Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп Акерке.docx
Скачиваний:
209
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
134.2 Кб
Скачать

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім деңгейіне және әрбір жеке тұлғаның шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талаптар арта түсуде.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған индустриалды – инновациялық даму стратегиясында ғылыми – техникалық прогресстің қарқынмен дамуына және елдің халық шаруашылығындағы дамудың интенсивті факторлардың қолданылуына көшу бағдарламасы жастардың кәсіптік даярлығына жаңа жоғары талаптар қояды. Бұл дайындықтың негізі мектепте қаланады.Сондықтанда мектептерде кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе екенін атап көрсетті.

Білім беру бағытындағы кәсіби бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Кәсіби бағдар беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтанда қазіргі таңда Р.Асубаев атындағы орта мектепте кәсіби бағдар беру оқу-тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қаралады. Соңғы кездерде кәсіби бағдар беру жұмыстары мектепте қажетті теориялық және тәжірибе деңгейде жүргізіледі және де еңбектің іс-әрекет саласына аяқ басқан жастарға заманауи қоғам қоятын міндеттерге жауап беретін кәсіп таңдауда жол сілтеп келеді. Мектептің кәсіптік бағдар берудің мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты мамандықты дұрыс таңдау үшін дайындау.

Мектептегі оқушылардың белгілі бір білім саласына қызығушылығы мен бейімділігін – анкеталау, әңгімелесу арқылы кәсіптік ұмтылуы мен жеке ерекшеліктерін, кәсіби мақсаттарын біліп, тексеріп отырады.

Менде пратикадан өту барысында 11 сынып оқушыларымен кездесу барысында ең әуелі Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы туралы айтып. Жастардың қоғамдық сұраныстарға жауап беретін мамандықтарды таңдауына бағыт бердім. Себебі қазіргі таңда елімізде саны көп сапасы жоқ мамандар көбейіп, еліміздің болашағына қажетті техника, ауыл шаруашылық мамандарының аз екенін айта отырып, ретінше

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агро - техникалық университеті және оның білім беру жүйесі және қазіргі таңда ашылған көп тілде білім беретін топтар жайлы айтып өттім. Әңгіме барысында оқушылар біздің университетке өз қызығушылығын білдірді және оқушылар тарапынан мынадай сұрақтар қойылды:

  • ҚазАТУ қандай мамандықтар бойынша шет елде білім ала алады?

  • Университет мұғалімдері қоятын талап қандай?

- Университетте қандай студенттік ұйымдар жұмыс істейді? және т.б. Мен ол сұрақтардың барлығына дерлік толық жауап бердім.

Қосымша «е»

Сабақты талдау

«20»қаңтар 2015 ж.

Сыныбы: 8 « Б»

Пәні: физика

Оқытушы: Орманова Мейрамкүл Талғатқызы

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жаңа тақырыпты меңгеру

Сабаққа қатысу мақсаты: Оқытушының сабақ беру әдістерін бақылау. Оқушылармен жұмысына назар аудару

1.Сабақты ұйымдастыру

1.1Тізім бойынша білім алушылар саны 25, сабаққа қатысқандары 25,

Сабаққа кешіккендері жоқ.

1.2Дәрістің сабаққа дайындығы,сабаққа қажетті көрнекіліктер және басқа жабдықтар мұғалім сабақты интерактивті тақтамен жүргізді.

1.3Оқытушының күнтізбелік-тақырыптық жоспарының бар болуы бар

1.4КТЖ сабақ тақырыбына сәйкестігі және сынып журналына жазылуы

Оқытушысының журналын толтыруға ұқыптылық танытты

1.5 Сабақты ұйымдастыруға жіберілген уақыты 5 мин

2.Өткен материалдра бойынша оқушыларды сұрау

2.1 Сабақты сұрау әдісі: өткен тақырып сұрақтарын оқушыларды үш топқа бөліп қызықты жарыс түрінде сұрастыру.

2.2Сұралған білім алушылар саны 15, сұралған уақыты 10 мин

2.3Жауаптарды бағалаудың дұрыстығы, оны хабарлау тәртібі,

білім алушылардың материалды игеруі оқытушы оқушыларды жауап беру деңгейіне қарайәділ бағалады, оқушылардың материалды игеруі жоғары.

2.4 Сабақ сұрау кезіндегі топтың белсенділігі және жұмыстылығы оқушылар сабаққа аса қызығушылықпен қатысты.

3.Жаңа материалды түсіндіруі: оқытушы жаңа материалды түсіндіруде кітапты қолданып, оны аса тиімді пайдаланды.

3.1 Ғылымилығы, көрнектілігі, игерімділігі: тәрбиелілігі, танымдылығы, қызықтылығы т.б.

3.2Жаңа материалды түсідіру әдісі: оқытушы жаңа материалды түсіндіруде кітапты қолданып, оны аса тиімді пайдаланды.

3.3Көрнекі құралдарды қолдануы, ОТЖ жіне басқа да оқытудың жабдықтарын қолдану, оларды пайдаланудың тиімділігі:оқытушы сабақта мультимедмялық проекторды қолданып, оны аса тиімді пайдаланды

3.4 Оқытушының сөйлегені және сабақты түсіндіруі: оқытушы сабақты нақты, тиянақты, сауатты жеткізді

3.5Топпен байланысы: сабаққа қызығушылығы, оқытушымен байланысы, мәселені шешу кезіндегі оқушының белсенділігі: оқытушы сабақты сыныппен талқылап, әр оқушы белсенділік танытты.