Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Компьютерлік жүйелер неше компоненттен тұрады?

2. Орташа компьютер минутына неше қатар баса алады?

3. Бір компьютер неше адамды алмастыра алады?

4. Дайындығы мол адам минутына неше сөз оқиды?

5. Компьютер минутына неше сөз оқиды?

6. Компьютерлік жүйелерді неге пайдаланамыз?

Пысықтауыштың түрлері.

(виды обстоятельства)

Түрі

Сұрақ

Мысал

  1. Мезгіл пысықтауыш

(время)

Қашан?(когда?)

Қай кезде? (в какое время)

Ертең жаңбыр жауады.

Асқар кіргенде есік ашылды.

  1. Мекен пысықтауыш

(места)

Қайда?(где? куда?)

Қайдан?( откуда?)

Қалай қарай?

(в какую сторону?)

Мен дүкенге барамын.

Әсет футболдан келе жатыр.

Ол сатымен жоғары көтерілді.

  1. Қимыл-сын пысықтауыш

(образа действия)

Қалай? қайтіп? (как)

Қалайша?

(каким образом?)

Ол асықпай келді. Бала жүгіріп келді.

Мен осылайша түсінемін.

  1. Мақсат пысықтауыш

(цели)

Не мақсатпен? (с какой целью?)

Неге бола? (ради чего?)

Осыны айту үшін келді.

Ойнамақ оймен келген.

Әсемге бола сөйлесті.

  1. Себеп пысықтауыш

(причины)

Не себептен?(по какой причине?)

Неліктен? (почему?)

Қар қалың болғандықтан сабаққа бармадым.

Ол анасын сүйгендіктен келді.

5-жаттығу. Оқыңыз. Пысықтауышты тауып, сұрақ қойыңыз.

1. А.В. Суворов бала кезінен әскери адам болуды армандады (мечтал). 2. Жас кезінде өте әлсіз (слабый) әрі аурушаң (болезненный) бала болған. 3. ”Саған әскери адам болу қайда? ”- деп әкесі қалжыңдайтын (шутил). 4. Оған Суворов қатты қынжылатын. 5. Суворов көп жаяу жүрді, атқа мінуді үйренді. 6. Ақыры дегеніне жетіп, ол көп ұзамай әскери қызметке алынды.

6-жаттығу. Сұхбаттағы орыс тіліндегі сөйлемдерді аударыңыз. Пысықтауышты табыңыз.

- Привет, Еркин! Как дела?

- Жақсы, спасибо! Ал сенің ше?

- Рақмет, неплохо. Мен сені бүгін түсте не кешке могу увидеть?

- Иә, конечно.

- Хорошо, менің бөлмеме бүгін вечером приходи.

- Сен где тоқтадың?

- В гостинице “Қазақстан”. Ол Достық проспектісінде, 423 номер.

- 423 номер? Хорошо. Часов в шесть келсем будет нормально?

- Жақсы, до встречи?

- До свидания!

VIII сабақ. Компьютерлік желілер.

1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері.

Компьютерлік желі, екі компьютердің байланыс құралдары, қарым–қатынас жасау, өңдеудің тармақталған жүйесі, бір-бірімен байланысқан жиыны, мәлімет алмасу, құрылғыларды ортақ пайдалану, қуатты компьютерлер, мәліметтер базасымен, тұтынушылармен тұрақты байланыс жасау, желі құрамы, қатынас құруды ұйымдастыру, мәлімет алмасуды басқару, есептеу құрылғыларын пайдалану, аймақтық –таратылған желілер, жергілікті желі, ең қарапайым түрі, өте қашықта орналасқан, кешендік қызмет, байланыстың телефон арналары, үйлестіру құралдары.