Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

VII сөж тапсырмасы.

  1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

нәтиже-итог

керекті мәліметтер-нужные сведения, өңдеу жүйелері-системы обработки,

кешен-комплекс,

орташа мүмкіндік-средняя возможность,

маман адам-специалист,

анықтамалық іздеу қызметтері-услуги справочного поиска,

дәлдік пен ұқыптылық-точность и аккуратность,

қатесіз-безошибочный,

дайындық- подготовка,

ақпараттық жабдықтар- информационные оборудование

өңдеу жылдамдығы-скорость обработки

жұмыс өнімділігі -производительность работы,

2. Мәтінді мазмұндаңыз. Компьютерлік жүйелер

IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (есептеу) жүйелер 4 негізгі компоненттен тұрады.

1. есепті мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;

2. компьютердің аппараттық жабдықтары (Hardware);

3. деректер, яғни керекті мәліметтер файлы;

4. компьютердің бағдарламалық жабдықтары (Software).

Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады.

Мысалы, машинкада текст басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін немесе 6-8 қатарға дейін текст басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 қатар баса алады. Бұған қарасақ, бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.

Арнайы мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудың екінші себебі арнайы мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз оқи алады екен. Сол себепті телефон станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады.

Дәлдік пен ұқыптылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудың үшінші себебі – олардың дәлдігі мен ұқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге қатесіз мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дұрыс жолдарын көрсетсек, әрқашанда қатесіз, дұрыс анықталған нәтижелер аламыз. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп айтылады. Мұндайда компьютердің қателеспейтінін, қатенің себебі мәліметтердің оған дұрыс берілмегенінен немесе оны өңдеу бағдарламасының қате болғанынан екенін ашық айту қажет.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Компьютерлік жүйелер неше компоненттен тұрады?

2. Орташа компьютер минутына неше қатар баса алады?

3. Бір компьютер неше адамды алмастыра алады?

4. Дайындығы мол адам минутына неше сөз оқиды?

5. Компьютер минутына неше сөз оқиды?

6. Компьютерлік жүйелерді неге пайдаланамыз?

4-жаттығу. Мәтінді көшіріп, пысықтауыштың түрлерін ажыратыңыз.

Абайдың жасы он үшке толған еді. Бірақ, ғажап! Басқа балалардай емес, үйден көп шықпайды. Ол әжесі Зере мен шешесі ұлжанның қызық әңгімелерін тыңдайтын. Абай әңгіме, ертегі, аңыздарды жалықпай, ынтыға тыңдауға бар. Оның әжесі шебер әңгімеші еді. Әңгімесін қызықтырып айтады.

Абай әжесі шаршаған кезде шешесіне әңгіме айтқызатын. Анасы Ұлжан ұзақ жырларды, айтыстарды, өсиет, әзілдерді жатқа айтатын.

(М. Әуезов)

VIII сөж тапсырмасы

  1. Жаңа сөздерді жаттаңыз

Компьютерлік желі – компьютерная сеть

Байланыс құралы – средство связи

Тармақталған жүйе – разветвленная система

Есептеу құрылғылары – вычислительное средство

Қуатты компьютер –мощный компьютер

Жиын – скопление

Арна-канал

Жергілікті желі – локальная сеть

Аймақтық – региональная

Тұрақты байланыс - постоянная связь

Үйлестіру –координация

  1. Мәтінді мазмұндаңыз.