Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп Акерке.docx
Скачиваний:
209
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
134.2 Кб
Скачать

Мінездеме

№36 орта мектебінің 8 «б»-сыныбында 25 оқушы білім алуда. Сыныпта 13 ұл,12 қыз бала бар. Жас ерекшелікері 14-15. Олардың 4 оқушысы үздік, 13 оқушысы оқу екпінділері, қалғандары қанағаттанарлықтай.Сыныптың оқу үлгерімі жақсы. Әлеуметтік құрамы - орташа. Сынып гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиесі жақсы.Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Мектеп ішіндегі түрлі мәдени шараларға және спорттық жарыстарға белсене қатысады.

Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру негізінде оқушылар шығармашылық дамуы үшін жүргізілетін үйірмелер мен пәндік қосымша сабақтарға қатысады. Әли Ұлболсын, Досымбет Абдурашид, Исахан Жанболат, Манап Жаңыл, Әмір Гүлсезім мектеп олимпиадаларына әрдайым қатысады.

Үйірмелерден оқушылар биге, әнге, домбыраға, спорттық ойындарға қатысады. Атап айтсам, Тұрсын Аяжан-биге, Исаев Еркебұлан, Барысхан Нұржан -күреске, Манап Жаңыл,Сартай Алтын - волейбол командасының мүшелері, Мансұр Нұрдәулет-шахмат үйірмесіне, Сатыбалды Ботагөз - іс-шараларда ән айтады.Оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы, ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы қалыптасқан. Тәжірибе жетекшісі Орманова Мейрамкүл оқушылардың арасында сыйлы да білікті ұстаз.

С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университетінің

1курс студенті Оңласын Ақерке

Қосымша «Г»

Тараз қаласы №36 орта мектебінің

8-сынып оқушысы Әли Ұлболсынға

Мінездеме

Әли Ұлболсын 8-сынып оқушысы 17.01.2001 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Сынып басшысы қызметін атқарады.

Менің практика өту барысымда ол өзін жақсы қырынан көрсетіп, көзге түсе білді. Оқушылырмен, мұғалімдермен қарым-қатынасы өте жақсы.Оқу жұмысына белсенді араласады, үй жұмысын жүйелі түрде орындайды. Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті ерекше. Оқушының ерік-жігері мықты дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады. Ұлболсынның психологиялық сипаттамасы бойынша сангвинник болып табылады. Мінезі ашық, сабырлы, достарымен жақсы тіл табысады. Берілген істі ұқыпты, шапшаң орындайды. Сүйікті ісі – музыка тыңдау. Ұлболсын мектепішілік олимпиадаларға және де көптеген іс-шараларға қатысады. «Толғанай» ән сайысынан, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыстарынан үздік жүлдегер атанды. Мектептен тыс ағылшын тілін үйрену курсына қатысады. Болашақ мамандығын да ағылшын тілінің аудармашысы ретінде елестетеді.

Болашақта өз ісінен өте жақсы нәтижиелер көрсететініне сенімдімін.

С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университетінің 1 курс студенті Оңласын Ақерке

Қорытынды

Мен, Оңласын Ақерке, КЖжКББ факультетінің 101-топ студенті Тараз қаласы № 36 орта мектебінде 2015 жылдың қаңтар айының 19 -23 аралығы педагогикалық-психологиялық тәжірибеден өттім. Осы өткізілген тәжірибе мынадай іс-шара негізінде жүрілді. Алғашқы күні оқу орнымен танысып, жауапты жетекшім болып физика пәні мұғалімі Орманова Мейрамкүл белгіленді.

Тәжірибе өту барысында мұғалімнің сабақтарына қатыстым, сол мұғалімдермен сабақты талдау нәтижесінде өзім білмейтін жаңа мағлұматтармен таныстым.

Болашақ маманға қажетті білімдер мен дағдылардың қалыптасуына педагогикалық қабілеттілікті дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді. Бұл тәжірибеден тұтас педагогикалық үрдісті бақылау мен талдау, кәсіптік үлкен тәжірибе әдіс тәсілдері меңгеріледі.

Университетте алған теориялық білімдерді тереңдетіп, іс жүзінде ұштастыра қолдана білдім. Тәжірибе барысында тағайындалған жетекші, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болды. Олардың сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтадым. Соңғы күні тәжірибе жұмыстарын аяқтап, оны есеп беруге енгізу тіркелді. Менің жұмысымда жетекшім көп көмектесті.

Танысу тәжірибесі теориялық білімді практикалық біліммен байланыстыру көмегі өте зор.Тәжірибе кезінде мен мұғалімнің сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмысына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым.

Психологиялық – педагогикалық тәжірбие теориялық білімді тәжірбиелік біліммен байланыстыру кезінде көмегі өте зор. Тәжірбие барысында оқытушылоардың сабақты беру кезіндегі өзіндік бір амалдарымен таныстым. Жетекшімнің берген барлық тапсырмаларына аса жауапкершілікпен қарадым. Тәжірбие кезінде мен оқытушылардың сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмыстарына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым. Тәжірбиені өту кезінде педагогикалық қарым-қатынастың білімдері мен біліктерін дамыттым.