Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skhemy_kunaeva.doc-977047904.doc
Скачиваний:
76
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Капитал айналымдылығы мен айналымы

СП

Д – Т - - - - - П - - - -Т' - Д

Рс

Ι саты ΙΙ саты ΙΙΙ саты

(айналым саласы) (өндіріс саласы) (айналым саласы)

Айналымдылықбұл капиталдың авансталуын, өндірісте қолданылуын, өндірілген тауардың сатылуын және бастапқы қалпына келуін жүйелі түрде қамтитын капитал қозғалысы.

Айналым бұл үздіксіз жаңартылып отыратын процесс ретінде қарастырылатын капитал айналымдылығы.

Айналымдылықтың бірінші сатысында

ӨҚ

Д - Т (айналым саласында өтеді).

ЖК

- ақшалық капитал өндірістік капиталға айналады;

- ақшалық қаражатқа өндіріс құралдары (ӨҚ), жұмыс күші (ЖК) сатып алынады

- тауарларды өндіру қалыптастырылады.

Екінші сатысында - - - - -П - - - - (өндіріс саласында жасалады).

- мұнда капиталдың өндірістік нысаны тауарлық нысанға айналады,

- нарықта сатып алынған өндіріс құралдары мен жұмыс күші өндірістік процесте біріктіріледі,

- қажетті пайдалылығы бар тауарлар шығарылады және олардың құны еселене түседі.

Үшінші сатысында Т' - Д' (айналым саласында).

- құны еселенген тауарлық капитал табысты ақшалық капиталға қайта айналады.

Өз қозғалысын ақшалық нысаннан бастап, капитал кәсіпкерге ақшалай, еселенген түрде қайта оралады. Табыс алу ынтасы бизнесменді өз капиталын үздіксіз іске – жаңа құнды өндіріске жұмсауға итермелейді.

Капитал қозғалысы оның бастапқы кесіндісінде үзілмеу үшін оған үздіксіз қозғалыс жағдайларын жасау қажет. Ол үшін мыналар қажетті:

1) капитал тоқтаусыз бір нысаннан басқасына өтіп отыруы керек;

2) әр берілген сәтте қызметтегі капитал бір уақытта ақшалық, өндірістік және тауарлық нысанда және айналымдылықтың барлық сатыларында болуы керек.

Капитал толығымен айналым жасау үшін белгілі уақыт – айналым уақыты қажет. Ол капиталдың қозғала бастаған сәтінен сол ақшалай нысанында, бірақ табыс шамасына еселеніп, қайта оралған сәтіне дейін есептелінеді.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларында айналым уақыты бірдей емес. Осылайша, мысалы, авиация заводтарында капитал ұзақ мерзім бойы өндірістік нысанында қалады, ал кондитерлік фабрикаларда – бұдан көбінесе аз уақыт.

Бизнесмен айналым уақытының қысқартылуына мүдделі. Оның іске жіберген ақшасы неғұрлым тез пайдамен оралса, оның меншігі де соғұрлым тез жылдамдықпен өседі.

= +

+ + +

Өндіріс уақыты мыналар есебінен қысқарады:

- еңбек өнімділігінің өсуі,

- ғылым мен техника дамуы,

- жаңа технологияларды қолдану және т.б.

Айналым уақыты мыналар есебінен қысқарады:

- көлік және байланыс құралдарының жақсартылуы мен жетілдірілуі,

- тауарларды жеткізудің тездетілуі,

- нарық сыйымдылығының және халықтың сатып алушылық қабілетінің өсуі,

- сауда ұйымдастырылуының жақсартылуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]