Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм.rtf
Скачиваний:
286
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
829.51 Кб
Скачать

5.37. Қалып « Гипс таңғышын шешу техникасы ».

Мақсаты: гипс таңғышын шешу.

Көрсетілім: Имобилизация мерзімінің аяқталуы.

Қоры: Штилле гипс қайшылары, Вольф қысқыштары, Кнорр кеңейткіштері, гипс байламдарын кесетін қайшылар, тігіншінің қайшылары, гипс пышақтары, гипс аралары.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты отырғызып, тынышталдырыныз.

  2. Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.

  3. Гипс таңғышындағы түпкілікті арнайы тірегішке қойыңыз – төмеңгі түпкіліктерді, жоғарғы түпкіліктерді – үстелге.

  4. Гипс таңғышын гипс қайшылары мен ара көмегімен шешуді бастаныз.

Штилле қайшыларын қолданған жағдайда:

  • Қайшының кесуші бөлігін, гипстің астына шпатель қоя отырып енгізініз.

  • Бір қолмен сыртқы қаламын көтеріңкіреніз, сол арқылы құрама бедерлеуші азғындайды.

  • Төмеңгі қалам көмегімен бедерлеушіні қолмен алға қарай итерініз.

  • Екі қолды жақындатып таңғышты ашныз.

Ескерту:

  • Гипс таңғышы шешілгеннен кейін теріні сабынмен, жылы сумен жуыныз.

  • Теріні сүлгімен кептіріп сүртініз.

  • Түпкілік терісін вазелин майымен өңденіз.

  • Гипс таңғышының шешілуі қиын жерлерін гипертониялық ерітіндімен жібітініз.

5.38.Қалып « Транспорттық шина қою техникасы».

Мақсаты: зақымдалған түпкілікті уақытша тасымалдау.

Көрсетілім: зақымдалған түпкілік.

Әрекет алгоритімі:

  1. Шина сөзсіз екі шектес буынды басып тұруы керек, кейде үш.

  2. Түпкілікке тасымалдау кезінде мүмкіндігінше физиологиялық қалып беру.

  3. Транспорттық шина қою кезінде киім мен аяқ киім шешілмейді.

  4. Ашық сынық кезінде жарақатқа стерильді таңғыш қою керек.

  5. Қатты шинаны ашық теріге қоюға болмайды, астына жұмсақ төсеніш қою.

  6. Науқасты зембілден аударған кезде, зақымдалған түпкілікті көмекші ұстап тұруы керек.

  7. Шина сау түпкілікпен өлшенеді.

Ескерту: түпкілік шығулары, сынықтарын жеке орнына келтіруге болмайды. Дұрыс емес көрсетілген көмек нервті зақымдап, жарақатты ауырлатуы мүмкін. Резеңке жгутті киім не жапқыш астына қоюға болмайды. Салқын уақыттарда шина қойылған түпкілік жылытылады. Комалық жағдай комаға қарсы әрекеттерге кедергі болмайды.

5.39. Қалып «Иық сынығында Крамер шинасын қою техникасы».

Мақсаты: Иық сынығында транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: Иық шығуы, сынуы.

Қоры: Крамер баспалдақты шинасы, дәке, мақта, сезімсіздендіруші зат,шприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз.

  2. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

  3. Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.

  4. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

  5. Жарақат орның қараныз.

  6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

  7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

  8. Қолды бүгіп кеудеге қарай әкелініз.

  9. Ұзыны 120см ені 11см баспалдақты Крамер шинасын таңыныз.

  10. Шинаны сау түпкілікке қойып, саусақ басынан шынтақ буынына дейінгі аралықты белгіленіз.

  11. Шинаны алып, айқындалған буын орнын тік бұрышта бүгініз.

  12. Шинаны сау түпкілікке қойып, шынтақ буынынан иық буынына дейінгі аралықты белгіленіз.

  13. Шинаны алып айқындалған буын орнын бүгініз.

  14. Шина түбі арқадан сау күрекшеге өтетіндей етіп қойыныз.

  15. Шинаны сау түпкілікте өлшеніз.

  16. Шинаны зақымдалған түпкілікке қойыныз.

  17. Дәке көмегімен сау күрекшеге дейін бектініз.

  18. Түпкіліктің жақсы тіркелуі үшін бекітпе бау қойыныз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]