Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PSK-13-2_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
304.64 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының әнұраны

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы.

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздерді дәптерге жазып, аудармасын есте сақтаңыз.

  2. Мәтіндерді оқып, аударыңыз.

  3. Тіршілік, шаңырақ, ұлттық, өрнек, рең, байлық, береке, қыран, тұлпар, тәуелсіздік, егемендік сөздерімен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырыңыз.

  4. Қазақ елінің Елтаңбасы мен Туын суреттеңіз.

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Басқа қандай елдердің Елтаңбасын білесіз?

ә) Біздің Елтаңбамыздағы белгілер басқа елдердің Елтаңбаларында кездесе ме?

МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан – Еуропа мен Азияның орталығында орналасқан егеменді, ірі ел. Қазақстанның жер көлемі – 2, 7 млн шақырым. Елордасы – Астана қаласы. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (6467 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км), және Қырғызстан (980 км) республикаларымен шектеседі. Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады.

Қазақ жері ұлан-байтақ. Осы ұлан-байтақ далада есепсіз байлық бар. Мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және басқа да байлықтар жеткілікті. Мұнай қоры бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі ірі мұнайлы державалармен иық теңестіріп тұр.

Қазақстан – біріккен Ұлттар ұйымына мүше ел. Оның тәуелсіздігін дүние жүзі таныды. Ол – бейбітшілікті сүйетін ел. Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық, мәдени байланыстар жасап жатыр. Қазақстан – демократиялық, құқықтық мемлекет. Ол басқа мемлекеттермен өз ақшасы арқылы сауда жүргізеді. Мемлекет басшысы – Президент. Атқарушы билігі – республика үкіметі. Ақша бірлігі – теңге. Халқының саны – 15301,4 мың. (2006 ж. 1 шілде). Қазақстан жаңа мыңжылдыққа тек дербес қана емес, сонымен қатар қуатты мемлекет ретінде аяқ басты. Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қазақстан қандай ел?

  • Қазақстан қайда орналасқан?

  • Қазақстан егемендігін қашан алды?

  • Қандай табиғи байлықтары бар?

3. Мына сөздердің жазылуына көңіл аударыңыз: қауіпсіздік, дүние жүзі, құқықтық.

4. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: мәселе, мемлекет, дауыс беру, мұнай қоры.

6. Досыңызбен осы тақырыпқа сұхбат құрастырыңыз.

7. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2,3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

  1. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

  2. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. «ҚР рәміздері» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

2. «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбына шығарма жазыңыз.

7-тақырып. Табиғат. Табиғаты ғажап Қазақстан. Диктант. Сын есім

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

ТАБИҒАТ

Қазақстанның территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 3000 км созылып жатыр. Ал солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Евразия материгінің ортасында орналасқан.

Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.

Республиканың оңтүстік-батысында Маңқыстау түбегі орналасқан. Маңқыстаудың шығысында Үстірт шөлді қыраты (биіктігі 340 м-ге дейін) бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысында Орал тауының оңтүстік сілемдері мен Мұғалжар (биіктігі 657 м) таулары бар. Ал Мұғалжардың солтүстік-шығысында Торғай қыраты (биіктігі 200-400 м) бар, бұл қырат оңтүстікте Тұран ойпатына Қызылқұм (биіктігі 53-332 м) кіреді.

Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.

Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Ол ескі таулардың жұрнағы сияқты. Сарыарқада Қарқаралы (1,366 м), Ұлытау (1,133 м) т.б. тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетбақдалаға ұласады. Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетбақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу аталады.

Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында Алтай тауларының сілемдері, Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының (4,463 м) жоталары орналасқан.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқыңыздар.

  2. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыздар.

  3. Мәтінді аударыңыздар.

  4. Мәтіннен сын есімдердің түрлерін анықтаңыздар.

ТАБИҒАТЫ ҒАЖАП ҚАЗАҚСТАН

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық түрі кездеседі. Қазақстандағы Тянь-Шань тауының Хан Тәңірі шыңы. Оның биіктігі – 6996 метр. Республиканың ең көрікті жерлерінің бірі Қарқаралы. Қарқаралы Қарағанды облысына қарайды. Қарқаралы көрікті де әдемі жер. Орманды, тоғайлы жер. Қаланы орман, тоғай қоршап тұрады. Тоғай ішінің ауасы мен жемісі адамға шипа. Сондықтан да бірнеше демалыс орындары, санаторий салынған. Олардың іші таза, жарық, кең, биік. Бұл демалыс орындары мен санаторийге жылына жүздеген адамдар келіп дем алады, емделеді.

Қазақстан территориясының ауқымдығына қарай ауа райы да әр түрлі. Табиғаттың әсемдігін көріп, сүйе білетін адам, оны қорғаудың қажеттігін сезініп, түсінеді. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарының қайнар көзі – табиғат. Табиғаты әсем сұлу қалалардың қатарына Алматы қаласын жатқызуға болады. Алматы – Алатаудың қасында орналасқан. Алатау – биік, әдемі тау. Алатауда Медеу спорт кешені бар. Халық әр жексенбіде Медеуге барып демалады. Оқушылар, студенттер Медеуге көп барады. Медеуге үлкен кісілер де, сырттан келген қонақтар да барды. Алатаудың басында қысы-жазы қар жатады. Қазақстандағы ең биік тау – Алатау тау.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Орталық Қазақстанның табиғаты қандай? Суреттеп беріңіз.

  3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

  4. Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыз: қазба байлықтары, жер қойнауы, қорық, табиғат, шың, бейнеленген, ұйымдастырылған.

  5. Мәтіннен сын есімнің түрлерін табыңыз.

  6. Берілген өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Өлеңнен табиғат құбылыстарына қатысты сөздерді тауып аударыңыз.

ТАЛ БЕСІГІМ – ТАБИҒАТ

Табиғат – алтын күнім, күміс айым,

Шашылған жұлдыз - меруерт түні сайын.

Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын.

Табиғат – көркем жырым, асқақ әнім,

Сен – ана, мен – қашанда жас баламын.

Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.

Табиғат – мөлдір жаңбыр, ұлпа қарым,

Сергимін салып төске қыр самалын.

Түлетіп ұшырса да ана құшақ,

Сен жайған алақанда тұр табаным.

Табиғат – айна көлім, орман бағым

Түйе өркеш айнала тау қорғандарым.

Құптаймын шыңдарыңнан бұлт қана емес,

Қанатын қыранның да қомданғанын.

Оразақын Асқар

Диктант «БУРАБАЙ»

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Әңгіме «Қазақстанның көрікті қалалары»

2. «Тал бесігім табиғат» өлеңін жаттаңыз

8-тақырып. Жер – Ананы аяла. Туған жер. Қазақстанның қорықтары.

Сын есімнің шырайлары.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

ЖЕР-АНАНЫ АЯЛА!

Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын әлем жұртшылығын қоршаған ортаны қорғауға арналған мерекеге шақырады. Қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдан бастап мерекеленуде. Сол жылдан бастап әлем жұртшылығын ағаш отырғызу, көше тазалау, мектептерде шығарма конкурсын өткізу, күл-қоқыстарды қайта өңдеу жұмыстарына жұмылдырып отырады.

Экология - әлем халқының кезек күттірмес ең ауқымды міндеттердің алдыңғы қатарында тұр. Табиғаттың адамға берген сабағы – тек айналаңды ластауды ғана емес, Жер, Су, Ауаны сақтап, қорғауға өзіндік көзқарастарын қалыптастырудан басталады. Табиғатты қорғауды үйретуді бесіктен бастау керек. Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. Мысалы: «Ер – елдің көркі, орман –тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі - тал» сияқты табиғат тақырыбына арналған мақал-мәтелдер толықтай осыған дәлел. Сонымен қатар халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері де бар. Солардың бірі - тыйым салатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарға тиіспе», «Құс ұясын бұзба» және тағы басқа сөздер өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортаны, табиғатты, Жер -Ананы аялауға, экологияны жақсартуға өз үлестерін қосуға үйретеді.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

  2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

Қоршаған ортаны қорғау күні қай жылдан басталды?

Табиғатты қорғауды қайдан бастау керек ?

Қоршаған ортаны қорғау үшін қандай үлес қостың?

Сен табиғатты сүйесің бе?

Өзіңіз ағаш отырғыздыңыз ба?

Қазақстанның табиғаты сұлу жерлері туралы айтып беріңіз.

«Адам және табиғат» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

3. Мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз: табиғатты қорғау, жер жарасы, жасыл дүниені қорғау, өсімдікті аялау, шыбық сындыру, тал егу, қайта өңдеу, көңіл бөлу, көше тазалау.

4. Берілген сөйлемдерді оқып, аударыңыз: Табиғатты қорғау керек. Қоршаған ортаны қорғау - әр адамның міндеті. Көптеген ұйымдар табиғатқа ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан орманын қорғау керек. Табиғатты қорғауды үйретуді бесіктен бастау керек. Шыбық сындырма, тал ек. Табиғатты сүюге басқаны да үйрет. Орманды, суды, жерді аяла. Табиғат та тірі дүние.

ТУҒАН ЖЕР

Туған жеріміз – Қазақстанда теңіз де, басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек орман – тоғай да баршылық. Көз жеткісіз жазықтар мен қыраттар да аз емес.

Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәттен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.

Жер-ана бізге бәрін береді, оның жомарттығында шек жоқ: аппақ ұнынан иісі бұрқыраған ақ нан пісірілетін ақ бидай да жерден өніп шығады. Күлте жал жылқы, семіз қой, шаңырақ мүйіз сиыр, күші мен төзімділігіне адам таң қалатын түйе де сен туған жерден өніп-өседі, адамға қызмет етеді. Сол төрт түлік малдың ең басты қорегі – боз жусан менкөк шалғын, жасыл бидайық та жер-ананың төсінде желкілдейді. Өзің шөлдегенде ішетін, шешең әлсін-әлсін шай қайнатып, ас пісіретін, күнде сен жуынатын, өсімдік атаулының тіршілік көзі боп табылатын суды да біз жерден аламыз. Су ішетін кесең, тамақ жейтін қасығың, балабақшада өзің ойнаған алуан түрлі ойыншықтар да жер қойнынан шыққан заттардан істеледі. Оқитын кітабың, жазатын дәптерің, қолыңа ұстайтын қалам мен қарындашың да сондай.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді табыңыз.

2. Жаңа сөздерді сөздікке сүйеніп аударыңыз.

3. Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз.

4. Мәтін бойынша бір-біріңізбен пікірлесіңіздер, ол үшін бір-біріңізге сұрақ қойып, жауап беріңіздер.

5. Әркім өз туған жері туралы әңгімелеңіздер.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОРЫҚТАРЫ

Елімізде өсімдіктер мен жануарларды арнайы қорғайтын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған. Елімізде 9 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер үкімет қамқорлығында.

Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.

Марқакөл қорығы – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы мемлекеттік қорық. 1976 жылы ұйымдастырылған. Негізгі мақсаты-бағалы хайуанаттарды, құстарды, балықтарды және сүтқоректілер мен өсімдіктерді табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Орманы аң мен құсқа бай. Онда балықтың-4, сүтқоректілердің-59, құстардың-250-ден аса түрі мекендейді. Қорық жерінде алуан түрлі палеонтол, қазба байлықтар көп. Бүгінде қорық аумағындағы табиғи кешендерді ғылыми тұрғыдан тексеріп, бұрынғы қалпында сақтау жұмыстары жүргізілуде.

Қорғалжын қорығы – Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз, Қорғалжын көлдері енеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы -41 -42°С суық болса, шілдеде температура -38 -39°С-қа жетеді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, қос мекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тірішілік етеді. 1960жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45-60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10-15 мыңдай ғана қалды. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Осындай аймақтарға байланысты көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» күнделігі жазылып келеді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қорық деген не?

  • Еліміздегі басты қорықтарды атаңыздар. Өзіңіз қайсысында болдыңыз? (болсаңыз қысқаша әңгімелеп беріңіз).

  • «Наурызым» қорығы туралы әңгімелеп беріңіз.

  • Экологиялық аймаққа қандай облыстар жатады?

  • Орталық Қазақстанның табиғаты туралы баяндаңыз.

  • Қорықтар туралы әңгімелеңіз?

  • «Қорық » сөзін қалай түсінесіз?

  • Қарқаралы табиғаты туралы әңгімелеңіз.

3. Мәтіннен септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннен сын есімнің шырайларын тауып ажыратыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2,3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

3. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

4.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

  1. «Табиғатты аяла» тақырыбына шығарма жазыңыз.

  2. «Туған жер» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

9-тақырып. Жер тұрғындары. Қазақстан халқы. Мәдени мұра – Алтын адам.

Есімдік.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

ЖЕР ТҰРҒЫНДАРЫ

Жер планетасы жеті құрлықтан тұрады: Австралия, Антарктида, Африка, Азия, Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка. Құрлықтардың әрқайсысында түрлі елді мекендер, таулар, өзендер, көлдер, шөл далалар, шалғынды жазықтар, ормандар, қалалар сияқты ландшафттар бар.

Құрлықтарда 6 миллиардтан астам тұрғындар өмір сүреді. Олардың қоныстануы әр түрлі. Мәселен, тұрғындары ең аз қоныстанған құрлық – Австралия. Ал, Европа құрлығы аумағы ең кіші құрлық болғанменен, халқы тығыз қоныстанған. Жер тұрғындары нәсіліне қарай төртке бөлінеді.

Ұлттар, ұлт өкілдері ортақ тарихы, генетикалық жақындығы, дәстүріне орай белгілі бір мемлекеттерді құрайды. Әр халықтың өз салты, тілі, діні бар. Кейбір тілдер кең таралған. Мысалы, ағылшын тілі – әлемнің барлық елінде қолданылады. Сол сияқты өлі тілдер, жасанды тілдер де бар.

Салт-дәстүрлер әр елде әр түрлі. Ол сол халықтың наным-сенімімен, тарихымен тығыз байланысты.

Әлем халықтары әртүрлі діндерге табынады. Табынушылар саны көп діндер – ислам, христиан, иудаизм, буддизм, конфуциандық, индуизм, синто және даосизм діндері. Өзге діндерге сикхизм, джайнизм, бахаизм және зороастризм, тағы басқалар жатады.

Жаңа сөздер:

құрлық

наным-сенім

қоныстану

нәсіл тұрғын

дәстүр шалғынды жазықтар

жасанды

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқыңыз.

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз. Мына сызба бойынша жұмыс істеңіз:

үлкен

жаңа

таза

құрлық

3. Мәтінді түсініп оқыңыз.

4. Мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыз. Сол бойынша жоспар құрыңыз.

5. Халықтар, олардың мәдениеті, тілі, діні, нәсілі туралы мәліметтер жинаңыз. Оны әңгімелеп беріңіз.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛҚЫ

2009 жылдың 25 ақпанында елімізде Ұлттық халық санағы өтті. Бұл акция Қазақстан тәуелсіздігін алғанан бері екінші рет өткізіліп отыр. Өткен санақтан бері он жыл өтті. Бұл еліміз үшін аза жауапты әрі маңызды іс-шара болып табылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық халық санағының үндеуінде «Адам ресурсы дегеніміз, ол – сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол – қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі», -деп айтылған.

Халқымыздың өсіп-өркендеуі, мемлекетіміздің нығаюы – баршамыз үшін ең маңызды міндет. 1994 жылы өткен тәуелсіз Қазақстан Республикасында 16 млн. 854 мың адам болды.

Еліміздің өсіп-өркендеуі мақсатында, болашақты болжап, стратегиялық бағыттарымызды тағы да айқындай түсу үшін, халықтың әл-ауқатын одан жақсарту үшін мемлекетке ел, жер, экономика, әлеуметтік жағдай жөнінде нақты мәліметтер қажеттілігінен елімізде Ұлттық халық санағы жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі 2009 жылғы Халық Санағында республикамызда 16 млн. 402 861 адамның тіркелгенін хабарлайды. («Заң газеті», №44, 26 наурыз, 2009 жыл). Бұл адамдардың 50,4 пайызы қалада, 49,6 пайызы ауылда тұратынын, сондай-ақ оның 47,9 пайызы ерлер, 52,1-і әйелдер екенін анықтады. Ел халқының 67 пайызы жергілікті ұлт өкілдері.

Тапсырмалар:

1. Мәтін бойынша сөздік құрыңдар.

2. Сіз Ұлттық халық санағына қатыстыңыз ба? ситуативтік жағдай.

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]