Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lab №6(каз).doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
676.35 Кб
Скачать

3 Автоматты көпірлер ксп, ксм, ксу

Автоматты потенциометрлер, теңестірілген көпірлер және КСП4, КСМ4 және КСУ4 типті потенциометрлері температура және т.б. өлшемдерді өлшеу, жазу және реттеу (реттеуіш құрылғы болса) үшін қолданылады. Бұл өлшемдердің мәндерінің өзгеруі тұрақты токқа және активті кедергіге ауыстырылуы мүмкін. Бүл аспаптар стационарлы жағдайда жұмыс істеген кезде қоршаған ауаның температурасы градуировкалары бар бір немесе бірнеше термопаралармен,немесе тұрақты ток кернеулерімен, немесе бірнеше ЭҚК датчиктермен бір жиынтықта істейді.

Автоматты теңестірілген көпірлер бір немесе бірнеше стандартты градуировкалы кедергі термометрлерімен 1 жиынтықта өлшеуге арналған, тұрақты ток сигналының датчигімен істейді.

Аспаптардың көрсеткіштері шкала бойымен сілтеме арқылы есеп бастайды және диаграммалық таспада жазылады.

Бірнүктелік аспаптағы жазу үздіксіз қара сия немесе паста арқылы, көпнүктеліде – циклдік бастырылған нүктелер арқылы жазылады және олардың жанында тұрған цифрлармен. Олар датчиктердің нөмірлерін көрсетеді.

3.1 Автоматты теңестірілген көпірдің жұмыс істеу принципі.

КСПЧ аспабының жұмыс істеуі компенсациялық өлшеу әдісінде негізделген. 8- суретте аспаптың принципиалды электр схемасы көрсетілген.

8 Сурет

І – көрсеткіштердің дистанциондық берілістің схемасы;

ІІ – сыртқы схемаға;

ІІІ – УЭД күшейткіші;

ІV – күшейткіш кірісі;

V – шығыс;

VІ – позициялық дабылдаушы (реттеуші) құрылғы.

Милиамперметрлер мен потенциометрлердің өлшеуіш схемасы кедергілерден тұрады. Олар: Rр- реохорд кедергісі, Rш- шунт кедергісі, Rп- өлшну шегін беруге арналған кедергі, Rн- аспап шкаласын басына қоятын кедергі, rн, rп- келістірілген шиыршықтар, Rd- балластты кедергі , Rрт, Rрт’- ток көзін немесе жұмыс тогын реттеу және шектеу үшін кедергі , Rс- жұмыс тогын орнатуға арналған кедергі, R- кіріс мөлшерленген кедергі (тек қана миллиамперметрлер үшін), Rм- мыстан жасалған көмекші кедергі, оларға термопараның бос шеттерінің температурасының компенсациясы бар және компенсациясы жоқ милиамперметр мен потенциометр үшін манганиннан жасалған кедергі, Rпк- реттеуші кедергі (тек қана потенциометрлер потенциометрлер радиациялық пирометрмен бір жинақта істегенде).

Термопара, тұрақты ток кернеуінің дабыл датчигі немесе радиациялық пирометр телескопы электронды күшейткішпен өлшеуіш көпірдің кез-келген бір диагоналіна тізбектей қосылған. Басқа диагональға тұрақталған ток көзі қосылған, ол өлшеуіш схемадағы жұмыс тогын тұрақтандырады.

Кез-келген датчиктен аспапқа келетін дабылы өзгерген кезде күшейткіштің сезімталдығына тең немесе күшейткіш шығысынан үлкен өлшеміне тұрақты ток баланссыздығының кернеуі беріледі. Ол айнымалы ток кернеуіне түрленіп, реверсивті күшейткіш қозғалысқа түскенге дейін көтереді. Осы қозғалтқыштың шығыс білігі баланссыздық кернеуі болғанда әрі немесе бері қарай айналады.

Механикалық беріліс (шкив және трос) қозғалтқыштың шығыс білігінің айналуы каретканың түзу сызықты қозғалысына ауысады, оған сілтеме, жазу құрылғысы және реохорд контактісі бекітілген.

Өлшеуіш схемасының тепе-теңдік моментінде жағдайы анықталатын параметрдің мәнін анықтайды, ол қозғалыстағы диаграммалық таспаға жазылады. Бірнүктелік аспаптардағы өлшенетін өлшемдері үзіліссіз болып келеді, ал көпнүктеліктерде – циклді болады.

Көпнүктелік аспаптар автоматты түрде өлшеуіш схемаға қосатын ауыстырып қосқышпен қамтамасыз етілген, барлық датчиктер аспапқа кезекпен қосылған. Тепе-теңдік жағдайы орнатылған кезде каретканың бастырып жазатын механизмі датчиктің реттік нөмірі бар нүктені жазады. Содан ауыстырып қосқыш аспаптың өлшеуіш схемасына автоматты түрде келесі датчикті қосады. Нүктелер қозғалған диаграммалық таспада уақыт ішінде өлшенетін өлшемдерінің өзгеруін мінездемелейтін сызықтар қатарын құрады.

3.2 Теңыстірілген көпірді тексеру.

Теңестірілген көпірлердің көрсеткіштерінің негізгі қателігі Омның жүздік бөліктерімен өлшейтін үлгілі кедергілер дүкенімен тексеріледі.

Үлгілі дүкен теңестірілген көпірге мына схема бойынша тексеріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]