Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_Халыыралы жеке ы 3.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.82 Mб
Скачать

3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік.

Тасымалдау шарты бойынша тасымалдау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған жағдайда жүкті тасымалдаушы, жүк жәнелтуші, жүкті алушы мүліктік жаупкершілікте болады. ТМД елдерінде шектеулі жауапкершілік кағидасы қолданылады.

АҚШ-тың заңдылығы: белгілі бір жағдайларға байланысты тасымалдаушының шарттың жауапкершілігіне шектеуге жол береді. Германияның жүкті автокөлікпен тасымалдау туралы заңы алыс жолға тасымалдау кезінде кәсіпкер заңдылық бойынша белгіленген немесе тариф бойынша белгіленген тасымалдау шартында көрсетілгендіктен жауапкершілікті шектей не алып тастай алмайды.

Француз заңдылығы: тасымалдау шартында тек қана жүкті жеткізудегі мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жауапкершілік қана әрекет етеді.

Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тараптардың жауапкершілігін шектеу немесе жоғарылатуға жол берілмейді.

Кейбір елдердің ұлттық заңдылығында және халықаралық келісімдерде белгіленген шектеу немесе жауапкершіліктен босату, егер тасымалдаушы алдын ала ойластырып немесе немқұрайдылығына байланысты залал келтірген жағдайда қолданылмайды деп қарастырылған.

Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүкті жөнелтуге қабылдап алған сәттен бастап, оны жеткізгенге дейін жүктің сақталуына жауапты болады (жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдануы). Бұл жауапкершілік кінә қағидасы бойынша құрылады.

Тасымалдау кезінде арақашықтықты анықтау және көліктің жүру маршруты әрқалай анықталады. Кейбір елдерде оны тасымалдаушының өзі анықтайды, ал кейбір кезде келісім-шартта көрсетіледі.

Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау.

Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдаудағыдай сияқты шарт негізінде жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау шарты - ол бір тарап тасымалдаушы жолаушыны мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал екінші тарап жолаушының белгіленген жолақысын төлеуге міндеттенуі. і

Жолаушыны тасымалдау шарттың тараптары болып жеке тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы танылады. Жолаушыны тасымалдау шарты ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады.

Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді.

Ағылшын кұқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт құжат болып табылады. Бірақ та, кдла ішіндегі билет бұл жолаушының билет ақысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.

Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымалдау шартын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралық келісімдер билеттің мазмұнына кейбір ерекше талаптарды кояды.

Жолаушы құқықтары:

  1. өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті жағдайларда алып жүруге кұқылы;

  2. белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге қол жүгін ақысыз алып жүруге құқылы;

  3. теңдеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар;

Құқықтарымен катар, жолаушы міндеттерге де ие. Оның негізгі міндеті болып, жол ақысын төлеу міндеті табылады. Жолаушылардың жол ақысын төлеуі сәйкесінше, тариф негізінде жүзеге асырылады.

Жалпы ереже бойынша теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенуі, ал екінші тарап жолаушы теңдеме жүкті тасымалдауына ақы төлеуіне міндеттенеді. Теңдеме жүкті тасымалдау құқығы жолаушыны тасымалдаушы шарты негізінде жүзеге асырылады.

Енді жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілікті сипаттайық.

Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша екі тарап та нормативтік тәртіпте белгіленген ретте мүліктік жауапкершілікте болады. ТМД елдері арасында теңдеме жүкті тасымалдау кезінде шектеулі жауапкершілік қағидасы әрекет етеді. Жолаушыны тасымалдайтын көлік құралын жөнелтуді кідірткені немесе мұндай көлік құралынын баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалық және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, мысалы, кідірту немесе кешігу дулей күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген мөлшерде айыппұл төлейді.

Жолаушы көлік құралы жөнелтілуінің кідіруі себебінен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кіре ақысын толық көлемде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кідіруге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.

Басқа елдерде (Англия, Франция т.б.) бұған жол берілмейді. Осылайша, Францияда тасымалдаушының жолаушыны тасымалдау кезіндегі жауапкершіліктен босату әр жақта қарастырылған. Англияда жауапкершіліктің талаптары шарт негізінде жүзеге асырылады.

Халықаралық тасымалдаудағы жолаушыны тасымалдау немесе теңдеме жүкті тасымалдау бойынша жауапкершіліктің нақты талаптары көлік конвенцияларыңда нақты көрсетілген. Бірақ, ескеретін нәрсе, керсетілген халықаралық келісімдер жауапкершілікке байланысты мәселені шешпейді, ол тек қана ұлттық заңдылық нормаларына сілтеме жасайды. Жүкті және жолаушыны тасымалдау бойынша шарт негізінде белгіленетін жауапкершіліктің көлемін немесе талаптарын тараптар не өзгерте алмайды, не алып тастай алмайды.