қан қысымын, жүрек соғысын, тыныс алуын қадағаланыз.

  6. Жарақат бөліміне жаткізініз.

Көкіректеге омыртқа сынығы:

  1. Науқасты қатты зембілге сынық орнына үйінді қойып көлденең жатқызыныз.

  2. Бұлшық етке 2мл 2% промедол ерітіндісімен сезімсіздендіргіш енгізініз.

  3. Көк тамырға 500мл полиглюкин, 2мл кордиамин енгізініз.

  4. Қан қысымын, жүрек соғысын, тыныс алуын қадағаланыз.

  5. Жарақат бөліміне жаткізініз.

Бел бөлімінде омыртқа сынығы:

  1. Жатқан науқасты абайлап, омыртқаны майыстырмай зембілге ауыстырыныз..

  2. Ауыстыруды 4 адам бір уақытта іске асырады.

  3. Науқастың денесін зембілге жалпақ дәкемен көкірек дәрежесінде, жамбас, тізе буындары тұсынан бекітініз.

    1. Шылапшын сүйектері сынығында шұғыл көмек.

Мақсаты: шоктың алдын алу, транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: шылапшын сүйектері сынығы,шылапшын мүшелерінің зақымдалуы.

Қоры: қатты зембіл, ұз 25-30см үйінді, сүлгі немесе жаялық бөлігі, 2мл 2% промедол ерітіндісі.

Ескерту: шылапшынның сүйектері сынығы жиі шылапшын мүшелерінің бұзылуымен қатар беріледі.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты қараныз, тынышталдырыныз.

  2. Шылапшын сүйектері сынығы барын анықтаныз.

  3. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

  4. Қолынызды спиртпен өңдеп резеңке қолғап киініз.

  5. Бұлшық етке 2мл 2% промедол ерітіндісімен сезімсіздендіргіш енгізініз.

  6. Науқасты абайлап, омыртқаны майыстырмай зембілге ауыстырыныз..

  7. Жатқан науқасты абайлап, зембілге ауыстырыныз..

  8. Науқас аяқтарын тізесінен бүгіп, шетке қарай бөлініз.

  9. Бүгілген тізеге үйінді қойыныз.

  10. Тізедегі үйіндіні ұзын сүлгімен немесе жаялықпен бекітініз.

  11. Көк тамырға 500мл полиглюкин, 2мл кордиамин енгізініз.

  12. Қан қысымын, жүрек соғысын, тыныс алуын қадағаланыз.

  13. Жарақат бөліміне жаткізініз.

    1. Электр жарақатындағы алғашқы көмек.

Мақсаты: табиғи және техникалық электр тогымен жарақаттанғандағы шұғыл көмек.

Көрсетілім: науқасқа найзағай немесе электр тогының әсер етуі.

Қоры: ағаш таяқ, резеңке қолғап.

Әрекет алгоритімі:

1. Электр тогының әсерін тоқтатыныз:

- тоқтан ажыратыныз;

2. науқастың жағдайын бағаланыз.

3. А-В-С ережесі бойынша реанимациялық әрекет жасаныз.

4. күйік орнына құрғақ асептикалық таңғыш қойыныз.

5. науқасты реанимация бөліміне жеткізініз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]