Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Perenabrat_uslovia.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
161.28 Кб
Скачать

2.2 Топырақ түзілудің жағдайлары

Қостанай облысының едәуір бөлігі мемлекеттің Торғай үстелдік шектерінде орналасқан. Майыстың солтүстік-шығыс бөлігін солтүстік Торғай жазықтығы алып жатыр және солтүстігіндегі Батыс Сібір ойпатына ауысады. Жер бедері тегіс жазықты немесе ойлы-қырлы жерлер. Жазықтықты Қостанай қаласы қасындағы айрықтан өзен алқабы 60–70 м төмен Тобыл өзені кесіп өтеді. Мұнда Наурзымға қарай бағытталған «Қостанай білігі» түсінігі байқалады және 100 мың км2 шамасындай ауданын алып жатыр. Жер бедерінің көтерілуінен Тобыл, Обаған, Есіл өзендері – солтүстікке, ал Торғай, Өлкеаяқ, Ырғыз, Жыланшық өзендері оңтүстікке ағады.

Сарғыш топырақтар мен Сарғыш топырақты жерлер жыныстары, қоңыр және қызыл қоңыр ауыр сазды топырақтар, құрамында 5% дейін карбонаттары мен тез еритін тұздары, түбегейлі жыныстар (әктастар) және түбегейлі мен шөгінді жыныстардың бұзылу азықтары негізгі топырақ түзуші жыныстар болып саналады.

Тобыл, Торғай өзендерінің алқабы мен алқабы жанындағы сатыланып тұрған жазық алаңдарында және олардың саласылары тосап топырақты және олармен байланысты өзенді-тосаптардың пайда болуы басталады. Олар қара топырақтар мен қоңыр топырақтар үшін топырақ түзуші жыныстардың түзілуіне қызмет атқаратын құмдармен, құмдақтармен, лесс тәрізді құмбалшықтармен көрсетілген.

Қостанай облысының құрғақшыл климаты мен жазық жер бедері суландырудың маңызды мәні болатын өзен желісінің нашар дамығанын анықтайды. Өзен желісі облыстың солтүстік пен оңтүстік бөліктерінде ғана жақсы дамыған. Солтүстігінде ол негізінде су шаруашылығында мәні бар облыстың басты су көзі – Тобыл өзенінің жүйесіне жататын Обаған, Шортанды, Сынтасты, Аят, Тоғызақ және Үй дейтін дала өзендерінен тұрады. Оңтүстігінде Торғай, Ұлы-Жыланшық және Қараторғай өзендерінен өзен желісі құрылған. Олардың бәрінде қар қоры бар. Өзендердің қорында жауын-шашындардың жаңбыр мен жер асты суларының маңызы зор емес және тартылу кезінде ғана байқалады. Әр жылдары орташа жылдық су шығыны өте күрт құбылулары барлық өзендер үшін тән. Жылдық ағындардың 80–90%-на дейін көктемгі айларға (сәуір–мамыр) келеді.

Жүйеленген тәртіп жағдайында тартылған су ағындарының негізгі бөлігі су қашыртқылары мен су қоймаларының сүзулі жоғалтуларының арқасында құралады. Өзен ағынының шығынды бөлігінің 70%-ға жуығы су қоймаларында көбееді. Қостанай қаласы жанындағы Тобыл өзенінің белгіленген ағын нормасы 16,2 м3/с болса, қазіргі таңда 5,6 м3/с дейін азайды. Ағынның азаюы жерлерді жыртумен және қар тоқтатуымен да, сонымен қатар ішетін су, техникалық, шаруашылық және басқа да мұқтаждықтарға қарқынды бас сағаға да байланысты. Тек суландыруға ғана ағын нормасының 30%-на дейін жұмсалады. Тобыл және Торғай өзендері жыл бойы тұщы суы бар болады, ал қалғандарында – тұзды. Су аздығы мен қайырылу нәтижесінде соңғы жылдары су қоймаларында су қоры азайды, бұл қалаларды, өндірістік және ауылшаруашылық кәсіпорындарды ойдағыдай сумен қамтамасыз етеді деуге күмән тудырады.

Торғай майысы территориясында ыза сулары әртүрлі су түрлеріне жатады, тереңдіктері әртүрлі және гидрохимиялық құрылымдары да әртүрлі. Олардың минерализациясы борлық жыныстарында 2–3 г дейін, ал палеозойлік шегінділерде 21 г/л дейін болады. Торғайға дейінгі жазықтық пен Торғай үстіртінің солтүстік жерлерінде қатты минелданған ыза сулары 10 м астам жер астында болады.

Облыстың барлық территориясы бойынша үшінші кезендік жыныстармен – кремнийлі шөгінді тау жыныстары, құмдауықтар толтыратын ыза сулары кең таралған. Олар әдетте тұщы және аз минералданған болады, өндірістік және ауыл шаруашылықтарында кең қолданылады. Тобыл – Обаған өзендерінің арасында және облыстың оңтүстігіндегі Торғай үстіртінің шегінде ыза сулары неогенді ұсақ құмдарында болады. Минерализациялану дәрежесі және химиялық құрамы бойынша олар шұбар болады. Тобыл–Обаған өзендерінің сулары арасында сулары тұщы, ал Амангелді мен Жангелді аудандарында жоғары минерализацияланған болады.

Минерализациялану дәрежесі бойынша олар шұбар – тұщыдан тұздыға дейін. Әулиекөл ауданының төртінші кезендік эолды шөгінділерінде, аралды тарышықтарында, Тобыл, Ұлы-Жыланшық өзендерінің құмды текшелерінде 2–3 м тереңдікте тұщы сулар құралады.

Өсімдік жамылғысы. Топырақ түзудің күрделі үрдісінде маңызды рөль өсімдіктерге ие. В.В. Докучаев «дерлік тиіспеген дала жағдайында, адаммен өзгертілмеген табиғи өсімдіктерде жер үсті табиғи ландшафттардың көбінің негізгі құрамдарының бірі ретінде топырақ пен өсімдік жамылғысы арасында белгілі сәйкестік пен байқалады» деп айтқанды.

Костанай облысы - аймағында орналасқан. Аймақтық өсімдіктердің флористикалық құрамының біркелкілігі, ылғылдың жетіспеуінен көрсететін күрт айқындалған ксерофиттік жалпы белгісі болып табылады.

Аралас шөпті қызыл селеулі далалары бар оңтүстік қара топырақтар аймақшасындағы шөп өсімі ксерофитті түрлі астық тұқымдастардан (кәдімгі бетеге, селеу және т.б.), бұршақ тұқымдастардан (сарбас жоңышқа және таспашөп), сонымен қатар едәуір орын алып жатқан тырнашөптен, қозқұлақтан, шатыраштан, жусаннан тұратын аралас шөптерден тұрады. Құрғақ массаның өнімділігі 1 га-дан 5–10 ц.

Құмдақ шөпті далалық жайылымдарда және пішендік жерлердің шөп өсімі кәдімгі бетегеден, айраулықтан, селеуден, тілқиярдан, дала сұлысынан, жусанна және т.б. өсімдіктерден тұрады. Далалық аймақта құрғақ жерлер үшін тән өсімдіктері бар су айрықтары кеіестіктерінің қыраттарын алып жатқан құрғақ аңғарлы шалғындармен қатар басты түрде елекшөп, қиялкөлең қоспасы бар ылғалсүйгіш астық тұқымдастырмен аралас шөптері өсімдіктерінен тұратын өзен аңғарлы мен көлтабан шалғындары да кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]